Ынтымақтастық және бірлескен іс-әрекеттегі топтық жұмыс

1
3630

                     Коучинг сабағының жоспары

Коуч: Мамбетбаева Эльмира Рахимбергеновна
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
І-ілгері деңгей сертификат иесі. 
Сарқан аудандық білім бөлімінің «Қарауылтөбе орта мектебі мдшо» КММ

Тақырыбы:  Ынтымақтастық және бірлескен іс-әрекеттегі топтық жұмыс.

Мақсаты: Ынтымақтастық оқу жағдайында мұғалімдер бір –бірімен қарым — қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білу, әртүрлі ұстанымдарын тәжірибеде қолдана білу.

Міндеттері:

  • 1)Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау.
  • 2). Топта жұмыс істеу не үшін қажет екенін түсіну.
  • 3)Топты қалай ұйымдастыруға болатынын білу.
  • 4)Топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыра білу.

 Күтілетін нәтиже:

  1. Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
    2. Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып,

өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
3.  Бағалау: Өзін — өзі, өзгені бағалауды үйренеді.

 

Іс — әрекеттер Коуч іс — әрекеті Қатысушылар іс — әрекеті
Топқа бөлу. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жүрекшелер тарату,  өлең жолдарын оқыта отырып топқа бөлу.

Берілген өлең жолдарын оқу,  өлең жолдарына сәйкес топқа бөліну.
Бейнекөрініс.

Жетек  сұрақ.

Бейнекөрініс  көрсету.

Көріністегі әрекет туралы не айта аламыз? 4 минут.

 

 

  Постер жасау, топтан бір адам белгіленіп, басқа топқа түсіндіру. бейнесюжетке байланысты қысқаша пікірлерін айту.
Топтық жұмыс

 

Мәтін беріледі. Слайд бойынша топтарға сұрақтар беру.

 

Уақытты бақылау, үздік атанған топ мұшесіне смайлик беру.

Берілген мәлімет бойынша оқу, ойларын жинақтап,    топ мұшелері ,үздік түсіндірген топ мүшесін анықтау.  10 минут.
Практикалық жұмыс.

1)Топтық жұмыс.  5 минут.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 • «Керісінше кілті» — сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан», «істемеймін» сөздерді пайдалануды көздейді.

• «Егер де» кілті- «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырады

• «Әліпби кілті» — берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен жазып отырады.

• «Жаңа дизайн» кілті – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

• «Кемшіліктер» кілті – нақты бір мәтін  бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

• «Тағы қалай кілті» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әр түрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз

 

• «Қиыстыру» кілті –  үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз

• «Жөнсіздік» кілті —   орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз. содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

 

Көзге жаттығу.

 

Жұлдызшамен бағалау.

1-топ:Қызыл жұлдызша:  Ынтымақтастық оқыту –өзара іс-әрекет жасау философиясы.

2- топ. Сары жұлдызша:  Бірлескен жұмыс – мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекет құрылымы.

3-топ:  Көк жұлдызша: Зейінді жас – Білімге бейімді жас.

4-Топ: Ақ жұлдызша:

  Ұстазы бейімді болса  — Шәкірті зейінді келеді  .

 

 Мазмұнын, мақалды дұрыс таба  білген топ мүшелерін бағалау.

 

  Бірін-бірі бағалау арқылы  жеңімпазды марапаттау.

1 минут.

 

 

Берілген тапсырманы   орындау, 1 – 2, 3 – 4топтар  бір —  бірін бағалап, үздік жұмыс иелерін атайды.

 

 

Тақтаға кілттерді жабыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд бойынша өздерін тексеру.

Кері байланыс. Стикерлер арқылы.

 

 

 

 


1 ПІКІР

  1. Сайт қызметкерлеріне Рахмет. Шығармашылықты дамытуда үшін тәжірибе тарату мақсатында ұсынылып отырған дүниелер қажетке жарарлық

ПІКІР ҚАЛДЫРУ