Жүрегімнің қалауы (эссе)

0
4651
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

                               Жүрегімнің қалауы

                    Жүрегі асыл, қолында білім дәнегі,

                    Ұстаз бен шәкірт ғажайыптар әлемі.

                    Қасыл ана атындағы сайыста,

                    Сынға түскен ұстаздың білім, өнері.

                                                          Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

                                                          Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.

                                                          Үлкeн болып қалу үшін ғаламда,

                                                          Үлкен арман керек екен адамға.

                                                                                            М.Шаханов

           Шіркін,Арман. Қандай асқақ ең?! Бала қиялым аяулы ұстаздарымның өнегесіне, қадір-қасиетіне сүйініп, алдымда тұрған ұстаз бейнесіне енетін еді.

         Сол бір тәтті қиял асқақ арманға айналып, ару қала Алматыға алып келді. Қызығы мол студенттік шақтар өте шықты. Мақсатым-ұлағатты ұстаз болу еді.

         Әрине, диплом алу-ұстаз болу емес екен. Кешегі студент енді мұғалім болып, оқушы алдына келді. Алғашқы толқу… Алғашқы сабақ… Ұстаздық жолға алғашқы қадам. Бұл күндер кейін де сан мәрте есіме түсті. Сондағы ойыма түйгенім оқушы жүрегін тек біліммен ғана баурауға болады екен.

        Тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденіс арқасында күн сайын, ай сайын ұстаздық тәжірибем молая түсті. Әрине, мен ұстаздық шыңына шықтым деп айта алмаймын. 18 жыл еңбек тәжірибемде шәкірт махаббатын, ұстаз бақытын сезіндім.

        Кез келген адам алдына келетін, тәлім-тәрбиесі мен білім нәрін бойына сіңіретін Ұстаз атты ұлық есімді иелену, періште көңіл, таза ниет, адал жан иесі-баламен жұмыс жасау-менің жүрегімнің қалауы. Жүрек қалауын тапқан адам бақытты. 

    Жанар Абытқызы

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ