Жаңа буынның білім беру бағдарламаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы императивін жүзеге асыру

0
1641

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «АДАМ КАПИТАЛЫ-4.0 ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ НЕГІЗІ» атты  49-шы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияға Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі Вице-провост LORETTA O’DONNELL және осы аталған университеттің Мемлекеттік саясаттың жоғарғы Мектебінің деканы WENG TAT HUI  қатысып, «Жетекші әріптес шетелдік ЖОО бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу» мәселесі жайлы баяндады. Сонымен қатар   ARMADOC.KZ компаниясының бас директоры  Дуков А.В. «Электронды құжат айналымы жүйелерін дамыту барысынды бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру аспектісінде АТ-кадрларын дайындау мәселелері» жайлы ойымен бөлісті.

Конференция барысында көтерлген мәселелер мен талқыға түскен сұрақтыр да жан жақты әрі маңызы жоғары болды. Солардың бірі  «Жаңа буынның білім беру бағдарламаларында «рухани жаңғыру» бағдарламасы императивін жүзеге асыру» — тақырыбындағы дөңгелек үстел болды.  Барлық факультеттің ОПҚ әзірлеген тақырыптар өзекті мәселелерді талқылауға себеп болды. Қазіргі кезде жаңа білім мен инновацияларды өндіре алу қабілеті кез келген мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен дамуының негізгі тетіктері болып табылады, ал жоғарғы мамандандырылған білім беру — инновациялық инфрақұрылымның негізгі компоненті болып табылады.

Көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесі жеке бағытталған стратегиялық даму барысына, студенттік шағыннан бастап тұлғалар арасындағы қарым қатынастың қабілеттерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Бұл жүйе алған білімнің іске асырылуын нақтылығын қамтамасыз етеді және кадрларды даярлауда білім берудің деңгейінің әдістемесініңсдеңгейін көрсетеді. Атап айтар болсақ «Бейіндік және базалық пәндерді оқытуда қоғамға қызмет ету  жобаларын енгізудің өзекті мәселері» жайлы дөңгелек үстел барысында Ақпараттық технологиялар факультетеінің информатика кафедрасының «Есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтау» мамандығының 3-курс студенттері әзірлеген қарттар үйіне арналған сайт ұсынылды. Сайт жасау барысында студенттер оқыған пәндерді пайдалан отырып  не жасай алады, қоғамға қандай үлес қосуға болады және  қандайда бір әлеуметтік салаға тегін көмек беруге болатынын көрсетеді.

Жасалған  сайт қарттарға  компьютер пайдалануды үйретуден бастап, дене жаттығуларын жасауға, ойындар ойнауға, әуендер тыңдауға, бір бірімен қызықты оқиғаларын бөлісуге көмектесетін болады. Сонымен жалпы адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы және шеберліктер мен дағдылар, кәсіптік білім мен тәжірибесі.Бұлардың бәрі адам капиталын құрайды, ол адамға инвестициялар салу жолымен арттырылады. Бұл дегеніміз мемлекттің дамуы үшін, жалы білім саласы болсын, өндірісте де кай салады болмасын жоғары көрсеткішке қол жекізу үшін алдымен адамдардың білімін арттыру керек.

Қорыта келе айтатын болсақ, адам капиталының мағынасы оның, тұтастай алғанда, мемлекеттің, сондай-ақ экономикасы мен оның еңбекке жарамды азаматтарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы болып табылатындығында. Қазақстанда 2050 жылға қарай дүниежүзінің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған курс өзіндік адам капиталын дамытуға орасан мол инвестициялар салуды талап етеді. Өйткені тек біліктілігі жоғары қызметкерлер ғана постиндустриялық қоғам, яғни білім мен жалпыға бірдей еңбек қоғамы жағдайында қызметтің барлық түрлерінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге қабілетті болады.

 Информатика кафедрасы оқытушылары: Адилжанова С.А., Жумартов М.А.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ