«Үздік педагог» олимпиадасы — кәсіби жетістікке жетудің жолы

0
1632
"Үздік ұжым" номинациясының иегерлері. Ақтөбе қаласы, №50 орта мектебі

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада сайты ұстаздар арасында қашықтан ұйымдастырған  ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының жеңімпаздары олимпиаданың ерекшелігі мен ұжым болып қатысудың ерекшелігін айтып берді.  Сондай-ақ, онлайн білім берудің артықшылығы мен кемшілігін тілге тиек етті.

«Үздік педагог» олимпиадасы —  республикамыздың ең беделді қашықтық олимпиадасы. Олимпиада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандарымен бірлесе отырып жасалынған. Олимпиадаға 3 жыл қатарынан республикамыздың барлық өңірлеріндегі мыңдаған педагогтер белсенді түрде қатынасып келеді. 

Нұргүл Касенова — Ақтөбе қаласы №50 орта мектебінің директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Олимпиадаға ұжымнан 72 ұстаздың қатысуын ұйымдастырған. Ұстаздар қауымы екі жыл қатарынан «Үздік ұжым» номинациясын иеленді. Ұстаздың  айтуынша, ол координатор ретінде 2 кезеңге ұстаздардың жауапкершілікпен қатысуына ықпал жасады. 

Ұстаз үнемі кәсіби ізденісте болуы керек. Егер үйренгенін, оқығанын тоқтатса, ұстаздығын да тоқтатады. Сондықтан, біз үнемі ұстаздарды қажетті байқау мен олимпиадаға қатыстырамыз. Кейде ұстаздарымыз Qaztest.kz олимпиадасы қашан болады деп жиі сұрайды.  Бірлестік жетекшілері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып. тесттің өтуіне ықпал жасадық, — дейді Нұргүл Нағашыбайқызы.

Ұстаздың айтуынша, қазір ұстаз оқушыны өздігінен жарыстарға қатыстыра алмайды. Бәрі қашықтан өтіп жатыр. Сол себепті онлайн олипиаданың ұстаз үшін пайдасы зор. Барлығы қашықтан болып жатқанда, кейде үйдегі ұстазды  қадағалау өте қиын. Сол себепті барлық нәрсе ұстаздың жауапты болуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атануға себепкер болған мектеп директоры Мирамгүл Аяғанованың да еңбегі зор. 

ХХІ ғасыр — білім мен ғылымның уақыты. Сол себепті ұстаз да соған бейімделуі керек. Ұстаз мамандығы  әмбебап және тәуекелшіл болуды талап етеді.   Кез келген ұстаз психолог болғаны абзал. Себебі, әр шәкірттің қабілеті әртүрлі. Әр оқушымен тіл табысып, білікті бола білуі керек. Ұстаздың бейнесі оқушы алдында тұлға ретінде қалыптасуы аса маңызды.  Ол ұстаздың сөз мәдениетіне, өзін ұстауына, сауаттылығы мен киім үлгісіне байланысты. Сонда оқушының да сыйластығы арта түседі.  Біз, ұстаздар қауымы шәкірттердің талабына сай ұстаз болуымыз керек, — дейді ұстаз. 

10 000 KZT көлеміндегі қаржылай стипендия иегерінің бірі  Мадина Еркін олимпиада сұрақтарының еш қиындық тудырмағанын айтты. 

  «Үздік педагог» олимпиадасының екінші рет жеңімпазы атанып отырмын. 2 кезеңде де жоғары нәтиже көрсеттім.  Сұрақтар талапқа сай құрастырылған. Ешқандай қиындық тудырмады. «Үздік педагог» олимпиадасы — кәсіби жетістікке жетудің жолы , — дейді ұстаз. 

Ұстаздың айтуынша, онлайн білім берудің бір кемшілігі телефон мен ноутбукке үңіліп, кітаптың бетін ашуды доғарып жатқан жас буын қатары көбейіп барады. 

Кәсібилік пен жақсы нәтижеге ұмтылған мұғалім үшін кез келген кәсіби байқау, олимпиада маңызды. Осы орайда  «Үздік педагог» олимпиадасы ұстаз ретінде шыңдалуыма септігін тигізіп келеді, — дейді педагог.

Сұхбат барысында ұстаз Жүсіпбек Аймауытовтың: «Сабақ беру — үйреншікті жай шеберлік емес,  ол — үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген сөзін әр ұстаз жадында ұстау керек екенін ескертті. Себебі, жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің тұнығын беретін ұстаздардың білімін шыңдайтын олимпиада аса қажет.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінен олимпиадаға 70-ке жуық ұстаз қатысқан.

Координатор Жасұлан Ибадулланың айтуынша, ұжым болып қатысу үшін ұстаздар арасындағы ұйымшылдық қабілет аса маңызды.

Біздің ұстаздар өте ұйымшыл. Сол себепті ұжым болып қатысу  қиындық тудырмады. Сондай-ақ, «Үздік педагог» олимпиадасында ынталандыру сыйлығы көп болған соң, ұстаздардың олимпиадаға  қатысуға деген қызығушылығы мен ынтасы бірден болды, — дейді информатика пәнінің мұғалімі. 

Түркістан қаласы №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы

Маңызды! ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада сайтында 20 желтоқсанға дейін 
І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасы мен
І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасы өтіп жатыр. 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ