Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде?

0
3061
Жанна Д' Арк

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2C бөлімі -XIV ғ.- XVI ғ. бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Мектеп: №75 орта мектеп
Мерзімі: Мұғалімнің аты- жөні : Корганбаева Бакытбике Орынбасаровна
Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: Жоқ оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде?
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру; өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту және білім-білік дағдыларын қалыптастыру
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары 7.3.1.3 феодалдық қырқысулар мен орталықтанған мемлекеттердің құрылуы арасындағы байланысты табу;
Сабақтың мақсаттары
Феодалдық қырқысулар мен орталықтанған мемлекеттердің құрылуы арасындағы байланысты табу;
Тұлғаның тарихтағы ролін түсіну
Төменгі және жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрастыру

Жетістік

критерииі

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

Жүзжылдық соғыстың мерзімі мен негізгі кезеңдерін білсе;

Орталықтанған мемлекеттердің құрылуының алғышарттарын талдай алса;

Тұлғаның тарихтағы ролін анықтай алса; (Жанна д̓ Арктың Франция тарихындағы ролі)

Екіден кем емес төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырса;

Тілдік
мақсаттар

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, Еуропаның түрлі аймақтарына әсер еткен «қара індеттің» таралу себептерін және қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді салдарларын саралай алады.

Қара індеттің таралу себептері, факторлары, сылтаулары, қысқа мерзімді,орта мерзімді және ұзақ мерзімді әсері, салдарлары:
«Қара індеттің» Еуропа аймақтарына әсері:

қысқа мерзімді салдарлары:

орта мерзімді салдарлары:

ұзақ мерзімді салдарлары:

Қүндылықтарды дарыту

-өздігімен іздену, оқу, ақпарат табу, мәселені шешу, жаңа жағдайларға бейімделу, шешім қабылдау, топта жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын тиімді ұйымдастыра алу;

-өзін қоршаған ортадағы мәселелерді көре алу, басқа көзқарастарды сынды, қабылдай алу;

Пәнаралық байланыс

Жанны д Арктың портретін туралы талқылау кезінде өнер сабағымен байланыс жүреді.

Жүзжылдық соғыс тарихын және «қара індеттің» салдарларын оқу барысында картамен жұмыс жасайды.

АКТ қолдану

Сабақта оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап іздеу кезінде АКТ-ны қолданады.

Оқушылардың назарына «Еуропаның орталықтанған мемлекеттері» атты тақырыптық фильм ұсынылады.

Жанна д,Арк туралы бейнефильм ұсынылады.

Алдыңғы білім Оқушылар «Қара індеттің» таралуына дейінгі уақытта өркениетті елдерде медицинаның қолдануы туралы білімдерін естеріңе түсіреді. Мысалы, христиандық Еуропамен салыстырғанда мұсылман елдерінде және Қытайда өте жоғары дәрежелі білім болды.
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

1- сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі

Портретке қатысты кілт сөздер,сөз тіркестері және сөйлемдерді табу ( 1 СЛАЙД ). Оқушылар портреттегі қыздың кім болғанын жорамалдайды.Бұл жерде көмекші сұрақтар да қоюға болады: Неге ол бұлай салынған? Оның тұрысы қандай, бет- пішіні ше? Үстіне қандай киім киген? Оның қолындағы заттар нені білдіреді, олар ненің белгісі болып табылады?

Оны не қоршап тұр?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады (2-3 СЛАЙДТАР)

Жанны д,Арктың портреті

 

 

Сабақтың ортасы

2-сабақ

(М) Жүзжылдық соғыс туралы мұғалімнің қысқаша түсініктемесі (5-13 слайдтар)

(Ж) Жұпта жүзжылдық соғыс картасымен жұмыс жасайды. Оқушылар картадағы шартты белгілер бойынша алған ақпараттарын ауызша ақпаратқа айналдырады.

(Т) Оқушылардың назарына Жанна д,Арк туралы бейнефильм ұсынылады.

(Т) Рольдік ойын.Тарихи деректерді пайдалана отырып, Жанна д, Арктың сотын көрсетеді.

Тапсырма: төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырып, Жанна д,Аркке қояды.

Мұғалім оқушыларға екі картаны көрсете отырып, сұрақтар қояды: картаны пайдалана отырып, оқушылар Францияның жүзжылдық соғыста жеңуі, оның орталықтанған мемлекет құруына әсер еткендігі туралы шешімге келеді.

(Б) Тапсырма: Жанна д, Арк туралы синквейн құрастырады.

(Б) Оқушыларға «Орталықтанған мемлекеттердің құрылуы» атты бейнесабақ көрсетіледі.

Мұғалім топтарға XI Людовиктің Францияны біріктірудегі ролі туралы ақпараттық мәтін таратады.

(Т) Топта ақпаратпен танысып, талқылағаннан кейін оқушылар XI Людовиктің мемлекетті біріктіру жолында қолданған іс- әрекеттерінің өте маңыздыларын қызыл түспен, маңыздылығы төмен іс- әрекеттерін жасыл түспен белгілейді.

Сабақты бекіту:

(Т) Мұғалім оқушыларға карточка таратады, оны олар екі бағанға бөліп жазуы тиіс:
Бірінші бағанға: феодалдық бытыраңқы мемлекеттерді, екінші бағанға орталықтанған мемлекеттерді бөліп жазады.

Жүзжылдық соғыс картасы

 

 

Жанна д,Арк туралы бейнефильм

 

 

Жанны д,Аркты тергеу хаттамасы

 

Орта ғасырлар тарихы

атласы 29-31 беттер

Орта ғасырлар тарихынан әңгімелер

XI Людовик батыл Карлға қарсы

 

 

 Мұғалімге арналған ескертпелер

Тарихи концепт (фокус) : маңыздылық

Суретті көрсетіп, кілт сөздерді тапқаннан кейін оқушыларға қысқаша түрде жүзжылдық соғыс, оның себептері, жүзжылдық деп аталу себептері туралы қысқаша ақпарат беруі шарт. Тапсырма құрастыру кезінде дифференциалды оқытуды да ескеру қажет. Мұғалімге алдын ала рольдік ойынға арнап тарихи дереккөздерінен алынған материалдан карточка дайындап қоюы қажет.

Синквейн тапсырмасын рольдік ойыннан кейін орындаған дұрыс болады.

Мұғалім жүзжылдық соғыстың қорытындысы туралы айтады. Мұғалім оқушыларға екі түрлі карта көрсетіп, сұрақ қояды: картада өзгерістер нені білдіреді? Картаның көмегімен оқушылар жүзжылдық соғыстағы Франция мемлекетінің жеңісі орталықтанған мемлекеттің құрылуына әкелді деген қорытындыға келеді.Сол сияқты мұғалімге оқушыларға XI Людовиктің біріктіру жолындағы күресі туралы ақпарат беретін мәтін бергені дұрыс.

Бытыраңқы және орталықтанған мемлекеттің шартты белгілері жазылған карточка дайындау қажет. Оқушылар карточкаларды орналастырғаннан кейін «Франция мемлекетінің бір орталыққа бірігуінің қандай тарихи маңызы бар?» деген сұрақты басшылыққа ала отырып, қорытынды шығаруы қажет.

Сабақтың соңы

 

Тони Райан құрастырған «Дананың кілті» атты әдіс- тәсілін пайдалана отырып, сабаққа қорытынды шығарыңыздар.

«Алфавит» кілті: А- дан бастап Я-ға дейінгі әріптерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қатысты сөздер құрастырыңыздар.

«Кемшіліктер» кілті: мысалы, орталықтанған мемлекеттің кемшіліктерін атаңыздар.

«Жаңа дизайн» кілті: Оқушыларға оқиғаның басқа даму нұсқасын ойластыру ұсынылады. Мысалы: егер жүзжылдық соғыста ағылшындар жеңсе не болар еді…?

«Дананың кілті»

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Көпшілік оқушыларға қолжетімді ресурс карта болып табылады.

Оны негізгі ресурс ретінде картаны қолдану тақырып бойынша маңызды ақпарат іздеу жұмысын жеңілдетеді.

Сыныптағы әртүрлі пікіралмасу және топтық, жұптық жұмыс қолдау көрсетуді қажет и оқушыларға тиімді және мұғалімге де жұптар және топтар арасында жүре отырып,кеңес беруге немесе оқушылардың жауаптарын тыңдап, бағыт беруге жағдай жасайды.

Деңгейлік тапсымалар қарастырылмайды.

 

  • Жұптық және топтық талқылаудың сапасын анықтау;
  • 7 және 8 сыныптарда алған білімдерін жобалап бағалау;
  • Оқушылар қаншалықты өз ойларын жеткізе алатындығын бағалау;
  • Оқушылардың бүкіл сыныппен және топта сұрақ қоюын бағалау.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңы. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1:
2:

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қарашалаң ауылы
№75 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Корганбаева Бакытбике Орынбасаровна

Басқа да ашық сабақтар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ