Жаңа идеяны қалай ойлап табамыз?

0
1189

    Жұмыс жасап, әрекет ету үшін адамға креатив керек. Креативті ойлаудың маңыздылығы туралы айтудың өзі артық шығар. Cондықтан да шығармашылыққа көмек болсын деп, бұл тақырыпқа да тоқтала кетуді жөн санадық.

 Бір күні  Остин Клеон Нью-Йорктің бір университетінде дәріс оқыды. Ол студенттерге суретші болу туралы бірнеше кеңес берді (бірақ оның кеңестері шығармашылықтың барлық түріне қолданылады ). Содан кейін оның дәрісі электронды түрде таралып, өте танымал болып кетті.

Клеон жұмысқа кірісіп, шығармашылық туралы қызықты кітап керек екенін терең түсінді. Біз оның кітабынан бірнеше кеңестер  ұсынамыз, онда автор осы жолмен жүріп өткен адамдардың тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа нәрсе жасау жолдарын талдайды.

Суретші сияқты ұрла (әрине, жақсы мағынасында )

Суретшіден өз идеяларын қайдан алады деп сұрағанда, адал суретші: «Мен оларды ұрлаймын» деп жауап береді. Тек лайықты болуға тиіс. Әрбір суретші ештеңе бос емес екенін біледі (физик сияқты ).

Сіз ұрлап кеткен идея таза түрде ұрланған емес, боялған әрі қайта өңделген күйінде болуы керек. Бұл қалыпты жағдай. Мысалы, сіз өз ата-анаңыздың қасиеттеріне ие боласыз (екеуінің де),бірақ бірегей адамсыз.

Сол сияқты бұл да идеяға қатысты жүреді. Қазіргі екі идея үшінші, бірегей, қайталанбас идеялар ретінде туатынын қаперімізде  ұстайық. Биттлздің өзі  кавер жазудан бастаған.

Нені көшіріп жатқаныңызды анықтап алыңыз. Жалпы месседжді ме, әлде стилін бе? Егер сіз адамнан ұрласаңыз, сізді «плагиатчик» деп айтады. Ал көп адамнан ұрлап қоссаңыз, шығармашылығы мықты екен дейді.

Кез келген шығармашылықтағы серпіліс үшін жасалатын келесі қадам – имитация. Ол әрине көшіруден кейін келеді.Сіздің идеалыңызды  көшірудің сәтсіз әрекеті – сізді бірегей етеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ