Жақтылық пен жақсыздық категориясы

0
1899

Жақтылық пен жақсыздық категориясы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшеленетін белгілерінің бірі – осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Бұлайша топтастыруда белгілі заңдылық бар. Лексикалық мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, біз, ол, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Сондықтан да  мағынасы жағынан «адам» деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімдердің қалған тобы жіктелмей айтылады. Мысалы, мен балықшы, ұшқыш, Жәмила, атбегі, дәрігер, құдаша жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп айтуға болады. Ал, енді, өзен, сай, кереге, төбе, зейін, ықылас, надандық, аю, бөдене, өрмек, жидек, құйын, бұрылыс секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы басқа. Мұндай зат есімдердің бірде-бірі өзінің тура мағынасында жұмсалған да, әсте жіктік жалғауын қабылдамайды. Осы қасиеттері тұрғысынан алғанда, барлық жіктелу қабілеті бар зат есімдер жақтық категориясына жатады да, жіктелу қабілеті жоқ зат есімдер жақсыздық категориясына жатады. Нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аты болып келетін зат есімдердің адамға біткен әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиеттерде, көбінесе поэзияда, жоғарыда аталған «адам» ұғымындағы зат есімдердің орнына жүретін кездері де болды. Мұндайда олар жіктік жалғауында келетін кездері де болады. Мұндайда олар жіктік жалғауында келе береді. М, Шамдансам, жығар асаумын, Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ