«Мен ойлаймын- демек өмір сүремін» — деп Рена Декарт айтқандай, әрбір өмір сүріп жатқан жеке тұлғаның көзқарасы, жеке ойы болады. Және оны кез-келген жерде көрсете білуі тиіс. Өйткені осы қасиетімен адамдар жануарлардан ерекшеленіп тұрады емес пе?!

Алайда кейбір жағдайларда адамдар өздерінің жеке ойын білдіруден ұялып жатады. Немесе басқалар пікіріне еріп, ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс етіп шығарады. Шындығына келгенде әркім өз өмірінің- қожасы екенін ұмытпауымыз керек.Олай болса біз осы мақала арқылы өзгелер ойына не үшін тәуелді болмауыңыз керектігіне   жауап беріп көрелік         

   Қазіргі уақытта басқа адамдардың пікіріне тәуелділік өте кең таралған мәселе болып табылады. Оған дәлел ретінде әлеуметтік желіні қаптап кеткен желілік маркетинг жүйесін айтуымызға болады. Мысалы:«Ең алдымен өзің қосыл, сосын жаныңа 5-6 адам алып кел», бұл да біреуге де тәуелді ету ету үшін жасалған ұран .

Келесі кезекте өзгелер пікіріне тәуелділік қандай жағдайда пайда болатынына тоқталып өтсек. Басқалардың пікірлеріне тәуелділік — бұл өзге адамдардың идеялары мен ниеттерін сіздің санаңызға әсер етуі. Яғни психологиялық түрде олардың ойын дұрыс деп қабылдауыңыз  . Басқаша айтқанда, бұл адамға жасалған психологиялық қысымның бір түрі .

Әдетте адамның біреуге деген тәуелділігі балалық шақтан басталады. Және де көбіне ата-аналар баланы қатаң түрде тәрбиелеп, « барлығы мен айтқандай болады, менімен дауласпаңдар» қағидаты бойынша әрекет еткендіктен, болашақта балалар өзінің пікірін айтудан ұялатын болады.Мұндай тәрбиелеу жүйесі мүлдем дұрыс емес. Себебі кез-келген 6 жасқа толған бала , болып жатқан оқиғаларға байланысты өз пікірін білдіруге құқылы.

Егерде ата-ана оған мұндай мүмкіндік бермейтін болса, бала жасқаншақ болып өседі. Оған қоса болашақта жеке тұлға және жалпы адам ретінде өмір сүру кезінде көптеген қиындықтарға тап болады. Жеке шешім қабылдай алмай, үнемі біреудің мақұлдауын күтіп отырады. Нәтижесінде өзгелерге тәуелді адамға айналады. Сыртқы әрекеттерді мақұлдау балада мектеп кезінен де бастау алуы мүмкін. Мысалы: мұғалім үйге тапсырма беріп, бала тапсырманы дұрыс орындай алмайды. Мұндай жағдайда бала өзін басқалардан төмен санауы ғажап емес. Өйткені ол үшін үнемі- өзгелер ойы маңызды.

Осы кезекте жаңа заман адамдары өздеріне жауапкершілік алудан қорқатынын айта кетсек. Оған бірден бір себеп, бала кезден қалыптасқан қорқыныш. Мұндай адамдар кез-келген маңызды мәселелерді шешуге қорқады, сондықтан оларға жауапкершіліктен аулақ болу оңай болып көрінеді. Шын мәнісінде, егерде сіз шешім қабылдамайтын болсаңыз, сіз үшін өзгелердің шешім қабылдауын ұмытпаңыз. Және осы үшін сіздің жиі өтірік айтуыңызға тура келеді.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, басқа адамдардың пікіріне тәуелділік бір ғана сұрақты тудыруы мүмкін. «Сонда қалай өмір сүру керек»? Егерде сіз осы өміріңізге қанағаттанатын болсаңыз, сізге тәуелді болу дұрыс шешім болуы ғажап емес.

Ал керісінше болса, психолог маманға жүгініп көріңіз. Психологтар сізге ешкімге тәуелді болмай өмір сүру стилін қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар жеке пікіріңізді бағалауды үйретеді. Танымал психологтардың айтуынша, ең алдымен адам өзін тыңдауы керек. Әрбір эмоцияны, әр ойды, әр әрекетті саралай алуы қажет. Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді мұқият талдау , сізге пайдалы эмоцияларға апаратын жолды көрсетеді.

Олар ерте ме, кеш пе сізді өз пікіріңізді білдіруге мәжбүр етеді. Осылайша сіз өзіңізді тыңдап, өз қалауыңызды анықтай аласыз . Басқа адамдардың пікіріне тәуелді адамдар көбінесе өз қалауы мен мақсатына ие емес . Оған қоса жеке эмоцияларын білдіре алмайды.

    Егер сізге бірдеңе ұнамаса, онда агрессияны көрсетуіңізге рұқсат. Осылайша, сіздің жеке пікіріңіз пайда болады. Яғни жеке өзіңіз жақсы мен жаманды ажыратуды үйренесіз.Ең бастысы-өзгелерге тәуелді болмайсыз!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ