Қыздар 8 наурызда қандай сыйлық күтеді?

0
1370

     Қыздар қауымын түсіну мүмкін емес. Әрбірінің өз талап-тілегі, жан қалауы бар. Десек те, 16-25 жас аралығындағы қыздар іштей армандап, ерекше күтетін сыйлықтар тізімін ұсынғым келеді.

     Ең алдымен, қыздардың сезімтал екенін ұмытпаған жөн. Қандай жағдай болмасын, эмоцияға беріліп, бәрін жүрекке жақын қабылдауға дайын тұрады. Сол себепті, атаулы мерекеде 3 тал гүл шоғын берсеңіз де, шынайы ниетпен қызға деген ізгі ықыласыңызды білдіріңіз. Нәзік жанды арулар сіздің көңіл бөлгеніңізді байқап, бір марқайып қалады. Бастысы, назарсыз қалдыруға болмайды. Жылы сөздер айтып, еркелетуді де ұмытпаған жөн.

    Бүгінде, әшекей бұйымдардың түрлері көп. Таңдай алмай, тығырыққа тірелсеңіз, «Pandora» брендінің білезігін немесе алқасын сыйлауға кеңес беремін. Сөзсіз, қыздардың жанына жағатын сыйлық.

    Тұлғалық даму сәнге айналған XXI ғасырда, психологтың марафонына жолдама алып беру де ұтымды шешім. Кез келген қыздың оқығысы келіп жүрген кітаптар тізімі болады. «Meloman» дүкенінің сертификатын сыйласаңыз, өзі қалаған кітаптарды алған арудың төбесі көкке жететін еді. SPA салонының сертификаты да нәзік жандыларды қуанышка бөлейді.

    Иіс су қолданбайтын қыз жоқ. «Chanel» немесе «Dior» брендінің иіс сулары қыздар арасында сұранысқа ие. Уайымдаудың қажеті жоқ. Брендттер танымал болғанымен, бағалары қол жетімді. «Victoria`s Secret» брендінің әтірін немесе киімін сыйлауға да болады.

    Нәзік ару шығармашылыққа жақын болса, скрипка алып беріңіз. Скрипкада ойнауды білмесе, үйренетін себеп туады. Егер қызды өз сыйлығыңызбен тәнті еткіңіз келсе, «Dyson» брендінің стайлерін сыйлауға кеңес беремін. Сыйлаған сіз де, сыйлыққа алған қыз да өкінбейді!

Бәрін айт та, бірін айт, сыйлықтың ең жақсысы – шын жүректен берілгені!

                                                                                                 САЯНА СЕЙТҚОЖА


ПІКІР ҚАЛДЫРУ