Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар.

0
10599
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалутәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  7 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалау критерийі
            Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Біржасушалылардың қозғалу мүшелері.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын  қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.

 

1-топ

2-топ

3-топ

 

 

Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі – немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады (88-сурет).

Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.

Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.

Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері алуан түрлі. Олар жануар типіне байланысты. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені тері-бұлшық ет қапшығы дейді. Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір дамыған.

Буынаяқтыларда алғаш рет бұлшық еттердің жеке шоғыры пайда болады. Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны   үнемдейді. Омыртқалылардың қозғалу мүшелері. Жалпы барлық омырт- қалылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас. Бұл ішкі қаңқа – сүйектер  мен оларға бекитін бұлшық еттер. Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне тартады. Дененің белгілі бір бөлігі осылай жылжиды.

Омыртқалыларда қозғалу мүше- лері тіршілік ортасына тәуелді. Балықтарда қозғалу мүшесі – жүзбеқанаттары. Құрлықта тіршілік ететіндердің қозғалу мүшесі – екі немесе төрт аяғы, ал жылан денесін ирелеңдетіп жылжуға бейімделген. Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін мүше – қанат құстарға тән. Су  тіршілік ортасын

мекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар, теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары, тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан жүзбеқанаттарға ұқсайды.

Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады. Медузалар,  сегізаяқтар,  каракатицалар  осылай жылжиды.

Топырақта қозғалған кезде жануарлар аяғын (жәндіктер, көртышқан т.б.) немесе денесін (шұбалшаң) пайдаланады.

 «Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)

1. Сендерге таныс жануарлар қалай қозғалатынын еске түсіріңдер. Олар қандай қозғалу мүшелерін пайдаланады?

2. Суретте көрсетілген жануарлардың қозғалу ерекшеліктерін сипаттаңдар.

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

Микрафон

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

ТВ шоу

(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады.  Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы  ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)

1. Қозғалу әдістері бойынша жануарларды (кәдімгі амеба, жасыл эвглена, инфузория туфелька, шұбалшаң, шырыш, мөңке балық, бүркіт) топтастырыңдар.

2. Жануарларға тән сендерге белгілі қозғалу мүшелерін атаңдар. Олар- дың қандай жануарларға тән екенін, қандай ортада қолданатынын көрсетіңдер.

Талдау

Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі

1. Жануарлар мен өсімдіктердің қозғалу айырмашылығын талдаңдар. Ол неге байланысты?

2. Тіршілік ортасы, дене пішіні және қозғалуға бейімділік арасындағы байланысты түсіндіріңдер.

 

Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез Топтық тапсырма

1. Жануарлардың қозғалу мүшелерін талдаңдар. Қозғалу мүшелерінің тіршілік ортасына (жүзу, ұшу) бейімделгенін дәлелдеңдер.

2. Жануарлардың кластарына сәйкес қозғалу мүшелерін анықтаңдар. Оларды эволюциялық ретпен орналастырыңдар.

 

 

Сызылған дайын кластерлер

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

Кері байланыс

3 минут

 Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Рефлексия

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады.  (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

 

Бағалау парақшасы

 

Түрлі –түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сізқосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəн аралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ