«Жас Ахметтанушылар»  атты Ахмет Байтұрсынұлына арналған кеш сценариі

0
7303
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы:  «Жас Ахметтанушылар»  

Сыныптан тыс тәлім (танымдық іс-шара)
Әдебиеттік оқу.

Барысы:                                          

Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы

1) (Сахнаның безендендірілуі: А. Байтұрсыновтың портреті, бір бұрышта Ахаң атамыздың жұмыс кабинетінің көрінісі: кітап сөресі, үстел, жазу машинасы, шам және қолында қағазы мен қылқаламы бар Ахаң)
2) Экранда: 1 — слайд.
Тақырыбы мен жоспары жазылған.
Ахмет Байтұрсыновтың тағылымы)

Жұмыс жоспары: Үш бөлімнен тұрады.
І. Ахмет Байтұрсынов – ғалым.
(ғылыми еңбекетері, мақалары мен зерттеулері негізінде)
ІІ. Мысалмен айтқан көп ойлар.
(аудармалары мен мысалдары қақында)
ІІІ. Ахмет Байтұрсынов – ақын.
Сахнада ойнап тұрған музыка сөнеді де, оның орнына дауыстап оқылған ақын өлеңі естіледі.

Дауыс: Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам?
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!
Слайд — шоу. Ахмет Байтұрсыновтың суреттері, үйі, еңбектеріт. б.
(Үнсіздіктен соң сахнадағы Ахаң ағамыз орнынан тұрып, қолына қағазын ұстап, бері қарай шығып, өз өлеңін оқиды.)
Жазушының қанағаты.
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп — тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
(Ахаң үлкен ой үстіндегі хәлімен сахнадан ақырын – ақырын кетеді)
Қарқынды әуен. Осы әуен үнімен сахнаға екі жүргізуші шығады.

1 — жүргізуші. Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар!

2 — жүргізуші. Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа байланысты ұйымдастырылған

«Жас Ахметтанушылар» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
2 — слайд
1 — ж. Қазақ тіл білімінің діңгегі атанған Ахаң атамызға арналған іс — шарамыз 3 бөлімнен тұрады.

2 — ж. Бірінші бөлім «Ахмет Байтұрсынов – ғалым» (яғни ғылыми еңбектері мен мақала – зерттеулері негізінде өтеді).
1 — ж. Екінші бөлім «Мысалмен айтқан көп ойлар» (аудармалары мен мысалдары қақында болады)
2 — ж. Үшінші бөлім. “Ахмет Байтұрсынов — ақын”, яғни ақыңдық өнері, көркем оқу түрінде өтеді.
1 — ж. Сіздердің рұқсаттарыңызбен “Ахмет Байтұрсынов — ғалым” атты бірінші бөлімді ашық деп жариялаймыз.
(Жүргізушілер кетеді,  3 оқушы келеді)
2 — слайд
«А. Байтұрсынов аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы…

Ол — қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті
Теориясының негізін салушы…
Әдебиет энциклопедиясының 1 — томы, 305 — 306 беттер.
1 — оқушы. 1929 жылдың 8 — мартында өз қолымен жазған « Өмірбаянында» А. Байтұрсынов былай дейді: « Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс — қағаз, публицистика, ғылыми жазба тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым.
3 — слайд Қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына көп күш жұмсады. Оқу құралы /1912/. « Тіл құралы» 2 — бөлім /1914/. Әліп — би /1924/ Жаңа әліп — би /1926 — 28/ оқулықтарын, Баяншы /1926/ әдістемелік нұсқауын жазды, «Тіл жұмсар» 2 — бөлім., « Әліппе – астар», әліппеге методикалық нұсқау, көптеген ғылыми мақалалар т. б. Қазақ грамматикасына қатысты теориялық еңбектерін, әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш зерттеу «Әдебиет танытқыштың» /1926/ авторы
2 — оқушы. « Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» — дейді.

3 — оқушы. « Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді. 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл – түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен, қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл — сөздің аяғына жалғау қосылып, өзгертілген тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл — сөз түбірімен қопарылып, өзгертілген тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі дей келе, қазақ тілін сөз тұлғасына қарай беске бөледі. 1) түбір сөз, 2) туынды сөз, 3) қос сөз, 4) қосалқы сөз, 5) қосымшалар.
Сөздерді мағынасына қарай 9 топқа топтастырған.
1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік, 6) үстеу, 7) демеуіш, 8) жалғау, 9) одағай ( еліктеуіш, лептеуіш) сөздер.

4 — слайд.
А. Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап, бастырған фольклорлық мұралары: Ер сайын жыры /1923/Мәскеу.. 23 Жоқтау /1926/Мәкеу

Ғылыми тұжырымы “Қазақтың бас ақыны”.

/сахнаға қайтадан 6 оқушы шығады
1 — оқушы
. А. Байтұрсынов ақын — теоретик, эстетик — сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы – Ташкентте 1926 жылы басылған еңбегі « Әдебиет танытқышы». Бұл кітапта қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты — басты терминдері мен категориялары түп – түгел қалыптастырылған.

5 — ші слайд.
«Әдебиет танытқыш» 1926ж.

Бұл біздің жыл санауымыздан 326 жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің “Поэтикасы” тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.
“Әдебиет танытқыш” кітабы – әдеби терминдерді қазақша қалыптастырған жаңашыл туынды.

2 — оқушы. Автор өнер атаулыны тірнек өнері және көрнек өнері деп екі ұлы топқа бөліп, қарастырады.
Тіршілік жасау үшін жұмсалатын өнер — тірнек өнері болады десе, көркемшілік, сұлулық үшін жұмсалатын өнер — көрнек өнері болады деген.

Біріншісі — тастан, кірпіштен, ағаштан, яғни басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады. Еуропаша – архитектура.

3 — оқушы. Екінші — балшықтан, я металдан құйып, тастан, ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын – сымбатын келтіре сурет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады. Еуропаша – скульптура.

4 — оқушы. Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескінін, келбетін келтіріп суреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. Орысша – живопись.

5 — оқушы. Төртінші — әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамен келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. Еуропаша — музыка.

6 — оқушы. Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келтіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша — асыл сөз, арабша — әдебиет, еуропаша – литература.
Өнердің ең алды сөз өнері саналады. « Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шамасына қарай сөз өнері атқара алады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді дегенді айтады.

сахнадан кетеді 

Слайд және 1 – 2 жүргізуші
Қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығы.

• Эпосты – әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс;
• Публицистиканы – шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, ділмар шешен сөз, уағыз, көсем сөз дейді.

Слайд. Ауыз әдебиет түрлерін 5 топқа бөледі.
1) Ертегі, аңыз – әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш.

2) Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс, өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме.
3) Ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал – мәтелдер.
4) Тойбастар, жар — жар, некеқияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата.
5) Жын шақыру, дерт көшіру, бесік жыры.

1 — жүргізуші. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.

2 — жүргізуші. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан – жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов түындыларын аударып «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарады.

1 — жүргізуші. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

2 — жүргізуші. Аудармаларында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп – төгіліп тұр. Енді кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соңғы пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Көркем оқу. Аққу, Шортан һәм Шаян.
7 — слайд
Петербург, 1909

    Қырық мысал
Замандастарыма
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып, қоқырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып — талып.

Көрініс: Егіннің бастары

Көркем оқу: Шымшық пен көгершін

Көрініс: Өгіз бен бақа
Би: «Құрбақаның қуанышы» орындайтын 4 — сынып оқушысы:
Көркем оқу: Малшы мен маса
8 — слайд: Сурет «Ат пен есек»
Көрініс: Қасқыр мен тырна
Жатқа: Екі шыбын
9 — слайд Сурет «Қарға мен түлкі
Көрініс — Қара бұлт
Жатқа — Маймыл мен көзілдірік
Слайд — Маса – үзінді
Көрініс: Шал мен ажал
Көрініс
: Аю мен кісі

Слайд — Аударманың ерекшелігі
Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік ьасым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.
Слайд — Салыстырма кестесі
И. А. Крылов А. Байтұрсынұлы
«Шымшық пен көгершін» — 10 жолдан тұрса 32 жолдан тұрады
«Өгіз бен бақа» — 17 36 жолдан тұрады
«Қасқыр мен тырна» — 19 76 жолдан тұрады
«Арыстан, киік һәм түлкі» — 35 56 жолдан тұрады
«Қасқыр мен қозы» — 37 68 жолдан тұрады
1 жүргізуші
Қазағым елім,

Қайқайтып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді, оянып

2 — жүргізуші.
Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған,

Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.

1 — жүргізуші. “Маса” кітабына енген өлеңдерде ақын жеке бастың мұң — шерін, тұмыс — салт суретін емес.

2 — жүргізуші. Негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеяларды айтады.
/Сахнада тақырыпқа сай музыка ойнайды және сол үнмен ере өлеңін оқып, оқушы шығада да, сол сахна үстінде қалады. «Туысыма» оқылады.
«Досыма хат», «Қазақ қалпы», Жұртыма», «Ақын ініме», Анама хат».

1 — жүргізуші. “Слайд: Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы — басты сарын.
«Туысыма», « Досыма хат», «Қазақ қалпы», « Жұртыма», « Ақын ініме», / М. Дулатовқа арналған/

2 — жүргізуші. “Слайд:
Қорлық — зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар.
Оқу: “Анама хат”, Н. Қ. Ханымға /Нәзине Құлжановаға арналған /

Слайд.
                           Ахаң ата даналығы.
Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек.
Көрініс: сахнада оқушылар, студенттер қолдарында Ахаң өлеңдері бар, өзара диалог құрып сөйлеседі.
Үлгі: А. Байтұрсынов атамыз сол қиын заманның өзінде бүгінгі күннің талаптарын көре білген, қандай керемет десеңізші! Қарашы, мына бір өлең жолдары /жиған — тергеннен алам/ тұнып тұрған асыл сөз ғой…
Суретші бір оқушымыз Ахмет атамыздың портретін салып тұрады. Болған соң көпшілікке көрсетеді.
— Мен де Ахаң ағама ұқсағым келеді. Ақаң ағама арнап өлең жаздым.

Өзінің шығарған өлеңін оқиды.

Слайд.
Ахмет Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол – жақсы домбырашы. Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмысы мен әдет – ғұрыптарын терең білетіндіктен Ахмет Байтұрсынов Торғай, Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өлкесінің әндерін жазғанда маған көп жәрдемдесті, тамаша екі күйді, тіпті, өзі орындады.

Александр Затаевич, музыка зерттеушісі
2 — жүргізуші. Абай атамыздың:
« Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке толы ой салар,
Әнді сүйсең мендей сүй» деп, келесі кезекті кешіміздің ән — би шашуына береміз.

1 — жүргізуші.  «Белес» биі.
2 — жүргізуші
.  «Қазақтай ел қайда?!» әні.

( Танымдық шараға  қатысқан барлық оқушы сахнаға шығады)

1 — жүргізуші. Қымбатты білім сүйер қауым, Сырбай Мәуленов ақынымыз айтқандай «Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама» Ахмет Байтұрсынов атамыздың мерейтойына арналған әдеби кешіміз өз мәресіне келгендей.

2 — жүргізуші.
Ахмет атамыздың өзі айтқан « Мойындағы борышты білу — білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деген сөзімен сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпіз.

Барлығы бір дауыспен « Сау болыңыздар» дейді.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ