«Туған жерге туыңды тік!» атты тәрбиелік іс-шара. Ұстазбен кездесу сценариі

0
1523
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Ұстазбен сыр-сұхбат сценариі

№249 мектеп-лицейдің 3 «Б» сыныбында Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай өтетін «Туған жерге туыңды тік!» атты тәрбиелік іс-шараның сценариі

МАҚСАТЫ: оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, ауданымызға еңбегі сіңген, өнегелі істер жасаған қайраткер аға-апаларын үлгі-өнеге тұта отырып, туған жерге қызмет жасай білуге тәрбиелеу

Барысы:

1. «Көжек» ертегісі желісімен құрастырылған «Туған жердің ыстығы-ай» атты сахналық қойылым

2. Ән. Ауылға барам. Орындайтын Оңдасынов Ерасылдың ата-анасы Нұрсұлтан Құламетов.

І жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, киелі Қазыналы Қазалы жерінде туып, туған жердің топырағын иіскеп, суын ішіп, ауасын жұтып жүрген ағайын!

ІІ жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған көрермен қауым!

ІІІ жүргізуші: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» — дейді халық даналығы. Сондай-ақ бүгін біз туған жерімізге өз қызметін арнаған елге сыйлы, халыққа қалаулы болған жандармен сұхбаттасып, өмір жолдарын өзімізге өнеге етпек жайымыз бар.

ІҮ жүргізуші: Ол: кішкене Қазалы жерінде тұңғыш рет Қазақстанға танымалы, гимназияның, одан соң лицей-мектептің бағдарламасының негізін қалаған ұстаз анамыз – Күләш Бердікенқызы Мергенбаева апайымыз.

ІІ жүргізуші: Құрметті Күләш Бердікенқызы бүгінгі төр – Сіздікі».

ІІІ жүргізуші: Күләш Бердікенқызы, біз Сізді аудандағы беделді, сыйлы азаматша, ұлағатты ұстаз ретінде танимыз, яғни Сізді үлгі тұтамыз. Сіздей болуды армандаймыз. Сондықтан Сіздің балалық шағыңыз бізді қызықтырады. Сондықтан балалардың сұрақтарына кезек берсек.

1-оқушы: Күләш Бердікенқызы, бізге балалық шағыңызда кім болуды армандағаныңызды айтып берсеңіз? — Рахмет, Күләш Бердікенқызы.

2-оқушы: Күләш апай, ұстаздық жолды таңдауыңызға кімнің ықпалы әсер еткенін айтып берсеңіз? Өзіңіз үлгі тұтқан ұстазыңыз кім еді? — Рахмет, Сізге, Күләш апай.

3-оқушы: Күләш апай, қарапайым орта мектепке қарағанда гимназия, лицей-мектептердің бағдарламасы күрделі екені белгілі. Гимназия мен лицейдің айырмашылығы қандай? Ол оқу орындарының алғаш негізін қалау Сізге қиындық тудырған жоқ па?

— Рахмет, Сізге, Күләш апай!

4-оқушы: Күләш апай, Сіз еңбегіңіз еленіп Елбасы қабылдауында болғандығыңыз туралы айтып берсеңіз.

— Рахмет, Сізге, Күләш апай.

5-оқушы: Құрметті Күләш Бердікенқызы, қандай шет елдерге барып көрдіңіз?

— Рахмет, Сізге, Күләш апай.

— /видео/ Күләш Бердікенқызы, тарихшы ретінде бұл сұрақтың жауабын Сіз айтыңызшы!

ІҮ жүргізуші: Рахмет, Сізге, Күләш Бердікенқызы, еңбегіңізге жеміс, деніңізге саулық тілей отырып, шәкірттеріңіздің өнерін Сізге арнаймыз қабыл алыңыз!

І жүргізуші: Алдарыңызда 3 «Б» сыныбы оқушысы халықаралық байқаулардың жеңімпазы Шаттық Дильназдың елжандылықты жырлаған көркем сөзін ұсынамыз.

Алдарыңызда 3 «Б» сыныбының «Ерке қыздар» тобы әншілері Жауқазын, Дильназ, Айгерім.

Ерсұлтан: Немістің әлеуметтік ойшылы Карл Маркс ұлы «Капитал» ілімін қалай жазған? – деген сұраққа бір ғұлама, себебі: оның қасында ұлы философ Эньгельс серігі болды емес пе? – деген екен.

Нұрайым: Сондай – ақ біздің Күлаш апайымыздың гимназия, лицей ашуына көмектесіп, Жанат апайымыздың жеке балабақшалар ашуына қолдау көрсеткен біздің мектеп-лицей директоры Күлзипа Пержанқызы деседі.

Димаш: Олай болса, басшы-ұстазымыздың пікірін тыңдасақ!

ІҮ жүргізуші: Күлзипа апай Сізге де сұрақтарымыз бар.

1-оқушы: Күлзипа Пержанқызы, қандай пәндерді сүйіп оқыдыңыз?

— Рахмет, Сізге, Күлзипа Пержанқызы.

2-оқушы: Күлзипа Пержанқызы, балалық шағыңызда қандай мамандық иесі болып ойнағанды ұнаттыңыз?

— Рахмет, Сізге, Күлзипа Пержанқызы.

3-оқушы: Күлзипа Пержанқызы, Сіздің де Күләш апайымыз сияқты Елбасы қабылдауында болғыңыз келе ме?

— Рахмет, Сізге, Күлзипа Пержанқызы.

4-оқушы: Күлзипа Пержанқызы, Ұлы ойшылдардың басым көпшілігі математик екен, соның себебі неде?

— Рахмет, Сізге, Күлзипа Пержанқызы.

ІІ жүргізуші: Рахмет, Сізге, Күлзипа Пержанқызы, «Әр күніңіз мерекелі, берекелі болсын!» тілей отырып, әсем әнді Сізге арнаймыз қабыл алыңыз!

Алдарыңызда 3 «Б» сыныбы оқушысы Есетбай Таңшолпан «Мерекем» әнімен!

/Сыныптың ер балаларының арнауы/

— Құрметті елге еңбегімен танылған, туған жерге туын тіккен асылдар!

Біз де туған жерге қызмет етеміз!

— Мен Қазалымды әлемнің сегізінші кереметіне айналдырамын!

— Мен қасиетті Қазалыма тұңғыш жоғары оқу орнын ашамын!

— Мен туған жеріме көлік жасап шығаратын өндіріс орнын ашамын!

— Мен Қазалымда әсем ғимараттар жасайтын сәулетші боламын!

— Мен Қазалы жұртына еш ауырмайтын, ұзақ жасайтын дәрі ойлап табамын

— Мен Қазалыдан оқушыларға рухани азық болатын, кітап шығаратын баспаханалар ашамын

— Мен Қазалыға ұлттық аспаптар жасайтын ұстахана ашамын

— Мен Қазалыдан Елбасы мектебін ашамын

— Мен Қазалыда ЭКСПО көрмесін өткізіп, елімді әлемге танытамын

— Мен Қазалыдан мұхитарал жасаймын

— Мен Қазалы ауданының тарихы атты кино шығарамын

І жүргізуші: Күлзипа Пержанқызы, жақсының жолын қуған болашақ туған жердің тұтқасын ұстар шәкірттерге қандай тілек айтар едіңіз?

Рахмет, Сізге Күлзипа Пержанқызы.

Димаш: ІІ жүргізуші: Күлаш апай ! Талабы зор артыңызды қуған арманшыл жеткіншектерге қандай өсиет айтасыз?

Ерсұлтан: Сіз шылауында Қыдыр жүрген, бақ қонып, Қыдыр дарыған дана адамсыз, балаларыңызға қандай бата берер едіңіз?

Нұрай: Күлаш апай, Сізге алғысымыз шексіз!

Хор: «Туған ел»

ІІ жүргізуші: Құрметті халыққа қызмет жасап, ел сыйлаған, ардақтылар, келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

І жүргізуші: келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 

Куламетова Лайла

Қызылорды облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің бастауыш  сынып мұғалімі

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ