Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі

0
5141

 

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар — бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші » дегенінің өзі  — үлкен көрегендіктің белгісі.

Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ — бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірініші орынға қойып отыр.  Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еңшісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуына, оның жан-жақты дамуына және баладан рухани бай тұлға қалыптастыра білу басты міндетіміз. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту керек. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.

ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым  дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі-жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.

Сабақ — мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды.

Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлес қосқан.

Бағдарламаның міндеттері: Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатына критериалды бағалау жүйесін түсініп,  қолдана білуін қамтамасыз ету;

мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтежелер: мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсаттарында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

мұғалімдердің  орта білім беру мазмұнын жаңарту  жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының тұлғалық — бағдарлы  өзара                    қарым — қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік орнының кіргізілуі көзделеді.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериалық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдесінің  ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және  балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу  бағдарламасының  бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі)  аяқтаған оқушының  үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатыда балл және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.)

Сабақтағы қалыптастырушы бағалау — мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз  ететін оқудың ағымдағы бағалауы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).

Бағалау критерийі — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.

Дискриптор — оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

Тапсырма — оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және тағы басқа) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.

Кері байланыс — қандай да бір жағдайда немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Сабақтың соныңда мұғалімдерге қалыптастырушы бағалауға байланысты алынған тәжірибені қалай таратуға болатыны жөнінде талқылауға  тапсырма беріледі.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға  арналған оқу бағдарламарының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральді білім беру  бағдарламасының  спиральдік қағидаты  болып табылады. Ол оқу  бағдарламалары  спиральді білім беру  бағдарламасы (Джером Брунер)  моделіне негізделген.Оның негізінде оқушылар келесі  сыныпқа ауысқанда зерделенген  материалдар  мен білім қайталанып  отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді  білім берудің негізгі ерекшілігі: әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты  және бұған дейін  алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпаратты толықтырып бекітіп отырады; спиральді  білім беру бағдарламасы  жеңіл идеялардан  күрделі идеяларға  қисынды жолмен ауысуға  мүмкіндік береді;  оқушыларды соңғы  оқу мақсатына  қол жеткізу үшін  бұрын алынған білімдерін  қолдануға  жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің  оқу бағдарламаларындағы  өзгерістер: кең ауқымды дағдылардың негіздерін  меңгерген оқушы  тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Коммуникативті оқыту   ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту. Төрт дағдыны ескере отырып Ж.Аймауытовтың «…бала әуелі тәжірбиеге талпынып, нәрсемен танысып, содан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді.

Кіріктірілген білім беру бағдарласында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өте өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік  дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазлым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды  оқу жоспарында «Шиыршық  әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Бүгінгі күні, барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіменьжұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдерімен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі  де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің  жүйесін қарқынды дамытқан бұл үдерістің жалпы білім беретін  мектептер де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында. Жаңартылған оқу бағдарламасының  құрылымын, мақсат-міндеттерін  меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техологиялары да қарастырылды.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің  мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның  негізі «Өмірмен  байланыс» ұғымына  құрылған. Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік міндеттелді.  Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің  барлық салаларында  табысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер  тынымсыз  еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын  шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренерміз де көп Үнді халқының  тарихи тұлғасы  Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды  болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.  Жаңартылған білім — болашақтың кепілі.

 

Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімдері

Сәрсенғалиева Сауле Садуақасқызы,

Канафиа Инкар  Канашқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ