Жоспар:\r\n
- \r\n
- Вирустар, шығу тегі және сипаттамасы.
- Вирустардан таралатын аурулар мен вирустардың құрылысы.
- Приондар.
- Вироидтар .
- Сұрақтар.
- Әдебиеттер тізімі.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nВирустар (лат. virus— у сөзінен шыққан) — геномы белоктық қабықшамен қапталған, мөлшері өте ұсақ агенттер. Вирустар өздігінен көбейе алмайды, олар клетка ішілік паразиттер, тек қана тірі клеткаларда дамиды. Қазіргі кезде бактериялардың вирустары (бактериофагтар), саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың вирустары белгілі. Клеткадан тыс формалары — вириондарда барлық құрылымды элементтері (капсид, нуклеин қышқылы, құрылымдық белоктар, ферменттер, т.б.) болады. Клетка ішілік форма — вирус нуклеин қышқылының бір ғана молекуласы түрінде болады, клеткаға енгеннен кейін вирион құрылымдық элементтерге ыдырайды.\r\n\r\n Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді.\r\n\r\n Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады.Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде.\r\n\r\n \r\n\r\nВирустар А,В,С топтағы болып жіктеледі.\r\n\r\n А-топтағы вирустар\r\n\r\n. В-тиоптағы вирустар\r\n\r\n С-топтағы вирустар \r\n\r\nВирустардың құрылысы. Барлық вирустар нуклеин қышқылынан және белоктардан тұрады. Нуклеин қышқылы вирионның ортасында орналасады; ол вирустық геномы болып табылады, онда барлық вирустық ақпарат болады. Вирустың нуклеин қышқылы белоктық қапшық — капсидпен қапталған. Нуклеин қышқылы мен белоктан тұратын бөлшек нуклеокапсид деп аталады. Қарапайым вирустар «жалаңаш» нуклеокапсид түрінде болады, ол нуклеопротеиндер. Күрделі вирустарда суперкапсид деп аталатын қосымша қабықша болады, ол липопротеиндерден немесе белоктардан, яғни қосымша химиялық компоненттер — липидтер мен көмірсулардан тұрады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т.б).\r\n\r\nВирустың құрылысы\r\n\r\n Приондар— (англ. prion от protein — «белок» и infection — «инфекция») қойлардың скрепи және адамдардың Крейцфельдт-Якоб ауруларының қоздырғыштары. Белоктардан тұрады, құрамында не РНҚ, не ДНҚ табылмаған. Олар торшаның бір ерекше гендерінің индукторы және туындысы деген болжам айтылып жүр.Приондар тірі клеткалар емес алайда көбеюге қабілетті.\r\n\r\n Приондар адамдарда қазіргі кезде емі жоқ нерв жолдары және бас ауруларын туындатады.Приондар жайлы ең алғашқы көзкарастар 1960жылдары Лонданда қалыптасты. ОндаГринфит пен Альфер өз гипотезаларын айтты.\r\n\r\nПриондардың таралу жолдары.\r\n\r\nВироидтар — өсімдік потогендері. Ең кіші вироидтар- scRNA. Инфекцияларды тудырады. Вероидтарды екі тұқымдасқа бөледі. Pospiviroidae және Avsunviroidae.Вероидтар »қашқын интрондар»деп те қаралады. Капсидтің негізгі қызметі — вирустық геномды қоршаған ортаның әсерлерінен қорғау, вирионның клеткаға адсорбциясын, клеткалық рецепторлармен әрекеттесу арқылы клеткаға енуін қамтамасыз ету. Капсидтің морфологиялық бірлігі — капсомер бір немесе бірнеше белок молекуласынан тұрады. Капсомерлер белгілі симметрия бойынша орналасқан. Вириондар капсиді 2 түрлі құрылысты болып келеді. \r\n
- \r\n
- Капсомерлері спиральды симметриялы орналасқан. Нуклеокапсидте нуклеин қышқылы мен белоктардың өзара әрекеттесуі бір айналу осі бойынша жүзеге асады. Симметрияның спиральды түрі — рабдовирустар, пара- және ортомиксовирустарға тән.
- Капсомерлері кубтық симметрия бойынша орналасқан, яғни геометриялық пішін түрінде болады. Көбінесе икосаэдр, тетраэдр, октаэдр түзеді. Нәтижесінде тұйық капсид түзіледі, ішіндегі кеңістікке нуклеин қышқылдары орналасады. Бұндай құрылыс аденовирустарға, реовирустарға және герпесвирустарға тән.
\r\n
\r\n
\r\nВирустар репродукциясы. Вирустар өз бетінше көбеюге қабілетсіз. Вирус репродукциясы тек қана тірі клеткаларда жүзеге асады. Репродукция циклі белгілі бірізділікпен жүреді: \r\n\r\n1) вирионның клетка бетіне адсорбциясы; \r\n\r\n2) вирустың клеткаға енуі; \r\n\r\n3) вирион дезинтеграциясы; \r\n\r\n4) вирус компоненттерінің синтезі;\r\n\r\n5) вирионның жинақталуы және оның клеткадан шығуы. \r\n\r\nСұрақтар:\r\n
- \r\n
- Вирион, вирус дегеніміз не?
- Вирустардың қандай түрлерін білесіз?
- Вирустардың репродукциясы қалай жүзеге асады?
- Вирустар тудыратын қандай ауруларды білесіз?
- Вирустардың құрылысы қандай?
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nӘдебиеттер тізімі:\r\n
- \r\n
- Шигаева М.Х., Қанаев А.Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2007 ж. 2. Шлегель Г. Общая микробиология. М.: Мир, 1987, 567с 3. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987, 391с.
\r\n
\r\n2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0\r\n\r\n3.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80\r\n\r\n4.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-\r\n\r\n5.Кондратьева Е. Н. Автотрофные прокариоты: Учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по направлению «Биология», специальностям «Микробиология», «Биотехнология». — М.: Изд-во МГУ, 1996. — 302 с. — ISBN 5-211-03644-1\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n