\r\n\r\n Мазмұны\r\n\r\n \r\n\r\nІ Бөлім: Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері.\r\n\r\n \r\n\r\n1.1 Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық сипаты.\r\n\r\n \r\n\r\n1.2Жасөспірім жасындағылардың зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.\r\n\r\n \r\n\r\n1.3Жасөспірім жасындағылардың қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nІІ Бөлім:Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің\r\n\r\nдеңгейлерін эксперименталды зерттеу.\r\n\r\n2.1. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеу әдістері мен процедуралары.\r\n\r\n2.2. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижелері.\r\n\r\n2.3. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зеиін қасиеттерін дамытатын\r\n тәсілдер.\r\n\r\nҚорытынды Әдебиеттер тізімі Қосымшалар \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\nҚазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.\r\n\r\nӨмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.\r\n\r\nСтудент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерішң жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмыстың езектілігі:\r\n\r\nӘлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның міндеті болашақ педагогтарды, психологтарды, өндіріс басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерді қызығушылықпен орындауға байланысты, Соның негізінде бағыты белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шоғырланған тұлға қалыптасады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.\r\n\r\nӘлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас және зейін проблемасы жан-жақты қаралады.\r\n\r\nА.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды, Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.\r\n\r\nВ, Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байданыстары қаралмаған.\r\n\r\nЗейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекетте әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.\r\n\r\nІс-әрекетте зейіннің мазмұнды болуының нәтижесінде оның қасиеттерінің динамикалық — ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.\r\n\r\nЗейін — бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталғак.\r\n\r\nӨз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.\r\n\r\nҚарым-қатьнас — екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.\r\n\r\nСондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.\r\n\r\nСондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЗерттеу жұмысының объектісі\r\n\r\nЖасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеп, коррекциялық тәсілдермен дамыту.\r\n\r\n Зерттеу жұмысының пәні:\r\n\r\nҚарым-қатынаста зейін қасиеттері көлем, тұрақтылық, шоғырлану\r\n деңгейлерін диагностикалық әдіспен анықтау және қасиеттерді дамыту\r\n процестері арқылы зерттеу.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының мақсаты:\r\n\r\nЖасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының міндеттері:\r\n\r\nІ.Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейін мәселелері туралы\r\n\r\nәдебиеттер мен материалдарга психологиялық талдаулар жасау, 2.Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейіннің өзекті мәселелеріне теориялық талдаулар жасау.\r\n\r\n3.Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің орнын анықтау.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының болжамы:\r\n
- \r\n
- Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттері эффективті түрде орын алғанда қатьшас нәтижелі болады.
\r\n
\r\nЗерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі.\r\n\r\nКеңестік психологияда қарым-қатынастағы зейін мәселелеріне көптеген методологиялық және теориялық зерттеулер арналды, олар А.А. Леонтьев Г.М. Андреева, В.М. Бехтерев, А.А, Бодадев, С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Д.Н. Узнадзе, П.Я. Гальперин, А.А. Ухтомский және т.б. ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін тапты. Ал, шетелдік психологияда Т.А. Рибо, У. Джеме, Н.Н. Ланге жөне т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылған қарым-қатынастағы зейін мәселелері жайлы көзқарастарына теориялық талдаулар жасалды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы,\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Кеңестік және шетелдік психология әдебиеттердегі талдаулар зейін мен қарым-қатынас мәселелерінің жеткілікті түрде талқыланғанына себеп болады. Зейіннің қасиеттері зерттеліп, іс-әрекеттің нақты бір типіне байланысты құрылымы да анықталған. Жалпы іс-әрекетте зейін мен жеке қасиеттердің қызметі анық және жеткілікті түрде берілген. Бірақ осы жүйелердің сипаттамасы қарым-қатынаста және біріккен іс-әрекетте аз еңделген. Яғни, жүмыстың ғылыми жаңалығы да зейіннің жеке зерттелуіңде емес, қарым-қатынаста зерттелуінде болып отыр.
\r\n
\r\n \r\n\r\n І.Бөлім; Жасөспірімдердің зсйіні мен қарым-қатынасының\r\n\r\nпсихологаялық ерекшеліктері,\r\n\r\n \r\n\r\n1.1. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық\r\n\r\nсипаты\r\n\r\nПсихология ғылымындағы негізгі үғымдардьщ біреуі — қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарьш-қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола отырып, ертеден барлық ғалымдар үшін қызықты тақырыптардың бірі екені анық. Біздің назарымызды студенттердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер толғандырып отыр. Себебі қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптастырудың бір факторы екені белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекеттерін реттеуші және адамгершілік, эстетикалық қүндылықтардьі, мінез-қүлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болын табылады. Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынас жасауындағы ерекшеліктерді анықтау өзекті мәселелердің бірі.\r\n\r\nҚарым-қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері басады, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың басқа адамдарға қоғамдық маңызын айқын көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі таңда студенттердің коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қаблетін қальштастыру үшін педагогикалық теория және жоғары оку орындарында тажірибе, диалогтік және пікір таластық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Бұндай әдістемелер жастардың қарым-қатынас барысында икемділігін көрсете білуін және өз көзқарастарын дәлелдеп, сұрақтарды нақты жеткізе білу қаблеттерін қалыптастырады. Ал студент — болашақ маман, сондықтан коммуникативті икемділікті дамыту барысында да, өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың мол болуы қажет.\r\n\r\nҚарьш-қатынастың шынайы түрғыдан әр түрлі жолдары бар. Жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерінен бастап-ақ оқуға ынтылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатьнас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табыдады. Себебі, студент қауымының ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан «нашар» көрінгісі келетін студент жоқ. Оны Ж.Ж. Руссо өһзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді: «Менің бірінші ең үлкен, ең күшті қажеттілігім тұтастай менің жүрегімде қортындыланды: бүл мүмкін болатын интимдік жағдайда тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».\r\n\r\nШартты түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі екі формасын белуге болады:\r\n
- \r\n
- қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілі ретінде;
- қарым-қатынас адамның басқа адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
\r\n
\r\n
\r\nОл жастық аспектте де әр түрлі кезеңдерден өтеді және ол жүйелік тәсіл аймағында да өте қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы әсіресе тәсіл мен «көлем» оның тұлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да маңызды.\r\n\r\nСтуденттік шақтағы психофизиологиялык сипаттаманы орташа алғанда 17-ден 25 жасқа дейін ор түрлі жастағы субъектілермен бейнеленетін кезеңдермен күрделенеді. Сондықтанда студентгік кезеңнің заңды және спецификалық сипатын бір жастық сызықта ашу ең қарапайым себепке байланысты қиындық туғызады, әр жастық кезең өзінше ерекшеленеді.\r\n\r\n \r\n\r\nСондай-ақ жалпы заңды сәттерді жоққа шығармайтын психологиялық сипаттар да бар. Атақты ғалым Б.Г, Ананьев кеш жасөспірімдік және ерте жасөспірімдік кезеңді анықтай отырып, былай деп жазады: «дәл осы жаста есте сақтаудың белсенділігі мен зейін ауыспалығының жылдамдығы, вербальді-логикалық тапсырмаларды шешу және т.б, жиі байқалады. Осы шақта әлі оқуға жеткілікті түрде пайдаланылмаған синзитивтік кезең орналасқан».\r\n\r\nСинзитивтік кезең тұлғааралық өзара әрекеттердің дамуы үшін өте қолайлы. Оқымыстылардың зерттеуінше жасөспірімдік кезеңде мақсатқа бығыттылықты дамыту үшін қарым-қатынас өте қажет. Г.С. Абрамованың бағалауынша жасөспірімдіктің шекарасы адамның міндетті түрде қоғамдық өмірге қатынасу жасымен байланысады.\r\n\r\nӘсіресе қарым-қатынастағы қажеттілік студентіердің бірінші курстарында көрінеді. Олардың көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі жеке байланыстар үзіледі (жанұямен, достармен). Үйренбеген жаңа. ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да қатар жүреді. Айналадағылармен үйреншікті өзара қатынастың бұзылуы сирек невротикалық бұзылыстардың көрінуіне әкеледі. Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жұмыс істейтіндердің айтуынша оларға кемек сұрап баратындардың көпшілік проценті 17 ден 25 жасқа дейінгі жастар. Көптеген адамдар дәл осы студенттік шақта пайда бодған қарым-қатынастың стихиялы стилін түзетуді қажет ететінін түсіне бастайды. Оларға айналадағылармен өзара қатынастың міндеттерін қайта құруға тура келеді.\r\n\r\nБұл ез кезегінде көп ойланатын жастарды өзін терең түсінуге, өзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен жеткіліксіз жақтарын түсінуге, өз-өзін тәрбиелеумен айналысуға итермелейді.\r\n\r\nҚарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, тіпті олардың кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде де маңызы өте зор.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСондықтанда студенттердің арасында топтық қызығушылықтарын қорғауымен байланысты хабарлай отырып орындауға болатын ұжымдық бағытта жүретін тапсырмалардың маңызы өте зор. Студенттер коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің маңыздылығын, қатынастың дамуын айқын меңгереді.\r\n\r\nЖоғарғы оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде әр түрлі жағдайлық сензитивті кезеңдерді, жаңа талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдайды.\r\n\r\nСтуденттердің қарым-қатынас стилін қадыптастыруда осы кезеңнің маңызы өте зор, бірақ жиі оны ешкім ешқалай ескермейді. Осы кезеңде ойластырылған недагогикалық өзара әрекеттер маңызды түрде студенттердің әлеуметтік өмірдегі тәжірибелерді меңгеруі, көптеген әр түрлі әлеуметтік топтармен байланысты құруы, қаблетілікті, жолдастықты, достықты дамытуы, тәжірибемен, ақылымен, мұңымен, көңіл-күйімен бөлісе білуі эффективтілікті жоғарлатады.\r\n\r\nСтуденттік орта белсенді түрде мінез-құлық стилін, мәнерлерді, дәмді, әдеттерді, қызығушылықтар мен икемділіктерді қалыптастырып, жағдайдың бағалануьша, дүние танымға әсер етіп, жиі қарама-қайшы ақпараттарды тудырады, ал кейде жалған ақпараттарды да тудырады.\r\n\r\nКүнделікті қарым-қатынастың негізінде студенттік орта маңызды дәрежеде тұлғаның әлеуметтік, психологиялық және моральдік қасиеттерін қалыптастырады.\r\n\r\nБатыс әлеуметтік психологиясын тұлғаның қарым-қатынастағы сипатын білдіретін әртүрлі теориялық бағыттар ұстанатын негізгі екі ұғым қолданылады: «өзін-өзі ашу» — гуманистік психологияда және «өзін-өзі көрсету» — интеракционизмде.\r\n\r\nӨзін-өзі ашу, американдық психолог С.Джурардтың ойына сәйкес, — бұл басқа адамдарға өзің жайлы мәлімет, ақпарат беру, айту. Ол адамдардың осы өзін-өзі ашудың көмегімен өздерін тануға мүмкіндік беретініне тоқталған.\r\n\r\nӨзін-өзі көрсету — бұл өзіңді басқаларға таныту актісі десе де болады.\r\n\r\nПедагогтер, психологтер үшін жасөспірімдік кезеңдерде адамның өзіндік сана сезімі қалыптасатын кезде, өзіңді түсінетін, ашық сөйлесіп, мұңыңды шерте алатын дос құрбыны қажет ететіні белгілі, Сонымен бірге беделді ересек адамдармен де сенімді қатынастар құнды болып табылады. Басқа адамдардың қарым-қатьшастағы ашықтығы, шынайылығы оларды дұрыс түсініп, тануға, оған адекватты қатынасуға мүмкіндік береді, Жоғарыда аталғандай, келесі ұғым — «өзін-өзі көрсету». Бұған адамның қоршағандарға белгілі бір әсер қалтыру үшін қолданылатын тактикалар, стратегиялар жатады. Жалпы қарым-қатьшаста тұлғаның өзін-өзі ашу мен өзін-өзі көрсетуін зерттегенде, тұдға ең алдымен коммуникация арқылы қарастырыдады. Адамның коммуникативті қасиеті де тұлғалық бейімделу потенциялын құрайтын негізгілердің бірі болып табылады. Адам үнемі әлеуметтік ортада болады, оның іс-әрекеті басқа адамдармен қарым-қатынасқа жетуіне және тәжірибесінен, сондай-ақ қақтығыс деңгейінің болуымен анықталады. бейімделу процесінің маңыздылығы кем емес қыры больш индивид үшін ұсынылған нақты әлеуметтік ортаны оның дәлме-дәл қабылдай алу қабілетін қамтамасыз ететін мінез-құлықтың адамгершілік ережесін сақтау болып табылады. Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі -әлеуметтік ортаның оған ұсьнатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестеуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез-құлықтың сай болуы. Түлғаның әлеуметтік бейімделуі ортаға әлеуметтік — психологиялық бейімделуіне негіз болады. Егер әдеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету объектісі болса, тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым-қатынас және іс-әрекеттің субъектісі болып табылады».\r\n\r\nӘлеуметтену түлғаны қогамдық қарым-қатынас жүйесіне енгізу, онымен бірге қоғамдық қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру. Әлеуметтенудің негізгі функциясы индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше әлеуметтік — психологиялық бейімделу процесіне темперамент ерекшелігімен, қүндылық бағдарымен, қызығушылығымен, түлғаның ішкі құрылымдық іс-әрекетімен және қоғамдық белгіленген мінез-құлықпен жетеді.\r\n\r\nБіз студенттердің қарьм-қатынастағы бағыттығымен бірге олардың өзін-өзі ашу деңгейімен өзін-өзі көрсетуін қарастырып, қарым-қатынастағы ерекшеліктерін ашудың бір жолы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша жаңа мекемеге, әлеуметтік ортаға, бейімделудегі студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктері осылармен анықталады деуге болады. Сондықтанда қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, олардың кәсіби қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және студенттік ұжымның қалыптасуындағы тұлғааралық қатынастың қалыптылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны өте үлкен.\r\n\r\n«Қарым-қатынас» үғымының мәні түсінікті және ерекше бір анықтауды талап етпейтін сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен, күнделікті болмыста және ғылыми қолданыстарда сәйкес келе бермейтін мағыналар мен түсініктер де аз емес. Сондай-ақ ғылымның өзінде де әр түрлі мағынада қолданылатын терминдер болады. Бұл да «қарым-қатынас» ұғымына қатысты.\r\n\r\nҚарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезең қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану, сияқты әр саладағы ғалымдар жан-жақты зерттейді. Ал, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.\r\n\r\nЛеонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.\r\n\r\nҚарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді; «….қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табыдады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері, оның құрамдас бөлімдері сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі — жайлы сөз қозғайды, Б.Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:\r\n
- \r\n
- макродеңгей
- мезодеңгей
\r\n
\r\n
\r\n3 ) микродеңгей\r\n\r\nМакродеңгей — индивидтердің қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауының контактілі байланысы.\r\n\r\nНеміс — американдық психологы К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде тәні арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған, Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер етуі басты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылардың әрекеттері топта санасыз қабылданып, түсінікті қылықтарға иландырылып пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левиннің есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933 жылы топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған байланысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығьш құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды.\r\n\r\nТоптық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г.М, Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М. Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре, әрі жалпылай отырып, қарым — қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс — әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылатынын, яғни, адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым — қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында іс әрекеттерімен де қарым -қатынаста болады дейді.\r\n\r\nСондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зеретеу барысында М. Андрееваның қарым — қатынас құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік. Қарым-қатынастың коммуникативтік немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру — алмасу мәселесімен анықталады; интерактивтілік қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігініңұ йымдасуымен қорытындыланады;\r\n\r\nПерцептивтілік адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдап, тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасуы. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.\r\n\r\nР.С. Немов та қарым-қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни, ол мазмұны бойынша. Қарым-қатьшастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).\r\n\r\nМақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас деп беледі, Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым-қатынас тура және жанама болады.\r\n\r\nТүрлері бойынша — іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс — әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының психологиялық мәселесінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болын табылмайтын қарым—қатынас өз беттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне-өзі қызмет ету қарым-қатынасы) болып бөлінеді.\r\n\r\nҚарым-қатынас жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В.М. Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.\r\n\r\nВ.М. Бехтерев (1907, 1921) әдеуметтік — психологиялық теориясына қарым — қатынас процесін, және социадизацияның механизімін адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, дамуын енгізді, В.М. Бехтерев қарым-қатынас адамдарды топқа біріктіру механизімі, тұлға социялизациясының шарты сияқты қарастырады. В.М, Бехтерев былай дейді, неғүрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады,\r\n\r\n«….Әр түрлі ортада, белсенді қарым-қатынаста өскен адамдар жан-жақты дамыған болады».\r\n\r\nВ.М. Бехтерев қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады. Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді қарастырады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық рөлді жатқызды, ал кендіруді психикалық жағдайды бір адамнан басқа адамға еріктің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сиякты қарастырады, Ол көндіру рөліндегі лидерлердің жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың қоғамдық ойларының механизімдегі өзара әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоцияналдық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақылға көндіруден әлдеқайда жылдам, әрі эффективті болады».\r\n\r\nВ.М, Бехтеревтің идеяларының дамуы өзінің шәкірті В.Н, Мясищевтің одан кейін А.А. Бодалев, Б.Г. Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.\r\n\r\nҚарым-қатынасты философиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғадымдардың бірі — М.С. Каган. Ол қарым — қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесу деп түсінеді. Оның көзқарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге сияқты адамга деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.\r\n\r\nМ..С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады: — қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс; — қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде; — қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндыдықтарына ортақтастыру; — қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру. Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады; қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет, мақсаттарын іске асыратын дәстурлердегі, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады; екінші мысал — достық қарым-қатынас; үшіншісі – тәрбие; төртінші — өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.\r\n\r\nВ.А. Мясищевтің еңбегінде қарым-қатынас белгілі бір жағдайда бір-біріне қатысты немесе бір-біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.\r\n\r\nА.А. Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекетің ерекше түрі, іс-әрекет субъектісі және жеке қасиеттері ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап етеді. Қарым-қатынастың тәрбиедік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, тұлға интеллектісінің дамуына тоқталған. А.А. Бодалев топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузальды атрибуция, ореол эффектісін жатқызды. Қарым-қатынас компоненттері өзгерісінің нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым. пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңғейін анықтайды.\r\n\r\n \r\n\r\nІІ. Бөлімі. Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу\r\n\r\n2.1. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеуәдістері мсн процедуралары.\r\n\r\nЭксперименталды зерттеу жұмысыньщ мақсаты:\r\n\r\nҚарым-қатынаста зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеу.\r\n\r\nЭксперименталды зерттеу жұмысының міндеттері:\r\n
- \r\n
- Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеуге әдістемелерді таңдап алу.
- Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануьш) анықтайтын әдістемелерді жүргізетін студенттер тобымен танысу.
- Зейіннің қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) анықтайтын әдістемелерді таңдалған топтарға жүргізу.
- Таңдалған әдістемелердің көмегімен алынған эксперименттің нәтижелерін талдау, өңдеу.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nЭксперименталды зерттеу жұмысының объектісі:\r\n\r\nҚарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеу. (І-ші курс студенттері). Эксперименталды зерттеу жұмысьшың болжамы:\r\n\r\nҚарым-қатынаста зейін қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы) эффективті түрде орын алғанда қатынас нәтижелі болады.\r\n\r\nҚарым-қатынастың коммуникативті функциясында зейін қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы) эффективті түрде орын алғанда қатынас нәтижелі болады.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының әдістемелері:\r\n
- \r\n
- Зейіннің көлемін зерттеу.
- Зейіннің тұрақтылығын анықтау.(Бурдон кестесі)
- Мюнстерберг әдістемесі.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nӘдістеме 1. Зейіннің көлемін зерттеу.\r\n\r\nЗерттеуді орындау үшін топ парларға бөлінеді. Әрбір зерттеу қатысушылар мен экспериментатордан тұрады.\r\n\r\nСоңғысының функциясы хронометриялық пен сыналушылардың мінез-құлқын бақылаумен қортындыланады.\r\n\r\nТапсырманы орындап болғаннан кейін зерттеуге қатысушылардың рөлдері ауысады. Тапсырманы орындау уақыты екі минут.\r\n\r\nНұсқау:\r\n\r\nСіздердің алдарыңызда тестік кесте, онда 25 ерікті орналасқан сандар. Сіз ол сандарды өсу ретіне қарай аналогиялық жұмыс кестесіне жазуыңыз керек. Уақыт шектелгендіктен жылдам жұмыс жасауға тырысыңыз.\r\n\r\nӘдістеме 2. Зейін тұрақтылығының деңгейін анықтау. \r\n\r\nТәжірибе 1.\r\n\r\nМақсаты: Бурдонньщ корректуралық кестесінің көмегімен зейіннің\r\n\r\nтұрақтылығын анықтау.\r\n\r\nМатериал: Бурдон кестелері.\r\n\r\nТәжірибе жүрісі: тәжірибенің мақсатымен таныстыра отырып, сыналушыларға алдын ала жасалған екі Бурдон кестесі таратылады (пробалық және негізгі тәжірибе үшін).\r\n\r\n \r\n\r\nБурдон кестесі (пробалық тәжірибе үшін).\r\n\r\nГ Х Б П К Ш З П Ю В Р Б Х П А Е Т Д Д Ж С Г Р В Х С Г И К В Р Г М А И Т К О Б Е М Ф О И Ю Ш ЛЗЖ В В П Е П А Ч Н В С Ю Р Х Б Я З Ш И О С В Ч Е Х Т Е С П М Н Н ОЖ Х Ш Н А Е Ч Ж Б Л Ю Ф О В П А К Ч М К Ч З Ш А Ж К Я Д Х И С В П Б Ю П В У Ю Ш А Т X С Г М К Р А Т Ю Д Д Р Г Р Л В Р Г Г А М К Е З О У Б Х Ф П Л Ж Ш Я И С Ю Д Ю Х В Т У Ч П Я И Х Н Л У Т В Б К О Г З М Х Я Я Р Д А Ч Ю Ж С Ф Н П Д С Р К Г А О Ю Д Я\r\n\r\nОдан кейін алда тұрған жұмысты хабарлайды: кестені мұқият қарай отырып, тік сызықпен А, М, К, З әріптерін сызыңыз.\r\n\r\n«Бастадық» деген бұйрықта барлық сыналушылар жұмысқа кіріседі. «Болды»! деген сөзде оны аяқтайды. Пробалық тәжірибе бір минут жүргізіледі. Бұнда сондай-ақ тік сызықпен А, М, К, 3 әріптерін сызып шығу керек. Сондай-ақ сыналушыларға әрбір минуттан кейін «птичка қой»! деген бұйрық болатыны жайлы да ескеру керек. Бұл белгі бүйрық қай әріптің жанында айтылса, сол жерге қойылады. Пробалықтан негізгі тәжірибенің айырмашылығы төрт минут беріледі. 2 және 4 минуттан кейін қосымша тітіркендіргіш енгізіледі. Мысалы метронмен 1 минутта 60-80 қоңырау соғылады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nБурдон кестесі (негізгі тәжірибе үшін)\r\n\r\nАМКЗ\r\n\r\nЮ Т Л Е Ф Г Ж И У П Щ С Ғ Д Е А Т Л Б 3 К И Н С Я В П М О 3 А Г Н Б П С\r\n\r\nВ И О М Ш С Я С Н Л Ч О Ж В М Ф Е Ю З У Х Д Р Т Г К Б И А Н Д К Х У Т Ц Г З Ш Я Н Б Х Ю А В Ч Ю Ф Д П С З И Х П Ч Ж Г О Б Ш Ж С В У АР Л М Т П Б Д К О М В З С Ю Х Н Г Я Ж В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И У Ч Ф Р Т Е З Н Г А Р Х М Ф П У Ю Н К Я З Г Ш В Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б Р Ч М С Д Л О У Ж А Г З Д В Ю Я И Ф М С X У К Ш Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б Р Ч М С З С Х И Г Х Л Я Ч З Д Е Ж О Ф О Н Б Г У Ш Т К Ж М А П И Б Р В Е Н П А К В К Р А М О Ч Р П Д Х И Ю П Ж Ш Г В Ф С З Б ОЯ Ж ХЛ Ю В Е Б Д К Т Ф С У Л П Е З Б У Т Н В С О Ю М Ю П Ж Е Ш Ж Н В Р Т Х С К Л П А Х И Ш Д АГ Ц М Т Р Г Ж М Ж У З Х Д Л П А Е К Б Р Н Ю И Ч Б Ф Я О Г Т Ш С А Д К О Ч Х И Б Ф С Е Н С М Ф Ю О Н Я Я Х Л Р Е А У Д В Ж Т Г Ш В И К Б Л Н П В З Ф А У Р Г О Л К Ю Х У Ш Ю М Н В П С Я С Х Е З Н П Ч О Ж Ф А Ж Н Т Б І С Д В И Р Ч З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П И Ю У Д П Х А Е Н С Ш М Л З Д Ж М П Д Ж У Ш С Е М П Т О Н Ю А В К Б И Ч Р Л Я У Д Ф З Г К О А Н Г Б Н Л П Б З Я Ю Б ОЖ X М У Ф Д Т П А Ч Г 3 С К Е В Р Н Л И Ш И В Т Ф Х Ж Г А Ж М П Г Т К П У Р О И Д Н В Ч У Л С Я Е Х Ф Б З А Ш Ж М Д К О С Ш К Ч Н Л Х Б Н Я О Ч Ш Л Ф Х М С З А Е В П Г Т К И Д Ю Р Б У Ю Р Б У Ю Р И З У Я М Д Т Ф Е К И Г Ю С Х В Я Г С Ж Д Ж Т Е А П Х Б Р В Ю П З Ш А К О Ш Я И Д В А К Н Х Ю Р Х Л У Ж С В Н Ч П Е П В Ж ЗЛ Ш Ю И С Ф М Е Г И Б М Р Б Д К ОМ В З С Ю X Н Г Я Ж В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И Ч Ф Р К И Р Ч З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П ИЮ У Д П Х А Е Н С Ш Т М Л Ч Г З Ш Я Н БХ Ю А В Ч Ю Ф Д П С З И Х П Ч Ж Г О Б Ш З С В У А Р Л М Т Ш Л П Е З Б УТ Н В С О Ю М Ю П Ж Е Ш Ж И В Р Т ХС К Л П А Х И Ш Д А Г\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nӘдістеме 3. Мюнстерберг әдістемесі.\r\n\r\nЭкспериментатор нұсқауды оқып, тапсырманы орындау уақытын белгілейді.\r\n\r\nНұсқау.\r\n\r\nСіздердің алдарыңызда ретімен басылған әріптердің арасында сөздер бар\r\n\r\nсынақ материалы. Осы ұсынылған сынақ материалының ішінен сөздерді\r\n\r\nтауып, астын сызыңыз (әріптер тізбегі орыс алфавиті бойынша берілген).\r\n\r\nМысалы: ПЮКЛБЮСРАДОСТЬУФРНКП\r\n\r\nТапсырманы мүмкіндігінше жылдам орындауға әрекеттеніңіздер.\r\n\r\nСынақ бланкісі\r\n\r\nБ С О Л Т Щ Е Т Р О Ц Р А Й О Н З Г О Ц Ю В О С П Х Э Ы Г Ч А Ф А К Т У Е К Э К З А М Е П Т Р О Ч Я Г Ш Г Ц П Р О Ю Т О Р Щ Р Е Т А Б Е С Т Е О Р И Я Е Н Т Е Д Ж Ж Ь М Х О К К Е Й Ы Х Т Р О Н Ц ЬІ Ф Щ У ЙГ З Х Т Е Л Е В Ю О Р Б О Л Д Ж Ш З Х Ю Э Ж Ш Ь Б П А Л К Т Ы О Г Х Е Ю Ж И Н Д Р Ш Х Э Ш В О С П Р И Я Т Ж Ж Ц У К Е Н Д Ш И З Х Ь В А Ф Ь І А П Р О Л Д Б Л Ю Е О В Ь А Б Ф Ы Р П Л О Е С Л Ж С Ш К Т А І С Л Ь Я Ч С І Ш Т Ь Б А Ю Ж Ю Е Р А Д О С Т Ь В У Ф Ц Н Э Ж Д Л Ж Р И Н А Р О Д Ш Л Д Ж Ь Х Э Г О К У Ы Ф Й Ш Р Е П О Р Т А Ж З Ж Д ОР Л А Ф Ы В Ю Е Ф Ы Д Д К О Ш У Т С З Ж Й Ф Я Ч Ы Ц У Б С К А П Ф Л И Ч Н О С Т Ъ Э Х Ж Э Ь С Ю Д Ш Н Г Л Ь Э П Р П Л А В А Ш Е Д Т Л Э З Б Ь Т Р Л Ш Р Ж Т Ш Р К Ы В К О Д П Я Ъ Ш Л Д К Ц У Й Ф О Т Ч А Я Ш І Е З Ф Р Я Ч А Т Л Д Ж Э Х Т Ь Ф Т А С Е Н Л А Б О Р А Т О Р И Я Г Ш Д Ш Н Р У Ц Г Р Г Ш Щ Т Л О С Н О В А Ш І Е З Ш Р Э М Ъ Т Д И Т А О Н Р И К Г В М С Т Р П С И Х И А Т Р И Я Б П Л Л Е Т Ч Ъ Й Ф Я О Н Т З А Ц Э Ь А Н Т З А Х Т Л И О\r\n\r\n1.2 .Жасөспірім жасындағылардың зейін қасиеттерінің\r\n\r\nерекшеліктсрі\r\n\r\nЗейін жасөспірімдердің оқу үрдісіндегі, қоғамдық жұмыстардағы міндеттердің орындалуына байланысты барлық іс-әрекеттің эффективтілігін жоғарлатады. Зейіннің пәні болып табылатын барлық нәрсе анық қабылданып, меңгеріліп, жақсы есте сақталады. Ол сыртқа бағытталған көрініс сияқты, адамның ішкі жан дүниесіне де бағытталуы мүмкін. Зейін — бұл сананың сол немесе басқа заттарға, көріністерге бағытталуы, шоғырлануы. Атақты педагог К.Д Ушинский зейінді біздің басымыздағы білім қорымызды ашатын есік деп айтқан. Зейін субъективтік және объективтік себептердің бірлігіне негізделген. Осы себептердің әрекетіне байланысты ол еріксіз болуы мүмкін, яғни, адамның саналы, ерікті, бағыттылы ниетінен басқа. Сондай-ақ қызығушылықтың ықпалымен іс-әрекет үрдісінде пайда болатын ырықтыдан кейінгі зейін бар. Сабақтың басында студент әр түрлі кедергілерге қарамастан оқытушыны тыңдауға өзін мәжбүрлеуі мүмкін. Егер сабақ оны қызықтырса, оған ерікті күштеу қажет болмайды. Ерікті зейін еріктіден кейінгі зейінге айналады. Сабақ жүргізудің барысында зейіннің бардық түрінің пайда болғанын қадағалаған жөн. Зейін мүмкіндіктерін сандық түрде сипаттауға болады: адам қаблетті бір уақытта 4-6 әр түрлі объектілерді қабылдайды; толық тұрақтылық 15-20 минут сақталады, 1 секундтың ішінде 3-4 рет зейінді аударуға болады.\r\n\r\nЖасөспірімдерде зейін бағыттылығы олардың болашақ мамандықтарының талаптарына сәйкес дамуы керек.\r\n\r\nСондықтанда зейін мәселесі тұлға мәселесінің аймағына да қатысты -бұл фигураның фоннан жай ғана бөлінуі, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілінің сипаты емес.\r\n\r\nКейінгі мәліметтер бойынша 18-жастан кейін зейіннің дамуында тұрақтылық байқалмай, үздіксіз өзгерістер болып жатады. Зейін функциясының бұл өзгерісі оның әр түрлі қасиеттерінде, көбінесе эволюциондық сипатты иемденеді Зейіннің интелектуалдық және басқада психикалық процестермен байланысы күшейе түседі.\r\n\r\n \r\n\r\nЗейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.\r\n\r\nСтуденттерде зейін дамуының бағыттылығы олардың болашақ мамандығына деген талаптарына сәйкес көрінуі керек. Зейін белсенді, әрі тұлғалық-маңызды іс-әрекеттің нәтижесінде дамиды, А.И. Богословский зерттеген бірінші курс студенттерінің кейбір психикалық сапаларын бірнеше жылдың ішінде әр түрлі әдістемелермен арнайы зерттелген көрсеткіштері бойынша мектептеи студенттер ұжымына көшкен жеткіншектердің зейін ерекшелігіне қарағанда, қызығушылықтары мен дағдылары тез өзгереді. Осы жағдай жоғарғы оқу орнының оқытушыларьга бірінші курс студенттерінің жақсы оқуы үшін қажетті сапаларын қалыптастыруға міндеттейді. Зерттеуде студенттердің зейін диапазонының күштілігі 0,7-10-нан 700-900 шартты бірлікке тең болды (Добрынин әдістемесі бойынша). Сондықтанда студенттер лекцияны тек тыңдап, жазбайды немесе берілген материалдың мәнін түсінбей, барлығын қатарынан жазып алады. Зейінді қалыптастыруда зейінге сияқты оның қасиеттерінің де кәсіби талаптары ескеріледі, Мысалы, оқытушының зейіні жеткілікті түрдегі тұрақтылық, көлем, шоғырланумен сипатталыл, жеңіл ауысып, орналасуы мүмкін. Студенттердің іс-әрекетінде әр түрлі зейін қасиеттері көрінеді: тұрақтылық, көлем, шоғырлану, орналасу, ауыспалық. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды. Мысалы, тұрақтылық пен шоғырлану студентке сыртқы ортадан кедергі болса да үзақ уақыт өз жүмысына шоғырлануға мүмкіндік береді, Ал зейіннің тұрақсыздығы мен алаң болушылығы қабылдаудың анықтығын, нақты есте сақтауды, реакция жылдамдығыи төмендетеді.\r\n\r\nОку іс-әрекетінде студенттердің үлгерімінің нәтижелі болуы үшін олардың лекцияға көңіл қойып, назар аударып отыру керек екендігін оқыту үрдісінде әрбір оқытушы біледі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСондықтан оқытушы оқу іс-әрекетін түрлендіріп, бір түрден екінші түрге ауыстырьш отыру керек. Іс-әрекеттің жаңа түрі студенттердің зейінін оятып, тұрақтандырып отырады. Алғашқы оқу жұмысына үйретуде студенттің зейінін ерекше пәнге шоғырландыру керек. Көптеген жағдайда, оқу іс-әрекеті барысында оқьпушы студенттердің зейінін ұйымдастырып отыруы керек. Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, туйсіну, қабылдау және ол қабылданғандарды еске сақтау үрдісі арқылы жүзеге асады.\r\n\r\nЗейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттің іске асуына басты жағдай ретінде орьшдалады. Н.Мальбранш былай деп жазады:\r\n\r\nИнтеллект зейіні — бұл шынайы шарт соның нәтижесінде біздің ақылымыз жанданады. Бірақ кінәланудың салдарынан интеллект жиі арбауда болады; ол шарт қоя алмайды, сондықтанда зейін салуға қиналады; басында зейіннің жұмысы жоғары, ал нәтижесі қызықсыз, қиял мен құмарлықты үздіксіз ауыстырып, бізді қоздырып және күштеп отырады, ал ақыл болса осы өзара әрекеттер мен соқтығыстарға қай кезде болса да бағынуға дайын. Дегенмен іс қажеттілік пен қортындыланады. Біз ақыл мен басқа да зейіннің жұмыстарын жандандыруға міндеттіміз, ал ақыл мен түсінудің жолдары жоқ. Сенім — біздің адамгершілігімізбен салыстырмай-ақ алынатын құдайдың сыйы. Сенім әрқайсына қатынасы бойынша таза рақым ету болса, түсінудің негізін рақымшылықтың көмегімен табу керек. Сондықтанда мен осы іскерлікке интеллекттің күші деген күдікті ат берсем кешірімді болады. Зейін жұмысын қолдап тұрған интеллекттің арқасында оңалған күшті иемдену үшін осы жұмысқа міндетті түрде кірісу керек. Шынайы жүріс кезінде іскерлікті тек әрекеттің көмегімен иемденіп, оларды тек жаттығу жолымен күшейтуге болады. Бірақ бірден-бір қиыншылық соны бастауда болуы мүмкін. Біз бұл істі бұрын қалай бастаи, қалай аяқтауға мәжбүр болғанымызды еске аламыз да, өзімізді медитацияга қаблетсізбіз деп ақылдан беземіз. Бұндай жағдайда біз уақытша болсада, неге сүйенсекте, өзіміздің жалқаулығымызды ақтай отырып, осы рақымымыздан бас тартамыз. Бірақ зейіннің мұндай жұмысынсыз біз ешқашанда адамгершілік міндеттердің құндылығын, діннің құдіретін және іштегі барлық қиыншылықтарды түсінбейміз. Бұл жұмыстарсыз жан ретсіз болып тұрады, өйткені бізді апара алатын жарықты шынайы түсінудің тәсілі жоқ, біз үнемі қорқыныш және абыржу жағдайында болып, бәрінен қорқатын боламыз, Шын мәнісінде сенім бізді басқарып, қолдап түрады, жоне зейін арқылы жарық береді, сол жарық біздің жанымызды әр түрлі көптеген қорқынышты жаулардан қорғайды. Зейін барлық таным процестерін қолдаушы. Зейін арқылы адам сол сотте оның зейіні бағытталған нәрселерді емес, саналы түйсіну түрінде тек белгілі бір тітіркендіргіштерді ғана қабылдайды. Сондықтан да адам зейінінің шоғырлануын белгілі бір уақыт аралығында бір объектіге және сол объектінің бейнесін толық әрі, нақты қалыптастыру үшін қажеттілікке шоғырландырады.\r\n\r\nЕс процесінде де зейіннің маңызы өте зор. Әсіресе есте сақтауда, еске түсіруде, тану мен ұмытуда. Материалды есте сақтауда адамның зейіні сол уақытта есіне сақтаған материалға бағытталады. Егер адамның зейіні қаңдайда бір нәрсеге шоғырланбаса, онда еске түсіру мен есте сақтау қиын болады. Егер адамға бірдеңені еске түсіру керек болса, онда ол соған бірінші зейінін шоғырландырып, оны сол объектіге ес қажетті деңгейде нақты қалыптаспайынша ұстап тұру керек. Сол кезде адам керек нәрсені зейінінде ұстап тұрса, тану болып жатқаны. Ал, ұмыту қай кезде болады, ол есінде сақталған белгілі бір ақпаратты есіне түсіріп отырмаса, оны практикада қолданбағандықтан болады.\r\n\r\nОйлауда да зейіннің маңызы өте зор. Мысалы, қандайда бір тапсырманы шешу үшін адам өз зейінінде тапсырманың шартын және аралық нәтижелерінің шешімдерін сақтау керек. Осы шарттарды орындамаған жағдайда тапсырманы нәтижелі орындай алмайды.\r\n\r\nСонымен зейіннің бағыттылығы, тұрақтылығы, шоғырлануы, көлемі оқу іс-әрекетінде тек студентке ғана қатысты емес, ол оқытушыға да қатысты. Егер оқытушы оку іс-әрекетін жақсы ұйымдастырса, ол студенттердің зейін қоюына, ойлануына, қабылдауьша, есте сақтауына мүмкіндік туады.\r\n\r\nЛекцияда көңілін басқа нәрсеге бөлмеген, оқытушының сөзін зейін қойып тыңдаған, айтқандарын ойлау арқылы санасына тоқыған студент жақсы үлгереді. Лекцияга белсенді қатысуына қарай, оқытушы өзінің жұмысында студенттердің оқу материалына зейіндерін шоғырландыруы, оқытушы жұмысының нәтижелі болуына жәрдемші болғандығын, материалды жақсы түсіндіруге көмек көрсеткендігін байқайды. Оқуға зейін аудармайтын, дәріске белсенді қатыспайтык студенттер туралы оқытушы жақсы пікірде болмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nСтуденттерде зейін және оның қасиеттерінің қалыптасуы олардың тұлғалыққа, ерікке, еңбек қатынасына бағыттылығының өзара әрекетін болжайды, Ол үшін оларға алдыларында тұрған кәсіби міндетін анықтап алғызу керек. Студенттерде зейін мен зейінділік барлық сабақтарда ұйымшылдық пен дисциплинаны сақтауына байланысты белсенді оқу іс-әрекет процесінде қалыптасады.\r\n\r\nСонымен, зейін студенттердің қоғамдық жұмыстарды, оқу міндеттерін орындауына байланысты барлық іс-әрекеттерінің эффективтілігін жоғарлатады.\r\n\r\nЗейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды.\r\n\r\nАдамның жалпы психикалық жағдайының белгілі бір объектіге бағыгталуы, оны ерекше анық бейнелермен қамтамасыз етуі зейін болып табылады.\r\n\r\nЗейін өзара психологиялық феномен болып табылады, осыған байланысты психологтардың арасында біріңгай пікір жоқ. Бір жағынан психологиялық әдебиеттерде зейіннің маңызы жайлы сұрақтар өзіндік психикалық көрініс сияқты қарастырылады. Сонымен кейбір авторлардың айтуынша зейіннің жеке көрініс ретінде қаралуы мүмкін емес, өйткені зейін сол немесе басқа жағдайда да, кез келген басқа психикалық процесте бола алады, Ал, басқалары керісінше зейінді өз бетінше психикалық процесс ретінде жақтайды. Басқа жағынан, зейінді психикалық көріністің қандай класына жатқызуға болатындығы жайлы келіспеушіліктер бар. Біреулері зейінді -танымдық психикалық процесс деп санаса, басқалары кез келген іс-әрекет танымдық та, зейінсіз де бола алмайды дегенге сүйене отырьш, зейінді ерікпен, адамның іс-әрекетімен салыстырады, ал зейіннің өзі белгілі бір еріктік күштің керінуін талап етеді.\r\n\r\nЗейін — бұл арнайы психикалық процесс. Ол танымдық та, еріктік те болып табылмайды, өйткені біздің санамыздың объектіге бағытталған формасының және онда ұзақ сақталуының жағдайы болып табылады.\r\n\r\nЗейІн — бұл психикалық іс-әрекеттің қандай да бір белгілі нәрсеге бағытталып, шоғырдануы.\r\n\r\nЗейін өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сүрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса, қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.\r\n\r\nӨздерінің көптеген жұмыстарыңда зейінді өзіндік көрініс ретінде емес танымдық психикалық іс-әрекеттің бір жағы сияқты қарастыру советтік әдебиетте әсіресе С.Л. Рубинштейн мен Н.Ф, Добрынинның еңбектерінен көрінді, Добрынинның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады. Ол зейін түжырымдамасына келесідей анықтама береді: зейін — тұлғаның психикалық іс-әрекетінің өзара бағыттылығы мен шоғырлануы болып табылады. Бағыттылықтьт ол іс-әрекеттің тавдамалы сипаты немесе осы таңдамалы іс-әрекеттің сақталуы сияқты түсіндірсе, шоғырлануды — іс-әрекетке терең ену және басқаларына көңіл бөлмеу деп түсіндіреді. Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі, Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді.\r\n\r\nЗейінді пайда болуы жағынан зерттеу біріншіден сананың бірде-бір нақты психологиялық теориясы болып табылады. Алғашқыда зейінді зерттеу дәл осы сананың индивидуалдық мәселелеріне байланысты болды. Жалпы психологияда зейін мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сондықтанда ең бірінші көзге түсетіні бүл зейіннің әр түрлі анықтамаларының көп болуы. Зейінді зерттеуде әр түрлі тәсілдерді қалайда жүйелеуге тырысу үшін зейіннің әр түрлі теорияларын, осы мәселелердің зерттеу тарихын қарастырған жөн.\r\n\r\nӨз уақытында әйгілі психолог Н.Н. Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді:\r\n
- \r\n
- Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
- Зейін сана көлемінің шектеуі,
- Зейін эмоцияның нәтижесі.
- Зейін апперцепцияның нәтижесі,
- Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
- Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.
- Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі,
- Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\nЗейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді.\r\n\r\n У. Джемс зейінді толықтай физиологаялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімдг.\r\n\r\nЗейінді психофизиологиялық зерттеу және оларды талдау.\r\nЗейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі — жүйке\r\n жүйесінің әртүрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіштік дегеніміз —\r\n ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар\r\n деп аталатын анатомиялық және функцияналдық ерекшелік. Ретикулярлық\r\n формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір\r\n импульстерді сиретіп, тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап\r\n жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.\r\n Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозын, тежеліп) тұруының\r\n нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстер\r\n жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б.)\r\n келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші ретикулярлық\r\n формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалым Г.Мэгун, италия ғалымы Моруций импульстардьщ төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысыка әсерін тигізе алатынын дәлелдеп береді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация деп атайды.\r\n\r\nАғзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейіннің формасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.\r\n\r\nШеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жуйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психикаға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар — зейін.\r\n\r\nШеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.\r\n\r\nЗейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі, бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы. Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. И.П. Павловтың пікірінше, зейін қою кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, И.П. Павлов зейіннің физиологиялъгқ негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылысиен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркеңдіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты, Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана беліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысып отырады.\r\n\r\nЗейіннің физиологиялық негізін академик А.А. Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді, Доминант — мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркеңдіргіштерді елемей қалатьш жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады. Бұл теория бойьшша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.\r\n\r\nА.А. Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары арақатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйе тарихының жоқтығы, Ағзаның жұмыс қаблетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал, А.А. Ухтомский құрған еңбек физиологаясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келеді. А.А, Ухтомский доминант психологиясы мен физиологиясының арақатынасын төмендегіше түсінеді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминантадарды тәрбиелейді. Доминанта орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде А.А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И.П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-эксперименталдық жоспармен жақындатып зерттеуші А.С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аударып, жетекші мотивация дейді, ал, П.К. Анохиннің пікірі бойынша доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.\r\n\r\n1926 жылы Л.С. Выготский психологтар үшін доминанта принципінің\r\n бағалығын, психологияның негізгі сұрағына жауап беретінін «қылықтың\r\n бірлігін және тұтастығын білдіреді, реакциялар жиынтығын қылыққа\r\n айналдырады, жаңа химиялық дене сияқты бірқатар жаңа қасиеттер, оның\r\n құрамдас бөліктерінде берілмеген және оның құрамдас бөліктерінде\r\n болған бірқатар қасиеттерін жоғалтады»,-деп тусіндіреді.\r\n Қазіргі кезде А.А. Ухтомскийдің доминантасын жеке психикалық\r\n күйлермен ұштастырмай, бірқатар психология тұжырымдамаларымен,\r\n әсіресе Д. Узнадзенің бағдар теориясымен және В.Н. Мясищевтің\r\n\r\nқатынас теориясын байланыстырған дұрыс.\r\n\r\nДоминантаны белгілі бір биіктікте механизмге әсердің бағыттылығын\r\n қолдау үшін қоздыру имлульстерін және функционалдық күйде біртіндеп\r\n нәзік күшпен көтермелеу қажет. «Олай болмаса доминантта бір жақты әсер\r\n ретінде өзін жояды». Бірақ мұндай өзін-өзі тежеуі — жаңа күйдің\r\n туылуымен ауысады, оның экзальтациясымен таңбалы үрдісте көрінеді\r\n және жасырын күйде сакталады, ол өзекті жағдай болғанда үдемелі түрде\r\n көрінеді, немесе онсыз да ездігінше, тысқары тітіркендіргіштермен\r\n сүйемелденеді.\r\n\r\nЭ.Б.Титченер бойынша зейін адам рухының өз дамуында үш кезеңнен тұрады: бірінші зейін жүйке жүйесіне күшті әсер ететін әр түрлі әсерлермен анықталуы сана орталықтарымен шектеледі; екінші зейін сана орталықтарының жалғасы белгілі қабылдау немесе елес басқалардың уайымының қарама-қайшылығына қарамастан шектеледі. Зейіннің рухани процесі басында қарапайым; одан кейін ол күрделенеді, шоғырлану мен ойластыру жағдайында өте жоғары дәрежедегі күрделілікті иемденеді. Титченер өмірді толықтай қарастыра отырып былай дейді — оқыту мен тәрбиелеу кезеңі зейіннің екінші кезеңі, ал ересектік пен өзіндік іс-әрекеті бірінші зейіндік кезең болып табылады.\r\n\r\nЗейін ол тәуелсіз психикалық процесс емес, адамға қажетті психикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде ілгері басады, сондықтан да сананың кез келген жұмысы белгілі формада сол немесе басқа болмыстың көрінісі ретінде болады,\r\n\r\nМюллер зейінді сол кездегі әсермен байланысты бас ми бөлігіндегі сезімталдықтың уақытша жоғарылауынан көреді.\r\n\r\nЭббингауз зейіннің физиологиялық теориясы жайлы айтады. Ол істі мида жүйке жүйесі тоқтарының белгілі бір нақты жолдары арқылы жаттығулардың ықпалымен жүргізілетін біліммен байланыстырады.\r\n\r\nЗейінді бірден-бір зерттеген француз психологы Т.А. Рибоны айтуға болады. Ол әсіресе өзінің еріксіз зейін теориясын зерттеумек танымал. Т. Рибоның айтуынша зейін екі маңызды әртүрлі формадан түрады: оның біреуі еріксіз, шынайы зейін, ерікті жасанды зейін. Зейіннің екі формасында «тазарухани актіге» жатқызбайды.\r\n\r\nӘйгілі педагог К.Д. Ушинский зейін — сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберін отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, студенттер лектордың айтқанын ұғып білін алады, егер бұл есік жабық болса, онда лектордың айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды.\r\n\r\nП.Я. Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс ретінде елестетуге, зейін феномендерінің өз бетінше өмір сүру формасын табуға мүмкіндік береді. Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық контекстінде дамыды. \r\n\r\nД.Н. Узнадзенін зейін теориясы.\r\n\r\nЗейіннің тағы бір теориясьш Д.Н. Узнадзе және оның шәкірттері дамытты. Осы теорияға сәйкес зейін объективтілік актісімен байланысты, ол адамдардағы ерекшелікті байқай отырып мінез-құлықты екі түрге бөледі. Бір түрін ол импульсивтік деп атады. Бұл мінез-құлық қанағаттануға ешқандай мүмкіндік болмағанда субъект шартындағы қанағаттанушылық қажеттілігімен байланысы, Д.Н. Узнадзе одан басқа адамға ыңғайлысы еріктік мінез-кұлықты бөледі. Міне осы еріктік мінез-құлықты талдауда объективациялық актілердің болуы жайлы көрініс енеді. Сонымен Узнадзе бойынша субъективация актісі дәстүрлі түрде зейін деп аталады.\r\n\r\nФилософ, психолог, Юм Дэвид — болмысты білу міндетін емес, тұрмыстың өмірге басшылық ететін дәрежесін қолдады. Сенім туғызатын білімнің негізгісі — математика объектілері, қалғандары тек қана тәжірибеден туады, дәл түсінген. Тәжірибенің дәлелдейтіні — себеп пен әрекеттің ара-қатынасы.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nГештальтпсихологиядағы зейін мәселесі.\r\n\r\nГештальтпсихологиясындағы зейін мәселесіне келсек, олар зейін болмайды деп тұжырымдады. Шынындада бүл теория зейінді түсінуді керек етпеді және олардың шығарған қортындысы бойынша зейін өзіндік көрініс болып табылмайды. Гештальтгюихология қатынастағы фигуралар мен фондардың арасындағы қозғалыстарды зерттей отырып, зейін болмайды деген қортындыға келді. Сонымен Гешталътпсихология аймағында еріксіз зейін ғана ескерілді (мысалы, мен аудиторияға бір қарағанда бірнәрсе бірінші көрінеді, ал бірнәрсе фон ретінде қызмет атқарады). Бұл менің кейбір перцептивтік белсенділігімнің еріксіз жағы).\r\n\r\nЗейінге ақпараттық тәсіл (Информационный подход к внимания).\r\n\r\nҚазіргі кездегі зейінді зерттеудің өте маңызды бағыттарына тоқталамыз.\r\n\r\nЗейінді қазіргі шетелдік және советтік психологияның ақпараттық тәсіл контекстінде зерттеу жайлы айтылып тұр. Ақпараттық тәсіл аймағында зейін селективтілікнен, ақпаратты іріктеумен байланысады.\r\n\r\nЗейінге ақпараттық тәсіл аймағында қолданылатын маңызды ұғымдарға «мәнді» және «мәнсіз» ақпараттар жатады. Ақпаратты мәнді және мәнсіз деп бөлу ақпараттық тұжырымдама аумағында зейін актісінің маңызды функциясы болып табылады.\r\n\r\nАуыстырып цосцыш пен оны күрделендіру нұсқауларыныц моделі. Осыдан зейін актісіне қатысты. Көптеген әр түрлі схематикалық көріністерді ұсынады. Зейіннің бірінші сызбасы «ауыспалық үлгісі» деп аталады. Осы сызбаға байланысты субъектінің танымдық белсенділігі келесі жағдай бойынша ұйымдастырылған. Адам үшін ақпаратты бір уақытта түсіретін екі канал бар. Мысалы сіздің жаныңызда түрған екі адамның бір уақытга сөйлегенде, солардың әңгімесін қабылдауы болуы мұмкін. Бұл жүйенің бірінші звеносы. Сол немесе басқа ақпарат ОЖЖ белгілі бір бөліктерінде бір уақытта әрекет етеді.\r\n\r\nСондай-ақ «ауыспалық» деп аталатын кейбір гипотетикалық қондырғыларда бар. Бұл қондырғы ақпарат келін түскенде осы екі каналдың сол уақытта қайсысы негізгі болатынын анықтауға арналған. Басқаша айтқанда сол сәтте кімді сіз тыңдасаңыз сол «ауыспалық» жұмысын қамтамасыз етеді.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен зейінді зерттеуде ақпараттық тәсіл жайлы айтқанда біз осы тәсілдің келесі өте маңызды ерекшеліктеріне тоқталамыз.\r\n\r\nБіріншіден, ақпараттық тәсілдің теоретиктеріне ыңғайлы болатын зейіннің кейбір феномендеріне іріктеу жасалады.\r\n\r\nЕкіншіден, зейінді ерікті және еріксіз дәстүрлі түрде бөлу жойылған, яғни ерікті және еріксіз зейін ерекшеліктерінен абстракцияға әмбебап сызбаны ұсынуға талпыныс жасалады.\r\n\r\nҮшіншіден, ақпаратық тәсілді жақтаушылар психологиялық теория принциптерінің техникалық жүйесіне, принциптеріне сәйкес қатаң талаптарды ілгері дамытады. Мұндай талаптар адамның психикасына және оның зейінін техникалық жағдайлармен салыстырғандагы спецификалыққа тән болатынның барлығыя жояды.\r\n\r\nБасқа танымдық процестермен салыстырғанда зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификадық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті агымына себепші болады.\r\n\r\nСондай-ақ зейін — адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін. адамдардың басқа адамдармен қарьш-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі.\r\n\r\nӨзінің құрылымында зейін біржақты психологиялық көрініс болып табылмайды, ол психологияда қасиет немесе осы сана функциясының жағы деп аталатын әртүрлі көріністермен сипатталады.\r\n\r\nЕнді зейіннің қасиеттеріне келсек әдетте, оның тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін және оның белгілі бір нәрсеге аударылуын, зейіннің көлемін, зейіннің шоғырлануын және т.б. ерекшеліктерін айтады. Зейіннін тұрақтылығы дед адамның белгілі бір іске назарын салып, оған ұзақ уақыт берілуін айтады,\r\n\r\nЗейіннің орталық феномені ретінде С.Л. Рубинштейн (1946) психикалық іс-әрекетгің таңдамалылығын, мақсатқа бағытьшығьш, шоғырлануын бөледі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПсихикалық іс-әрекет ретінде зейіннің шоғырлануы зейіннің басқа қасиеттерімен бірлікте болады, және де бірінші кезекте зейіннің көлемі мен шоғырлануын, екінші зейіннің көлемі мен ауыспалыгы.\r\n\r\nСонымен зейіннің шоғырлануы дегеніміз адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологаяда зейіннің келемі адамның бір уақытта оларды қабылдауының зейініне бағытталған объектісінің саны сияқты анықталады.\r\n\r\nКөлем мен шоғырланудың функционалдық өзара қатынасының сипаты ете күрделі больш келеді. Зейін полясының объектілері бір-бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарлауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғырлануын бір әрекет объектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды.\r\n\r\nӘрекет объектісі мен әрекеттің өзі езгеруі мүмкін, ал іс — әрекеттің\r\n жалпы бағыты сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа ерекшелігі зейін\r\n тұрақтылығы мен шоғырлануының өзара байланысы болып табылады.\r\n «Зейіннің тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын, яғни оның\r\n уақытша экстенсивтілігінің ұзақтығымен анықталады».\r\n\r\nЗейіннің түрақтылығы дегеніміз жеткілікті мөлшерде ұзақ уақыт немесе\r\n үнемі бір деңгейде көрінетін сақталу ағымы. Егер адамның зейіні тұрақты\r\n болса, онда олар ұзақ уақыт бойы өзінің жұмысқа деген қабілетін сақтап,\r\n қате жібермес еді. Зейіннің ауыспалылығы мен тұрақтылығы, орналасуы\r\n белгілі бір деңгейде зейіннің көлемін анықтайды.\r\n\r\n Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс — әрекет процесінде бір — бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның\r\n\r\nиндивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПсихологаидық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс — әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді. Студенттер зейінінің ерекшеліктерін зерттеуге арналган мәселелерді А.П.Кашина (1977), В.А.Маликованың (1979) зерттеулерінен байқауға болады.\r\n\r\nҚорыта келгенде зейіннің зерттеуімен байланысты теориялық сұрақтарды көптеген щетелдік және советтік авторлар өзінше қарастырды. Ендеше, осы теориялардан психодогияның көптеген салаларында зейін маңызының өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысының да зор екенін байқауға болады.\r\n\r\n1.3. Жасөспірім жасындағылардың қарьш-қатынаста зейін\r\n\r\nқаеиеттерінің ерекшеліктері.\r\n\r\n Біздің тақырыбымыз адамзат психикасындағы зейін көрінісімен, сондай-ақ, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасьшдағы оның рөлін зерттеумен байланысты.\r\n\r\nЗейін өздігінен жеке-дара пеихикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Өздігінен және сыртқы бақылаулар бойынша зейін кез келген психикалық іс-әрекетке бағыттылық, шоғырлану, сондай-ақ осы іс-әрекеттің тек бір жағы немесе қасиеті сияқты ашылады. Зейін әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын бағытын көрсетеді. Зейіннің өзіндік жеке продуктісі болмайды. Кез келген іс-әрекеттің жақсаруы зейіннің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Осы продуктінің сипаты сәйкес келетін функцияның басты дәлелі ретінде қызмет атқарады. Зейінде осындай өнімнің болмауы зейіннің психикалық іс-әрекеттің жеке формасына қарсы екендігі жайлы айтылады.\r\n\r\nІс-әрекеттің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамның өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЗейіннің негізгі қызметі таным процестерінің таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.\r\n\r\nП.Я. Гальпериннің дәлелдеуінше адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.\r\n\r\nБір қарағанда іс-әрекет ұғымын зейін сияқты спецификалық үрдіске қолдану қиын. Бірақ шындап келсе ол олай емес.\r\n\r\nБіріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғаргы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейің актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу, жайлы белгілі көріністері болады. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт кез аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, үнемі еріксіз болады. Мысалы, сіз метрода кетіп бара жатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден кез алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі — не ашулану, не түсінбеушідік болады. Неге? Өйткені адамньщ басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмауы жоспарына қатысты саналы қалыптасатын, тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар. Зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғы шарты болып табылады. Дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады.\r\n\r\n Бұны қалай түсінуте болады? Яғни, біз күнделікті әңгімеде адамдар арасындағы қатынасты жиі бейнелейміз, әсіресе зейін терминіне қатысты алғашқыны. Ол біреуге зейінін «аударады» немесе «аудармайды». Бүл қатынас формасының бірден-бір алғашқы формасы. Немесе керісінше, «езіне зейін аудару» немесе «аудармау» — бүл да белгілі бір тұлғалық позицияның сипаттамасы. Біреулер мынандай норманы ұстанады, яғни өзіне шамадан тыс зейін аудару жақсы емес, ал басқалары керісінше ойлайды, яғни айналадағы адамдардың зейінін өзіне кез келген құлдылықпен аударуға тырысу керек — киіммен, мініз-құлқымен т.б. Демек, зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.\r\n\r\nАдамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа адамдармен әдеттегі қарым-қатынас тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.\r\n\r\nЗейін — адамның әртүрлі сенсорлық акпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі.\r\n\r\nЗейінеіздікте басқа субъект өте сирек сол адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамыың өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады.\r\n\r\nҚорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс — әрекет түріндегі қарым -қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы бодып табылады, Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау.\r\n\r\n Зейін көлемінің деңгейін зерттеу әдістемесін талдау.\r\n\r\nТапсырманы орындан болғаннан кейін нәтиже тексеру кестесі арқылы салыстырылады. Егер сіз белгілі бір уақытта 18 немесе оданда көп санды дұрыс қойсаңыз, онда сіздің зейін келеміңіздің деңгейі нәтижелі іс-әрекетті орындауға жеткілікті, жақсы, 15-17 сан болса, сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі қалыпты. 12-14 сан — сіздің зейін көлеміңіздің деңгейі орташа, яғни оны жаттықтырудың мәні бар, 11 немесе оданда аз — сізге міндетті түрде зейініңіздің көлемін жаттықтырумен айналысу керек.\r\n\r\nТексеру кестесі\r\n\r\n \r\n
2 | 7 | 8 | 13 | 16 |
18 | 21 | 29 | 34 | 35 |
38 | 40 | 43 | 46 | 54 |
56 | 60 | 65 | 67 | 77 |
80 | 84 | 92 | 98 | 99 |
\r\nҚарым-қатынасты зейін қасиеттерінің деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмысының нәтижесін жеке-жеке көрсетейік.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін көлемінің деңтейі сыналушылардың 97%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 40%-де орташа көрсеткішті көрсетті.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін көлемінің деңгейі сыналушылардың 61%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 16%-де орташа көрсеткішті көрсетті, 15%-де жақсы көрсеткішті, ал 8%-де жоғарғы көрсеткішті көрсетті.\r\n\r\nЕреже бойынша белгілі бір уақытта 18 немесе оданда көп санды дұрыс қойса, сыналушының зейін көлемінің деңгейі нәтижелі іс-әрекетті орындауға жеткілікті деп танылады, жақсы. 15-17 сан болса, зейін көлемінің деңгейі қалыпты. 12-14- сан — зейін көлемінің деңгейі орташа, яғни оны жаттықтырудың мәні бар. 11 немесе оданда төмен болса -сыналушылар міндетті түрде зейінінің келемін жаттықтыруы тиіс. Көрнекілік үшін алынған мәліметтерді кесте арқылы көрсетеміз.\r\n\r\n Кесте 1. Бірінші жарты оқу жылында зейін келемінің деңгейлері\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n
Зейін көлемінің деңгейлері | Психология мамандығы бойынша | Шет тілдері мамандығы бойынша | ||
Сыналушылар саны | % | Сыналушылар саны | % | |
Жоғары | ||||
Жақсы | ||||
Орташа | 1 | 7 | ||
Төмен | 15 | 100 | 11 | 93 |
Барлығы: | 15 | 15 |
\r\nКесте 2. Екінші –ші жарты оқу жылындағы зейін көлемінің деңгейлері\r\n\r\n \r\n
Зейін көлемінің деңгейлері | Психология мамандығы бойынша | Тарих мамандығы бойынша | ||
Сыналушылар саны | % | Сыналушылар саны | % | |
Жоғары | 9 | 36 | ||
Жақсы | 1 | 3 | ||
Орташа | 2 | 8 | 3 | 10 |
Төмен | 14 | 56 | 27 | 87 |
Барлығы: | 25 | 31 |
\r\nСонымен, эксперимент барысында әр түрлі мамандықтагы 1-ші курс студенттерінің қарым-қатынаста зейін көлемінің деңгейлерін анықтадық. Зейін көлемін зерттеуден алынган мәліметтер Стюденттің корреляциондық коэффицентінің көмегі арқылы көрнекті түрде өңделді. Осы өңдеудің нәтижесінде мынандай ес құрылды:\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП≈1.01 tкрит=2.048 tкрит=2.763 \r\n\r\n \r\n\r\nЖасөспірімдердің зейін көлемінің көрсеткіштер\r\n\r\n \r\n
Сыналушылар\r\n\r\n | Алынған нәтижелер | Сыналушылар | Алынған нәтижелер |
1 | 8 | 1 | 12 |
2 | 10 | 2 | 10 |
3 | 10 | 3 | 9 |
4 | 10 | 4 | 9 |
5 | 11 | 5 | 11 |
6 | 6 | 6 | 9 |
7 | 6 | 7 | 12 |
8 | 10 | 8 | 10 |
9 | 10 | 9 | 10 |
10 | 12 | 10 | 10 |
31 | 10 | 11 | 9 |
12 | 10 | 12 | 7 |
13 | 10 | 13 | 7 |
14 | 8 | 14 | 10 |
15 | 6 | 15 | 9 |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКесте 4.\r\n\r\nЖасөспірімдердің 2007 жылғы 2-ші оқу жылының жартысында көрсеткен зейін көлемінің көрсеткіштері \r\n\r\n \r\n
№ | Сыналушылар | Жаттығуға дей. көрсеткіш | Жаттығудан кей. көрсеткіш |
1 | И.Р. | 12 | 15 |
2 | к.н. | 10 | 25 |
3 | М.А. | о\r\n\r\n7 | 10 |
4 | У.А. | 9 | 10 |
5 | А.Д. | 11 | 11 |
6 | К.И. | 9 | 10 |
7 | К.Ә | 12 | 15 |
8 | Ж.А. | 10 | 15 |
9 | Е.Ж. | 10 | 12 |
10 | А.А. | 10 | 10 |
11 | Н.Д. | 9 | 15 |
12 | А.Б. | 7 | 15 |
13 | К.Ж. | 7 | 18 |
14 | Е.Д. | 10 | 10 |
15 | Т.С | 9 | 10 |
16 | Е.Н. | 10 | 19 |
17 | К.А. | 15 | 25 |
18 | А.А. | 10 | 15 |
19 | Ә.И. | 8 | 15 |
20 | н.м. | 8 | 13 |
21 | Ж.А. | 9 | 13 |
22 | О.А. | 10 | 13 |
23 | Ә.А. | 10 | 13 |
24 | А.М. | 9 | 13 |
25 | Н.М. | 9 | 10 |
26 | Т.Ә | 9 | 15 |
27 | Ж.В | 9 | 14 |
28 | А.Л. | 12 | 18 |
29\r\n\r\n_ | Қ.Б. | 8 | 11 |
30 | Б.Н. | 8 | 13 |
31 | А.А | 8 | 11 |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды: Зейін көлемнің нәтижелері жаттығуға зейін көрсеткіш пен\r\n\r\nжаттығудан кейінгі көрсеткіш бойынша айырмашылық ақиқат болатынын\r\n\r\nдәлелдеу үшін еіатиетикалық әдіс қолданылды. Стюдент критериі\r\n\r\nболжамның дұрыстығын көрсетті.\r\n\r\ntЭМП=-2.2;\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП={2,000(P<0.05)/2.600(P<0.01)}\r\n\r\nБіздің алып отырған эмпирикалық мәніміз критикалық мәннен кіші болды, оны мына құрылған өстен көруге болады.\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП≈-2,2 tкрит=2.000 tкрит=2.600\r\n\r\n tкрит≥tЭ \r\n\r\n \r\n\r\nЗейіннің шоғырлануын анықтауға арналған әдістеме.\r\n\r\nБұл зерттеуде зейіннің шоғырлану деңгейінің керсеткіші тапсырманы орындау уақыты мен жіберілген қателер саны және сөздсрдің астын сызуда, іздестіруде қалып қалған сөздер болып табылады, Бұл тестте не бәрі 25 сөз берілген:\r\n
- \r\n
- Солнце 2. Район 3. Новость 4. Факт 5. Экзамен
- Прокурор 7. Теория 8. Хоккей 9. Трон 10. Телевизор
\r\n
\r\n
\r\n11.Память 12. Восприятие 13. Любовь 14. Спектакль 15. Радость 16. Народ 17. Репортаж 18. Конкурс 19, Личность 20. Плавание 21.Комедия 22. Отчаяние 23. Лаборато- 24. Основание 25. Психиатрия\r\n\r\nрия\r\n\r\nНәтижелер 10-шы кестенің көмегімсн бағаланады, Балдарды сөздерді. іздеуге кетірген уақытқа байланысты есептейді. Әр бір қалып қалған сөзге бір балдан төмендейді. Балдар (10-шы кесте) зейіннің шоғырлану деңгейін сандық түрде құруға мүмкіндік береді.\r\n\r\nЕгер сыналушының көрсеткіші 0-ден 3 балға дейін болса, онда тәжірибе барысында бақылау мен есептеудің нэтижесінде зейіннің шоғырлану деңгейінің төмен болуының себебін анықтау керек. Төмен болуының себебі: шектен тыс эмоционалдық уайым, сыртқы кедергілер, сыннан өтугс іштей ниетінің болмауы және т.б.\r\n\r\nЗейіннің шоғырлану деңгейінің өте жоғары болуы — бұл адамның феноменалды психикалық белсенділігін білдіреді.\r\n\r\nКөп жағдайда қалып қалған және асты сызылған сөздердің сыналушының жеке тәжірибееі мен іс-әрекетіне байланысы бар.\r\n\r\nЗейіннің шоғырлануы жаттықтыруды қажет етеді. Осы тесттің нәтижесін жақсарту үшін жаттығулар ұсынуға болады,\r\n\r\n2007 жылғы 1-ші оқу жылының жартысында зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін шоғырлануының деңгейі сыналушылардың 53%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 47%-де орташа көрсеткішті керсетті.\r\n\r\n2007 жылғь 2-ші оқу жылының жартысындағы зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша зейін шоғырлануының деңгейі сыналушылардың 63%-де төменгі көрсеткішті көрсетсе, 38%-де орташа көрсеткішті көрсетті Көрнекілік үшін алынған мәліметтерді кесте арқылы көрсетеміз.\r\n\r\nКесте 9. Зейін шоғырлануының деңгейлері\r\n\r\n \r\n
Зейін\r\n\r\nшоғырлануының\r\n\r\nдеңгейлері | Психология мамандығы бойынша | Шет тілдері мамандығы бойынша | ||
Сыналушылар\r\n\r\nсаны | % | Сыналушылар саны | % | |
Жоғары | ||||
Жақсы | ||||
Орташа | 9 | 60 | 5 | 33 |
Төмен | 6 | 40 | 11 | 73 |
Барлығы: | 15 | 15 |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКесте10. Зейін шоғырлануының деңгейлері\r\n\r\n \r\n
Зейін\r\n\r\nшоғырлануының\r\n\r\nдеңгейлері | Психология мамандығы бойынша | Тарих мамандығы бойынша | ||
Сыналушылар саны | % | Сыналушылар саны | % | |
Жоғары | ||||
Жақсы | ||||
Орташа | 14 | 56 | 7 | 23 |
Төмен | 11 | 44 | 22 | 77 |
Барлығы: | 25 | 31 |
\r\nСонымен, эксперимент барысында әр түрлі мамандықтағы 1-ші курс студенттерінің қарым-қатынаста зейін шоғырлануының деңгейдерін анықтадық. Зейін шоғырлануын зерттеуден алынған мәліметтср Стюденттің корреляциондық коэффицентінің көмегі арқылы көрнекті түрде өңделді.\r\n\r\nОсы өңдеудің нәтижесінде мынандай ес құрылды:\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП≈-2,2 tкрит=2.000 tкрит=2.600\r\n\r\n tкрит≥tЭМ\r\n\r\n \r\n\r\nСондай-ақ, 2006-шы оқу жылында зерттелген шет тілдері мамандығы мен 2007-ші оқу жылының басында зерттелген тарих мамандығындағы сыналушыларының зейін шоғырлануын зерттеудің нәтижесіне көз жеткізу арқылы дамытушылық жаттығуларды ұсынуға мүмкіндік алдық.\r\n\r\n \r\n\r\nЖасөспірімдердің 2007 жылғы зсйін шоғырлануының керсеткіштсрі. \r\n\r\nКесте 11.\r\n\r\n \r\n
Сыналушылар 1-топ | Алынған нәтижелер | Сыналушылар 2-топ | Алынған нәтижелер |
1 | 4 | 1 | 3 |
2 | 5 | 2 | 3 |
-5\r\n\r\n3 | 1\r\n\r\n | 3 | 0 |
4 | 3 | 4 | 0 |
5 | 3 | 5 | 2 |
6 | 3 | 6 | 5 |
7 | 0 | 7 | 4 |
8 | 4 | 8 | 5 |
9 | 6 | 9 | 3 |
10 | 0 | 10 | 2 |
11 | 3 | 11 | 1 |
12 | 6 | 12 | 2 |
13 | 2 | 13 | 3 |
14 | 3 | 14 | 4 |
15 | 3 | 15 | 5 |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЖасөспірімдердің зейіннің шоғырлану деңгейінің\r\n\r\nкөрссткіштері \r\n\r\nКесте 12\r\n\r\n \r\n
№ | Сыналушылар | Жаттығуға дей. көрсеткіш | Жаттыгудан кей. көрсеткіш |
1 | И.Р. | 3 | 3 |
2 | К.Н. | 3 | 4 |
3 | М.А. | 0 | 2 |
4 | У.А. | 0 | 1 |
5 | А.Д. | 2 | 5 |
6 | К.И. | 5 | 5 |
7 | К.Ә | 4 | 5 |
8 | Ж.А. | 5 | 6 |
9 | Е.Ж. | 3 | 5 |
10 | А.А. | 2 | 4 |
11 | Н.Д. | 1 | 2 |
12 | А.Б. | 2 | 3 |
13 | К.Ж. | 3 | 5 |
14 | Е.Д. | 1 | 4 |
15 | Т.С. | 4 | 4 |
16 | Е.Н. | 5 | 5 |
17 | К.А. | 4 | 5 |
18 | А.А. | 3 | 4 |
19 | Ә.И. | 3 | |
20 | Н.М | 0 | 2 |
21 | Ж.А. | 1 | 2 |
22 | О.А. | 2 | 4 |
23 | Ә.А. | 3 | 3 |
24 | А.М. | 1 | 2 |
25 | Н.М. | 2 | 4 |
26 | К.Ә. | 4 | 6 |
27 | Ж.В. | 0 | 3 |
28 | А.Л. | 3 | 4 |
29 | Қ.Б. | 1 | 3 |
30 | Б.Н. | 1 | 3 |
31 | А.А | 2 |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды: Зейін шоғырлануының нәтижелері жаттығуға дейінгі көрсеткіш пен жаттығудан кейінгі көрсеткіш бойынша айырмашылық ақиқат болатынын дәлелдеу үшін статистикалық әдіс қолданылды. Стюдент критериі болжамның дұрыстығын көрсетті.\r\n\r\ntЭМП=-5;\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП={2,000(P<0.05)/2.600(P<0.01)}\r\n\r\nБіздің алып отырған эмпирикалық мәніміз критикалық мәннен кіші болды, оны мына құрылған өстен көруге болады.\r\n\r\n \r\n\r\ntЭМП≈-5 tкрит=2.000 tкрит=2.600\r\n\r\n tкрит≥tЭМ\r\n\r\n \r\n\r\nЖасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін дамытатын\r\n\r\nтәсілдері\r\n\r\nПсихологиялық жаттығулар, ойындар (тренинг) адамдар арасындағы қарым-қатынасты, таным процестерін, қасиеттерді корреляциялауда пайдаланылады.\r\n\r\nТренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділігін туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға байқағыштықты дамытуға жол ашады, Треннингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез келген іс-әрекеттерін игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоциялыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады. Мұнда ең алдымен өткізудің тәртіптері жасалады.\r\n
- \r\n
- Әрбір жаттығудың жағымды эмоциялық фонда жүргізілуін\r\n қамтамасыз ету керек.
- 2. Қатысушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік беру керек\r\n Зейінді дамытудың дұрыс жолы — ол өзіңді түрлі жағдайларда жұмыс
\r\n
\r\n
\r\nістей білуге үйрету. Жалпы зейінді аудару үш жолмен жүреді.\r\n
- \r\n
- Объектіден объектіге зейінді тез аудару қаблеті
- Маңызды объектіні бөліп қабылдау
- Оптималды маршрутты қабылдауды таңдау қабілеті
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nСондықтанда біз қарым-қатынаста зейіннің қасиеттерін дамыту мақсатында әр түрлі психотехникалық жаттығулар жүргіземіз.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n«Шыбын» жаттығуы.\r\n\r\n«Шыбын» жаттьтғуы топ бойынша орыңдалады. 3×3 мөлшерлі у торды ойша. Сызу керек. Шыбын ортаңғы торда орналасқан, Ойынға қатысушылар кезек — кезек шыбьшға «Жоғары!» «Төмен!» «Онға!» Солға!» деп бұйрық беріп, көрші торға қозғалтады, Ойынға қатысушылар «шыбынның ойын алаңьшан шығьш кетпеуін бақылап отыруы керек, Егер біреу «шыбынның» ойын алаңынан шығып кеткенін білсе, «Тоқта» деп. бұйрық беріп шыбынды ортаңғы торға әкеліп, ойынды қайтадан бастайды. Ойын алаңына басқа конфигурация беріп, ойынды күрделендірсе болады. Тіпті екі шыбынды алма кезек қозғалуға болады.\r\n\r\n«Адасқан әңгімеші» жаттығуы.\r\n\r\n«Адасқан әңгімсші» жаттығуында ойыншылар дөңгелене отырады, Бастаушы әңгімс тақырыбын белгілейді. Бір ойыншы сол тақырыпта әңгіме айта бастайды да, тақыртыпты ауыстырып жібереді. Ол бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысып отырып, өзінің әңгімесін мейлінше матастыруға тырысады. Одан кейін әңгімеші қимылмен сөзді келесі ойыншыға береді. Әңгімені кез келген ойыншы өрбіте алатындықтан ойынның барысын барлығы бақылап отырады. Таңдау кімге түсті сол әңгімені шиеленстіруі керек. Сонымен бірге айтылған әңгіме бойынша ассоциативтік шытырман оқиғаларға аяғынан, басына қарай қысқаша шолу жасап өтуі керек. Ол бастаушының бастапқы сөзіне қайта оралады. Содан кейін өзі әңгімені «шиеленістіреді», Бұл ассоциативтік қатар ұзара беретіндіктен зейіннің жұмысы күрделене береді, психикалық жаттығуда эффективті.\r\n\r\n«Артық зейін» жаттығуы.\r\n\r\nҚатысушылар екі топқа бөлінеді; «кедергі жасаушылар» және «зейінділер» тобы. «Зейінділерді» жүргізуші зал периметрімен ортаға\r\n\r\nбетімсн қаратып және ерекше белгілер алады (қол таңба, галстук т.б.).\r\n\r\nӘрқайсысына нұсқау беріледі: сіздің міндетіңіз — қандайда бір ішкі жұмысқа шоғырланған және қоршағандарды ескермейтін (жүргізуші бейне көрсетеді, ештеңеге назар аудармайтын адамның кейпінде) актердің рөліне енетін адам болып көрсету керек. Сол рөлде толық еніп, көзің ашық күйде және құлақты жаппай: басқалардың не істеп жатқандарын ескермейді.\r\n\r\nСіздерге жеңілдету үшін қызық кино немесе өте қауіпті саяхатта жүргендей сезініңіздер. Өз рөліңізде бір ізді болыңыз. Жаттығу аяқталғаннан кейін («тоқта» деген команда берілгеннен) және сізді сұрастырса, басқаларды сендіретіндей, шынында да өз ойыңызға беріліп ештеңені көргенде, естігенде жоқсыз. Түсінікті ме? «Кедергі жасайтындар жаттығу кезінде тапсырма, алады. Дайынсыз ба? Бастадық! Жаттығу 5-15 мин, Созылады. Осы уақыт аралығында жүргізуші «кедергі жасаушылармен бірге бірнеше провокациялық әрекеттер ұйымдастырады. Олар лозунгілер айтады, ұрандар, сценалар ойнайды, анегдоттар айтып, залдан кетуді» немесе жануарларды көрсетеді, «зейінділерден» қайыр сұрайды және т.с.с, Дегенмен жүргізуші «кедергі жасаушылардың» әрекеттері. эффективті болын кетпеуін қадағалайды. Ол «зейінділерге» тигізбеуге жәнс өте қиын жағдайда өз ролдерінде қалуға көмектеседі. Содан кейін «тоқта» деген команда беріледі, талқылау басталады. Жаттығуды қалыптасқан топта, творчествалық әуестенушілік жағдайында ғана пайдаланады.\r\n\r\nЗейіннің шоғырлануына арналған ойындар\r\n\r\nЖаттықтырушы белгілі бір математикалық амалды айтады: алу. қосу, көбейту, бөлу, дәрсжелеу немесе түбірден шығару. Қатысушылар саусақтарымен жауап беру керек. Мысалы, жаттықтырушы былай деп айтады: «Он екінің көбейтіндісі». Қатысушылардың әр біреуі сол қолдарының 3 саусақтарын және оң қолдарының 4 саусақтарын көрсетеді (сондай-ақ, бұл жағдайда керісінше де болады), 3 пен 4 көбейтіндісі деседе болады, яғни жаттықтырушының айтқан саны. Солайша жаттықтырушы ойынды ары қарай жалғастыра береді. Ол былай дейді 625-тің дәрежесін табу. Қатысушылар сол қолдарының 5 саусақтарын және оң қолдарының 4 саусақтарын керсетеді. 5-тің төрі дәрежесі бізге 625-ті береді. Егер жаттықтырушының айтқан санын саусақпен көрсету мүмкін болмаса (мысалы, жаттықтырушы айтады: «17, алу»), онда топ хормсн «қате» деп жауап береді. Содан кейін тапсырма меңгеріліп, көпшілік қатысушылар да жақсы орындала бастағанда ережені күрделендіруге болады. Енді жаттықтырушы амалды айтпай тек жай санды ғана айтады. Егер саусақтармен көрсеткен сандардың арасында «+» таңбасы болу керек болса, онда қолдарын төмен түсіреді, егер «2», онда жоғары, егер кебейтсе, қолдары алдыға, ал бөлсе, онда орнынан тұрып, қолдарын алдыға ұстайды, егер дәрежелесе, тұрып, қолдарын төмен түсіреді, ал, түбірден шығарса, онда тұрып, қолдарын жоғары көтереді. Барлық жаттығулар 5-6 минутқа созылады.\r\n\r\nҚатысушылар шеңбер құра отырып орналасады. олардың біреуі санап, айта бастайды: «Бір», оның қасыкдағы алфавиттің бірінші әріпін айтады: «А». Одан кейін отырған: «Екі» десе, ал, келесі қатысушы — «Б» деп және т.б. барлық тақ ойыншылар сандарды рет-ретімен айтады, ал барлық жұптағы қатысушылар — әріптерді алфавит бойынша айтады. Ойыншыларға жылдам әрекеттенуді, одан да жылдамдатуды ұсыныңыз. Ойынды күрделендіріңіз. Бірінші ойыншы 1 десе, екінші А десін, үшінші 100 десс, төртінші Я десін, бесінші 2, алтыншы Б, жетінші 99, ал, сегізінші сіз ойлағандай Ю деп айтсын.\r\n\r\nТолқындарды әр түрлі жаққа жіберу арқылы ойыңды одан да күрделендіруге болады. Ойында бастаушы барлық сандарды және алфавиттегі әріптерді өсу ретіне қарай айтып шықсын, ал, келесі қатысушы әріптерді 100-ден бастап және алфавитгегі әріптерді Я-дан бастап керісінше айтып шықсын. Ойынды қатысушыларда барлығы жақсы орындала бастаған сәттен бастап тоқтатыңыз.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\nБіздің зерттеу жұмысымыз адамзат психикасыңдағы зейін көрінісімен, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы сол зейін қасиеттерінің\r\n\r\nрөлін зерттеуге арналған.\r\n\r\nӘлеуметтік психология мен жалпы психология аумағында қарым-қатынас\r\n\r\nжәне зейін мәселелері жан-жақты қаралады.\r\n\r\nА.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі психодог И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды. Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.\r\n\r\nВ, Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған. Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Осы көптеген ғалымдардың теорияларына талдау жасай отырып қарым -қатынас механизмдерін, қарым — қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз, сондай-ақ, зейіннің де психологияның көптеген салаларында маңызы өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысының зор екенін байқауға болады. Зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.\r\n\r\nЗейін адамдардың барлық іс — әрекет түріндегі қарым — қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.\r\n\r\nҚарым—қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жсткізуде де зейіннің маңызы өте зор екендігі анықталды. Сондай-ақ зерттеу жұмысымызда жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін дамытуға тәсілдер қолданылып, эксперименталдық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2006-шы оқу жылындағы және 2007-ші оқу жылының басындағы эксперименттің барысында әр түрлі мамандықтағы 1 -ші курс студенттерінің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтадық, 2006-шы оқу жылында зерттелген шет тілдері мамандығы мен 2007-ші оқу жылының басында зерттелген тарих мамандығындағы сыналушыларының зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижесіне көз жеткізу арқылы дамытушылық жаттығуларды ұсынуға мүмкіндік алдық. 2007 жылдың басында және аяғында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері салыстырылып, көрнекі түрде гистограммаға салынды. Эксперименталды зерттеу жұмысында зейіннің қасиеттеріне құрастырылған әдістемелердің нәтижелері Стьюденттің корреляциондық коэффицентінің көмегімен өңделіп, аралық зонаға орналастырылды. Осылай нақты статистикалық математикалық есептеулермен дәлелденіп, кестелер, гистограммалармен көрнекті бейнеленді. Қарым-қатынаста зейін қасиеттерін арнайы тиімді жаттығулармен жаттықтырғанда және арнайы психологиялық коррекция тәсілдерін қолдану барысындағы көрсеткіштермен салыстырғанда айырмашылықтары көрінді. Сонымен қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеудің нәтижесінде ғылыми-теориялық негізделген жұмыстың құндылығы дәлелденді.\r\n\r\nЗерттеу жұмысымыздың барысында алдымызға қойған мақсат-міндеттсріміз орындалып, болжамдарымыз дәлелденді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер тізімі:\r\n
- \r\n
- Леонтьев А.А. Психология общения М.: 2005. с. 46-67, 159-199,
- Бодалев А.А. Личность и общение М.: Педагогика1983. с. 21-54.
- Возчиков В.А, Общение и коммуникация НИЦ БиГПИ с.18-31.
- Станкин М.И, Психология общения Воронеж: 2000. с. 304-310.
- Андреева Г.М. Социальная психология М.: Аспект Пресс с. 71-84.
- Отв. Ред. Ломов Б.Ф. Психологическое исследования общения М,:Наука1988.с. 10-13.
- Бодалев А.А. Проблемы общения в психологии // Психол. журн. 1983. Т4.№1.сЛ60-165.
- Буева П.П. Человек: деятельность и общение М.: 1978. с. 276-281.
- Ерастов НЛХ Психология общения Ярославль: 1979. с,5-8,
- Борисова А.А. Проницальность как проблема психологии общения// Вопросы психологии 1990, №4. с.117-122-
- Кагап М.С. Мир общевия М.: 1988. с. 141 -156.
- Елеусізова С, Қарым-қатынас психологиясы. Алматы: 1995.
- Хрестоматия по вниманию / Под.ред. А.Н.Леонтьева, А.АЛузырея и др.) МГУ.: 1976, е.7-60.
- 14. Немов Р.С. Психология Словарь-справочник. В 2 ч. — М.: Владос-\r\n Преес: 2003, ч.І, с.304-308.
- Немов Р.С. Психология М.: Просвещение 1990. с.125-132.
- Вопросы психологии вниания Выпуск V. Саратов 1973.
- Вопросы психологии вниания Выпуск VI. Саратов 1974.
- Вопросы психологии вниания Выпуск VIII, Саратов 1976.
- Вопросы психолоши вниания Выпуск IX. Саратов 1977.
- Вопросы психологии вниания Выпуск XIII, Саратов 1973,
- Джемс У. Психология М.: Педагогика 1991. с.119-140.
- Страхов И.В, Психология внимания Саратов: 1968.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Намазбаева Ж.И. Жаллы психология. Алматы: 2006. 218-2276.
- Мұқанов М.М, Зейінді тәрбиелеу Алматы: 1960. с.25-31.
- Психология познавательных процсссов Самара; 1992. е.
- Психология внимания и мышления Саратов: 1980. е.23-45,
- Столяренко Л.Д. Основы психологии Ростов-на-Дону: Феникс 2005. сс.150-156, 639-640.
- Стежярснко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Ростов-на-Дону: Феникс 2003, с,42-47,
- Психологаческие процессы и общение // Методологические проблемы социальной психологии М,:197с.58-63
- Проблемы общения и воспитание Тарту:1974. с. 113-125.
- Кольцова В.А, Общения и познавательные процессы // Познание и общение М.: 19 8 8.
- «Аманжоловские чтения-2005» матер.междунар.: научно практич.конф. Устъ-Каменогорск 2005×338-343.
- Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаймодействия Алматы: 1999. с.34-41; 128-134.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n34» Хрестоматия по психологию /Под. ред, А.Н.Леонтьева и др./ МУ.: 1976 с.7-14.\r\n
- \r\n
- Еникеев М.И. Общая и юридическая психология ч.І. М.:1996. с.427-452.
- Глуханюк ІІ.С. Практикум по общей психологии Москва-Воронеж: 2005х. 100-110.
- Практикум по общей психологии М,: 1979, с.66-71.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n38* Дормашев ІО.Б. Психология внимания М.: 1995. с.320-327.\r\n
- \r\n
- Гальперин П..Я. Экспериментальное формирование внимания М.-Л974. с.68-75.
- Гильбух ІО.З. Как учиться . и работать эффективно Минск: 1995. с. 115-122.
- Тихомиров О.К, Пеиходогия М,: 2006 с.263-285.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n72« Добрынин Н.Ф. Адаптация студектов и содержание высшего образования Вильнюс; 1978, с.51-53,\r\n
- \r\n
- Общая психология /Под. ред. А.В.Петровского. М.:1977. с.209,
- Г.Кошербаева Особенности взаимоотношений субъектов в студенческом коллективе //Қазақстан жоғары мектебі №3. 2003. с.79-83.
- Дьячснко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшсй школы Мн.: БГУ 1981. сс. 22-23, 117-120, 305-309
- Вьюжск Т. Логические игры, тесты, упражнения М.: 2004. с. 47-55.
- Общая психология. В семи томах Под. ред. Е.С. Братуся. 4том, М.В. Паликман Вниманис М.: 2006. с. 10-20.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n78« Пылаева Н.М., Ахутина Т.В. Школа внимания М.: 1997. е.225-228.\r\n
- \r\n
- Дормашев Ю.Б., Романова В.Я. Психология внимания М.: 2002. «Флинта» с. 230-265.
- Розов А.М. К вопросу о теории внимания // Вопр. психолог. 1956, №6, с. 29-39.
- Внимания // Вопр. психолог. 1965, №3, с. 123-124.
- Журавлева Г.А, Профессиональная направленность студенческой молодежи. Автореф. дис. канд. Филос. Наук. Л: 1981.
- Кольцова В.А, Общение и познавательные процессы // Познание и общение. М: 1988.
- Кон И.С, Психология юношеского возраста М: 1979.
- Лунева В.А. В проблеме общения и общительности в юношеском возрасте // Вопр, психолог. 1972, №5,
- Харченко В.Д, Особенности познавательной деятельности студентов Иркутск: 1978 с, 81-88.
- Сангилбаев О.С. Оқу материалдарын тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейіндерінің қасиеттерін дамыту, Дис, канд, психол. наук. Алматы; 1999.
- Аливердиева И.А, Психологические характеристики адаптации студентов к учебной деятельности. Дис. канд. психол. наук. Л: 1982.
- Чяпас В.И, Детерминация индивидуалыных различий основных свойств внимания. Дис, канд, психол, наук, Вильнюс: 1987,
- Богданова С.И. Общение со сверстниками как фактор социализации учащихся молодежи, Дис. канд, психол. наук. Л: 1989.
- Леонтьев А.Н. Лекций по общей психологии. М.: 2005. с. 229-275.
- Титченер Э.Е. Внимание // Хрестоматия по вниманию Под. ред. А,.Н, Леонтьева, А.А, Пузырея, В.Я. Романова, М: 1976. с.26-49.
- Сангилбаев О.С, Студенттердің зейіндерін тәрбиелеу мәселесі // Ғылыми-педагогикалық журнал, Ітом, Алматы: 2006. 196-1986.
- Сангилбаев О.С, Уакасова М.Б. Студенттердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің дамуы // Білім, №4(28) Алматы:2006. 45-486,
- Сангилбаев О.С., Уакасова М.Б, Зейін әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде // Ғылыми-педагогикалық журнал, 2том, Алматы: 2006. 385-3916.
- Сангилбаев О.С Оку іс-әрекетіндегі зейіннің негізгі түрлерін талдау // Білім, №5(28) Алматы:2006. 45-486.
- Сангилбаев О.С, Қазіргі кездегі әлемде зейін мәселесін зерттеу\r\n туралы. //Әлеуметтік-гуманитарлық өлшемдегі Қазақстан және\r\n еуразиялық кеңістік, /Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15\r\n жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық\r\n конференцияның материалдары. Караганда. 2006, 282-2846.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\nҚосымша 1\r\n\r\nЗейіннің көлемін зерттеу бойынша сыналушыларға ұсынылған бланк,\r\n\r\nАты/жөні____________________________ курс__________\r\n\r\nКүні______________________\r\n\r\nТестік кесте\r\n\r\n \r\n
16 | 38 | 98 | 29 | 54 |
Т | 92 | 46 | 56 | 35 |
43 | 21 | 8 | 40 | 2 |
65 | 84 | 99 | 7 | 77 |
13 | 67 | 60 | 34 | 18 |
\r\nЖұмыс кестесі\r\n\r\n \r\n
\r\n \r\n\r\n