«Қыс қызығы» балабақша шығармашылық сағаты

0
6043
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Қыстың ғажап көріністерін
сезіне білуге үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін
пайдалана отырып, балалардың сурет салуға деген
қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа , тазалыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ, ойын.
Көрнекілік: Слайд
Құрал-жабдықтар: Гуаш, картоп, мақталы таяқша,
сулық, картон
Полингвалды компонент: Қар-снег-snow, қыс-зима-
winter, табиғат-природа-nature
Инклюзивтік әлеумет: Баяу балалармен жеке жұмыс.

                       Кіріспе  бөлім:

— Балалар күн суық болсада біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-
жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып келген қонақтарымызбен
амандасайық.

Мейірімділік жүрекпен
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
                       Негізгі   бөлім:

Жұмбақ:    Шанамен зырғып жүретін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Жарайсыңдар балалар!
  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыc мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?
  • Қыс мезгілінің ай аттарын атайықшы?
  • Қыс мезгілінде қандай ойындармен ойнаймыз?
  • Балалар қар қандай болады?
  • (Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады)

— Ал қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстөл үстіндегі стакандағы  қағаз  қиындыларын  үрлеп, жапалақтап  жауған  қарды  көреміз.
— Ал балалар, енді  қарды ұстап  көрейікші,қар  қандай  екен?
-Қар  ерісе  суға  айналады, ал су  қатса  мұзға  айналады.

Дидактикалық ойын: «Киімдер»

Шарты: Әртүрлі киімдердің суреті үстел үстінде жатады.
Соның ішінен қысқа киетін киімдерді ажыратып алу
керек. Кім қатесіз ажырата алса, сол баланы
мадақтаймыз.

                    Сергіту сәті:( Музыка әуенімен)

-Ал,балалар! Осы қарды  қағаз  бетіне суретін  түсірейік.
Ал  ол үшін мына  үстелдерге  бөлініп  отырайық,-деп  балаларға  дәстүрден  тыс сурет  салудың   тәсілдерін  түсіндіремін.

 1- үстел: Мақталы  таяқшамен қардың  суретін  бастырады.
   2- үстел: Картоппен қардың суретін  бастырады.

Саусақ  жаттығуы :
Қолымызды жаурады, жаурады,
Қолымызды  жылытамыз, жылытамыз.

Қорытынды  бөлім:
-Балалар , ненің  суретін  қағаз  бетіне  түсірдік?
— Қар  жылдың  қай  мезгілінде  жауады?
-Қыс  мезгілі сендерге  ұнай  ма?
-Қыс  мезгілінде  адамдар  қалай  киінеді? – деген  сұрақтар  қою  арқылы  оқу  қызметін  қорытындылаймын.Қонақтармен  қоштасып  тобымызға  ораламыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ