Қылмыс және жаза (эссе)

0
6827
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау
Қылмыс және жаза.

«Заң адамды бағындырады,
Заңды ақыл бағындырады.»

Т.Фуллер

          Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден — ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенменде, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдар мен, қоғаммен, мемлекетпен қарым — қатынасқа түседі.

Заң бұзушылық адамның мінез — құлқы арқылы байқалады. Адамның ой — желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс — әрекет, мінез — құлық, ойдың, сана — сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың елегінен өтеді. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет — бұл құқық нормаларының іс — қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс — қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

         Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігі мен және оны жасағанда қылмысты жауапкершіліктің болуымен ерекшелінеді. Криминологияда және құқықтық статистикада қылмыс үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы бар.

Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және абайсызда жасалған қылмыс болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген іс — әрекеттің сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай жеңіл қылмыстарға (2 жылдан аспайтын), ауырлығы орташа (2-5 жыл), ауыр қылмыстар (5-10 жыл), ерекше ауыр қылмыс (10 жылдан — бас бостандығынан айыруына дейін) болып бөлінеді. Егер де сізді қылмыстық әрекетерге айыптаса, сізді сот төрелігіне шақырып, жазалардың орындалу тәрібіне орай қылмыс, әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. Қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау.

Қылмыстың күшеюіне жағдай жасайтын, қылмысты тудыратын, қылмыстық әрекетпен сипаталатын жағдай. Негізінен 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. 14 жастағы балаларды колонияға жіберіледі. Сонымен, қылмыс –бұл қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс — әрекет. Әр қылмыстың өз жазасы болады.

         Қылмыстық іс – жүргізу кодексі 1997 жылы 13 желтоқанда қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Ол Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 8 бөлімнен, 41 тараудан, 400 баптан тұрады. Осы Кодекстің міндеттері: адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделерін, қоғамға қол сұғушылықтан қорғау болып табылады.

Іс әрекеттің қылмыстығын немесе жазаланушылығын жоятын, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығын, жағдайын өзге де түрде жақсаратын заңның кері күші болады. Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген іс әрекеті үшін жазаланушылықты жеңілдетсе, онда тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкцияның шегінде қысқартуға жатады. Іс әрекеттің қылмыстығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, осы іс әрекеттің жасаған адамның жауаптылығын немесе жағдайын өзге де түрде нашарлатып заңның кері күші болмайды.

         Қылмысқа тосқауыл қою жолы – жаза. Тура  жолдан тайып, қоғамға қиянат жасағандарды түзеудің, шектен шыққан тәртіп бұзушылықты ауыздықтаудың басқа тиімді жолын адамзат әлі ойлап тапқан жоқ.

Тура жолдан тайып, ағаттықпен қылмыс жасаған айыпталушыларға жеңілдікпен қарап, кешірім жасауға болатын шығар. Бірақ, қоғам игілігіне қол салып, туған мемлекетін тонаған жемқорларға жеңілдік болмауға тиіс. Олар мемлекетті саналы түрде тонау арқылы оның экономикалық іргетасын шайқалтып, тәуелсіз елдің ертеңіне балта шауып отыр. Сондықтан оларды ауыздықтау үшін жазаны күшейту керек. Әйтпесе, қоғамымыздың барлық саласын және биліктің барлық тармағын жайлап алған сыбайлас жемқорлық түптің-түбінде жарға жығады.
«Заңды сыйлаған, еркін жүреді»,- демекші, адамды қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру ге де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауынан, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

           Аристотель: «Қылмысқа сылтау ғана керек»,-деген сөзімен өзімнің ойымды аяқтап, ол балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден-бір жауапты ата-ана , мектептегі сынып жетекшісі деп білемін.
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ