«Қызыл телпек» ертегісі негізінде сюжетті рольдік ойын

0
10827

Балабақшада өткізілетін ертеңгілік

Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз іжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

Анасы:-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы,-дейді.

Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін,-деп бәліш пен май салынған себетті алады.

Автор:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.

Қасқыр: — Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.

Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын,- дейді қыз.

Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.

Қасқыр: — Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.

Қызыл телпек: — Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.

Автор: Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.

Қасқыр: -Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз жарысайық.Сен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.

Автор: Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.

Қасқыр: Тоқ-тоқ-тоқ!

Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды.

Автор: Қасқыр дауысын жіңішкертіп.

Қасқыр: -Әже, бұл мен ғой, немере қызың — Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.

Автор: Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап.

Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады,-дейді дауыстап.

Автор: Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді. Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.

Қызыл телпек: -Тоқ-тоқ-тоқ!

Қасқыр: -Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп

Қызыл телпек: -Әже,бұл мен ғой,немере қызың — Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,- дейді.

Автор: Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:

Қасқыр: — Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады,- дейді дауыстап.

Автор: Қызыл телпек ішке кіріп, әжесінің жанына керуетке келіп отырады.

Қызыл телпек: -Әже, әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен?

Қасқыр: -Мен сені жақсы көру және есту үшін!

Қызыл телпек: -Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен?

-Бұл сені жеу үшін!- деп  орнынан атып тұрып Қызыл телпекті жегелі жатқанда

Автор: Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп қасқырды  ұйден қуып шығып ,Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.

 

Дайындаған: Бегешова. А

МКҚК «Айналайын» балабақшасы

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ