«Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты эссе байқауы

0
3668
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы
 
 Университет түлегі С.Бермағанбетовті еске алу іс-шарасы аясында студент-жастар арасында өткізілетін
                                                                    «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты эссе байқауының
                                                                                                                   ЕРЕЖЕСІ
  
         «Жарқ еткен жасын ғұмыр» эссе байқауының мақсаты – университет түлегі, журналист С.Бермағанбетовті еске алу және болашақ журналистердің шығармашылығын дамыту.
\r\n

    \r\n

  1. Эссе байқауының мақсаты:
  2. \r\n

\r\n

Байқау журналист С.Бермағанбетовті  еске алу, жас тілшілерді қолдау және олардың шығармашылығын дамыту.
 
Эссе байқауының міндеттері:
\r\n

    \r\n

  1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жастарының шығармашылық әлеуетін дамыту;
  2. \r\n

  3. Жастардың шығармашылық қабілет-қарымын ұштау;
  4. \r\n

  5. Жас журналистердің кәсіби өсуіне ықпал ету;
  6. \r\n

  7. Болашақ ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриотизмін жетілдіру;
  8. \r\n

  9. Университет түлегі С.Бермағанбетовті есте қалдыру мақсатындағы жұмыстарды одан әрі жандандырып, сол арқылы студент-жастардың журналист мамандығына деген ынтасын арттыру.
  10. \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Эссе байқауын өткізудің негізгі принциптері:
  2. \r\n

  3. Еріктілік;
  4. \r\n

  5. Ашықтық;
  6. \r\n

  7. Әділдік;
  8. \r\n

  9. Қатысушылар мүмкіндігінің теңдігі.
  10. \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Эссенің талаптары:
  2. \r\n

\r\n

       Эссе – шығармашылық жұмыс, қысқаша шығарма, ой талқы. Оған қойылатын талаптар: 
— таңдалған тақырыпқа сәйкестігі; \r\n — мәселені  жете қабылдап түсінуі және талқылап, тұжырымдауы;
— өзіндік көзқарасы;
— еркін композиция;
— ішкі мазмұнның бірлігі, негізгі құрылымдық бөліктердің сақталуы (мәселе қоя білуі, аргументі және талдауы, нәтиже).
       Эссе тілдік норманы сақтай отырып, қарапайым тілмен жазылуы тиіс.\r\n Ескерту: Ғаламтордан көшірілген материалдар қарастырылмайды. Байқау талабына сәйкес эссе қағаз нұсқасында (қолжазба не компьютерде терілген)  қабылданады.
          Байқауға қатысушы әр автордың материалы 1 папкада жинақталып тапсырылуы тиіс. Эссе көлемі 3-4 беттен аспауы керек, терілген болса – 14 шрифт,Times New Roman, бірлік қашықтық көлемінде  немесе қолжазба күйінде қабылданады. 
Титул бетін безендіру талаптары:\r\n     — тақырыбы;\r\n      — автор туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты);
     — білім беру ұйымының толық атауы, тобы.
 
Эссе құрылымы:
\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе –таңдалған тақырыптың негізі мен мәні.
  2. \r\n

  3. Негізгі бөлім – өзіндік көзқарастың берілуі. Автор өзіндік көзқарасын берілген тақырыппен байланыстыру.
  4. \r\n

  5. Қорытынды –берілген тақырып бойынша күтілетін нәтижелер мен ой түйіні.
  6. \r\n

\r\n

 
Эссені мамандардан құралған арнайы комиссия  тексеріп, бағасын береді.  Нәтижесінде жоғары бағаланған эсселер еске алу кешінде оқытылады, үздік эссе жазғаны үшін атаулы номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 23- ақпанға дейін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 115 – зертханаға жеткізуі тиіс.
 
Эссе байқауының нәтижесі бойынша төмендегідей жүлделер тағайындау ұсынылады:
\r\n

    \r\n

  1. І орын – біреу
  2. \r\n

  3. ІІ орын – екеу
  4. \r\n

  5. ІІІ орын – үшеу
  6. \r\n

\r\n

 
27- ақпан күні студенттер сарайында еске алу кеші ұйымдастырылмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ