Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау. Зертханалық жұмыс.

0
3788

Жұмыстың мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін пайдаланып заттардың меншікті жылу сыйымдылығын анықтап үйрену. Барлық денелердің қатты күйінің молярлық жылу сыйымдылығы сµ = 25 Дж/моль 0К екеніне көз жеткізу

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі заттан жасалған үш дене, калориметр, мензурка (өлшегіш шыны), термометр, тастары мен таразы, суы бар үлкен ыдыс, электр қыздырғыш (сыныпқа бір дана жеткілікті).
Қысқаша теория: Тұйық жүйе үшін энергияның сақталу заңы орындалатыны анық. Осы заңға байланысты ыстық дененің берген жылу мөлшері суық су мен калориметрді жылытуға жұмсалады.

Q1 = Q+ Q3 (1) , ендеше

cд mд (t2 — Ө ) = (cc mc + ck mk) ( Ө — t1) (2) , мұндағы

сд — анықталушы дененің меншікті жылу сыйымдылығы;
Ө — жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейінгі судың температурасы;
cс = 4200 Дж/кг 0С — судың меншікті жылу сыйымдылығы;
mд — анықталушы дененің массасы;
c= 880 Дж/кг 0С — калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы;
mc — суық судың массасы;
mк — калориметр ыдысының массасы.

(cc mc + ck mk) ( Ө — t1)
сд = (3)
mд (t2 — Ө )

(2) теңдеуден:

Берілген заттың молярлық массасы меншікті жылу сыйымдылығымен мына теңдік арқылы байланысады:

сµ = сд М (4) ,
мұндағы М — заттың молярлық массасы.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Таразы көмегімен анықталушы денелер мен калориметр ыдысының массасын анықтаңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.

  2. Анықталушы денені ыстық суы бар үлкен ыдысқа салыңдар.

  3. Калориметрге 100-150 г су құйыңдар да, оның t1 температурасын өлшеп кестеге жазыңдар.

  4. Ыстық суда тұрған дененің t2 температурасын өлшеп алып, денені калориметрге салыңдар.

  5. Жылулық тепе-теңдік орнаған кездегі судың температурасын өлшеңдер.

  6. (3) теңдеуді пайдаланып анықталушы заттың меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.Өлшенгені

Есептелгені
Зат
Дененің массасы
mд кг
Калориметрдің массасы
mk кг
Судың массасы
mc кг
Судың бастапқы температурасы
t1 , 0С
Дененің бастапқы температурасы
t2 , 0С
Жылулық тепе-теңдіктен кейінгі температура,
Ө , 0С
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы, cд
Заттың молярлық жылу сыйымдылығы, cµ

1 кесте

7. Дененің сыртқы түрі мен түсіне қарап, 2 кестедегі мәліметпен салыстырып оның қандай зат екенін анықтаңдар.

2 кесте

8

Δс

 = 100%

cкесте

Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

Δс = |cд — cкесте|hello_html_4ea5da9b.gif

  1. (4) теңдеуді қолданып осы заттың молярлық жылу сыйымдылығын есептеңдер. Мәліметті кестеге енгізіп, оны теориялық есеппен салыстырыңдар.

1

Δсµ

 = 100%

25

10. Әр зат үшін, кестедегі мәндерді ескеріп, жеке-жеке абсолют және салыстырмалы қатені есептеңдер:

Δсµ = |cµ — 25 Дж/моль 0С|

Есептеулер.

Қорытынды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ