Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

0
353
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргідей озық технологиялар, жаһандану үрдісі тамырын тереңге жайып, бәріміз ұлттық құндылықтардан қол үзіңкіреген тұста ердің құнын бір ауыз сөзбен шешкен халқымыздың шешендік ұлағатты сөздерінің қадір-қасиетін жан тәніңмен ұққандай боласың.

Сондықтан баланаң болашағын жарқын, келешегі кемел болсын деген ұлттық тәлім тәрбиенің тұрған асылдарымен інжу маржандарын теріп алып, бойларына сіңіре білген абзал. Ол үшін білім мекемелерінде білім мен тәрбиеге қатар көңіл бөлінсе, ел қорғаны, қалқаны болатын азаматтардың қатары қалыңдай түсері сөзсіз.

Елбасы терең ойлы мақаласында мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүру керек, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс, «Жаңғыру халықтың ұлттық тамырынан нәр алуы керек» деп ұлт көкейіндегі асыл ойды дөп баса білген. Сөйтеді де : «Егер жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп аландаушылығында білдіреді.

Яғни ел дамуындағы ең бір өзекті мәселенің бірі рухани жаңғырудың басында ұлтымызбен оның ғасырлар бойы жинақтаған рухани құндылықтары тұруы тиіс. «Ұлттық салт- дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз барлық жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанды, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі болуы тиіс» деп көрсетеді.

Президент аталмыш мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжіриебе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс . Керісінше, заман сыңынан сүрінбей өткен озық дәстүрдерді тасбысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет екендігін айта келіп, бұрынғы тәжірбие мен дәстүрлерді сақтап, білім саласына әлемдік озық мемлекеттердің даму бағыттарына сай инновацияларды енгізу, оқу сапасын арттыру қажеттілігін айтты.

Осы орайды қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамда соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы- ұстаз үйреткен білімде. Осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңғыру жолындағы жас мұғалімдердің қолында екендігі анық. ».

Өзім Орал қаласындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін Дәстүрлі музыка мамандығы бойынша 2015 жылы тәмәмдап, сол жылы Жаңақала ауданындағы Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебіне домбыра сыныбының оқытушысы болып орналастым. Қиындығы мен қызығы мол, жауапкершілігі жоғары мамандықты бастаған кезде мектептің ұжымымен жақынырақ араласып, адамгершілік, сыпайлық, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді үйрендім.

Саз мектебіне өнерлі боламын деп келген балалар ешнәрседен хабарсыз болып келгеніменен есту, есте сақтау қабілеттеріне қарай үйреткенді тез қабылдауға машықтанып алады. Мен өз шәкірттеріме түрлі композиторлардың шығармаларын үйрету арқылы оларды түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жол ашып, олардың көңілін табуды бірінші кезекке қоямын. Философиялық ұғымда, маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есте сақтаймын, ал өзімді іс әрекетке қатыстырсаң үйренемін деген даналы сөзді білім алушыларға ақпараттық технологиялық негізінде пайдалана отырып өздіктерінен ізденудің маңызды екендігін айтқан жөн.

Қазіргі кезде менің де шәкірттерім түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлдегер атануда.

Атап айтар болсақ осы руани жаңғыру идиясына байланысты өткен 2017 жылы Бақытты елдің ұрпағы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республиклық «Дала сазы» байқауында Асқар Елнұр қатысып жүлделі 3-ші орынды иеленсе, Ақжелең триосы 2-ші орынды иеленді.

Жаңғыру жолындағы жас маман –ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден өз мамандығына деген шексіз шынайы сүйіспеншілігі мен шығармашылық қабілеті болуы керек. Осы орайды айтайын дегенім Рухани жаңғыру аясында өткен 2017 жылы «Жыл үздігі» Жаңақала ауданы жастар сыйлығы байқауында «Үздік жас маман» аталымы бойынша үздік деп танылып, аудан әкімінің марапатына ие болдым.

Шәкірттерім қазақтың қара домбырасында күмбірлетіп күйлерді орындау арқылы қазақ халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінін таниды. Егемен елдің ертеңіне үлес қосатын қазақтың саналы ұрпағының ішкі жан

дүниесін күй құдіретімен сәулелендіріп, білімнің, өнердің биігінен көру мен үшін үлкен абырой.

Отаншыл, рухы биік, жаны таза өнерлі тәрбиелі ұрпақты, ұлт болашағын тәрбиелейтін ұстаздар баға жетпес биік тұлға екенін ұмытпауымыз қерек.

Домбыраның қос шегіне саусақты сәл тигізіп, одан ғажайып үн шығару, әрбір сабағымды ғажайып әуенге толы етіп өткізу нағыз жаңғыру жолындағы ұстаз болу, өнерлі шәкірт тәрбиелеу менің де арманым. Шәкәрім атамыз айтқандай «өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» озық әдіс-тәсілді мұғалім өзі оқытатын баланың ерекшелігін ескеріп, деңгейіне қарай қолданса қиындықтарды жеңе алады.Қазіргідей жахандану заманында иновациялық, ақпараттық технологиялар арқылы мұғалім өзінде барды шәкіртіне үйретуді, оларды ғылымға биімдеуге күш салу керек.

Елбасымызың рухани жаңғыру аясында айтылған «Атамекен» бағдарламасына сәйкес қазірде өз туған жерімді көркейту мақсатында жұмыс атқарып жатқанымды да айта кетуга болады. Күні кеше ғана осы мақалаға байланысты мектебімізде Қали Жантілеуовті еске алуға арналған «Қайталанбас Қали салған өшпес із» атты күйші орындауындағы күйлер кешін өткіздім.Халықтың рухани азық алуына дәл осындай іс шаралар көптеп көмегін тигізеді деген ойдамын.Ары қарайда рухани жаңғыру мақаласы аясында көптеп рухани шаралар өткізу ойда бар.

Біздер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақтың иесі жас жеткіншектерді, өнерлі де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызыды ұмытпауымыз керек

Бейсенғалива Ханзада Самиғалиқызы
Б.Қ.О. Жаңақала ауданы,
Қали Жантілеуов атындағы
балалар музыка мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ