«Жұлдызды сәт» білім сайысы

0
1960
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» білім сайысы

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының «дүниетану» іс-әрекетінен алған білімдерін қорытындылау. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Баланың бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін ашу. Табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: слайд түрінде, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Мақал-мәтел, нақыл сөздер, шарлар

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу: І-топ «Бірлік»

ІІ-топ «Ынтымақ»

Әділқазы алқасын сайлау.

ІІ. Оқушыларды сайыс кезеңдерімен таныстыру

1-кезең: «Өзім туралы»

Сайысқа қатысатын оқушылар өздерін таныстырып өтеді.

2-кезең: «Жалғастыра жарысу»

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жалғастырып айту:

І-топ:

Қыс қызығын — … жина.

Сәуірдегі … –

Сауып тұрған сауын.

ІІ-топ:

Мезгіл жетсе … ерір.

Ақ … көп болса,

Ақ нан көп.

3-кезең: «Жұмбақтар әлемі». Ұяшықтар арқылы тақырып таңдау:

«Жануарлар, жәндіктер»

Бар екен бір айуан көпке таныс,

Мекені жүрер оның тау мен қамыс.

Бұл өзі айласы көп, шапшаң епті,

Жүректі бір айуанға қойса бетті.

Қайтпайды, жара алмаса не өледі.

Жүрмесе тынбайды ол, алмай кекті. (Жолбарыс)

Шұбарала дүлей,

Шұбатылған үрей. (Жылан)

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады.

Мұны да ойлап көрейік,

Шешуін кім табады? (Қоңыз)

Мысық бітімді,

Қоян құйрықты,

Ит жүрісті. (Сілеусін)

«Табиғат құбылыстары»:

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Елдің төрі,

Жердің шоры,

Желдің соры. (Тау)

Бір ел бар су ішетін, тамақ жемес,

Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес.

Үстіне жазғы күні киім киеді,

Қысты күн жалаңашы ештеңе етпес. (Бақша)

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер)

«Өсімдіктер»:

Бірде отын боп лаулайды,

Бірде аспап боп сайрайды. (Қурай)

“Айт!” десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес. (Шөп)

Жоламайды жұтың,

Тілемейді күтім. (Арам шөп)

Тұла бойы тұнған моншақ,

Бала біткен, алды қоршап. (Шырша ағашы)

«Адамның дене мүшелері»:

Көңіл-күйді білдірер,

Қиылған қос қанат.

Ол не? Ойлан тап! (Қас)

Күндіз шайқасады,

Түнде айқасады. (Кірпік)

Бір саптың екі ұңғысы бар. (Мұрын)

Бойыңнан бір елі бөлмейсің,

Ұстап тұрып та, көрмейсің. (Адамның екі құлағы)

4. «Белгісіз ғажайып» кезеңі.

Сөзжұмбақ шешу: «Дүниетану» Қазақстанның қала аттарын табу.

5. «Кім озып келер?» кезеңі. Сұрақ-жауап:

— Әлемнің жеті кереметін ата

(Фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі,

Зевс мүсіні, Родос алыбы, “Аспалы бақ”,

Мысыр пирамидалары және сфинкс,

Эфестегі Артемида ғибадатханасы.)

— Табиғат дегеніміз не?

(Күн, ауа, жер, су, адам, өсімдіктер, жануарлар)

— Өлі табиғатқа не жатады?

(Күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз)

— Тірі табиғатқа не жатады?

(Өсімдіктер, жануарлар, адамдар)

— Табиғат құбылыстары деген не?

(Табиғатта болып тұратын өзгерістерді

табиғат құбылыстары деп атайды)

Көкжиек тұстарын ата

(Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)

6. Ән «Табиғатым» (хормен)

7. Қорытынды

Әділқазы алқасы сайыс қорытындысын шығарады. Марапаттау.

Мұғалім:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

дей отыра бүгінгі сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Қош болыңыздар!

Динбаева А. К.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ