«Білімділер керуені» атты физикалық кеш

0
401

Оқушылар арасында өткізілетін байқау мен сайыс оның білімін арттыруға себеп болады. Сол пәнге деген ізденісі мен қызығушылығын тудырады. Оқушылар арасында байқаудың көп болуы үшін қызықты сценарийлерді ұсынамыз. 

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

1.    Таныстыру.

2.     «Ширату» (бейне суретті бойынша жұмыс жасау)

3.     «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» (анықтаманы табу).

4.     «Ойлан тап» (викториналық сұрақтар)

5.     «Кім көп біледі?» тәжірибелік жұмыс

6.     «Тапқыр болсаң — тауып көр» (жасырынған сөзді табу)

7.     «Сөз тапқанға…» (шынжыр құрастыру)

8.    «Шешілмеген құпия» (әріптер бойынша сөз құрастыру).

Кіріспе.

Мұғалім:

Бұл сайысқа екі топ қатысқалы отыр.

Сол топтармен таныстырып өтейін.

Жиналған ылғи дарындар

Жүректе от көздерінде жалын бар

7 сынып оқушыларына

Қол соғып, қарсы алайық

(7-сынып оқушылары ортаға шығады) Ол топтың аты «Тапқырлар»

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қоған мақсаты

Әрқашан да мектепте

Шығып жүрген жақсы аты, — деп 7 сынып оқушыларын қарсы алайық. (7-сынып оқушылары ортаға шығады) Ол топтың аты «Білгіштер».

Топтардың сайыстағы бағасы әділ болу үшін «Әділқазылар» сайлап алғанымыз дұрыс болады.

(Әділқазылар сайланады)

Барысы:

І. Таныстыру кезеңі. Әр топ өзін таныстырып өтеді.

ІІ. Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, — деп келесі. «Ширату» сайысымызды бастаймыз. Берілген бейне сурет бойынша физикалық тұрғыдан түсіндіру. Әр жауапқа 10ұпай.

І-топқа.  «Тапқырлар»                             ІІ-топқа. «Білгіштер»

ІІІ. Білім деген биік шың

Бақытқа сен жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер дей келе,- 3 кезең «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты сайысымызға көшеміз. Бұл кезеңде оқылған анықтамының қандай тақырып екенің табу.

керек. Әр жауапқа 10 ұпай.

І-топқа. «Тапқырлар»

1.    Табиғатта кеңінен таралған күштер. Барлық денелердің арасында пайда болады және ол қозғалысқа кедергі келтіруші күш ретінде көрініс табады. Жанасушы екі қатты дененің бір-біріне қатысты қозғалысы кезінде пайда болатын күшті айтады. Оның үш түрі болады.                         (үйкеліс күші)

2.     Кез келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады. Бұл күштерді көбінесе гравитациялық күштер деп атайды

                                                                        (Бүкіләлемдік тартылыс күші)

ІІ- топқа: «Білгіштер»

1.    Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал. Динамиканың негізгі теңдеуі берілген. Ғ күші бар, массасы бар, үдеуі бар. Қай тақырыптың анықтамасы.              (Ньютонның ІІ заңы)

2.    Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы айтамыз. Үрлеп, одан кейін еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарапайым мысал ретінде қарастырылған тақырып қандай тақырып                                                                            (реактивті қозғалыс)

ІҮ.    Бұл сайыста байқалар шапшаңдық

Жеңсең де, жеңілсең қалма жасып.

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Тез қимылда, ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді, — дей келе келесі  «Ойлан тап» кезеңі. Бұл кезеңде  викториналық сұрақтар қойылады. Әр жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1.     Өзі затты құрайды

Теңесуге таразыны сұрайды (масса)

2.    Дүниедегі ең жүйрік не? (ой қиял)

3.    Нені жәшік ішіне тыға алмайсың (жарық сәулесін)

4.    Шикі сумен қайнаған судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

5.    Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылысқа негізделген? (диффузия)

6.    Қалың қарда шаңғымен жүру неге оңай? (бетінің ауданы үлкен)

7.    Үйді жылытуға арналған батареияларды неліктен төмен орнатады? (төменде суық ауа, тығыздығы үлкен)

8.    Елеуішпен су әкелуге болама? (болады, қармен мұз күйінде)

9.    Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық)

10.    Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

11. Не орнынан қозғалмай жүреді? (уақыт)

12. Электр знергиясының көзі бола алатын балықтар. (скат, жайын, шортан)

Ү. Келесі кезең «Кім көп біледі?» Бұл сайыста тәжірибелік жұмыс жасалады.

І-топқа. «Тапқырлар»

Ағаш, ағаштан жалған үстел қойылады. Сұрақ: Қайсы зат, қайсы дене екенін айырып бер.

ІІ- топқа: «Білгіштер»

Стакан, кесе, тарелка қойылады. Сұрақ: Пішімдері бірдей,

көлемдері әр түрлі денелерді көрсет.

ҮІ. Асып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық

Тез ойланып барынша

Жарыста сірә қалыспа, —  дей келе келесі кезеңіміз «Тапқыр болсаң — тауып көр» Бұл сайыста топ басшысы ортаға шығып, өз тобына сұрақтар қоя отырып, жасырынған сөзді табу қажет

       І-топқа. «Тапқырлар»                           ІІ- топқа: «Білгіштер»

Жол                                                                 Күш

Жұмыс                                                            Масса

Уақыт                                                              Сағат

Тонна                                                              Тығыздық

Қуат                                                                Жылдамдық

Салмақ                                                           Энергия

ҮІІ. Ойла-ойла тереңнен

Жақсы емес көп бөгелген

Сөз табуды білмесең

Өте алмайсың көпірден деп келесі «Сөз тапқанға…» шынжыр құрастыру кезеңі. Бұл кезеңде топ басшысы бір физикаға қатысты сөзді айтып, соңғы әріпіне байланысты келесі сөзді құрастырады.  Тоқтағанша айта береді.

ҮІІІ. Ой-өрісімізді дамытып,

Жұмбақтарды шешейік,

Құпиясын ашайық

Батыл қадам жасайық

Білімділер алға озсын

Жеңімпаз болып аттанып!, — дей келе келесі кезеңіміз «Шешілмеген құпия» Бұл сайыста әріптер бойынша сөз құрастыру

  І-топқа. «Тапқырлар»                          

 М Н Н Щ Д

 А И А  У  Т

 1.Уақыттың өлшем бірлігі?                                           

 (минут)

2. Массаның ең үлкен өлшем

бірлігі?  (тонна)

3. м2 өлшенетін шама (аудан)

ІІ- топқа: «Білгіштер»

Қ  А С С У                                               

А Ы Т Ы М                                               

1.Паскаль мен өлшенетін шама?      (қысым)                                            

2.Килограммен өлшенетін шама?    (масса)                                            

3.Сағатпен өлшенетін шама?   (уақыт)                                            

Қорытынды:

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады деп әділқазылар бағасын тыңдап, жеңімпаздарды марапаттау.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ