«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» атты мерекелік сценарий

0
2012
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Музыка залы әсем безендірілген

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

 Ән:
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

 «Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,

Айналайын ана!-деп №2 «Болашақ» балабақшасының «Еркетай» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтарды қабыл алыныздар!

Сезім: Жанымызды жайнатқан,
             Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
             Тілейміз біз балалар.
Айсара: Аппақ мамам, ақ мамам
             «Ақ  мамам!» — деп, шаттанам
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
             «Бөпешім!»- деп жатпаған.

Жансая: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.

Лиза: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Райана: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.

Дина: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам

Жүргізуші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық. 

Тәсним: Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.

Аиша: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.

Ән:

 Диалог: 1қыз: Аиша қарашы маған Санжар сақина сыйлады.
               2қыз: Қойшы Дина сақина сыйлағанша одан да неге би   сыйламайды
               1қыз: Әрине олардың биі  де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би
Би:

   
Жүргізуші:  Рахмет,  жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді  тарту еттіңдер.  Ал, бүгін қыздардың  да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызға құттықтау айтайық:

11-бала:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.

12-бала:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Қыздарға сыйлаймыз.

13-бала: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Анама Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.

Би: «Қыздар»

 Жүргізушуі: Баласы үшін анашым  
                        Күндері аз ғой көз ілген
                       Ардақты ана қарызбын өзіңе
                      Жүрегіңнен   күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді. анама
Ойын аналармен:  

Жүргізуші:  Жүргізуші:

Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?

 Балалардың жауабы: Көктемде!


Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Көктем кіреді.

Көктем: Армысыздар балақайлар,
                   Әзиз әже, назды апайлар
                    Мол шуақты ала келдім
                    Қуаныңдар балақайлар
                    Мен құлпырған бәйшешекпін
                    Келіп жеттім көктемменен
                    Шаттаныңдар мейірімді аналар
                    Бұл мереке тек сіздерге  арналар.

Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ-әндері  мен билері де бар.
                   Қандай қызық көктемде
                   Күн шуағын төккенде
                   Гүл тереміз алуан,
                   Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
 Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
                     Бар табиғат нәр алып,
                     Шыға келер жаңарып
                     Қызғалдақ боп құлпырап
                     Көктем – біздің балалық.                        
Ән:

Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?
Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады. анама

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бырақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!

 

Би: «Ана – өмірдің гүлі»  (аналармен би)

Әуенді вальспен әр бала өз  анасымен жұптасып,бір-бірлеп залға кіреді. Аналары ортада орындыққа отырады, балалар шымылдықтың артына кетеді.

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ