«XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АБАЙ МҰРАЛАРЫ» АТТЫ ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ

0
1714

2020 жылы 27-28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық  мамандықтар студенттеріне   арналған республикалық  педагогикалық  олимпиадасы өтеді. 

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

 

«XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АБАЙ МҰРАЛАРЫ» АТТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНЕ   АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКIЗУ ЕРЕЖЕСІ 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

1.2. 2019/2020 оқу жылы педагогикалық мамандықтар бойынша 2-3 курс студенттері арасында өтілетін олимпиада республикалық  педагогикалық  олимпиада (бұдан әрі – педагогикалық олимпиада) теориялық және практикалық кезеңдерден тұрады.

1.3. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – Абайдың педагогикалық мұралары туралы теориялық және практикалық тұрғыда білімі бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру;

1.4. Алқа құрамына М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының мамандары,«Өрлеу» орталығының сертификатталған тренерлары, университетіміздегі «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығынң мамандары және ЖОО оқытушылар құрамынан тұрады. Қазылар алқасы мынадай міндеттерді орындайды:

  • Олимпиада конкурстарының тапсырмалар мазмұны мен бағалау критерийлерін бекітеді;
  • Критерийлерге сәйкес конкурс нәтижелерін бағалайды;

3) Олимпиада жеңімпаздарын анықтайды.

1.5. Педагогикалық олимпиаданы ұйымдастырушы кафедраның командасы олимпиадаға конкурстан тыс қатысады.

1.6. Республикалық олимпиадының нәтижелері бойынша:

  • Қазақстанның БАҚ-ы үшін фотоесептер мен бейнероликтер, мақалалар әзірленеді;

1.7. Педагогикалық олимпиаданың құрылтайшысы және  ұйымдастырушылары:

 Республикалық олимпиаданың құрылтайшысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

Республикалық олимпиаданы өткізу мерзімі: 27-28 ақпан, 2020 жыл.

1.9. Педагогикалық олимпиаданың аясында төмендегі шаралар өтеді:

  • педагогикалық олимпиаданың салтанатты түрде ашылуы;
  • ғылыми жобаларды қорғау;
  • Абайдың педагогикалық мұраларын насихаттау мақсатындағы сахналау байқауы;
  • Абайдың педагогикалық идеяларын пайдалану сабағынан үзінді көрсету байқауы;
  • олимпиада туралы бейнетаспа, суретке түсіру рәсімін  өткізу;
  • экскурсиялық және мәдени бағдарламалар;
  • студенттердің жобалары және шығармашылық жұмыстары туралы көрме қою;
  • педагогикалық олимпиаданың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау және естелік сыйлықтар табыс ету;
  • ғылыми жоба және шығармашылық эсселер жинағын шығару жұмысын

ұйымдастыру.

  1. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

2.1.Олимпиада 2 кезеңде өтеді:

  • бірінші кезең – жоғары оқу орындарында;
  • екінші кезең – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет базасында;

2.2. Бірінші кезең (білім беру ұйымдарының деңгейінде) педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын 2-3 курс студенттері арасында оқу орындарында өткізіледі. Бұл кезеңде әр студент «Абай мұралары менің өмірімде» тақырыбында эссе жазады.

Бағалау критерийлері:

  • эссе мазмұнының конкурстың тақырыбына сәйкестік дәрежесі;
  • эссе мазмұны тереңдігінің дәрежесі;
  • эссе мазмұны құрылымының қисындылығы және тұтастығы;
  • эссені ұсыну нысанының ерекшелігі.

Эссені бағалаудың жоғары  көрсеткіші – 10 ұпай.

Бағалау нәтижесі бойынша педагогикалық олимпиаданың қатысушысы болып 4 адамнан тұратын команда құрылады.

2.3. Командалар үшін қажет болады:

— ғылыми- зерттеу жобасын әзірлеу және жобаны қорғауға дайындық;

— «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» сабақ фрагментін әзірлеу және педагогикалық олимпиада кезеңінде демонстрациялауға дайындау;

— сахналық қойылым дайындау.

2.4. Жоғары оқу орны  студенттерді педагогикалық олимпиаданың екінші кезеңіне қатысулары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне  педагогикалық олимпиадаға қатысуға өтінім береді (тіркеу карточкасы).

2.5. Ғылыми жоба, «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» сабағының әзірлемесі мен сахналық қойылым сценариі үй тапсырмасы ретінде орындалып, электрондық пошта арқылы (abayolimpiadasy@bk.ru) 2020 жылғы 10 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

2.6. Екінші кезеңі үш тапсырмадан тұрады:

1). Ғылыми жоба  әзірлеу және оны қорғау.

2) Өмірлік жағдаяттарға байланысты қойылым көрсету.

3) «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» бойынша сабақ үзіндісін көрсету.

2.7. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне келісімен келесі турға қатысу үшін команда мүшелері  ғылыми жоба және сабақ жоспарының қағаз нұсқаларын педагогикалық олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне рәсімделген түрде тапсырады. (жұқа түптемемен).

2.8. Ғылыми жоба қорғау -10 минут.

 Тақырыбы: «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Жұмыс көлемі 25 бетке дейін. Мәтін А4 форматтағы қағаздың бір жағына Times New Roman 14 шрифті, 1,0 интервалмен ресімделеді, абзац жоғарыдан, төменнен, оң жақ, сол жағынан – 2,0 см.

Ғылыми  жобаны бағалаудың жоғары ұпай көрсеткіші – 18 ұпай.

Бағалау критерийлері:

  • жоба мазмұнының конкурстың тақырыбына сәйкестік дәрежесі;
  • жоба мазмұныны тереңдігінің дәрежесі;
  • ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы;
  • ұсынылған жобаның теориялық негіздеуінің тұтастығы және  баяндау мазмұнының логикалық  қисындылығы, конструктивті-ұйымдастырушылық және коммуникативтік іскерлігі;
  • жобаны ұсыну ерекшелігі;
  • баяндау мазмұнының, музыкалық және көркемдік ресімделу сауаттылығы;
  • регламентті сақтау;
  • презентациялау мәдениеті.

2.9.  «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» бойынша сабақтан үзінді көрсету — 15 миунт.

 Сабақ фрагментін көрсетуді бағалауға қойылатын ең жоғарғы ұпай – 8 ұпай.

Бағалау критерилері:

  • сабақты өткізу әдістемесін білуі;
  • сабақ тақырыбының рухани-адамгершілік тереңдігін аша білуі;
  • сабақ жоспарын құрудағы шығармашылық көзқарас, анықталған мәнге сәйкес қосымша материалдарды пайдалану. 
  1. Өмірлік жағдаяттарға байланысты қойылым көрсету – 10 минут.

Тақырыбы: «Абай менің өмірімде»

Студенттер тарихтан немесе шынайы өмірден, әдебиеттерден алынған жағдайларға қойылымдар дайындайды, онда Абайдың толық адам сипаттары көрінуі керек.

Бағалау критерийлері:

  • қойылым мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкес келу дәрежесі;
  • сахналау қойылымының тұтастығы;
  • қойылымның орындалу формасының ерекшелігі;
  • баяндау мазмұнының үйлесімділігі, музыкалық және көркемдік рәсімделуі;
  • орындау мәдениеті;
  • әртістік шеберлігі;
  • регламент сақтау.
  • Байқаудың ең жоғары ұпайы — 14 ұпай.
  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

4.1.Қазылар алқасы педагогикалық  олимпиаданың қорытындысын жасайды.

4.2. Ең жоғары ұпай жинаған команда олимпиаданың жеңімпазы болып саналады.

4.3. Мынадай жүлделі орындар саны белгіленеді:

1) командалық сынақта бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу;

2) жеке сынақта – номинациялар.

4.4. І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушылар бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

4.5. Жүлделі орынға ие болмаған қатысушы командаларға педагогикалық олимпиадаға қатысқанын растайтын дипломдар беріледі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ