Жалқы және жалпы есімдер

0
2760
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы
Жалқы және жалпы есімдер
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

  • А. Сөйлем ішінен зат есімдерді таба алады, бір-біріне сұрақтар қоя алады.
  • А. Зат есімнің түрлерін ажырата алады
  • Жалқы және жалпы есімнің жазылу емлесін біледі.

Көбі:

  • Ж. Жалқы мен жалпы есімдерді түрлі дерек көздерінен тауып, жаза алады
  • Ж. Жалқы және жалпы есімдерді белгілері бойынша топтастыра алады

Кейбір оқушылар:

  • А. Жалқы есім мен жалпы есімдерге түрлі мысалдар келтіре алады.
  • Өз өңіріңдегі жер,су аттарына қатысты жалқы есімдерге мысал келтіре алады.
Жетістік критерийлері
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-бірін тыңдауға,құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым, аудиожазба
Тілдік құзыреттілік Түрлері – виды – types
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І . Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық көңіл-күй

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

2. Топқа бөлу

«Пираттар»

Топта рөлдерге бөліну, бағалау парағын толтыру

«Балық сүйегі» әдісі

-Зат есім туралы балық сүйегін толықтыру

Кім?кімдер? не? нелер?

Зат есім

АКТ

Қима қағаздар

А3 қағазы, маркер

Сабақтың ортасы

8 минут

1 минут

5 минут

3 минут

16 минут

Жұмбақ шешу.

Маған да, саған да,
Жақсы туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне кім атын?(ата, ана, апа, аға, іні)

Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (Мұз)

Базары көп , тола адам,
Ала тақия, ала шапан. (Өзбекстан)

Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Табыңдаршы өздерің,
Жұмбақтадым қай елді?
Айтыңдаршы ал енді,
Тундрасы бар елді. (Ресей)

Мұнараны ең алып,
Алған қайсы ел салып. (Франция)
Айтыңдаршы , ал енді,
Шай мен пілі бар елді. (Үндістан)

Таудан түссем тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (Шана)

Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым. (Шаңғы)

-Бас әріппен жазылған сөздерді атаңдар –Неге бұлар бас әріппен жазылады?

-Кіші әріппен жазылған сөздерді атаңдар.

Топтастыр

Жалқы есімдер Жалпы есімдер

Оқулықпен жұмыс: ережемен таныстыру

1-жаттығу «Тұлғаны таны» ойыны арқылы 1- жаттығуды орындау. Аталған батырлар туралы әңгімелеу.

2-жаттығу Мәтінді оқып, жалқы есімді теріп жаз.

Мәтінді қалай атауға болады?

Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма

Қосымша тапсырма (сөйлемдердегі жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жаз).

Менің ағам алматыда тұрады. Оның баласы самат екінші сыныпта оқиды. Ағамның үйі абылайхан даңғылы мен бөгенбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

Топтық жұмыс.
I топ: Сөздердің ішінен жалқы есімдерді табу

Айдар , ана, әлия, ұстаз, атырау, көл, алатау,оқушы, ертіс, жұмысшы, жұмабаев, ақтөс, құлагер, жануар
II топ: Сөздердің ішінен жалпы есімдерді табу

Айдар, ана, әлия, ұстаз, атырау, көл, алатау,оқушы, ертіс, жұмысшы, жұмабаев, ақтөс, құлагер, жануар
III топ: Өз жеріміздегі жер, су аттарын жазыңдар.

ІV топ: Қ әрпінен басталатын қала аттарын тауып жаз

Семантикалық карта

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Төмендегі баспалдаққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

«Баспалдақ» кері байланыс

-Түсінген жоқпын

-Түсіндім

-Бәрін түсіндім, басқаларға көмектесе аламын

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Спикерлер бағалайды.

Бағалау критерийлері

Жалқы және жалпы есімді ажырата алады. Жалқы және жалпы есімнің жазылу емлесін біледі.

ДескрипторларТүрлі дерек көздерінен жалқы және жалпы есімдерді табады. Жалқы және жалпы есімдерді белгілері бойынша топтастырады

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Балық сүйегі

2. Топтық тапсырма

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Семантикалық карта

2. Өз жеріміздегі жер, су атауларын атау

Сабақ барысында мен немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Галымова Куралай Саркеновна

«Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ