Қ. Ыдырысов. «Құстарым, келіңдер!» (ашық сабақ)

0
1593
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қ. Ыдырысов. «Құстарым, келіңдер!»

Сабақтың мақсаты: 1. Өтілген материалды пысықтау, талдау. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
  1. Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ой шапшаңдығын дамыту.
  2. Тазалыққа, шапшаңдыққа, еңбекті бағалай білуге, құстарды күтіп-баптап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Типі: кіріктірілген сабақ.

Түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, ойын, топтастыру, мақал оқу, жұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану

Көрнекіліктер: құстардың, жануарлардың, заттардың, ақынның суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сәлемдесуі. Шаттық шеңбері

— Қай жыл мезгілі?

— Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

  1. Өткенді қайталау.

— Сөз неден құралады?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?

— Сөзді қалай тасымалдаймыз?

  1. Үй жұмысы.

 І. Жансүгіровтің өлеңін жатқа айту. «Жазғытұрым».

— Балалар, осы наурыз айында қандай мереке өтті және келе жатыр? (Аналар, Наурыз)

Наурыз – шығыс халықтарының ең сүйікті мерекесі. Бұл күні ауру-сырқау, сәтсіздіктер үйді айналып өтіп, Наурыз отбасына береке, бірлік, табыс әкеледі деген халық арасында наным бар.

  Мерекеге байланысты әркімнің жүрегін жылытып, сүйіспеншілік сезімін оятар бір аңыз ертегіні есімізге түсірейік.

  Ертеде Наурыз деген батыр болыпты. Бірде осы батыр Көктем атты сұлу қызбен кездеседі. Екеуі бір кездескеннен бір-біріне ғашық болады. Бірақ Көктем сұлудың әкесі Жарық хан қызы үшін қалың малға  көп алтын теңге сұрайды. Батырға жаны ашыған қарапайым халық қолдарындағы бар алтын теңгелерін жинап беріпті.

  Келіңдер, біз де осы батырға алтын теңге жинап көмектесейік.

Әр тапсырманы орындаған сайын теңгені сандықшаға сала береміз.

Ол үшін біз көп тапсырмаларды орындауымыз керек, тезірек іске кірісейік.

 — Балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы.

  1. Суреттермен жұмыс (жануарлар, құстар, жиһаздар, ойыншықтар).

а) Оқушыларға ататып, сұрақтар қойғызу (не? нелер?)

ә) Отбасы суретін әңгімелету, сұрақ қойғызу (кім? кімдер?)

  1. – Балалар, кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді. Мысалы: Шырайлым, қоян, шелек т.б.
  2. Дәптермен жұмыс.

а) Көркем жазу Қ қ

ә) Оқулықпен жұмыс.

85 – жаттығу. Берілген тапсырманы оқу. Ізденушілік тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар (тақтада).

 — Көрікті көктем туды. Қар ери бастады. Жылы жел соқты.

 — Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.

  1. Сергіту сәті .

Ал, балалар, тұрайық

Қане, қанат жазайық

Аққу болып ұшайық,

Көлге келіп қонайық

  1. Дамыту мәтіні.

Жылдың төрт мезгілін көрсете отырып:

   Қысты келді дейміз, өйткені боран, аяз қатты болады.

   Көктем туды дейміз, өйткені қар ериді, құстар қайтып келеді.

   Жаз шықты дейміз, өйткені күн ыстық болып, жер беті жасыл түске боялады.

   Күз түсті дейміз, өйткені жапырақтар сарғайып, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  Ендеше, құстарды – көктемнің жаршысы деп атайды.

  Көктемді құстар қанатымен алып келеді деп те айтамыз. Құстар – ғажап тіршілік иелері.

Қанатты құстар әдемі,

Қызық-ау – құстар әлемі.

Қазақстанда 500-ге тарта құстың түрлері бар. Оның ішінде Қызыл кітапқа құстың 49 түрі кірген.

Қыстайтын құстар: суретін көрсету (қарға, сауысқан, тоқылдақ, торғай, көгершін).

Жыл құстары: суретін көрсету (қараторғай, тырна, аққу, қаз, үйрек, шағала, қарлығаш, көкек т.б.).

  1. Өлеңді оқып алайық, сұраққа жауап табайық. «Құстарым, келіңдер» (суретін көрсету).

Қабдыкәрім Ыдырысов (1928-1978)

Павлодар облысында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Орыс жазушыларының өлеңдерін қазақ тіліне аударған 30-дан аса кітаптары жарық көрген. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Өлеңді мұғалімнің оқуы.

Сөздік: Жыл құстары – күз мезгілінде жылы жаққа ұшып кететін, көктем мезгілінде қайтып келетін құстар.

12 ай – 1 жылда 12 ай бар.

Оқушылар өлеңді іштей, содан кейін дауыстап оқиды (тізбектей, топпен).

Өлең мазмұнын талдау

Сұрақтар қою:

 — Бұл өлеңді автор кімнің атынан айтып тұр?

 — Ал, сендер қалай қарсы аласыңдар? Не істедіңдер? (ұя, жем салғыш) әңгімелету (жасаған ұя, жем сауыттарын көрсету).

 — Ұяны көбінесе қай құсқа жасаймыз (суретін көрсету)

 — Құстарға ұя жасаған баланы қандай бала деп ойлайсың? (ұяның суреттерін көрсету).

  1. Жұмбақ жасыру.

Тал басында

Түндіксіз отау (ұя).                                         

  1. Ойын «Сиқырлы санды сөйлет»

2  1  3           5   4   7   6            9  10  8

Ұ  Қ  С         Д  А  Л  А           О  С   Д

Құс – адал дос.

  1. Жинасақ ойдың түйінін,

Не ұғындың, не білдің?

  Құстардың пайдасы туралы ойды топтастыру.

-Балалар жинаған алтын теңгелерімізді Наурыз батыр мен Көктем аруға табыстайық, екеуі бақытты өмір сүрсін.

Қорытынды.

  1. Үй жұмысы: Өлеңді жаттау. 86-жаттығу. Ереже.
  2. Бағалау.

Рефлексия

Мен не білдім …

Маған қызық болғаны …

Маған қиын болғаны …


ПІКІР ҚАЛДЫРУ