ЖАҢАШЫЛ ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕРІ (баяндама)

0
4392
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

ЖАҢАШЫЛ ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Мен рефлексивтік есебімді жазу үшін көп ойландым, көп іздендім. Сол кезде Ушинскийдің – «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» – деп айтқан сөздері есіме түсті. Бұл есепті жазуға не? Нені? Қандай проблемалар туралы жазамын? — деген сұрақтарға жауап іздеумен әлек болдым. Бірақ осы сұрақтарыма шешімін табуға әріптестеріммен өткізілген тренингтің көмегі үлкен болды.

Бұрынғы дәстүрлі сабақты дұрыс деп ойлап өтіп жүргенмін. Яғни сабақ өткен кезде дәстүрлі сабақтарда оқушыларға өз пікірлерін айтуға жеткізе алуға ешқандай мүмкіндік, еркіндік бермей келгенбіз. 45 минут ішінде кіріп 5 минут ұйымдастыру, 25-30 минут сабақты тыңдап, яғни мұғалім сөйлеп қалған уақытта жазып, тыныш отырып, айтатын пікірлерін айтқызбай оқытып жүргенбіз. Яғни ол деген әр мұғалімнің балаға сабақ өтуіне қалыптасқан әдетке айналған еді. Өткен сабақта өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұраумен бастап, жаңа сабақты өзіміз түсіндіріп, оқушыларға тақырып бойынша барлық мәліметті өзіміз ұсынып, сұрақтар қойып жауап болмаса оғанда өзіміз жауабы былай болады деп айтып баланың сөйлеуі, әрекет етуіне еш бір мүмкіндік бермейтінбіз.

Алғашқы кезде мен осы бағдарламаның 1- ші бетпе –бет кезеңінде оқып жүрген кезде менің сабақ өту, балаларға білім беру жолдарымда айтарлықтай 80-90 пайыз өзгеріс болды деп айта аламын. Егерде оқу пирамидасына қарайтын болсақ

Дәріс

Оқу 10 пайыз

Аудио — визуалды қабылдау 20 пайыз

Көрсетілім 30 пайыз

Талқылау 50 пайыз

Тәжірібе жасау 75 пайыз

Өзгелерді оқыту 90 пайыз

бұл пирамидада зерттеп көрсетілгені бойынша егерде оқушы дәріс, оқу, аудио визуалды қабылдауға дейін 30 пайыз, ал егерде тақырыпты талқылайтын болса елу пайызына дейін алған ақпаратты есте сақтау мүмкіндігі бар екен. Егерде ол оқушы сол нәрсені тәжірібеде көрсе соған мүмкіндік жаратып берсек ол бала алған ақпараттың жетпіс бес пайызызын, ал егер басқа жолдастарына сол тақырыпты түсіндіріп өзгелерді оқыта алса 90 пайызына дейін алған ақпаратты сақтау мүмкіндігі бар екен.

Мен бұл бағдарламаның жеті модулін, жаңа әдіс-тәсілдерді мектептегі іс-тәжірибемде қолдану кезінде көп кедергілерге жолықтым. Сол кезде маған Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық кітабы мен әріптестерім көп көмек көрсетті. Кедергілерді жеңіп шығу үшін әріптестеріммен кеңестер өткізіп, ой бөлісіп сол кедергілердің шешілу жолын іздеуге әрекет еттім. Әріптестерім оқып келген кезде өткізген сабақтарында қандай кедергілерге, қиындықтарға жолыққаны туралы әңгімелестік. Тізбектелген сабақтар жоспарын құру кезінде, оның таблицасы, графасын жасау, оны рет-ретімен жазу, орналастыру белгілеу кезінде маған директорымыздыңда көрсеткен көмегі көп болды. Сол үшінде аталарымыз — кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас деген екен.

Орта мерзімді жоспар түзіп болған соң Қысқа мерзімді жоспарда өз ретімен түсінікті бола бастады. Қысқа мерзімді жоспарды түзіп болған соң сабаққа кірістім. Сабақты өткен кезде әріптестерім оқушылардың іс-әрекеттерін, олар не істеп жатыр, қалай істеп жатыр? Өз пікірлерін қалай айтып жатыр? Тақырыпты қалай қабылдап жатыр? Постерлерді қалай қорғап жатыр? Деген сияқты т.б. мәселелерге көңіл бөліп жүруім керектігі туралы кеңестер беріп отырды.

Осы бағдарлама оқытушының яғни мұғалімнің қандай болуы, қалай өзгерістер кірітуі, сабақ кезінде оқушылармен жақсы нәтижеге жету үшін қалай істеу керктігі, тақырыпты, ақпаратты оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып жеткізіп беруі, олардың сабаққа деген көзқарастарын қызығушылын қалай өзгерту, оқушылардың сөз еркіндіктерін, өз пікірлерін еркін айту жолдары т.б. сұрақтарға жауап табылатын бағдарлама екеніне көзім жетті. Осы бағдарламаның мазмұнын практика кезінде оқушыларыма, олардың ата-аналарына түсіндіруді алдыма мақсат етіп қойдым.

Бағдарламадағы көрсетілгендей оқушыларды топтарға біріктіру, таныстырылым, топтық жұмыс, жұптық жұмыстар жасау туралы үйрету болды. Жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасау, сабақ өту бастапқы кезде өз қиыншылықтары болды, кейінше оқушылар сол жаңа әдіс-тәсілдермен сабақ өткенде тақырыпты оңай меңгеретіндеріне көздері жеткен сияқты. Оқушылардың сабаққа, оқуға деген қызығушылықтары артқан сияқты болды. Сол кезде мен бұл бағдарламаның болашақты тәрбиелеуде маңызды екеніне көзім жетті.

Оқушылармен алдын ала тәрбие сағатын ұйымдастырып сол сабақта олармен кездесу жүргіздім, әр бір оқушының ойын, пікірін, нені ұнататынын, тек оқу мен шектелмей, жан-жақты болу, бір-бірімен жақсы қарым қатынаста болу, ынтасын арттыру, сол сияқты көптеген мәселелердің шешімін табу үшін кездестім. Тәрбие сағатында олармен ой бөліскенде оларға 15 сұрақтан тұратын сауалнама бердім. Сауалнама мазмұны:

  1. Мен сабақта тест сұрақтарына жақсы жауап беремін.
  2. Мeн сканвордтар шешкенді ұнатамын.
  3. Мeн мұғалім берген жұмысты өзім істей алатыныма сенемін
  4. Mен кроссвордтар шешкенді ұнатамын.
  5. Мен жұмыс жасағанда көмек қажет.
  6. Күрделі жұмыстарды жасағанды жақсы көремін
  7. Мен жаңа тапсырманы алған кезде қуанамын.
  8. Маған сабақ оқыған қызықты
  9. Мәселелерді шешуге маған көмек қажет
  10. Meн көп сөздердің мағынасын білемін
  11. Мен үшін үйрену қиын
  12. Мeн өз миыммен жұмыстар жасағанды ұнатамын.
  13. Мен ақылдымын.
  14. Mен тарихқа байланысты тұлғаларды танимын.
  15. Мен ерекшемін.
3 – толық келісемін , 2 – шамалы келісемін , 3 – қалыс қаламын ( бейтарап ) 4 – шамалы келіспеймін , 5 – толық келіспеймін .

Осы сауалнаманың сұрақтарына өз жауап жазып берді. Сауалнаманы болған соң сұрақтарды оқып, оқушылардың берген жауаптарын қарап шықтым. Сол кезде кейбір оқушылар сабақ оқыған қызықты деген жерге — «жоқ» жауап беріпті. Сол оқушыларды тақтаға шығарып, неге қызықты емес деп сұраған кезімде маған ол оқушының жауабы қатты әсер етті. Ол оқушы дәстүрлі сабақтар қызық емес ұйқым келетін кездері болатын деп жауап берді. Сол кезде мен уақыттан пайдаланып оларды топқа бөлудің әрекетіне түстім. Оқушыларды қатарға тұрғызып тақтаға төрт спорт түрін жаздым.

  1. Футбол ойыны
  2. Валейбол ойыны
  3. Баскетбол ойыны
  4. Дойбы ойыны
Оқушылар тұрған жерінде тақтаға жазылған спорт түрлерін оқуларын айттым. Олар қатармен оқып болған соң сол спорт аттары бойынша топтарға бөлініп отыруларын айттым. Оқушылар парта, стулдарды өздеріне ыңғайлы етіп жайғастырып алды, болған соң сабағымды жалғастыра бастадым. Оқушыларды сергітіп алу үшін, назарларын аударып алу үшін сергіту сәтін өткізіп жіберуді ойластырдым. Сергіту сәті Хан мен уәзір деген сергіту сәтін өткіздім. Хан деген кезде хан сияқты, ал уәзір деген кезде уәзір кейпіне түседі оқушылар. Сергіту сәті аяқталған кезде оқушылардың көңіл күйлері көтеріңкі болды.

Оқушылар топпен бірлескен жұмыс оқытылатын ғана шектеліп қоймайды , ол сонымен қатар мұғалімнің атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған . ( дереккөз . Тапсырма 11 бет ) . Сабақты оқушылар өз сыныптастарының дәлелін , ойын және жауабын тыңдай отырып, өзіндік ойларын қалыптастырады деп ойлаймын .

Бағдарламаның жеті модулі ішінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз сабақтарымда қолданудың негізі, оқушылардың өзіндік мақсатын қалыптастыру, бір-бірімен пікір таласуы, тақырып бойынша өз ойларын және пікірлерін ашық айта білуі, сыныптастарына түсіндіріп бере алуы барысында «Қалай оқу керектігін үйрену» мен «Диалог арқылы оқыту» тәсілдерінің маңызы өте жоғары болып табылады.

Диалог арқылы оқыту әдісі арқылы баланың сабаққа қызығушылың, ынтасын арттырып баруға болады. Оқушының сөйлеу мәдениетін дамытып барады. Сұрақ алу үдерісін бағалау. Бағалаудың барлық түрі тиімді егер ол жүйелі түрде болса, бағалаудағы критерилер. Cұрақтың тақырыпқа сәйкестігі. Сұрaқтың өзектіілігі. Сұрақтың нақтылығы. Сұрақтың деңгейі. Cұрақтың оқушы қабілетіне сәйкестігі. Критери арқылы кестемен бағалау. Мотивациясын арттыру, марапаттау, мақтау. Топтың бір бірін бағалауы. Қорытынды баға, жиындық баға. Солардың бәрін ескере отырып мен Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасын түзгенде бағалауға көп көңіл бөлдім.

Жеті модульдің тиімділігі оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілетін дамыту , оқуына талдау жасау , алған білім сапасын арттыруға , пәнге қызығуын , ізденімпаздығын , байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына , оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетеді . Егер де мұғалім сабақ кезінде уақыттан үнемді, ұтымды пайдаланып және сұрақтарды дұрыс, білімге сай бағыттай алса – оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, мұғалімге деген, өзіне деген сенімі арта түседі.

Сабақтарыма кіріткен жаңа әдіс –тәсілдерді қолданып жоспарланған бірінші сабағымды бастадым. Сол кезде оқушыларға бастапқы кездегі емес мүлдем басқаша жаңа тәсілдермен бастағанда оқушылардың көзінде қуаныш пайда болды. Оқушыларды Хандар, Билер, Батырлар мен Ғалымдар деген топтарға біріктіріп қойдым. Топтарға біріктірген соң топ ережелерін ескерте отырып бағалауды түсіндіріп бердім.

Бастапқы кезде оқушылар түсінген жоқ, қалай сонда өзіміз бағалаймызба деп, кейіннен мен түсінше берген соң жауапкершілікті өз қолдарына алып, бір-бірін әділетті бағалауға сөз берді. Бұры біз журналға қойған кезімізде оқушыларға не үшін қойылғаны жайлы ескертпей қоясалатынбыз. Ата аналар жиналысына келген кезде балаларының не үшін алғанын сұраған кезде жауап беру қиындау болатын. Енді сол бағалау парағын өз-өздерін бағалап болған соң журналдың ішіне салып сақтап қоямын деп ескертіп қойдым.

Егерде ата-аналар мына баламның бағасы «бес» немесе «төрт» не үшін алды десе бағалау парағын көрсететін болдым. Оқушыларға тағыда бір қызықты болғаны жиынтық бағалау туралы түсіндіріп бердім, егерде қай бірің сабақ барысында көп ұпай жинап барсаңдар соңында жақсы баға журналға түседі деп олардың тағыда сабаққа деген ынтасын арттыра түстім. Кім қанда ұпай жинаса соған қарап төрт немесе бес қоятын болдық. Яғни оқушылар топтық жұмыс жұптық жұмыстарды орындап болған соң өзінің білімін қай деңгейде екенін біліп отырады.

Үй тапсырмасын «ыстық орындық» әдісі арқылы алып бардым. Үй тапсырмасын сұрап болған соң оқушылар бағалау парағына өз тобынан шыққан оқушы неше сұраққа жауап берді жазып отырды. Жаңа тақырыпты ребус арқылы аштық сол кезде оқуға мүлдем қызықпайтын оқушыларда қызығып, қуанып сабақтың тақырыбын ашуға өз үлесін қосып отырды. Сабақтың тақырыбы «Түркеш қағандығы» ашып болған соң, Электронды оқулықта тақырып бойынша бес минуттық бейнефильм көрсетілім болды.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде менің өзгерісім іс — әрекетіммен — көшбасшы, яғни ой салу — мен болсам, ойлану — оқушы болса, ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ізденіс жолын түсіндіру, бір шешімге келу оқушы тарапынан жүзеге асады.

Сабақ жоспар бойынша өтіп жатты. Жаңа тақырып – Досыңа әңгімелеп бер әдісі арқылы түсіндірілді оқушылар бір- біріне тақырыпты әңгімелеп содан соң топта талқылап плакатқа түсіріп шықты. Ал дәстүрлі бойынша жаңа сабақты мұғалім толық түсіндіріп беретін. Сабақты бекіту – оқушылардың постер қорғауы арқылы өткізілді. Ал бұрын оныда мұғалім айтатын. Сабақты қорытындылау қар лақтыру әдісі арқылы алып барылды. Оқушыларға қағазға сұрақ жазып бір – бірін қар мен ұру қызықты болды. Алғащқыда бұл жаңа әдіс-тәсілдерге оқушылардың толық үйреніп кетуі қиындау болады деп ойлаған едім.

Бірақ оқушылар тез – тез әрекет етіп жаңа әдіс- тәсілдерге дағдылана бастады, өйткені оқушыларға бұл қызықты болды. Тақырыпты өздері ребус немесе басқа ойындар арқылы ашып, тақырыпты өздері бірлесіп талқылап, тақырыпты бір – біріне түсіндіріп, өздерін — өздері бағалап, араларынан басшы сайлап, сабақта сергіту сәттерінің өтілуі бәріне жағып түсті. Мен сабақтың соңында «Екі жұлдыз бір тілек» бағалаудың түрін қолдандым.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінде басты міндеттер мыналар болып табылады»

  1. Білім беру бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау
  2. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауында «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз салауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлуіміз қажет деп айтқан.

Сондай-ақ Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы керек деп баяндайды. Ол дегені алдағы уақытта бізде сол әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына қосылуға әрекет етуіміз керек деген. Президентіміз сол үшін қаншама қаражат кетсе де, сол алдағы мақсатқа жету үшін әрекет етіп отыр. Мысалы жоғарыда аталған бағдарламаны кіріктіп отыр. Соның бәрі болашағымыз, жастарымыз, осы заманға сай беймделген, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланған, болашақта өз жолын тауып, өз бойындағы талантты шығара алатын, бәсекеге қабілетті болашақты, ұрпақты өсіруіміз керек.

Балаларымыз қазіргі заманға беймделген болуы үшін бұл аса маңызды, — деп, атап көрсетті. Осыған орай, қазіргі таңда білім берудің сапасын арттыру мақсатында оқытудың заманауи технологияларын сабақта тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу мәселесі қарастырылады. Білім сапасын жақсартудың бірден-бір жолы оқыту процесінде оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын пайдалану.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің біліктілігін арттыру

курстарының бағадарламасы

мұғалімге арналған нұсаулық үшінші (негізгі) деңгей.

2. Дереккөз. Нұсқаулық 39 бет.

Дереккөз. Нұсқаулық 56 бет.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ