«Ғажайып қобдиша» балабақша танымдық сабағы

0
4010
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Ғажайып қобдиша»

Білім  беру  саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Мақсаты:  Балаларды  заттардың  түсімен  таныстыру (қызыл, көк). Заттың көлемі, түрі, пішіні  туралы  білімдерін бекіту.
Көрнекілігі: Әртүрлі  көлемдегі қызыл,  көк шарлар.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сөздік  жұмыс: Шар
Инклюзивті  әлеумет: Балалармен жеке жұмыстар  жүргізу.

Кіріспе  бөлім:
— Сәлеметсіңдер ма, балалар! Қараңдаршы  бізде сиқырлы  қобдиша бар. Қобдишаның ішінде не бар  екен, көрейікші! Бұл сиқырлы  қобдишаны  ашу  үшін қане алақанымызды  қатты – қатты  шапалақтайықшы.
(Музыка  әуенімен қобдиша  ашылады)
Негізгі  бөлім:
— Ой, балалар қараңдаршы мына  қобдишада  әсем  шарлар  бар  екен. Қане  түстерін  атайықшы.
— Мынау көк  шар.
— Мынау  қызыл шар.
— Ал, мына көк  шардың  көлемі  үлкен, ал  мына қызыл  шар кішкентай  екен.
— Балалар  осы шарларды  біз  мереке күндері пайдаланамыз.

Сергіту  сәті
Балаларға  шарды  үрлетіп,тыныс  алу  жаттығуларын  жасату.

   Дидактикалық  ойын: «Түсіне  қарай  топтастыр»
Шарты:
Балалар екі себетке  шарды бөліп  салу.

Қорытынды  бөлім:
— Балалар, шарлар  қандай  түсті  екен?
— Мына қызыл шар қандай?
— Мына көк шар  қандай?- деген сұрақтар  қою  арқылы оқу  қызметін  қорытындылау.

 

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Ғажайып  қалта»

Мақсаты: Балалардың  көріп есте сақтау қабілетін, сөздік қорың,
ойын дағдыларын қалыптастыру. Ұсақ қол қимылдарың
жаттықтыру. Ұйымшылдыққа мейірімділікке, кішіпейілдікке,
ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,  сұрақ – жауап.
Керекті – құралдар: сандық, әртүрлі жануарлар, жұмсақ ойыншықтар.

Балалар бізге  қонақтар келіпті. Қонақтармен  сәлемдесейік.

Ал,  балалар, бізге  алыс  жақтан ғажайып  қалта  келіпті ішінде  не  бар  екен  көрейікші.

Ойын шарты: Қалтада әртүрлі заттар  болады. Балаларға заттарды  бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып,  қандай зат екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап  берулерін  күтеді. Олардың  үлкен –кішкентай, домалақ  – төртбұрыш  екенін, түстерін  айтады,  сөз  тіркестерін  дұрыс  айтуға үйретеді.

Балалар  қуана, қызыға  ойыншықтармен  ойнайды.

Балалар  енді  бойымызды  бір  сегітіп  алайық.

Сергіту сәт:

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық

Тәрбиеші: Ой, балалар, жарайсыңдар! Сендер бүгін  ашық оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ