Wildberries — ресейлік халықаралық интернет-магазин. Бұл жерде киім-кешек, үйге арналған тауарлар, электроника т.с.с жалпы адам өміріне қажетті заттардың барлығы сатылады. Ресейден басқа, Беларусь, Казақстан, Қырғызстан, Армения елдерінде де жұмыс істейді.
⠀
Бұл компанияны 2003 жылы Татьяна Бакальчук деген әйел кісі құрған. Соңғы жылдың қорытындысымен Wildberries-те 340 000 кәсіпкер тіркелген екен.
⠀
2021 жылы қазан айындағы статистикаға сәйкес, сатып алушылар 485,8 млн тапсырыс берген. Ал бұл дегеніміз орта есеппен 1 күндік заказ 2,4 млн өскен. Жылдық айналымы 844 млрд рубль құраған.
⠀
Бұдан ұғатынымыз, Wildberries платформасы жылдан- жылға дамуда. Сатып алушылары да, сатушылары да көбеюде. Алдағы уақытта Еуропа елдеріне сатуға мүмкіндік болады.
Одан бөлек Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты әлем елдерінің Ресейге шектеу жариялауы Wildberries-тің одан әрі бірнеше есе дамуына әсер етті. Қазір де Wildberries арқылы кәсіп жасап отырған көптеген қазақстандықтар бар.