«Елдің сәні- ерке балғындар» атты балалар күніне арналған шара

0
2895
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Елдің сәні- ерке балғындар» атты мерекелік шара 

 1 маусым- Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған шараның сценариін назарларыңызға ұсынамыз. Сценарий мектепке дейінгі ұйымдарға арналған.

Ақмарал: Жер дүниені жасандырып, жайнатып жаз мезгілі де келіп жетті. Жайнаған жаздың алғашқы айы, алғашқы күні біз үшін үлкен мереке. Егемен еліміздің келешегі – бүгінгі бүлдіршіндер. Олай болса 1 маусым- балаларды қорғау күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Нұржігіт: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! 1маусым – балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын! Мерекелік шараны ашу үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Зағипа Әлімжанқызына береміз.

(Апай сөйлеп жатқанда үш топ балалары хорға тұрады.)

Рахмет апай.

Отан біздің панамыз

Оқып білім аламыз,

Қамқорлыққа бөленген

Біз бақытты баламыз!

Хор: «Балабақша» үш топ балалары

Ақмарал: Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

«Аға» деген бір сөзге сиып тұрар,

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың,

Өсиетін санаға құйып тұрар.

Ел ағасы, ауыл әкімі Орысбек Қаниұлына сөз кезегін береміз

(Балдырған тобы қалады)

Рахмет ағай.

Нұржігіт: Апай, бұл балалар «Балдырған » тобы бүлдіршіндері. Достар, сендер ән айта аласыңдар ма?

-Иә!

Нұржігіт: Жарайсыңдар, достар. Ендеше тыңдайық.

Хор: «Отанның жас өрені» Балдырған тобы.

(осы кезде клоун, қоян, түлкі жүгіріп келеді).

Клоун: Апай-апай, әдемі әуенді естіп біздің де мерекелік кешке қатысқымыз келіп кетті.

Ақмарал: Ендеше «Балдырған» тобы балаларымен бірге «Топ-топ балақан» әнін орындап беріңдер!

Клоун: Алақай!

Хор: «Топ-топ балақан»   «Балдырған» тобы

Ақмарал: Бала үшін отқа суға түсетін

Бала күлсе ол да бірге күлетін

Ән кезегін аналарға берейік,

Бар әлемнің амандығын тілейтін.

Ән: «Анашым» Айгөлек тобы бүлдіршіндері.

Нұржігіт, мына балалар өзге ұлт өкілдері ме?

Нұржігіт: Жоқ апай, орыс биін билеуге келген «балдырғанның » бишілері.

Ақмарал: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! — дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Мұнда берілген сауалдарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырып бересіздер.

Дұрыс, ата — аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.

Ақмарал: Ендеше тамашалайық.

Би: «Орыс биі»  «Балдырған тобы»

Нұржігіт: Бүгін қызық,бүгін той,

Бәрің мұны біліп қой

Ән де салып би билеп

Жалғастырсын ойды ой

«Ерке қыз» әнімен Саяп Ажарды шақырайық. Рахмет, Ажар.

Ақмарал: Балалар күні той думан,

Ортамызды ашайық,

Ән мен биден халыққа,

Інжу маржан шашайық. Ләззат апайды бір топ қыздарымен ортаға шақырайық. Халық әндерінен паппури орындап берсін.

Ән: «Халық әндерінен паппури»  Ләззат апай, «Қарлығаш» тобы қыздары

Ақмарал:  Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті «Айгөлектің» сері жігіттеріне берейік

Би: «Бәйге». «Айгөлек» тобы жігіттері

Нұржігіт: Тату тәтті тұрамыз,

Бәрін жақсы ұғамыз,

Өміріміз көңілді,

Біз бақытты баламыз.

«Қарлығаш» тобы бишілерінің керемет биін тамашалайық.

Би: «Алақай жаз келді.»

Ақмарал: Гүлмен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің,

Балалардың күлкісі,

Көркі, сәні әлемнің. Арнұрқызы Айзараның орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Мен қазақтың қызымын» Арнұрқызы Айзара

Нұржігіт: Әнші болғым келеді бұлбұлдайын,

Әміредей болуды армандаймын

Қанатымды қомдаймын ұшқан кезде

Арманыма жақындап қалғандаймын.

Ақмарал: Бекжан Нұржігітті  «Батырлар ұраны»  әнімен қарсы алайық.

Ән: «Батырлар ұраны»  Бекжан Нұржігіт

Ақмарал: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Нұржігіт: Шалқып жатса даламыз,

Қандай әсем қаламыз,

Байлығы мол елі бар,

Біз бақытты баламыз!

Қадірлі қонақтар, осымен «Елдің сәні- ерке балғындар атты» мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға рахмет!

 

Мырзабекова Жадыра Оңталапқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Жалаңтөс батыр ауылы №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ