Жаңа формат бойынша түлектерді қорытынды атестаттау

0
3829
ҰБТ – ЕНТ 2017

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін дәстүрлі рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары болып есептеледі.
Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасында жүзеге асады.
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

Пәндер Емтихан формасы Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) Жазбаша —эссе 3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан 5 сағат

3

Қазақстан тарихы Ауызша (билетпен)

4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу 80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика Тестілеу 80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті — 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет. Және де оның өзіндік толғамдары, жазу стилі, айтар ойы толыққанды эссенің тақырыптарына жауап беруге тиісті.

2. Алгебра және талдау бастамалары сынағы — 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған. Бұл сынақ оқушының ойлау жүйесінің жүйріктілігін, дағдылы есепке жуықтығын, сонымен қатар мектеп бағдарламаларын еркін меңгеруін талап етеді.

3. Қазақстан тарихы — Билетте  3 сұрақ болады. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған, кітаби-теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Мысалы, оған:
-карта
-кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б. сияқты тапсрмалар жатады.
4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) — 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

  • Лексика-грамматикалық — 20 тест тапсырмасы;
  • Тыңдалым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
  • Оқылым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен — Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі). Тест 40 тапсырмадан тұрады, берілген бес жауаптың біреуі дұрыс.
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ