Жаңа мазмұнды тың бағдарлама білім саласында

0
2379
Ұстаз

Мұхтар Әуезов атындағы

№128 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш  сынып мұғалімі

Тазабекова Нуржамиля Айтпаевна

 

Қазіргі таңда Қазақстанның білім  беру үдерісіне енген жаңартылған білім бағдарламасы жаңа бастау сатысында.Жаңартылған білім бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын, құзіреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектепте білім беру мазмұнының жылдам қарқынды жаңаруын талап етіп отыр. Болып жатқан әлемдік өзгерістерден кейін қалмай бүгінгі күннің талабына сай қызмет ету білім саласында тұрған басты міндеттердің бірі.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп тәжірибе жасау.Сонымен қатар спиральді қағидатпен білім беру болып табылады.

Ұлы қазақ педагогі Ы.Алтынсарин: «Мұғалім мектептің жүрегі,мұғалім өскелең ұрпақ пен қоғам арасын байланыстырушы»- демекші, мұғалім қиын үрдісті басқаратын бүгінге емес болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері.Олай болса,заман талабына сай әр мұғалім өзінше ізденіп, үнемі жаңарып,жаңашылдық көшінен қалмай,кәсіби шеберлігін жаңа әдіс тәсілдер арқылы жетілдіріп отыруы қажет деп білемін.Осы мақсаттар негізінде жаңашыл мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар жаңа озық технологияларды меңгеріп қана қоймай, әлемдік стандарттарға ілесе білетін өз тарихы мен танымын жоғалтпаған озық ойлы болуы шарт.Өз мамандығының шебері осы қағиданы ұстанып үздіксіз еңбектеніп,білімі мен біліктілігін үнемі дамытып білімді шәкірт тәрбиелеу жолында сенімді еңбек етеді.Мұғалімнің әрбір сабағы оның  шығармашылық жұмысы.Әр сабақты оқушы есінде қалатындай етіп түрлендіріп өткізген абзал.Ал оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып,сөйлеу шеберліктерін арттырып, ойларын дамытып,  ізденушілік қабілеттерін жетілдіріп отырса және дағдыға айналдырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Бастауыш мектептің оқу бағдарламасындағы өзгерістер  оқушыларға білім берудің мақсатын түбегейлі өзгертіп отыр. Жаңартылған бағдарламаның біз үшін маңызы зор. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып әркім өзінің педагогоикалық шеберлігін арттырып,оқу жоспарын ажыратып,басқа тәсілмен сабақ жоспарларын құрып үйренудеміз.Жаңа бағдарлама аясында еңбек етіп,нағыз шебер мұғалім болып шығатынымызға толық сенімдімін. Осындай мұғалімнен білім нәрімен сусындап оқыған шәкірттер де бәсекеге қабілетті,өз ойын еркін жеткізе алатын,болашағына нық сенімді, аяғынан тік тұра алатын азамат болады деп ойлаймын.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғаты мен болмысында болуы мүмкін. Ұстаз міндеті оқушыға оның бойында жасырынып көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойлаушы,өз ойын дәлелдеуші болады.Ал мұғалім осы іс-әрекетке тек бағыт беріп ұйымдастырушылық рөл атқарады.

Біз мұғалімдер қауымы: Эльберт Хаббарт айтқандай  «Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету» деген қағиданы басшылыққа алып отырмыз.

Қорыта келгенде ұстаздар қауымы ұстаздың әрекетін бағыт беруші,нұсқаушылық бағытка алмастырып жаңашылдыққа  жасқанбай белсене араласып «әр нәрсені үйренгім келеді,оны өз тәжірибемде қолдана аламын,менің қолымнен келеді»-деген ұранмен еңбек етуге толық мүмкіндігіміз бар,құрметті әріптестер.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ