XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас

0
10898

XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас\r\n\r\n \r\n\r\nЖОСПАР\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. АҚШ, КСРО — XX ғасырдың 60-шы жылдардағы империализмнің негізгі күші
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. КСРО-ның «Бейбіт қатар өмір сүру» саясаты
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. ХХ ғасырдың 70-жылдардың бас кезіндегі кеңес-американ қарым-қатынасы
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. ГФР-дің «Жаңа шығыстық саясаты»
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. КСРО-ның «Жаңа бағытына оппозиция»
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. 80- жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай. Халықаралық қатынастардағы Кеңес Одағы
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі. Ядролық соғыс қаупі
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nАҚШ, КСРО — XX ғасырдың 60 — жылдардағы империализмнің негізгі күші\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЕкінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді «доллар империясын» құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nСоғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды «Америка ғасыры» деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nСыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. «Күш көрсету позициясы» деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін «бөгеу», оны «үрейлендіру», сонан соң «шегіндіріп», жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.\r\n\r\n \r\n\r\n1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті. Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.\r\n\r\n \r\n\r\n1965 жылдан бастап ВДР (Вьетнам Демократиялық  Республикасы) территориясы үнемі бомбаланып, атқылана бастаған. «Тәуелсіздік пен бостандықтан қымбат еш нәрсе жоқ», — Хо Ши Миннің күрес ұраны болды. АҚШ агрессиясына қарсы қарсыласу соғысы елдің бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті. Вьетнам халқының күресі мен жеңісінің ұйымдастырушысы және басшысы Вьетнам коммунистерінің қаһарман партиясы болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚысқа мерзім ішінде ДРВ мызғымас қамалға айналды, оған американ агрессорларының бомбалаушылары мен әскери кемелерді нәтижесіз шабуыл жасады. ДРВ-ның қарулы күшін сол заманғы қару-жарақпен жабдықтауға Кеңес Одағы зор көмек көрсетті. Вьетнам халқы Кеңес Одағынан материалдық көмек алып, моральдық-саяси қолдауын үнемі сезініп отырды. Халық-азаттық қарулы күштері (НВСО) американ агрессорлары мен олардың қуыршақ өкіметтеріне ауыр соққылар беріп отырды. Күрес 1960 жылы құрылған Оңтүстік Вьетнамды азат етудің Ұлттық майданы (НФОЮВ) мақсаттарды орындау мүмкін болмай қалды, өйткені Кеңес Одағы АҚШ-ты атом монополиясынан айырды, ракеталық-ядролық қару жасап, онымен әскери-стратегиялық тепе-теңдікке жетті.\r\n\r\n \r\n\r\nСоциализм елдеріне, жұмысшы, демократиялық және ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы бағытталған әскери-саяси блоктар жүйесі АҚШ-тың сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Бұл блоктардың біріншісі әрі неғұрлым ірісі Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы немесе қысқартып айтқанда НАТО болды. Бұған қоса, АҚШ ондаған мемлекеттерді екі жақты әскери келісімдермен матап, олардың территориясына өз әскерлері мен соғыс базаларын орналастыруға құқық алды. 500 мыңнан астам американ солдаттары мен офицерлері АҚШ-тан тыс жерлерде тұрған.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикан империалистері басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласқан, мемлекеттік төңкерістер ұйымдастырған, өздеріне ұнамаған үкіметтерді тайдырған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатына айналған терроризмге, шпионаж бен диверсиялар ұйымдастыруға, шетелдерге контрреволюция жасауға орталық барлау басқармасы (ОББ) жылына мыңдаған миллиардтаған доллар жұмсаған. АҚШ жер шарының түрлі аудандарында соғыс жанжалдарын туғызу қаупі бар бірнеше халықаралық дағдарыс жасаған.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикан империализмінің Үндіқытайға қасақана ұйымдастырған соғысы дүние жүзіне мейлінше елеулі қауіп болды. Алайда, бұл соғыс АҚШ үшін ең басынан-ақ, перспективалы болмады. Өз тәуелсіздігін табандылықпен қорғауға шыккан және агрессияны батыл тойтару үшін КСРО мен басқа да социалистік елдерден жан-жақты көмек алып отырған вьетнам халқына американ империализмі өз еркін таңа алмады. Вьетнам халқының жеңісі АҚШ империализмінің мүмкіншілігінің қаншалық тарылғанын нанымды көрсетті.\r\n\r\n \r\n\r\nШирек ғасыр бойы АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен күйінде қалып келген. Мұның өзі тұтас алғанда халықаралық жағдайға ықпал етті. 70-жылдардың бас кезінде КСРО-ның АҚШ-пен туының астында жүргізілді. Патриоттардың осы күрестегі 1969 жылы Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін (ВРПРЮВ) құруға жеткізді.\r\n\r\n \r\n\r\n1960 жылдардың аяғына қарай вьетнам халқына қарсы американ агрессиясы тығырыққа кеп тірелді. Осы жағдайда АҚШ үкіметі Үндіқытайдағы соғысты «вьетнамдандыру» дегенді жариялап, айла-шарғы жасады. Бұл саясаттың мәні американ әскерлерін Оңтүстік Вьетнам әскерлерімен алмастырып(яғни «азиялықтарды азиялықтардың қолынан өлтіру» деген принципті жүзеге асыру) және бұл ауданда американ экспансиялық саясатынынң құралы ретінде Оңтүстік Вьетнамдағы Қуыршақ үкіметінің режимін сақтап қалу еді. Вьетнам халқының жан қиярлық күресі, социалистік елдердің жан-жақты туысқандық көмегі, қанаты кең жаюы жағынан бұрын болып көрмегн халықаралык ынтықмақтасу қозғалысы — осы факторлардың баршасы әскери, саяси және дипломатиялық майдандарда күрес жүргізген Вьетнамның жеңіс сағатын жақындата түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикан агрессорлары үшін ең ұзаққа созылған әрі ең жиіркенішті бұл соғыс үлкен сәтсіздік болды: олардың 57 мың адамы өлді және 300 мыңнан астам адамы жаралы болды. Үндіқытайдағы соғысқа 352 млрд. доллар жұмсалды.\r\n\r\n \r\n\r\nКуба халқы жасампаз бейбіт еңбекпен шүғылданған. Куба халқының өз жеңісінің алғашқы күнінен бастап қолынан қаруын тастамай келе жатқанына тек американ империалистері ғана кінэлі.\r\n\r\n \r\n\r\nКубаға шабуыл жасау үшін АҚШ территориясында Кубаның эмигрант-контрреволюционерлеріне жалдамалы бандалар даярлау ұйымдастырылды. АҚШ үкіметі 1961 жылы Кубаның революциялық үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Ол Латын Америкасы елдерін АҚШ әміріне бағындыру мақсатымен 1948 жылы құрылған Американ мемлекеттерінің ұйымы (ОАГ) деп аталған ұйым арқылы ықпал жасап, өзінің қолшоқпарларын Кубаға қарсы айдап салды.\r\n\r\n \r\n\r\n1961     жылы      сәуірде      АҚШ      Плайя-Хирон      ауданына     Куба контрреволюционерлерінің    отрядын    түсіріп,    Кубаға   әскери    шабуыл ұйыдастырды. «Отан немесе өлім! Біз жеңеміз!» деген ұранмен революцияны қорғау үшін бүкіл Куба халқы көтерілді. Үш күндік ұрыстың нәтижесінде жалдамалылар талқандалды.\r\n\r\n \r\n\r\n1962   жылы   қазанында   Американ   империалистері Кубаға соғыс блокадасын жариялап, Бостандық аралына басып кірмекке әзірленді. АҚШ Кариб  теңізі  ауданында  дағдарыс  туғызып,   бүкіл   әлемді  термоядролық соғысқа киліктіре жаздады. Куба халқының ерлігі, Кеңес Одағынынң берік бағыты мен батыл шаралары қолдануының арқасында әскери жанжал болмай қалды. АҚШ үкіметі Кубаға шабуыл жасамауға және өзінің батыс жарты шардағы   одақтастарын   да   мұндай  әрекеттен   сақтандыруға   бүкіл   әлем алдында міндеттеме алды.\r\n\r\n \r\n\r\n1964 жылы АҚШ Латын Америкасы елдерін Кубамен барлық қарым-қатынасты үзуге күштеді. Мексика ғана оның әміріне бағынбады. Кейін Перу, Аргентина, Панама және басқа бірқатар мемлекеттер Кубамен қарым-қатынасын қалпына келтірген. Бұл революцияшыл Кубаның Латын Америкасындағы позициясын едәуір нығайтты. Американ мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі Кубаға қарсы санкцияны іс жүзінде жойған қарар қабылдады. Бірақ АҚШ Кубаға блокада жасауды тоқтатпаған. Олар бопсалау саясатына жүгінген, Кубаға қарсы жаңа агрессиямен қорқытып, Кариб бассейіндегі жағдайы мен беделін нығайтқан.\r\n\r\n \r\n\r\nАлайда Кубаның халықаралық жағдайы мен беделі нығайған. Ол жүзден астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас жасаған. Социалистік достық одақтағы елдердің туысқандық көмегіне сүйеніп, Куба Республикасы социализм орнату жолымен алға басқан.\r\n\r\n \r\n\r\nСоғыстан кейінгі жылдарда Монғол Халық Республикасы (МНР) өзінің халықтық жағдайын нығайтты. Империалистік державалар МХР-дің дамуының алдыңғы сатысына жібермеу мақсатында сыртқы саясатқа еліктірмеуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Монғол Халық Республикасы тек қана Кеңес Одағымен ғана дипломатиялық қатынаста болған.\r\n\r\n \r\n\r\nСоциализм құрылысы барысында МХР халықарлық қатынаста үлкен көрсеткішті иеленді. 1948-1956 жылдары МХР барлық социалистік мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты, ал 1957-1967 жылдары ол достық және бейбіт қатынас келісім-шарттарын көптеген мемлекеттерімен жасайды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-мен МХР арасындағы өзара көмек көрсету туралы жаңа келісім-шартқа 1966 жылы 15 қаңтарда қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nМХР өзінің сыртқы саясатындағы маңыздылықты Азия, Африка және Латын Америка мемлекеттерінде ұлт- азаттық қозғалысын қолдау, жас тәуелсіз мемлекеттермен достық қатынас орнатуды көздеді. 1955-1956 жылдары МХР, Үндістан, Бирма, Индонезия мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ал келесі жылдары-азиялық және африкандық мемлекеттермен қатынас орнатқан.\r\n\r\n \r\n\r\n1961 жылы қазан айында Бас Ассамблеяның XVI сессиясында МХР Біріккен Ұлттар ұйымының құрамына енді.\r\n\r\n \r\n\r\n1960 жылдары МХР, Англия, Франция, Австрия, Канада, Швейцария мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас жасасты.\r\n\r\n \r\n\r\nМХР — 1962 жылдан бері Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің мүшесі. Дүгиежүзілік социализм жүйесі тығыз достық байланыста болу, олардың көмегі МХР-дың халық шаруашылығы мен мәдениетінің жедел дамуьша жағдай жасаған.\r\n\r\n \r\n\r\nҰлттық буржуазияның ұмтылысы шетел монополияларымен өзіне тиімді қатынас жасауды көздеген. Пәкістанның халықаралық аренадағы ықпалы, 60-жылдары сырқы саясатының өзгеруіне әкелді. Бұл өзгерістің басты себебі, батыс саясатына наразылығы, Пәкістанның Пентагон жоспарына қатысы бар деген үрей.\r\n\r\n \r\n\r\n1960 жылдарының басынан-ақ Пәкістан батыс державаларына біржақты бағыттан шеттеніп, социалистік мемлекеттер және афро-азияттық мемлекеттермен өз ынтымақтастығын кеңейтті.\r\n\r\n \r\n\r\n1967 жылы Пәкістан араб мемлекеттеріне қарсы израильдық агрессияны кінәлап, оның жойылуын талап етті.\r\n\r\n \r\n\r\nВьетнам халқының өз тағдырын өзіндік шешуін жақтап, Пәкістан СЕАТО және СЕНТО блоктарына қатысуын шектеді.\r\n\r\n \r\n\r\nПәкістан Кеңес Одағы және басқа да социалистік мемлекеттермен тауар-сауда келісімдерін жасасып, ол өз тауарын машина, құрал-жабдықтарға айырбастады.\r\n\r\n \r\n\r\nСоциалистік мемлекеттерінің экономикалық және техникалық жәрдемдесуі, мемлекеттің халық шаруашылығының өмірлік маңызды аумақтарын дамытуына негізделді, яғни жанармай-энергия базасы, ауыр өнеркәсіп саласы бойынша КСРО көмегімен Пәкістан экономика сферасының маңызды ірі объектілері қамсыздандырылды, мұнай мен газ игеру жүмыстары жүргізілді.\r\n\r\n \r\n\r\nПәкістан, Туркия және Иранмен жан-жақты байланыс жасасса, ал Батыс Еуропа, Тропикалық Африка, араб мемлекеттерімен қатынасты одан әрі дамытты.\r\n\r\n \r\n\r\nПәкістанның сыртқы саясаттағы маңызды аумағы — Үндістанмен қатынасы-өзгеріссіз қалды. Пәкістан-үнділік қатынас әскери қақтығыс тудырса керек. 1965 жылдың көктемінде, Качск ауданында (пәкістан~үнділік шекарасының оңтүстік-батысындағы батпақты мекені) қарулы соққы басталды. Тек 30 шілде де әскери әрекетті тоқтату жөніндегі келісім-шартына қол қойылды. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айында Кашмир үшін қарулы қақтығыс өршіді. Оның салдарынан Үндістан және Батыс Пәкістан шекарасында ірі әскери әрекет жасалды. Дегенмен қыркүйек айының аяғына таман, от жаудыру аяқталғанмен, бұл жерде жағдай қиын мәнді иеленді. Оның дұрысталуына 1966 жылы қаңтар айындағы Ташкентте Үндістанның премьер-министрі Л.Б. Шастри және Пәкістан президенті М. Айюб Хан, Кеңес Министрлерінің Өкілі А.Н. Косыгин қатысуымен болған кездесу маңызды шешуші рөл атқарды.\r\n\r\n \r\n\r\n1953 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Иран бейтараптылықтан бас тартты және АҚШ-пен әскери одақ, сонымен қатар капиталистік мемлекеттермен ғана экономикалық байланыс саясатын жүргізді. Мұндай саясат Иранның ұлттық қызығушылығына сай келмеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1962           жылдың күзінде кеңес-иран қатыныасын жақсарту ұйғарылды. 1962 жылдың 15 қыркүйегіндегі келісім-шартта былай делінді: «КСРО шетел мемлекеттерінің   ешқайсысына   Иран   территориясында   ракета   базасын орнатуына  рұқсат   бермейді»   және   Кеңес   Одағына   агрессия   қолданбау жөнінде.   Осыдан   кейін   Иран   мен   КСРО   және   басқа   да   социалистік мемлекеттер арасында қатынас жақсартылды. 1962 жылдың аяғында Иранға тиімді  КСРО   арқылы  Иран  тауарларын  транзиттік  тасымалдау  жөнінде ратификациондык грамоталармен алмасу жүргізіліп, сонымен қатар шекара келісім-шартына, 1957 жылдың 14 мамырында Мәскеуде қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1963           жылдың 27 маусымында Тегеран жерінде кеңес-иран келісіміне қол қойылды, онда экономикалық және техникалық әріптестік, Аракс өзені бойында гидроэнергетикалық құрылыс жөнінде (бұл жоба 1967 жылы жүзеге асырылып,     гидроэнергетикалық    құрылыс     іске     қосылды),     Пехлевин бұғазының жағалауында мелорация жүргізу, астық сақтау балық шаруашылық зауыты салу көзделді.\r\n\r\n \r\n\r\nИран мен КСРО арасында көршілік қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында, ең маңызды із басу 1965 жылы, ал 1966 жылы 13 қаңтарда қол қойылған келісім-шарт негізі, Исфаган ауданында КСРО көмегімен металлургиялык зауытының салынуы (1971 аяғында зауыт ең бірінші шойын, ал 1972 жылы болат балқытып шығарды), Арак та машина құрылыс зауыты (1972 жылдың қыркүйек айында қолданысқа қосылды) және КСРО-ға газды қою мақсатында, трансирандық газ құбырын салды (1970 жылы құрылысы аяқталды). 1968 жылдың 22 шілдесінде Тегеранда кеңес-ирандық, экономикалық және техникалық байланыс жөнінде жаңа келісім-шартқа қол қойылды, ол Иранның төртінші бесжылдық аясы кезеңінде жүзеге асты. Кеңес-ирандық сауда қатынасы дамыды. Үш жыл ішінде, 1970 жылға дейін, көлемі 4 есеге өскен. Кеңес Одағы ирандық экспортта бірінші орында тұрган. 1968-1969 жылдары Иранның КСРО-ға өндірістік тауарлар шығару 25 пайызды қүрады.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО мен қатар, Иран басқа да социалистік мемлекеттермен экономикалық шарт жасасқан. Чехославакиямен Тебриздегі машина қүрылыс зауыты салынса, Румыниямен келісімде тракторлы зауыт салынған.\r\n\r\n \r\n\r\n1964 жылғы келісімшарт негізінде, Иран көрші Ауғанстан, Пәкістан жэне Туркия мемлекеттерімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар Иранның АҚШ мемлекетімен 1959 жылы 5 наурызынан, екі жақты әскери келісім — шарт жалғасын тапты. Америка Құрама Штаттары Иранға капиталистік мемлекеттер арасындағы ең ірі капитал салымын салған.\r\n\r\n \r\n\r\nБирма әлі қосыла қоймаған, бейтарап мемлекет ретінде, өзінің халықаралық әлем алдында прогресті түрде жылжуын қарастырушы мемлекет болған. Ол әр түрлі құрылымдагы мемлекеттермен бейбітшілік қатынасты қолдаған. Бирма Бандунг конференциясының белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы. БҰҰ және одан тыс Бирма бостандық үшін күрескер халықты қолдап, нәсілдік тежеуге, мемлекеттің ішкі істеріне араласуына қарсы, бүкіл және тұтастай қарусыздандыруды қолдаған.\r\n\r\n \r\n\r\n1962 жылы Бирма үкіметі дүниежүзі ісіне және саясатына жағымды  бейтараптық жолын ұстаушылығын растады. Ол Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуына, оның келіссөз жүргізу арқылы және шетел қатысуынсыз шешуді жөн көрді. Бирма басқа да мемлекеттермен бейбіт қатынас жасауды, әсіресе көрші елдермен тығыз байланыс орнатуды мақсат еткен, бұл ГТБСП I, II, III съездерінде және Бирманың Конституциясында ерекше мәнге ие болды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның «Бейбіт қатар өмір сүру» саясаты\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКеңес басшылары Сталин өлімінен кейін халықаралық жағдайда аса қиын мәселеге келді, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру концепциясына жүктелді.\r\n\r\n \r\n\r\nОлар «қырғи қабақ соғыстан» шығуды көздеп, халықаралық байланысты кеңейтіп, иілмелі дипломатия жүргізуге ұмтылды. Мәскеу Сталин өлімінен кейін, жедел бәсеңдету жолына түсті. 1953 жылы 25 сәуірде Кеңес басшылары американ президенті Д. Эйзенхауэр сөзіне құлақ асып, оны бағдармалы декларация түрінде басылымға жазды («Правда», «Известия» газеттерінің бірінші беттерінде). Мақаланың мағынасы қорытындының расталынуы еді, яғни барлық шешілмеген мәселелерді дипломатиялық келіссөздер жолымен, БҰҰ арқылы және тура шешуді мақсат етті. Бұл КСРО-ның иілмелі дипломатия жүргізуін айқындады. 1953 жылдың тамызында Маленков Жоғарғы Кеңес отырысында мынаны айтқан, КСРО «бейбіт қатар өмір сурүді» қолдайды. Сыртқы саясаттағы өзгеріс Кореядағы соғыстың аяқталуына жәрдемдесті. 1953 жылы 27 маусымда бітімге (татуласуға) қол қойды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның жаңа сыртқы саясаттағы доктринасы КОКП-нің XX — съезінде қалыптасты. Оның негізгі мазмұны, нәтижесі мынада, яғни ядролық соғысқа альтернатива жасау арқылы, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен бейбіт өмір сүру еді. Соғыстар шарасыз болмағандығы айқындалып көрсетілген. Н.С. Хрущев сыртқы саясат істеріне үлкен назар аударды. Тек 1960 жылы, ол шет елде 88 күн болған. Бирма, Индонезия, Ауғанстан, Австрия, Финляндия мемлекеттеріне іс сапармен барған.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның лидері 117 рет шет елде үкіметтік қабылдауда сөз сөйлеп, ол іскер жұмысшылар және корреспонденттермен кездескен. Оның сөз сөйлеуі Кеңес Одағында 26 рет шетел делегациясын қабылдау кезінде тыңдалды. Өрімнің шиеленісі әлемде дипломатиялық белсенділікті арттырды. Нәтижесі Женевадағы Үндіқытай бойынша, 1954 жылғы конференциясы болды. Бұл ауданда ұлттық — босатушы күштер қатал, эрі тиімді соғысты француз отаршылдармен жүргізген. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша, үндіқытайлық сұрақты талқылау негізінде жоба жасалды, онда Үндіқытайдың барлық территориясында біркелкі от жаудыруды тоқтату ұсынылды. Бейбітшілік жасалғаннан кейін, Камбоджи және Лаос тәуелсіздігін мойындау негізінде және олардың территориясынан француз әскерлерін шығару алға қойылды. Конференцияның нәтижелік жұмысы Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуы және қорытынды декларацияға қол қойылып, оның мазмұны Вьетнам , Лаос және Камбодж жерлерінде дербес сайлау жүргізу қарастырылған.\r\n\r\n \r\n\r\n50-жылдардың ортасындағы саяси бәсеңдету Женевадағы, КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция мемлекеттерінің басшыларымен болған жиналыс 1955 жылы шілде айында үлкен мағынаны иеленді. Бұл соғыстан кейінгі мемлекеттер басшыларының ең бірінші кездесуі. Ол әлемдік державалар арасында, жоғарғы деңгейде саяси диалогты дамытуға түрткі болды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңа саясаттағы маңызды мәселелердің бірі жағдайларды қадағалау, КСРО және ГФР қатынасын, ГДР-сын халықаралық деңгейде мойындау және Батыс Берлин мәселесі. 1955 жылдың қыркүйегінде Кеңес жағы Мәскеуге ГФР канцлері К.Аденауэрді шақырған. Кеңес Одағы ФРГ-ны ресми түрде танып және ақырғы тұтқындарын босатқан, оларды әскери қылмыскерлер ретінде ұстаған. Осылайша, КСРО өз жағынан Германияның бөлінуін жақтады. Яғни екі дербес мемлекеттерге — ФРГ және ГДР, қоғамдық-саяси жүйесі бойынша әр түрлі, бірақ халықтық құқығы жағынан біркелкі.\r\n\r\n \r\n\r\nСол жылдары НАТО өз құрамына Германия Федеративті Республикасын қабылдады. ГДР азаматтарының Батыспен қатынасын шектеу 1961 жылы тамыз айының бір түнінде берлин қамалы қаланды. Батыс Берлин қаланың жартысынан бетонды плиталармен құрылған тосқауыл арқылы оқшауланды және қатаң қорғалды. Осылайша, шығысгермандық басшылар Шығыс және Батыс Берлин арасындғы шекараны жапты. Бұл Германияны бөлудегі ақырғы із басу еді. АҚШ пен НАТО қарсылық танытқанмен, әскери күшті қолдана алмады. Алайда, бұл мәселе маңыздылығын жойған жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nАвстриялық мәселені шешу аса қолайлы болды. Оның нәтижелілігі Вена келісім-шартында 1955 жылдың 15 мамырындағы байқалды. Ол Австрияның территориялық шекарасында қалпына келтірді 1938 жылы 1 қаңтарында оған кішігірім әскер ұстауға рұқсат етілді, бейтараптықты қолдауға жүктеме артқан жоқ. Мемлекеттік келісім-шартқа қол қою негізінде, Австрия территориясынан барлық шетел әскерін шығарып, сонымен қатар шығыс Австрияда орналасқан Кеңес әскерін шығару көзделді. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін, Австрия арнайы заң арқылы бейтараптық жариялап, әскери блоктарға қосылмайтынын мойнына алып және өз территориясына шетел әскери базаларын салуға жол бермеуді айқындады.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбіт қатар өмір сүру саясаты ядролық қарудың жарысуын тежеп, келіссөздерге түрткі болды. 1958 жылы наурыз айында КСРО бір жарым жылға ядролық сынақты тоқтатты. Сол жылы Кеңес Одағы өз әскерін («қырғи қабақ соғыс» жылдары 5,8 млн. адамға жеткен-бейбітшілік кезеңнің ауыр уақыты) 3,6 млн. адамға қысқартты. АҮШ 1958 жылы 31 қазанында ядролық сынақтын тоқтатылуын жариялады, ал 1959 жылдың 26 тамызында біржақты тәртіпте ядролық қаруды сынауды тоқтатып, өз мүддесін жариялап, 2 айға рұқсат етпеуін ұзартты. Алайда, американ-британ-кеңес кездесуінде Женевадағы, атом қаруын сынау жөнінде келісушілік мәреге жетпей, АҚШ өз шешімінен бас тартты, бірақ сынауды бастамаған, алайда КСРО өз қаруын атмосферада қолданғанға дейін. Осылайша 50- жылдарда ядролық қарусыздандыру мәселесі өз аяқталуын таппады. Бірақ бұл келіссөздер нәтижесіз болмады. 1963 жылдың 5 тамызында Мәскеуде ядролық қару жарысын ұстауына бағытталған келісім-шарт жасалды. АҚШ, КСРО жэне Ұлыбритания ауада, ғарыш пен су астында ядролық сынақты тоқтату, ал жерастында жүргізілуіне рұқсат жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Кейіннен Мәскеу келісім-шартына басқа да мемлекеттер қосылды, тек Франция мен Қытай қолдамаған.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес стратегиясының өзгеруінің бірегейлі нәтижесі АҚШ-қа қаратылды, ол ең басты кеңесшісі және олардан ғана КСРО қарсылықты күтті. Еуропа мемлекеттерімен қанша келіссөз жүргізсе де оның нәтижесі, АҚШ сұхбатына бағынышты болған. Тікелей екі мемлекеттің арасындағы сұхбат, Н.С.Хрущевтың 1959 жылы қыркүйек айындағы АҚШ-қа іс-сапары болды. Ол кеңестің ғана емес, орыс үкіметінің ең бірінші мүндай сапармен барған елшісі болған.\r\n\r\n \r\n\r\nКэмп-Дэвидтегі іс-сапар Эйзенхауэрмен болған сұхбатпен аяқталды; ешқандай келісім-шарт жасалмады. АҚШ-та Н.С.Хрущев, 1960 жылы халықаралық мәселені талқылау үшін, американ президентімен үкімет басшыларын жинау жөнінде келісті. Бұл кездесуде, КСРО мен АҚШ басшыларынан басқа, Франция ел басшысы де Голль және Ұлыбритания премьер-министрі Макмиллан қатысу керек еді. Алайда, бұл кездесу жүзеге аспады. Бұл кездесудің шақыру уақытының алдында 1960 жылдың 1 мамырында, Свердлов ауданының үстінен американ барлау самолеты У-2 апатқа ұшырап, үшқыш Ф.Г.Пауэрс болған. Ұшқыш қамауға алынады. Оны тыңшы деген айыппен 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Алайда ол 2 жылдан кейін, Кеңес барлаушысы Р.Абелямен алмастырылды. Осының салдарынан Париждегі 16 мамырда ашылған кездесу АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Францияның мемлекет басшылары және үкімет басшыларымен болған, констурктивті сұхбат жүзеге аспады.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-мен жарияланған бейбіт қатар өмір сүру принципі, Кеңес басшыларымен дәйексіз жүргізілді. Бұл принцип кеңес экспансиясын кеңейту үшін жасырушы болды. Кеңес Одағы әскери майдандасуды жалғастырды. Ядролық қарсыласуда бұл саясат 60- жылдардың басында халықаралық қатынастағы шиеленіске әкелді, ол ядролық соғыспен аяқтала жаздады. Бұл жанжал Кариб дағдарысы деген атпен аталып және АҚШ, КСРО, Куба өзара қатынасымен байланысты болған. 1959 жылдың бас кезінде АҚШ-тың оңтүстік жағалауына таяу жерде Куба аралында халық революциясы жеңіп, басшылыққа Фидель Кастроның антиамерикандық үкіметі келді. Кастро қарсыластары АҚШ-тың көмегіне сүйеніп, оны бірнеше рет алып салмақшы болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКуба революционерлері өздеріне мықты одақтасты керек етті. Онсыз Америкамен күресу, өз шаруашылығын дамыту қиынға түсті. Бұл ізденіс КСРО-ға көз аудартса керек. Кеңес басшылары Кубамен қатына орнатуда қызуғышылық танытты. Осылайша КСРО Америкаға жақын маңда өз позициясын нығайтты. Бастапқы кезде, Куба мен КСРО арасындағы қатынас саяси және экономикалық мазмұнда болды. Ал кейін ол әскери ауданға айналды. 1962 жылы жаз айында арал да, Америка территориясына бағытталған, ракеталары орнатылған. Н.С. Хрущев бұл шараны халықаралық мәселелерді шешуде, Америка үрейленіп, жұмсарады деп үміттенді. Кастро бұл ракеталар америка басшылығынан қорғайды деп үміттенді.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес басшыларының есебі ақталмады. Ракеталар американ барлаушыларымен байқалғанда, АҚШ өзіне қауіп төніп тұрғандығын жариялады. 22 қазанда Дж. Кеннеди мемлекет тұрғындарына, Куба да Кеңес Одағының ракеталары орналасқанын және Америкаға қауіп төніп тұрғанын жария етті. Бұл шиеленістің нәтижесі Н.С.Хрущев пен Дж. Кеннеди арасындағы кеңес-американ келіссөздермен аяқталды. 1955 жылы Кеңес басшылар Н.С. Хрущев және Булганың Югославияға сапарында Титомен қатынас орнатты, Югославияның ел және коммунистік партия басшысы. Н.С.Хрущев Белгаградтта Иосип Броз Титодан кешірім сұраған. Ал 1956 жылы маусым айында Тито КСРО-ға сапар жасайды. Бұл сапар аса маңызды келіссөздер экономикалық әріптестікке байланысты жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\n1960 жылдардың аяғына таман басты бағыт кеңес сыртқы саясатының Батыспен қатынастың жақсаруында еді.\r\n\r\n \r\n\r\nБәсеңдету саясаты Еуропадағы саяси климаттың жақсаруына әкелді. Ең маңызды болып Кеңес Одағының Франция, Германия Федеративті Республикасымен қатынастың жақсаруында. Бұл ауысым 1969 жылы бундестагтағы қыркүйек айында өткен сайлаудан кейін болды, яғни ГФР-дің басшылығына социал-демократтар мен дербес демократтар партиясының келуімен еді. В.Брандт канцлері КСРО-мен қатынасты жақсартып, «жаңа шығыс саясатты» жариялады. Бұл келіссөздердің ұзақ әрі қиындауы нәтижесінен, Мәскеуде 1970 жылы 12 тамызда бейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл шарт мазмұны, ұрыстарды бейбіт жолмен шешуді және күш қолданбауды негіздеді. Мәскеу шартының 3 бабы маңызды болған, онда екі жақ шекаралық тұтастықты сақтауға, Еуропадағы барлық мемлекеттермен, сонымен қатар ГФР мен ГДР шекаралары бойынша. Келесі жылы Берлин мәселесі келісімі шешімін тапты. Бұл келісім-шарттар қаланың ГФР мен ерекше дәрежесін айқындады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nXX ғасырдың 70- жылдарының  басындағы кеңес-американ  қарым — қатынасы\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКеңес-американ қарым-қатынасы XX ғасырдың халықаралық қатынастарында ерекше орын алатыны мәлім. Сонымен бірге, сол уақытта соғыс пен бейбітшілік жағдайы кеңес американ қарым-қатынасына байланысты еді.\r\n\r\n \r\n\r\n60-жылдарда кеңес-американ қатынасындағы бетбұрыс (ядролық сынақты тоқтату туралы келісім, ғарышты бейбіт пайдалану және ядролық қаруды таратпау туралы келісімдер) АҚШ-тан болашақ бұл қатынас туралы терең ойға түсірді. 1969 жылы қаңтарда билік басына келген президент Р. Никсонның жаңа республикалық әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы империалистік бағытын көптеген жағдайларда сақтағанымен, бірақ кеңес-американ диалогын тереңдету және ауқымын кеңейтуді бастаған еді.\r\n\r\n \r\n\r\nВашингтонның КСРО-мен және басқа мемлекеттермен «күш көрсету» негізінде қарым-қатынастарды құру әр кезде кеңес американ келіссөздеріне кедергі туғызып отырды. Сондай-ақ, АҚШ-тың үнемі бір жақты пайда табуға, кеңес жағына өз мүдделерін қабылдауға мәжбүрлеу, тең құқықсыз шарттар кеңес-американ қатынасына жағымсыз әсер етті. Осыған қарамастан Р. Никсонның әкімшілігі «конфронтация кезеңінен келіссөздер кезеңіне» өту уақыты келгенін көптеген маңызды маңызды себептердің негізінде түсінді. АҚШ пен КСРО арасындағы диалогтың басталуына американдық әкімшілік пен сыртқы саяси аппаратта ақылды қайраткерлердің табылуы, олардың тар эгоистік мүдделерден жоғары тура алуы түрткі болды.\r\n\r\n \r\n\r\nЛ.Джонсон әкімшілігі тұсында стратегиялық қарулануды шектеу туралы келіссөздер жүргізу туралы АҚШ-тың КСРО-ға ұсынысы жасалған еді. Жаңа жағдайлар оны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, 1969 жылы қарашада келіссөздер ашық деп жарияланды. Келіссөздер келесі екі жылда Хельсинки пен Венада кезекпен өтті. 1971 жылы 30 қыркүйекте КСРО мен АҚШ арасында ядролық соғыс қаупін азайту шаралары туралы келісім жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\n1972 жылы мамырда Р. Никсонның Кеңес Одағына ресми сапары болып өтті. Американдық президент пен кеңестік басшылықтың арасындағы өткен келіссөздердің нәтижесі 1972 жылы 29 мамырда Л. И. Брежнев пен Р. Никсон қол қойған «Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас негіздері» атты маңызды құжат болды. Кеңес Одағы мен АҚШ әскери қақтығысты және ядролық соғысты болдыртпауға барлығын жасауға уәделесті. Осы мақсатта қайшылықтардың бейбіт тәсілдермен шешуге, күш көрсетуді болдыртпауға екі жақ міндетіне алды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның басқа мүшелері тәрізді КСРО мен АҚШ мойнында «халықаралық жағдайды ұшықтыруға әсер ететін жағдайларды болдыртпауға тырысу» сияқты жауапты міндет жатқанын мәлімдеді. Ерекше назар стратегиялық қарулануды шектеуге аударылды. Құжатта айтылғандай КСРО мен АҚШ арасында толықтай қарусыздану мәселесін шешу қорытынды нәтиже болып табылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1972 жылы 26 мамырда КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғану жүйесін шектеу туралы мерзімсіз келісім (ПРО) және Стратегиялық басқыншылық қарулануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша (5 жыл мерзімге) келісім жасалды. Екі жақ та стратегиялық қарулануды шектеудің параметлерін нақтылау мақсатында және тұрақты келісімді дайындау үшін келіссөздерді жалғастыру үшін СҚШ-1 (ОСВ-1) келісімін жасады.\r\n\r\n \r\n\r\nРакетаға қарсы қорғану келісімі бойынша Кеңес Одағы да, АҚШ та өз территориясында ракетаға қарсы қорғану жүйесін дамытпауы шарт еді. Келісімде көрсетілгендей, КСРО мен АҚШ-қа ракетаға қарсы қорғану тәсілдерімен қорғалған, радиусы 150 км-ге дейін екі аудан және 200-ден аспайтын ракетаға қарсы шектеулі радиолакациялық станцияларды ұстауга рұқсат етілді. Көрсетілген саннан артық ракетаға қарсы қорғану жойылуға жатты. Сол себептен АҚШ 1969 жылы наурызда қабылданған «Сейфгард» бағдарламасынан бас тартуға мәжбүр болды. Егер, бұл бағдарлама жүзеге асқан жағдайда 14 ракетаға қарсы қорғану кешендері іске қосылып, стратегиялық қарулану жарысына жаңа серпін болар еді.\r\n\r\n \r\n\r\nТеңіздік, ауа, ғарыштың немесе мобильді жерде қолданылатын ракетаға қарсы қорғануды құрастыруға, сынақтан өткізуге тыйым салынды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі жақ басқа елдерге ракетаға қарсы қорғануды сатпауға және орналастырмауға өзара келісті. Стратегиялық басқыншылық қорғануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы келісім бойынша екі жақ та 5 жыл мерзімге МБРНБ және БРПЛ атты ракеталарды, су асты кемелерін жасауды тоқтатуға келісті.\r\n\r\n \r\n\r\nРҚҚ мен Уақытша СҚШ-І келісімі ядролық соғысты болдыртпау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен қадам болды. «Қарым-қатынастар негізі» құжаты мен басқа құжаттар КСРО мен АҚШ арасындағы қатынасты құрудың халықаралық-құқықтық пішінін негіздеп берді. Жоғарыда айтылған келісімдер жүзеге асқан жағдайда ұлы екі державалардың көптеген бағыттар, соның ішінде ең маңыздысы қарулану жарысын шектеу және қарусыздану мәселесін шешуде үлкен болашақ ашылар еді, Маңызды бұл келісімдерге қол қойылу сауда-экономикалық, мәдени және тағы басқа салаларда қарым-қатынастың дамуына жағдай жасады. 1972 жылы Р. Никсонның Мәскеуге сапары кезінде ғарышты зерттеуде, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау салалары бойынша кеңес-американ келісімдері жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\n1972        жылы қазанда теңіздік кеме жасау сүрақтары бойынша келісім және кеңес американ сауда мен несие туралы келісімдері жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\n1973  жылы   22   маусымда  Л.И.   Брежневтің   АҚШ-қа  жауапты  ресми сапарында      екі   жақ   «Стратегиялық   басқыншылық   қарулануды   шектеу жөніндегі ары қарайғы келіссөздердің негізгі принциптері» атты маңызды құжатқа қол қойды. КСРО мен АҚШ тең дәрежедегі қауіпсіздік принципін мойындап,  екі жақ та тікелей не жанама түрде бір  жақты пайда алуға тырыспайтындығын мәлімдеді. Келісімді дайындауды аяқтау жэне қол  қою 1974 жылға жобаланды.\r\n\r\n \r\n\r\n1973 жылы 25 қыркүйекте Женевада стратегиялық қарулануды шектеу туралы кеңес-американ келіссөздері қайта жанданды. Алайда онда уәделескен келісімге жету мүмкін болмады. Мемлекеттегі ішкі саяси жағдаймен көбінде «уотергейттік жанжалмен» және американдық «қырандардың» өскен іс-әрекетінен анықталған АҚШ позициясы қатаң және мазмұнды емес болды.\r\n\r\n \r\n\r\n1974 жылы жазда АҚШ президенті Р. Никсонның Мәскеуге кезекті сапарында Кеңес үкіметі арда пайда болған келіспеушілікті шешуге тырысты. Стратегиялық қарулануды шектеу туралы келісімді құрастыру «тез арада аяқталуы тиіс» деген келісім жасалды. Жаңа келісімнің мерзімі 1985 жылға дейін белгіленді. Сонымен қатар, ядролық қаруды жер асты сынауды шектеу туралы келісім жасалды. 1976 жылдың 31 наурызынан бастап келісім бойынша КСРО мен АҚШ қуаты 150 киллотоннан асатын жер асты ядролық қаруды сынауды тоқтатуға міндеттенді. Кеңес Одағы сол кездің өзінде қандай да бір ядролық қаруды сынауды тоқтатуға дайын еді, бірақ АҚШ-тың басшылықтағы топтары, әсіресе әскери адамдар бұған келісуден бас тартты.\r\n\r\n \r\n\r\nЛ.И. Брежнев пен АҚШ-тың жаңа президенті Дж. Фордтың арасында 1974 жылы тамызда өткен келіссөз барысында қарулануды тоқтату, соғыс қаупін болдыртпау мәселесіне үлкен назар аударылды. Олардың 1974 жылдың аяғында Владивостоктағы кездесуінде СҚШ (стратегиялық қарулануды шектеу) бойынша келісім жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\nВладивосток келісімі бойынша алғаш рет алыс қашықтықтағы бомбардирлік авиацианы шектеулі қару құрамына кіргізді, яғни қарулану жарысына шектеу қоюға сапалы жол салды.\r\n\r\n \r\n\r\n1973 жылы 22 маусымда Вашингтонда Ядролық соғысты болдыртпау туралы арнайы мерзімсіз келісімге қол қойылды. Бейбітшілікті және халықарлық қауіпсіздікті нығайту мақсатында, ядролық соғыс адамзат үшін зардабы шексіз екенін түсінген АҚШ пен КСРО өз күштерін осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмылдыратынын айтты.\r\n\r\n \r\n\r\n1974-1975 жылдары тарихта алғаш рет КСРО мен АҚШ арасында парламенттік делегациялардың ресми алмасуы болып өтті. Мәскеуде АҚШ-тың іскер топтарының көптеген өкілдері болып кетті. Олар бірқатар кеңестік мекемелер мен өнеркәсіп орындармен шарт жасасып кетті. Вашингтонда КСРО-ның сауда өкілдері, ал Мәскеуде АҚШ-тың коммерциялык бюросы, 20-дан астам американдык корпорациялар мен банктер өкілдіктері ашылды. Құрамында 300-ден астам кеңестік және американдық фирмалар мен ұйымдар бар Амторгтын экспорт-импорттық қызметі жақсарды. 1976 жылы кеңес-американ сауда көлемі 2,2 млрд. рубльге жетті.\r\n\r\n \r\n\r\nАлайда, кеңес-американ саудасы басқа елдермен жүретін сауда қарым-қатынасымен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отырған еді. Оған себеп кеңестік тауарлардың американдық рынокта кемсітілуі болды.\r\n\r\n \r\n\r\n70-жылдардың бірінші жартысында кеңес-американ қарым-қатынасы ғылым мен техника саласында алға жылжыды. Американдық ғалымдар мен инженерлер бірнеше рет екі жақ та бірдей пайда алатынына көз жеткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикандық «Дженерал электрик» корпорациясының өкілі Л. Стил көптеген американдық бизнесмендердің пікірін білдіріп, Кеңес Одағьшың ғылыми-техникалық ресурстардың зор екенін, Кеңес Одағында металлургиялық болашағы бар салаларында үлкен көлемді және нәтижелі зерттеулер жүргізіліп жатқананын және осы жұмыста КСРО үлкен жетістікке жеткендігін мәлімдеді. «Дженерал-электрикпен» қатар КСРО мен «Хьюлетт-Паккард», «Кайзер индастриз», «Зингер», «Интернэшнл телефон энд телеграф» компаниялары қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес-американ ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім қарым-қатынасты үш бағытта жүргізуді көздеді: ол басқарылатын термоядерлік синтез, энергиялық реактор, фундаментальды материя қасиетін зерттеу.\r\n\r\n \r\n\r\nДенсаулық сақтау саласында да кеңес-американ қарым-қатынасы жақсы дамыды. Жасанды жүрек жасау саласында арнайы келісімге қол жеткізілді. Ракпен бірлесу күресу шеңбері кеңейе түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарлау сызығы бойынша кеңес-американ қарым-қатынасының ауылшаруашылығында өсті. 1973-1974 жылдарда 20-дан астам тақырып бойынша бірлесе зерттеу бағдарламалары құрылды. Делегациялар мен көрмелер алмасу басталды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрекше назар мен қызығушылықты бірлескен ғарыштық «Союз-Аполлон» жобасы тудырды. 1975 жылы шілдеде кеңестік космонавтар Леонов пен Кубасов және американдык — Стаффорд Слейтон жэне Бранд маңызды ғылыми-техникалық мәнге ие бірнеше бірлескен сәтті бақылаулар мен тәжірибелер тізбегін өткізді.\r\n\r\n \r\n\r\n1973 жылы жазда «КСРО мен АҚШ арасындағы байланыстар, айырбыс және қарым-қатынас туралы жалпы келісім» және 1974-1976 жылдарға арналған сондай нақты бағдарлама екі елдегі өнерді бағалаушыларды қатты қуантты. Есте қалатын оқиғалар, Үлкен театрдың балет және опера труппасының АҚШ-қа сапары скифтік қорғандар мен ленинградтық Эрмитаждың жинақтарының көрмесі болоды. Ал өз кезегінде КСРО-да Сан-Францискодан келген драмалық театр, бірқатар музыкалық ансамбльдер сәтті өнер көрсетсе, АҚШ мұражайларынан суреттер көрмесі болып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғары білім беру саласындағы қарым-қатынастардың жаңа пішіні 10-айлық тәжірибеден өту үшін жас ғалымдар (әр жақтан жыл сайын 50 адам) және жыл сайын 10 жетекші профессорлар мен оқытушыларды үш айдан он айға дейін ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алмасу жүргізілді.\r\n\r\n \r\n\r\nТуризм шеңберінде кеңестік және американдық адамдар арасындағы байланыс кеңейе түсті. Екі мемлекеттің халқын өзара байытып отырып, бұл байланыстар қарым-қатынастардың жақсаруына, сенім мен өзара сыйластықтың өсуіне жағдай жасады.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ пен КСРО өзара қол қойған келісімдер, конвенциялар, хаттамалар, бірлескен коммюникелер, жалпы саны 60-тан асатын құжаттар бейбіт өмір сүру принципі негізінде қомақты саяси жэне қүқықтық база жасады. 70- жылдардың басындағы кеңес-американ қарым-қатынастарының жағымды нәтижесі міне осындай болды.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикандық империализмнің Үндіқытайдағы агрессиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірген ұзақтығы мен көлемі жағынан ірі қарулы кақтығыс болды. Еркіндік сүйгіш вьетнамдық халық АҚШ агрессиясына қарсы каһарманды күрес жүргізді. Үндіқытай халқының жағында элемнің барлық прогрессивті күштері болды. Солардың қысым көрсетуі мен азат ету күресінің сәттіліктерінің арқасында империализм артқа шегінуге мәжбүр болды.\r\n\r\n \r\n\r\nПарижде болып өткен Вьетнамдағы саяси реттеу жөніндегі төрт жақты кездесу 1969 жылы 25 қаңтарда әлемде ұшыққан халықаралық жағдайда шешуге тырысқан әрекеттердің өскен уақытында басталды.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикандық қолдаусыз Вьетнам жерінде өз билігін сақтап қала алмайтынын білген сайгондық тәртіп келіссөздердегі басты оппозициялық күш болды. Ұзақ уақыт сайгондық марианеткалар Оңтүстік Вьетнамды келіссөзде тең құқылы жақ деп мойындағысы келмеді. Сайгон әкімшілігінің бұндай саясатында келіссөздерді ешбір нәтижесіз екенін көрсетуге ұмтылуы көрінсе, АҚШ бұл жағдайды пайдаланып вьетнамдық патриоттарға қысым көрсетіп, олардан бір жақты пайда табуға бар күштерін салды.\r\n\r\n \r\n\r\nНФО мен ДРВ өкілдері жғдайды шешу туралы құрылымдық ұсынастармен сөз сөйледі. 1969 жылы 8 мамырда НФО делегациясы «Оңтүстік вьетнамдық мәселені шешудің ғаламдық мазмұны мен принциптерін» ұсынды («10 пункт» ретінде белгілі). Бұл үсыныстар 1954 жылғы Женевалық келісімдерге сүйеніп, Оңтүстік Вьетнамнан сөзсіз шетел әскерінің шығаралуын, вьетнамдық халықтың негізгі құқықтарының халықаралық деңгейде мойындалуын; Оңтүстік Вьетнамдағы саяси құрылыстың мәселесін шеттен араласпаусыз бейбіт шешуді; әскери одаққа қатыспауды және екі ел территорияларында әскери базалар мен әскерді. болдыртпау; АҚШ-тың Вьетнамға әкелген зиянды өтеу қарастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1969 жылы 6-9 маусымда Оңтүстік Вьетнамның азат етілген бөлігінде Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін бір ауыздан сайлаған халық өкілдерінің съезі болып өтті. Уақытша революциялық үкіметтің міндеттері болып соғысты тоқтату, бейбітшілікті қалпына келтіру, еркін демократиялық, бейбітсүйгіш және бейтарап мемлекет құру, келешекте Вьетнамды біріктіруге тырысу белгіленді. Уақытша революциялық үкімметтің сайлануы сол уақытта Мәскеуде болып жатқан коммунистік және жүмысшы партиялардың Кеңесі қолдады.\r\n\r\n \r\n\r\n1969 жылы АҚШ президенті Р.Никсонмен жарияланған «гуамдық доктрина» вьетнамдық халықтардың азат ету қозғалысын қару көмегімен баса алмайтындығын және Вьетнамдағы американдық эскердің агрессиясының аяқталғанын білдірді. 1969 жылы тамызда 543-мыңдық американдық әскердің 25 мыңының шығарылатыны туралы жарияланды. 1972 жылы вьетнамдық патриоттардың көктемдік бас көтерулері кезінде Вьетнамдағы АҚШ-тың барлық құрлықтық күштері қорғаныс аудандарында болды. 1973 жылы 27 қаңтарда Вьетнам бойынша жасалған Париждік келісім ұзақ уақыт империалистік агрессияға қарсы жүргізген күресте Кеңес Одағы мен әлемдік социализмнің қолдауымен вьетнамдық халықтың тарихи жеңісін белгіледі. Бұл жеңістің маңызды себепшісі өте кең аукым алған халықаралық бірлігі еді.\r\n\r\n \r\n\r\nКелісім еркіндікті, егемендікті, бірлікті және Вьетнамның территориялық біртұтастығын сыйлады. 60 күн ішінде американдық және басқа шетелдік әскерлердің шығарылатынын және әскери тұтқындардың\r\n\r\n \r\n\r\nбосатылатыны белгіленді. Сондай-ақ келешекте АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнам ісіне араласпайтынын анықтап берді. Оңтүстік Вьетнамда саяси реттеуге шетелдік мемлекеттің араласпауынсыз екі оңтүстік вьетнамдық жақпен келіссөз жүргізу арқылы жету көзделді. Ұлттық ымыраласу және бірлік кеңесін қүру еркін және демократиялық сайлау жүргізу жоспарланды. 1954 жылы Женевалық келісім бойынша анықталған және 17- параллельден өтетін Вьетнамның екі бөлігі арасында өтетін әскери демаркациялық шеп «уақытша сипатқа ие және саяси, территориялық шекара болып табылмайтыны» келісімде анықталды. Вьетнамның бірігуі «әр қадам сайын, бейбіт тәсілдермен Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам арасында келіссөз жүргізу арқылы» шетелдік араласусыз жүзеге асыру жоспарланды. АҚШ өз мойнына Оңтүстік және Солтүстік Вьетнамға соғыс салдарын жоюға алды. Келісімге қатысушылар сондай-ақ 1954 жылы Камбоджа бойынша және 1962 жылғы Лаос бойынша Женевалық келісімдердің орындалуын және бұл елдердің ішкі мәселелері өз күштерімен, шетелдіктердің араласуынсыз шешілуі керек екендігі анықталды.\r\n\r\n \r\n\r\nПариждік келісімнің орындалуын қадағалайтын төрт жақ әскери комиссия, сондай-ақ ВХР, ПХР, Канада және Индонезия кұрамына енетін халықаралық комиссия құру қарастырылды. Оған қоса келісімге кең халықаралық маңыздылық беру мақсатында бір ай ішінде Парижде Вьетнам бойынша халықаралық конференция шақыру келісілді.\r\n\r\n \r\n\r\nВьетнам бойынша Париждік келісімге қол қою үлкен халықаралық мәнге ие болып, Үндіқытай түбегінен алыс жерлерге де тарады. Бұл келісімнің әлемдік маңызы 1973 жылы 26 ақпаннан 2 наурыз аралығында Парижде 12 делегат пен БҰҰ-ның бас хатшысының қатысумен болып өткен Вьетнам бойынша Халықаралық конференцияда көрсетілді.\r\n\r\n \r\n\r\nКонференцияға қатысушылар Вьетнам бойынша Халықаралық Актке қол қойды және салтанатты түрде вьетнам халықтарының негізгі ұлттық құқықтарын орындауға міндеттенді. Ол тәуелсіздік, еркіндік, бірлік және Вьетнамның       территориясының        біртұтастығы,        оңтүстік        вьетнам халықтарының өзін-өзі анықтау құқықтары еді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсылайша, Вьетнам бойынша Халықаралық конференция соғысты аяқтау туралы келісімнің саяси және заңдық маңызын бекітті, сондай-ак Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азиядағы жағдайды шешу мәселесі бойынша алға жылжуға мүмкіндік берді.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ-тың Үндіқытайдағы әскери-саяси жеңілісі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы барлық американдық блокадалық жүйесіне ауыр соққы болды. Алғашқы ақаулар «Никсон доктринасы» шеңберінде АҚШ-тың Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия жерінен өзінің әскерін шығаруға ұмтылыс байқалғанда басталды. Сол кездің өзінде Оңтүстік Вьетнамнан австралиялық, жаңа зеландиялық, тайландық әскери контингенттерді шығару туралы мәселесі туындады, филиппиндік әскери бөлімдер әкетілді.\r\n\r\n \r\n\r\nСЕАТО бойынша жаңа соққы 1972 жылы қарашада Пакистанның блоктан шығуы болды. Бұл қадам Исламабадтың 1971 жылғы үнді-пакистандық қақтығыста Вашингтонның ұстанған реакциясына жауап деп қабылданды. Біртіндеп блоктан Франция да шықты.\r\n\r\n \r\n\r\n1975 жылы шілдеде Филиппин президенті мен Тайланд премьер-министрінің арасында болып өткен кездесуде екі мемлекет басшысы СЕАТО мүшелері бұл блоктың «бірітіндеп» таралуына жағдай жасайтындарын мәлімдеді. Бұл ұсынысты Австралия және Жаңа Зеландия қолдады. Қоршауда қалған АҚШ пен Ұлыбритания өздерінің әріптестерімен келісетіндіктерін мәлімдеуге мәжбүр болды.\r\n\r\n \r\n\r\nСЕАТО қызметінің тоқтатылуы туралы шешім 1975 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте өткен бұл үйымның министрлер кеңесінің сессиясында бекітілді. Блоктың бөлімдері 1977 жылы таратылды. Бірак СЕАТО-ның құрылуына түрткі болған Манильдік келісім жоққа шығарылмады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nГФР-дің «Жаңа шығыстық саясаты»\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЕкінші дүнижүзілік соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта социализм дипломатиясы жүргізген ұзақ және табанды күресінің нәтижесінде Еуропадағы көптеген даулы мәселелер бейбіт шешімдерін тапты. Испания, Финляндия, Венгрия, Румыния, Болгария арасында бейбіт келісімдер жасалды (1974 жылы) және Австралиямен Мемлекеттік келісім жасалды (1955 жылы). Алайда, екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында қорытынды сызық жүргізу үшін батыс державалардың Еуропадағы территориялық және саяси шындықты мойындауы, Батыс Берлин маңайындағы мәселені ретке келтіру қажет болды. Онсыз еуропалық бөлікте қауіпсіздік пен қарым-қатынас мүмкін болмас еді.\r\n\r\n \r\n\r\nУақыт өте келе, Батыс Берлин мәңгілік Еуропадағы «шиеленіс аралы» болып қала алмайтындығы айқын бола бастады. Батыс Берлин ГДР  ттерриториясында орналасқандықтан, ол ГДР мен КСРО мүдделерін ескермей толыққанды дами алмайтындығын батыс державалар мойындауы тиіс еді. Екінші жағынан, Батыс Берлин капиталистік жолмен дамып келе жатқанын, онда үш батыс державасының оккупациялық тәртібі сақталып отырғаны, қала ГФР-мен белсенді сауда-экономикалық қатынас жүргізіп отырғанын ескеру керек еді. Жағдайды Бонның Батыс Берлин мен ГФР-дің толық бірігуін және оны Федеративті Республикасының құрамды бөлігіне айналдыруға тырысуы қиындатты.\r\n\r\n \r\n\r\nБатыс Берлинге қатысты мәселенің шешіліуі үшін өте көп күш пен көп жылғы қажырлы еңбек қажет болды. КСРО-ның белсенділік көрсетуі және табандылығының арқасында 1970 жылы 26 наурызда Батыс Берлиндегі бұрынғы одақтас Бақылаушы Кеңестің ғимаратында келіссөздер басталып кетті. Келіссөзді өз елдерінің толыққанды өкілдері ретінде КСРО, АҚШ, Англия және Франция жүргізді. Келіссөздерге алғы шарт кеңестік елші А.Ф. Добрыниннің АҚШ-та американдық президенттің көмекшісі Г. Киссенджермен болып өткен әңгімесі, 1969 жылы Мәскеуде жазда АҚШ, Англия, Франция өкілдерімен пікір алмасу болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКеліссөздер жарты жылға созылып, өте ұзақ және қиын жағдайда өтті. Келіссөздердің нәтижесі 1971 жылы 3 қыркүйекте қол койылған Төрт жақты келісім болды (АҚШ, КСРО, Ұлыбритания болды). Келісім үш бөліктен түрды: «Жалпы қаулылыр», «Берлиннің батыс бөліктеріне қатысты қаулылар» және «Қорытынды қаулылар» және бірқатар қосымшалар. «Жалпы қаулылар» Батыс Берлин ауданында шиеленісті жою және қиындықтарды болдыртпауды екі жаққа жүктеді. «Берлиннің батыс бөліктеріне қатысты қаулылар» бойынша Берлиннің батыс бөліктері мен ГФР арасындағы байланыс «бұл бөліктер бұрынғысынша ГФР-дың құрамды бөлігі емес және онымен басқарылмайды» принципі негізінде жүргізіліп отырады.\r\n\r\n \r\n\r\nКелісім Батыс Берлиннің және оның тұрғындарының халықаралық байланыстағы мүдделерінің өкілдігі тәртібін көрсетті, оны үш жержаваның құқығы ретінде белгіленді (АҚШ, Ұлыбритания, Франция). ГФР-ға Батыс Берлиннің тұрақты тұрғындарына елшілік қызмет көрсету, қала мүддесін халықаралық ұйымдар мен конференцияларда қорғауға, халықаралық айырбас пен көрмелерге бірлесе қатысу мүмкіндігі болды. ГФР жасаған келісімдер Батыс Берлинге әрбір жағдайда ақылдасылған жағдайда ғана таралуы мүмкін,Батыс Берлиннің ГДР территориясы арқылы байланыс егеменді мемлекеттер территориясында транзиттік хабар беру тәжірибесі мен нормалары негізінде тез және қарапайым, кедергісіз тәсілмен жүзеге асырылады. Сәйкес келісім ГДР үкіметі ГФР-мен 1971 жылы 17 желтоқсанда және Батыс Берлиннің сенатымен 1971 жылы 20 желтоқсанда жасалды.\r\n\r\n \r\n\r\nТөрт жақты келісімге сәйкес Кеңес Одағы Батыс Берлинде Бас елшілік ашылды. Сыртқьт сауда ұйымдарының бюросын және «Аэрофлот» пен «Интурист» өкілдіктерін құрды.\r\n\r\n \r\n\r\nТөрт жақты келісім өз күшіне 1972 жылы 3 маусымда енді. Бір уақытта ГДР мен ГФР арасындағы транзит бойынша келісім және ГДР мен Батыс Берлин сенаты арасындағы түрғындарының баруы туралы және анклав айырбасы туралы келісімі өз күшіне енді.\r\n\r\n \r\n\r\nТөрт державалар арасындағы келісімі нәтижесінде Батыс Берлиннен шиеленіс жағдайын алып тастады.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңеске дайындық күн тәртібі жөніндегі жэне Еуропадағы қарым-қатынас пен қауіпсіздік мазмұны туралы өткір күрес жағдайында жүрді. Кеңестің батыстық концепцияларында таптық, империализмнің сыртқы саясатының антисоциалистік      бағыты бекініп отырды. Батыста жалпыеуропалық процесті жеке мемлекеттер ішінде социализмді әлсірету үшін пайдалану сияқты идеясы кең таралды. Г. Киссинджер байқағандай бейбітшіліктің ұзақ уақытқа созылу нәтижесінде кеңестік жүйеге біздің жүйемен салыстырғанда әлде қайда үлкен зардап әкелгені белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл есептеулерге қайшы социалистік қауымдастықтағы мемлекеттердің өсіп келе жатқан өзара қарым-қатынасы болды. Кеңеске дайындық кезінде олар еуропалқ мәселелерді шешуге біріге жол іздеді.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО және социализм елдерімен ұсынылған еуропалық қауіпсіздік принциптері Батыстық ең көреген және реалистік ойлайтын саясаткерлерінде қолдау тапты. Батыс Еуропа мемлекеттерінің үкіметіне әсер етуші тағы бір маңызды себеп ол қоғамның анти әскери көңіл-күйі болды. Олар кеңесте бейбітшілікті беріктендіру және бейбіт өмір сүруді қалпына келтірудегі сәтті құрал деп көрді. Бүндай көңіл-күйдің нәтижесі Брюссельде (1972 жылы маусым) Еуропада қауіпсіздік және қарым-қатынас қоғамдық күштерінің Ассамблеясы болды. Ол Салтанатты декларация қабылдап, онда жалпыеуропалық қауіпсіздік принциптерін ұсынып, бір ауыздан жалпыеуропалық кеңес идеясын жақтады.\r\n\r\n \r\n\r\n1972 жылы 22 қарашада Финляндияның қызығушылық білдіруімен 32 еуропалық мемлекеттің өкілдері, АҚШ және Канада өкілдері Хекльсинкіде кеңестің міндеттерін, оның жұмысының үйымдастырылуын, күн тәртібін, қатысушылар кұрамын, қаржылық қамтамасыздандыру тәсілдерін қарастыратын көп жақты кеңес беруді бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖеті айға созылған кеңес берудің нәтижесінде көптеген объективті жэне субъективті сипаттағы қиыншылықтар бар екені анықталды. Кеңес беруде Варшавалық Келісімнің — жеті мемлекеті, БҰҰ-ның — он бес мүшесі және он екі бейтарап немесе әскери-саяси топтарға кірмейтін мемлекеттер қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес берудегі орталық орынға болашақ кеңестің күн тәртібі болды. 1972 жылы 13 желтоқсанда кеңестік делегация еуропалық қауіпсіздік жэне мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас принциптері сұрақтарын, сауданы, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды тең дәрежеде кеңейту, Еуропада қауіпсіздік пен қарым-қатынас мәселелері бойынша бөлімдер құру сияқты сұрақтарын қарастыруды ұсынды.\r\n\r\n \r\n\r\nКөптеген батыстық делегациялар ең басынан Еуропада қауіпсіздік және қарым-қатынас жөніндегі тұрақты бөлім құру мәселесіне қарсылықпен қарады. Көпжақты кеңес берулердің нәтижесінде 1973 жылы шілдеде Хельсинкиде «Көк кітап» атына ие болған. Қорытынды ұсыныстар мәтіні келісілді. Ол 96 пункттен тұрды. «Көк кітап» кеңестің үш кезеңін көрсетті: біріншісі — Хельсинкиде, екіншісі — Женевада, үшіншісі — Хельсинкиде -барлығын нақтылау мен қорытындылау үшін. Келісілген күн тәртібінің құрамында төрт пункті болды.\r\n\r\n \r\n\r\nБірінші    пунктке    Еуропадағы    қауіпсіздік    мәселесі,    екіншіге экономика, ғылым мен техника, қоршаған орта мәселесі бойынша қарым-қатынас, үшіншіге — гуманитарлық және басқа салалардағы қарым-қатынас кірді. Төртінші пунктке кеңестен кейінгі жалпыеуропалық процестің дамуын қамтыды.\r\n\r\n \r\n\r\n1973 жылы 3 шілдеде Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас Кеңесі өз жұмысын бастады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның «жаңа бағытына оппозиция»\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасына қарай бәсеңдету саясаты мықты бекініп, шынайы саяси және құқықтық пішінге ие бола бастады. Бәсеңдетудің сәттіліктері АҚШ-тың миллитаристік көңіл-күйдегі және реакциялық топтардың қарсылығына тап болды.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы күштердің бөлігі, демократиялық палаталардың оң жақ қанаты социализммен бейбіт өмір сүру мүмкін еместігін жариялады. 1974 жылы желтоқсанда бәсеңдетудің қарсыластары алғаш рет кеңес — американ қарым -қатынасына    шабуыл    жасады.    Шабуылшылардың    объектісі    сауда экономикалық қатынас болды. Бұл іс-әрекет Джексон — Вэниктің түзетуін қабылдаған Американың конгресі жүзеге асырды.\r\n\r\n \r\n\r\n1975         жылы    желтоқсанда    АҚШ  Неброска    штатында    Омахода стратегиялық авиация басшылығының бас – пәтерінде құпия отырыс болып өтті.  Оған  катысушылар  Американың әскери  жетекшілігін  қайтару үшін қарулану жарысының жаңа айналымын дайындау туралы шешім қабылдады.\r\n\r\n \r\n\r\n1976                   жылы    президент   Форд   ашық   түрде   ендігі   уақыттан   бастап «бәсеңдету»  сөзін  «күш   позициясы  жағынан  бейбітшілік»  деген  сөзбен алмастыратынын мәлімдеді. Оң жақ күштердің қысымынан    Американың әкімшілік бәсеңдетуді қорғаудан іс жүзінде бас тартты. Сол Вашингтонда «Метрополитэн» клубында «іс жүзіндегі қауіп бойынша комитет» құрылып, АҚШ — тағы антибәсеңдету күштері орталықтарының бірі болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКомитет қызметінің негізіне басынан-ақ ашық түрдегі антикеңестік сипат берілді.\r\n\r\n \r\n\r\n1978 жылдың көктемі өзінше бір хронологиялық маңызды кезең болды. Осы кезеңнен бастап АҚШ-тағы анти бәсеңдету күштері елдің сыртқы саясатында жетекші орынға ие болды. Осылайша екі ағымның қақтығысы пайда болды. Біріншісін С.Вэнс, ал екіншісін ашық түрде антикеңестікті — 3. Бжезинский білдірді.\r\n\r\n \r\n\r\nСәуірде З. Бжезинский Пентагонмен байланыс жасай отырып, президентке Кеңес Одағына «әлде қайда катал төтеп беруге» көшуді ұсынды.\r\n\r\n \r\n\r\n1978 жылы ақпанда АҚШ Үнді мұхитындағы әскери-теңіздік шектеу жөніндегі КСРО-мен келіссөзді тоқтатты. 1978 жылдың желтоқсанында Вашингтон американ-кеңестік қару саудасын шектеу келіссөзін тоқтатты.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыған параллель әкімшілік екі ел арасындағы сауда-экономикалық каналдарын жаба бастады. 1978 жылы шілдеде ол КСРО-ға «Юнивах» компьютерін апаруды тоқтатты. Бұл компьютерлер 1980 жылы Мәскеуде өтетін олимпиадалық    ойындарға    арналған    еді.    Сауда    қатынастары    екі    ел арасындағы дау-дамайға айнала бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nРейганның әкімшілігі өзінің қызметінің жарты жылы ішінде қарулану жарысын күшейту және АҚШ—ты әскери жетекшілік орындарға басты мақсат екенін жасырмады. АҚШ ашық түрде КСРО-мен кандай да болмасын қарулануды шектеу туралы келіссөздерді қабылдамады.\r\n\r\n \r\n\r\n1981    жылы     30     қарашада     Женевада    Еуропалық     бөлікте     орта қашықтықтағы жаңа американың ядролық ракеталарды орналастыру жөнінде кеңес-американдық     келіссөздер     басталды.     Бұл     Еуропада     ядролық қаруланады шектеу туралы келіссөздер еді.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ-тың бұл келіссөздерде ұстанған позициясы басынан-ақ қандай да бір шешімге келуді көздемеді. Керісінше олар Кеңес Одағының «жоқ» деген жауабына жетіп, келешекте оны үгіттеу саясатында пайдаланғысы келді.\r\n\r\n \r\n\r\n1982 жылы маусымда президент Рейган британдық парламентте сөз сөйледі.  Өз  сөзінде Рейган  социализмге  қарсы дөрекі  сөздерімен  қарсы шығып, Батыстың басты мақсаты — «марксизм мен ленинизмді тарихтың күлінде     қалтыру»     екенін     жариялады.                     Антикоммунистік     ұстаным президенттің   17   маусымдағы      БҰҰ-ғы   сөйлеген   сөзінің   ертеңінде маусымда   президент      Рейган   Кеңес   Одағына   қарсы      «экономикалық соғыстың» күрт күшейетіні жөнінде шешім қабылдады. Оған  себеп бірқатар\r\n\r\nбатысеуропалық    елдердің    КСРО-мен    өзара   тиімді    осы    елдерге    газ тасымалдау туралы келісім болды.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылы шілдеде АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік Кеңесі КСРО-ның Батыспен саудасын бұзу туралы шешім қабылданды. Сол жылдың аяғында АҚШ КСРО-ға қарсы экономикалық санкциялар енгізді.\r\n\r\n \r\n\r\nАлайда «Ортақ рынок» елдерінің сыртқы істер министрлері 23 маусымдағы біріккен құжатта, кейін 12 тамыздағы Вашингтондағы ресми ұсынысында АҚШ-тың бұл әрекеттерін «халықаралық қүқыққа қайшы» деп танып, оған бағынудан бас тартты. Нәтижесінде 1982 жылы 13 қарашада АҚШ батысеуропалық компанияларға қарсы санкциялардың алынатынын жариялауға мәжбүр болды.\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикандық «экономикалық соғыс» жоспарлары Кеңес Одағына қатысты жүзеге аспай қалса да, бұл сәтсіздік Вашингтондағы «қырандарды» суытпады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрта Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы тең өзара пайдалы Кеңес Одағының Ауғанстанмен байланысын дамыту болып табылды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО ауғандық экономиканың дамуына елеулі көмек жасап отырды. Алайда, елдің экономикалық жетістіктерінің пайдасына ең алдымен феодалдық-помещиктік және буржуазиялық топтар көрді. Оларға ауғандық монархия арқа сүйеді. Халық жағдайы төмендеп, наразылық туғызды.\r\n\r\n \r\n\r\n1973 жылы 17 шілдеде Ауғаныстанда монархия құлатылып, республикалық құрылыс жарияланды.\r\n\r\n \r\n\r\nБилікке тақтан алынған корольдің туысы М. Дауд басқарған буржуазиялық-помещиктік топ келді. Алайда олар уәде еткен реформаларды жүргізуден бас тартып, елдің прогрессшіл күштеріне қарсы репрессиялық компаниясын бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгі соққы Ауғанстанның Халықтық-Демократиялық партиясына тиді (АХДП). АХДП көлеңкіге кетуге мәжбүр болды. М. Даудтың тобы империалистік державалар мен Ирандық шахтан қолдау іздей бастады. АХДП-ны талқандау мақсатында 1978 жылдың сәуірінде АХДП ОК-нің бас хатшысы Н.М. Тараки мен партияның басқа мүшелерін тұтқынға алды. Жауап ретінде 1978 жылы 27 сәуірде АХДП-ны қолдайтын ауғаныстандық әскердің бөлімдері үкіметке қарсы шығып, биліктен тайдырды. 29 сәуірде Н.М. Тараки басқарған Революциялық кеңес құрылды. Л. И. Брежнев айтқандай, бұл нағыз халықтық революция мәңгілік Ауғандық тарихты күрт өзгеріске ұшыратты. Кейін Нұр Мұхаммед Тараки Ауғанстанның Демократиялық Республикасының премьер министрі болып сайланды.\r\n\r\n \r\n\r\nМ. Дауд үкіметінің құлатылуы және билікке АХДП-ның келуі АҚШ басқарған империалистік державалардың қолдауымен елдегі ішкі реакциялық күштер қарсы шықты. Сонымен қатар оларға Пакистан мен Иранның билеуші топтары да қолау көрсетті. 1978 жылдың аяғынан олар жарияланбаған Ауғанстанның Демократиялық Республикасына қарсы соғысты бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nЕлдегі жағдай тек қана контрреволюция әрекетінен қиындаған жоқ. Оған қоса АХДП-ның өз ішіндегі келіспеушіліктен 1979 жылы қыркүйекте елдегі және партиядағы билікті Н.М. Таракиді алып тастап X. Амин алды. АХДП-ның сау күштері X. Аминнің әрекетін революцияға маңызды қауіп төндіретінін түсініп, оған қарсы шықты. 1979 жылы 27 желтоқсанда X. Аминнің тәртібі құлатылды. АХДП мен АХР-ның жаңа басшылығы Б. Кармальдың жетекшілігімен X. Аминнің іс-әрекетінің салдарларын жоюға күш салды. 1981 жылы 15 маусымда халықаралық және ішкі реакция күштеріне қарсы патриоттық позицияны ұстанған Ұлттық отандық майдан құрылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1986 жылы мамырда АХДП ОК-ның бас хатшысы болып Наджиб сайланды. Наджибтың алдына қойған басты мақсат революциялық құрылымның әлеуметтік қорын одан әрі нығайту және кеңейту, Ауғанстан халқының барлық топтарын мемлекеттік басқаруға белсенді қатысуға жағдай жасау, демократиялық және патриоттық негізде ұлттық татуласу жолында ауғандық қоғамды алға жетелеу болып табылды.\r\n\r\n \r\n\r\nАДР-ның жағдайын нығайтуда және оны сыртқы қауіптен қорғауда үлкен көмекті Кеңес Одағы жасады. Екі ел арасындағы дәстүрлі достық сәуірдегі революциядан кейін жаңа кезеңге өтіп, ондағы басты міндет империализм мен реакцияға қарсы күресу болып белгіленді. Бұл кеңес-ауғандық қатынастың жаңа мазмұны өзінің нәтижесін 1978 жылы 5 желтоқсандағы Достық, бейбіт көршілестік және қарым қатынас туралы Келісімде тапты. АДР-ға қарсы жарияланбаған соғыстың күшейуінен және ауғанстандық әкімшіліктің бірнеше сұрауынан кейін 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстан жеріне шектеулі кеңестік әскери күштер енгізілді. Бұл әрекет 1978 жылғы Келісім мен БҰҰ-ның 51-ші жарғысына сәйкес жасалған еді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n80- жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық жағдай\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n70—80 жылдардың шеңберінде халықаралық жағдай қайтадан шиеленісті. Осы уақыт аралығына дүниедегі капитализмнің жалпы дағдарысы тереңдей түскен кезі еді. 70-жылдардың басында-ақ жалпы капитализмнің дағдарысының бірқатар жаңа жағдайлар байқала түсті. Осы тұста күшейген күш ретінде таныла бастаған социалистік жүйенің әсер ету аумағы кеңейе түсті түсті. Жұмыс табының, жаппай демократиялық қозғалыстың рөлінің өсуі жалғасын тапты. Оның негізгі белгісі ретінде Португалиядағы антифашистік, демократиялық революцияны, Грециядағы фашистік жүйенің жойылуын, Испаниядағы франкизмнің алынуын, Франциядағы солшыл күштердің ұстанымдарының күшеюін көрсетуге болады. Дамушы елдерде антиимпериалистік күрес барған сайын толық қанды ұлттық және әлеуметтік мазмұндағы бас бостандық үшін күреске ұласа түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nКапиталдың дүниесі қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы тереңдеген тоқырау салдарынан күйрей бастады. Капитализмнің тоқырауы сонымен бірге империализмнің сыртқы саясатында көрініс тапты, яғни дамушы елдер мен империалистік елдер арасындағы қатынастарында еді.\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық қатынастар аймағында КСРО-ның және де басқа социалистік елдердің арасында 70- жылдары «қырғиқабақ соғысынан» бәсеңдеуге бет алды. 70 — 80 жылдар қиылысында империализмнің милитаристік, реакциялық топтары, ең алдымен американдық, тағы да халықаралық жағдайдың ұшырауына бет бұрды.\r\n\r\n \r\n\r\n80-жылдары капиталистік елдерде әлі де мемлекеттің капитал мен         өндірісті монополистік концентрациясын ауқымды көмек беру жалғасын тапты. Империализм ғылыми — техникалық революцияны барған сайын жұмысшыларды қанауды күшейтуге және пайданы көбейтуге пайдаланды. Сонымен қатар, ол дүниежүзілік дамудың ішкі жағдайларына қолайласуға, үйренуге тырысты. Ол негізінен империализм үшін әлеуметтік — экономикалық тоқыраулардан сақтау үшін жасалған еді.\r\n\r\n \r\n\r\n70-жылдардың басына таман, империалистік бақталастықтың негізгі орталықтарына айқын көріне түсті: АҚШ, Батыс Еуропа (ең алдымен «Жалпы рынок» елдері), Жапония болған еді. Олардың арасында ауыр экономикалық жэне саяси күрес басталды. Батысеуропалық және жапондық империализм белгілі деңгейде американдық империализмді ығыстырды. АҚШ-тың капиталистІк дүниедегі экономикалық иелігі де өзгерді. Осылайша, АҚШ капиталистік дүниеніи өндірістік иелігі 1950 жылы 48,7 пайыздан 1980 жылдың 36 пайызға  азайды. Ал Жапонияның және ЕЭС-тің иелігі 32 пайыздан 50 пайыздан өсті. Бұл түста АҚШ-тың экспорттағы иелігі лезде кеми түсті. Оның алтынвалюталы резервтері 52-ден 6 пайызға азайды. Халықаралық капиталистік сауда-саттықтың орталығы Батыс Еуропа болып табылды. 80- жылдардың ортасына қарай АҚШ екінші дүнтежүзілік соғыстан кейін алғаш рет қарыздар — мемлекетке айналды. Жаңа «күш орталықтары» — Тынық мүхит бассейнінің елдері және Латын Америка елдері пайда болды.\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық капитал концентрациясы жаңа сатыға көтерілді. Жаңа ұлттық және ұлтаралық корпорациялар шыға бастады. 80-жылдардың басында отызға жуық трансұлттық мультимиллиардерлер — корпарациялары (мұнайсыз ) болды. Оның ішінде бесеуі американдық капиталына жатса, 9-ы Батыс Еуропа империалистеріне қарағандығы белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nҰлтаралық корпорациялардың өнімдерінің бағасы 1960 жылғы 118 млрд. доллардан — 80-жылдардың ортасына таман 1800 млрд.долларға дейін өсті. 80-жылдардың басында олар капиталистік дүниенің өнімдерінің 40 пайызы, сыртқы айналымның 60 пайызы, сонымен жаңа технологияның шамамен 80 пайыздын құраған еді. Трансұлттық корпорацияларда беделді ұстанымдарға американдық капитал алды. АҚШ-тың трансұлтық корпорациясының экономикасы ГФР-дың, Францияның, Англияның экономикасынан екі — үш есе жоғары болды, ол тек Жапонияның экономикасынан төмендеу болып келді. Трансұлттық корпорациялар мен ұлттық -мемлекеттік қоғамдық саяси ұйым арасында жаңа қарама-қайшылықтар туындап, күшейе түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nКапитализмнің жалпы тоқырауының күшеюі капиталистік экономиканың даму қарқынының бәсеңдеуінен көрініс тапты. 70 — 80-жылдары капиталистік дүниеде бірқатар экономикалық тоқыраулар мен төмендеулер байқалды. 1980 -1982 жылдары капиталистік дүниеде өндірістегі өнімдерінің 8 пайызға төмендеуіне, ірі инфляцияға және жұмыссыздықтың өсуіне әкелген жаңа экономикалық тоқырау болып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nЕлдердегі жұмыссыздық 1980 жылы — 19млн., 1983 жылы-32млн., ал 1984 жылы-шамамен 35млн. құрады. Ал 1983 – 1985 жылдары капиталистік дүниеде өндірістік өнім шығару мөлшері қайта ілгері көтерілді. Бірақ бұл алға жылжу, тек қана өндірістің жаңа салаларын қамтыды — робототехниканы, микроэлектриканы және де әскери салаларды, әсіресе ол ғарышты милитаризациялаумен байланысты\r\n\r\nболды. 80-жылдары АҚШ өз одақтастарына бұл жарыста жаңа ірі көлемдегі жолдарына нұсқады. Әсіресе ядролық және де ғарыштық. Осыған сәйкес, АҚШ-тың және НАТО елдерінің шығындары көбейе түсті. 1949 жылдан 1983 жылға дейінгі кезеңде НАТО елдері әскери салаларға қарсы шамамен З трлн. долларды шығындағандығы белгілі. Капиталистік елдердің милитаризациялаудағы негізгі ерекшелік, Батыс Еуропа және Жапонияның әскери шығындарының көбеюі. Әсіресе дамушы елдерге қатысты (Қиыр және Таяу Шығыс, Орталық Америка, Африка) империализмнің агрессиясы күшейді.\r\n\r\n \r\n\r\nЭкономиканың тоқырауының күшеюі саяси және рухани өмірдегі тоқыраумен қатар жүрді. Бірқатар капиталистік елдерде (Англия, Америка Құрама Штаттары, ГФР, Канада) буржуазияның консерваторлық қанаты күшеюі жүзеге асты. Дүниеде саясат институтының тоқырау, басшылықтың жиі ауысуы, буржуазиялық партиялардың саясатының әлсіреуі сияқты құбылыстар әбден қалыпты жағдайға айналған еді. Империализмнің бірден-бір қауіп төндіретін өнімі ретінде терроризм пайда болды. Сонымен бірге Франция, Италия, Испания, Португалия, Грецияда әл: де солшыл және орталықтық партиялардың күшті әсері сақталды. Сонымен қатар, бұл уақыт аралығында жұмысшы табының негізгі антиимпериалистік, антикапиталистік күш ретіндегі әсері күшейді. Социалистік емес барлық жерлерде жалдамалы жұмыс күшінің әскері шамамен 500 млн. адамды құрады. Бұл әскердің капиталдық ұстанымына қысымы көбейді. Жалпы 7С – 80 жылдары қарсылық білдіріп, қозғалысқа қатысқан адам саны 250 млн. қүрады. Жұмысшы табымен қатар ауқымды түрде монополия қарсы ендігі кезекте шаруалар, студенттер, жастардың басқа да топтары, радикалды интеллигенция, жұмысшылар да қозғалды.\r\n\r\n \r\n\r\n80- жылдары 95 елде жұмысшы және коммунистік партиялар жұмыс істеді. Олардың құрамында 3О млн. адамнан аса мүше болды. Коммунистер жүмысшылардың күнделікті қажеттіліктері үшін және де әлеуметтік жылжулары  үшін де күрес жүргізді.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ-тың соғысқүмар империалистік топтары дүниежүзілік үстемдікті орнықтыру жолындағы өзінің экспансиялық жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп санап, бәсеңдікке қарсы щабуылға шықты. 1979 жылдың соңына -«-ауған үкіметінің өтінішімен Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті енгізілгені сылтау ретінде пайдаланылды. «Кеңестік әскери қатер» туралы жалған лақапты жамыла отырып, мұхиттың арғы жағындағы милитаристік күштер бұрын-соңды болмаған көлемде стратегиялық қару-жарақтарды арттырудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдауға қолы жетті. Олар мұндағы көздеген мақсаты қазіргі кезде қалыптасқан тепе-теңдікті жойып, Кеңес Одағынан әскери басымдылыққа қол жеткізу болды.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ-та бірінші соққы беретін қарудың салалық жағынан жаңа түрлері шығарыла бастады. Ғарышқа орналастырылатын элеметтері бар ракетаға қарсы қорғаныстың кең көлемді жүйесін жасау ниетін жариялай отырып. Вашингтон ғарышты милитарландыруды жүзеге асыруға және өз одақтастарын бүл бағдарламаға қатыстыруға байланысты көптеген жағдайлар жасауға тырысқан еді. Батыс Еуропаның НАТО-ға кіретін бірсыпыра елдеріне орташа қашықтығы америкалық жаңа ядролық ракеталар орналастырылды. Мұның өзі, Кеңес Одағын әскери-стратегиялық тепе-теңдіктің бұзылуын болдырмау мақсатында КСРО мен басқа да социалистік достық одақ елдерінің қауіпсіздігін нығайту жөнінде қарсы шаралар қолдануға мәжбүр еткізілді.\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық шиеленістің артуы, сондай-ақ, АҚШ-тың басқа елдің ішкі істеріне қол сұғуынан, мемлекеттердің ұлттық тәуелсіздігі мен егемендігіне қысым жасауынан туып отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nКапиталистік елдерде үлкен мөлшерде әскери шығындар өсе түсті. Капиталистік елдердің басқарушы топтары дүниеге үлкен қауіп төндіретін әскери доктриналарын жасағандығы белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда атап өтілгендей, әсіресе АҚШ-тың басқа елдердің мәселелеріне қол сұғушылығы, соның ішінде көп жағдайларда ұлттық — азаттық  қозғалыс аймағына (Сальвадор) араласуы; Америка Құрама Штаттары Гренаданы оккупациялады (1983 жылы), жарияланбаған Никарагуаға қарсы соғыс қимылдарын жүргізді; бұл жағдай Ливан мен Сирияға байланысты қауіп — қатер күшейді; ОАР-дағы нәсілшілдік жүйеге деген көмек ауқымды түрде жүрді. Онда Анголаға қарсы бағытталған қарулы интервенция ұйымдастырылды. АҚШ-тың ізімен оның одақтастары да империалистік езгі және басқа да елдердің ішкі істеріне араласу жолына ашық түрде түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nБұрынғы отаршылдық, яғни жауыздық, қылмыскерлік тәсілдердің негізінде Фолклендік (Мальвиндік) аралдар үшін Ұлыбритания Аргентинамен соғыс қимылдарын бастады (1982 жылы) ,Франция болса Чаданың ішкі істеріне қол сұғушылығын күшейте түсті (1984 жылы). Мұндай факторлардың барлығы халықаралық жағдайды одан әрі күрделендіре түсті. Таяу Шығыс, Африка, Үнді мұхиты, АҚШ-тың «өмірлік мүдделері» аймағы деп жарияланды. Пентагон бүл аймақтарда АҚШ-тың әскерлерінің болуын ұлғайта түсіруге тырысты. 70-жылдардың аяғы — 80 жылдарында аталып өткен Ливан, Ауғанстан, Иран, Никарагуа, Сальвадор, Гренада, Ливия және басқа да елдер Американың ашықтан-ашық қол сұғу нысандарына айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен бірге, жоғарыда аталып өткен зұлымдықтарға қарсы тосқауыл болып, бейбіт дамуға және халықаралық қатынастарға үлкен әсерін екінші дүниежүзілік соғыстан бірден бір күшті держава болып шыққан Кеңестер Одағы мен басқа да социалистік елдердің бірлестігі тигізе білді. Олар қарулануды тоқтатуға және қарусыздануға, бейбітшілікті және халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың кең, сындарлы бағдарламасын ұсынды Оған 1981 жылы болып өткен КОКП-нің ХХҮІ-съезіндегі Бейбітшілік жоспарын жатқызуға болады.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен қарар, 1982 жылдың маусымында Кеңес Одағы халықтарды ядролық апат қатерінен құтқару және сайып келгенде, адамзаттық өмірінде мұндай мүмкіндікті мүлдем болдырмау үшін қолынан келгеннің барлығын жасауға ұмтылысын басшылыққа ала отырып, ядролық қаруды бірінші болып ғарыш кеңістігіне спутникке қарсы қару шығаруға КСРО-ның біржақты мораторийі әрекет етеді. КСРО барлық ядролық сынауларға бір жақты мораторийді жарты жылдан астам уақыт бойы ұстаған еді. Алайда,  АҚШ бұл іс -әрекетті қолдамады да, КСРО сынақтарды қайта бастауға мәжбүр болған еді. Жаңа саяси ой-пікір және халықаралық қатынастардағы өзгерістер. КСРО-да жүзеге асырылып жатқан қайта құру, қоғамдық өмірдің барлық жақтарын жаңарту кеңестік сыртқы саясатты да батыл жаңартуды, бұл саладағы жаңалықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етті. Кеңес Одағы халықаралық шиеленісті бәсеңдету үшін саяси мүмкіндіктерді үнемі пайдаланып отырды.\r\n\r\n \r\n\r\nАҚШ бастаған НАТО-ның агрессиялық бағыты, олардың КСРО мен оның одақтастары үшін ондаған жылдар бойы жасаған әскери қатері, социалистік елдерге қарсы психолагиялық соғысы — осының барлығы да Кеңес Одағынан адамзатты ядролық шыңырауға, тоқырауға қарай қауіпті итермелеуге бетбұрыс жасауға мүмкіндік беретін түбегейлі іс-қимылды талап етті.\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық қатынастардағы Кеңестер Одағы\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның қайта құру жағдайындағы халықаралық қызметі КОКП Орталық Комитетінің сәуір (1985 жылы) Пленумының және партияның ХХҮІІ- съезінің шешімдерінде негізделді; оларда жаңаша саяси ой-пікірлердің негіздері қаланды. Ой-пікірлерде халықтардың бейбіт істердегі өскелең рөлі, адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шиеленісуі және әсіресе жер бетіндегі тіршіліктің жойылу қатері мемлекеттер мен әлеуметтік жүйелерді ортақ тағдырмен байланыстырғаны негізге алынды.\r\n\r\n \r\n\r\nПролетарлық — таптық және жолпы адамзаттық мүдделердің өзара байланыстылығының маркстік-лениндік идеяларының терең түсіне отырып, КОКП жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамгершілік құндылықтардың өмірлік маңызды мәні туралы қорытынды жасады. Халықаралық істерде адамзаттың аман қалуы мәселесі шешуші басымдылыққа ие болды, оны шешпейінше, қоғамдық дамудың басқа міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес. Бейбіт қатар өмір сүру екі жүйе мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың бірден-бір мүмкін жай- күйіне, өркениетті сақтаудың шартына айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚауіпсіздік жұрттың бәрін қамтитын сипатта, яғни халықаралық қарым-қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Ол әскери-техникалық құралдармен емес, саяси құралдармен бірлесе отырып іске асырылады. Барлық мемлекеттер бірдей қауіпсіздікте болуы тиіс. Жаңаша ойлау әрбір елдің әлеуметтік және саяси таңдауын өзі жасауын мойындауды, барлық мемлекеттердің дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің мүдделері тепе-теңдігін қамтамасыз етуді көздейді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңаша ойлауды түпкілікті доктрина деп есептемей-ақ, КСРО басқа мемлекеттерді пісіп жетілген мәселелерді және алдымен адамзатқа төнген ядролық қатерді сейілтуді шешудің жолдарын бірлжесе іздестіруге шақырды. Жаңаша ойлау бүрынғы стереотипті жоюға, басқа елдермен байланысты барлық деңгейге дамытуға, өз кезіедегі Кеңес Одағы өзі үшін жаңадан «ашып отырған»:’ айналадағы дүниені жақсырақ көріп, түсінуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның соғысынан кейінгі халықаралық аренадағы барлық практикалық қадамдары нақтылы сыртқы саясаттын акцияларындағы дүниежүзінің жаңа философиясының нақты көрінісі болды. Бұл — 1986 жылдың қаңтарында негізінделген 2000 жылға қарай ядролық қаруды кезең-кезеңмен жою бағдарламасы. КОКП XXVII съезі Ұлттық Халықаралық қауіпсіздіктің әмбебап жүйесін құру негіздері, Варшава Шартына қатысушы мемлекеттердің ядролық қаруды санауға толық тыйым салу және оның қорларын жою туралы ұсыныстары тиісінше әскери шығындарды қысқарта отырып, Еуропада қарулы күштерді және әдеттегі қару-жарақтарды қысқарту туралы конвенциялары.\r\n\r\n \r\n\r\nВаршава Шарты Үйымының әскери доктринасы (1987 жылы) мазмұнының орасан зор халықаралық маңызы бар. Оның мәні мынада: Варшава Шартына қатысушы мемлекеттер, егер өздері қарулы шабуыл нысанына айналмаса, қандай да болмасын мемлекетке немесе мемлекеттер одағына қарсы бағытталған ешқашан да соғыс іс-қимылдарын жасамайды. Олар ешуақытта бірінші болып ядролық қаруды қолданбайды.\r\n\r\n \r\n\r\nОлар ешбір мемлекетке аумқтық талап қоймайды және бірде-бір мемлекетке немесе халыққа өзінің жауы ретінде қарамайды. Олар қорғаныс үшін, ықтимал агрессияны тойтару үшін қарулы күштер мен қару-жарақтардың жеткілікті болу шегін қатаң сақтайды.\r\n\r\n \r\n\r\n«Жалпы Еуропалық үй» идеясы, Азия-Тынық мүхит аймағьшда, Еуропаның солтүстігінде, Жерорта теңізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту концепциясы, сенім шаралары туралы ұсыныстар және басқа кеңес басқармалары кең халықаралық үн қосу мен қолдау тапты. Шиеленісті бәсеңдетуді жалпы еуропалық үдерісі жаңа серпін алды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО мен АҚШ арасындағы саяси диалогтың дамуы мен тереңдеуі үлкен табыс болды; бұл диалог екі жақты қарым-қатынастар мен дүниежүзілік саясаттың барлық өзекті мәселелерін қамтыды. Ядролық соғыс ешқашан басталмауға тиіс екендігі; онда жеңімпаз болуы мүмкін еместігі туралы қол жеткен өзара түсіністіктің принципті маңызы бар. Екі жақ КСРО мен АҚШ арасында кез-келген ядролық немесе әдеттегі соғысты болдырмаудың маңыздылығын атап көрсетті және әскери басымдылыққа жетуге үмтылмауға міндеттенді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖеневада ( 1985 жылы), Рейкьявикте ( 1986 жылы) Вашингтонда (1981 жылы) және Мәскеуде ( 1988 жылы) жоғары дәрежеде өткен Кеңес-Америка келіссөздері ядролық қаруларды нақты қысқарту саласында алға басуға алып келді. КСРО мен АҚШ арасындағы олардың орта және шағын қашықтықтағы ракеталарын жою туралы, яғни өзара қатаң бақылау үстінде ядролық қарудың екі класын жоюды көздейтін шартқа — тарихтағы тұңғыш халықаралық келісімге 1987 жылдың желтоқсанда қол қойылып, ол 1988 жылдың маусымында күшіне енді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсылайша ядролық қарусыз дүниені құруға негіз салынды. Сондай -ақ , ракетаға қарсы қорғаныс туралы шатты сақтау жағдайында КСРО мен АҚШ-тың стратегиялық шабуыл қаруларын 50 пайызға қысқарту туралы шарттың бірлескен жобасын әзірлеу үстінде екі жақ позицияларының жақындасу айқындалды.\r\n\r\n \r\n\r\nСолайша, Кеңес — Америка қарым-қатынастары жақсарды. Соғыс қатерін алыстатудың сәті түсті. Халықаралық өмірдің негізі теке-тірестен өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа ауыса бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖенева келісімдері және кеңестік әскери контингенттің Ауғанстаннан толық әкетілуі аймақтық жанжалдарды саяси реттеу ісінде алға басқан маңызды қадам болды.\r\n\r\n \r\n\r\nСолайша, халықаралық қарым-қатынастарды демократияландыру және гуманизациялау үрдісі біртіндеп дамып, халықаралық жағдайды жалпы сауықтыру жүріп жатты. Алайда, реалистік үрдіс ескі көзқараста, халықаралық істерде қатал бағытты ұстанушылардың қарсылығымен табанды күресе отырып, өзіне жол ашуда болды. Оңды үдерістердің өзгермейтініне кепілдік беруге әлі ерте болды, бірақ бүгінгі таңда күш көрсету саясатына бұрынғыға қарағанда негұрлым кең саяси негізде қарсы қимыл жасудың жаңа мүмкіндіктері туып отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nБіріккен Ұлттар Ұйымының рөлі. Ядролық соғыс қаупі\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nБейбітшілік күштер Біріккен Ұлттар Ұйымын бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің пәрменді органына айналдыруға, оның саяси рөлі мен беделін арттыруға орасан зор маңыз беріп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің саны 1945 жылы 51-ден 1988 жылы 159-ға дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің 2/3-нен астамы — дамушы елдер. Мұның өзі империалистік мемлекеттердің позицияларын әлсіретті.\r\n\r\n \r\n\r\nАзаттық алған елдер халықаралық аса маңызды мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді. Көп мәселелер жөнінен олар КСРО-мен және басқа да социалистік елдермен бірге болып отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен «қырғи қабақ соғысты» жоюды және халықаралық ынтымақтасуды дамытуды көздейтін нақты және айқын; бағдарлама ұсынады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт қатар өмір сүру принципін мақұлдаған қарар қабылдап, ядролық соғысты адамзатқа қарсы қылмыс деп жариялады. Бұл бейбітшілікті жақтаушылардың моральдық ірі жеңісі болды. Жер шарының көптеген аудандарын ядросыз аймаққа айналдыру туралы ұсыныс кеңінен танымал болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО-ның бастамасы бойынша Бас Ассамблеяның халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға мәңгілік тыйым салу туралы Қарар қабылдауының зор мәні бар.\r\n\r\n \r\n\r\nБіріккен Ұлттар Ұйымына КСРО отарлық езгінің барлық түрлері мен көріністерін толық жою туралы мәселені бірінші болып қолғандығы белгілі. Кеңес Одағының бастамасы бойынша Бас Ассамблея отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы декларация, ал кейін келе мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол бермеу туралы декларация қабылдады.\r\n\r\n \r\n\r\nИмпериалистік күштер КСРО-ның және басқа да бейбітшіл мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясын әлсіретуге, оның достыққа ұмтылу рөлін әлсіретуге тырысып келген еді және әлі де ол бойынша істерді атқаруда. Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның Жарғысын қорғап отыратын Кеңес Одағының, басқа социалистік елдердің жүргізіп келе жатқан мызғымас бағытының арқасында бұл әрекеттер күйрегендігі белгілі. Халық бұқарасы — бейбіт жолындағы күрестегі қуатты күш.   Қазіргі жағдайда халық бұқарасының халықаралық қалың жұртшылықтың бейбіт жолындағы күрестегі рөлі едәуір күшейе түсті. Көптеген елдерде соғысқа қарсы ұйымдар мен қозғалыстар пайда болды. Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің және басқа қоғамдық ұйымдардың бастамасы бойынша бейбітшілік, халықтардың қауіпсіздігі және халықаралық ынтымақтастық жолында бірқатар ірі халықаралық конференциялар мен конгрестер өткізіледі.\r\n\r\n \r\n\r\n1986 жылы қазанда Копенгагенде (Дания) Халықаралық бейбітшілік жылына арналған бейбітшілік күштердің бүкіл дүниежүзілік кеңесі болып өтті. «Бейбітшілікті және адамзаттың болашағын сақтайық» деген ұранмен өткен бұл форумның жұмысына 136 елден 2,5 мыңға жуық делегаттар — соғысқа қарсы толып жатқан қозғалыстардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кең көлемде жүргізілген ашық пікірталас жер бетінде ядролық\r\n\r\n \r\n\r\nжанталаса қарулануды тоқтатуды, оның ғарышқа шығуына жол бермеуді талап еткен «Копенгаген ұранын» қабылдаумен аяқталды.\r\n\r\n \r\n\r\nДемократияшыл жастар мен студенттердің арасында антиимпериалистік ынтымақтастық, бейбітшілік пен достық ұрандарымен өткен халықаралық фестивальдар кеңінен танымал болды.\r\n\r\n \r\n\r\n1985 жылдың жазында Мәскеуде 157 елден 20 мыңнан астам өкілдері қатысқан XII Бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің өткізілуі жұртшылықтың жаппай назарын аударды.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбітшілікті жақтаушылардың ұйымдары орташа қашықтықтағы Америка ядролық ракеталарын бірсыпыра НАТО мүшелері мемлекеттердің аумағына орналастыруға қарсы шықты, Құрама Штаттардың милитаристік бағдарламаларын, олардың жанталаса қарулануды ғарышқа көшіру ниетін айыптады. Бейбітшілік жолындағы күрескерлер КСРО-ның соғыс қаупін әлсіретуге бағытталған күш-жігерін белсене қолдап, бейбітшілік жолында бұқаралық жорықтар өткізуде. Бейбітшілік пен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқан бейбітшілік жолындағы ондаған аса көрнекті күрескерлер ең жоғарғы әрі құрметті марапат — «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» Халықаралық; Лениндік сыйлықпен марапатталды.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбітшілік жолында күрестің алдыңғы қатарында коммунистер келеді. Коммунистер үшін бейбітшілік жолындағы күрестен асқан кезек күттірмейтін, бірінші дәрежелі міндет жоқ екенін өздерінің тәжірибелік қызметімен дәлелдеп береді.\r\n\r\n \r\n\r\n«Соғысқа жол бермеуге адамзатты апаттан аман сақтап қалуға болады, — деп көрсетуге КОКП Бағдарламасының жаңа редакциясында. — Социализмнің платенамыздағы барлық прогресшіл бейбітшілік күштердің тарихи парызы осында» (Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бағдарламасы. Жаңа редакция. — Алматы, 1986, 25 — бет)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ