«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

0
5604
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан — жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта.

Түрі: Топтық сайыс

Қатысатын сынып:  4 «Г». Әр топта  7 —  оқушыдан 4-топ.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

  1. Кіріспе бөлім:                                                                                                                     

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ал,келіңдер,келіңдер,

Біріңе — бірің еріңдер.
Білімпазды  тексеріп,
Жеңімпазды көріңдер,- дей отырып, «Ұшқыр ой мен шешен тіл » атты сыныптан тыс зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- дей келе сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар :

1.

2.

3.

4.

5.

Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.   Оқушылар жеребе арқылы 4 топқа бөлінеді.

1 – топ:  «Алғырлар» тобы,

2 – топ:  «Тапқырлар» тобы

3 — топ: «Білгірлер» тобы

4 – топ : «Жүйріктер» тобы

 

Бөлімдермен таныстырып өтейін:

1 кезең – «Таныстыру»

2 кезең -«Сұрақ бізден — жауап сізден» әдебиеттік оқу пәнінен сұрақтар

3 кезең -«Қанатты сөз —  қазына»

4 кезең -«Айшықты    сөздер»

5 кезең -«Мақалды аяқта»

6 кезең— «Анаграммалар»

7 кезең- «Талапкер»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымыздың 1 — бөлімін бастаймыз.

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранымен  таныстырады, әр топта 7 — оқушыдан қатысады)

1 — топ:  «Алғырлар» тобы

Ұраны:  «Алғырлар» алға !

Қарсыластан қалма!

Батыл қадам бас та!

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны:

«Тапқырлар» алға!

Батылдыққа баста !

Жарысудан  қашпа!

3 — топ:  «Білгірлер» тобы

Ұраны:  «Білгірлер» алға!

Қатарыңнан қалма!

Биіктерге самға!

4 — топ:  «Жүйріктер» тобы

Ұраны:  «Жүйріктер» алға!

Тоқтама, талма!

Қанжығаңды майла!

Әділқазылардың берген ұпай саны.

ІІ – кезең: «Сұрақ бізден — жауап сізден»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін әдебиетке берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.

1- топ  «Алғырларға»                                                                                      

  1. Ұлыстың ұлы күні қай күн? (22 наурыз)
  2. «Шықбермес Шығайбай» ертегісіндегі Шығайбай қандай адам? (Сараң)
  3. Ертегінің түрлерін ата? (Шыншыл,Қиял-ғажайып,Тұрмыс – салт,Жан –жануарлар туралы)
  4. Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (диолог)
  5. «Омоним» сөздер деп қандай сөздерді айтады?(жазылуы бірдей,мағынасы әр түрлі сөздер)

2-топ  «Тапқырларға»

  1. «Ормандағы оқиға» ертегісінде тобылғы не істеді?(екі досты араздастырды)
  2. «Сатқын жапалақ»ертегісінде Сүлеймен патша қандай бұйрық берді?(Ақ сүйектен,бас сүйектен,жас сүйектен сарай салынсын.1қабат-әйел бас сүйегі,2қабат –ерлер бас сүйегі,3қабат-құстар бас сүйегінен)
  3. « Жапырақтар сарғайып, жердің сұрқы қашты» – сөзінен қай мезгіл сыйпатталып тұр? (Күз мезгілі)
  4. Нар деп нені атаймыз?(Түйені)
  5. « Ақ киімді денелі ақ сақалды» – деп басталатын қандай өлең жолы , авторы кім? (Абай, «Қыс» өлеңі)

3топ  «Білгірлерге»  

  1. Екі ақынның арасындағы сөз жарысы қалай аталады? (айтыс)
  2. «Кемеңгер»деп қандай адамды айтамыз?(дана,данышпан адам)
  3. «Туған жердің ыстығын –ай» мәтінінде түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? (туған еліне,жеріне)
  4. «Қорамсақ» деген не?(садақтың қабы)
  5. 5. «Қаз дауысты»деп қандай биді айтады?

    4топ  «Жүйріктерге» 

  1. «Батыр» болу үшін бойыңда қандай қасиеттер болуы керек?
  2. Қазақтың үш биі кімдер,ата?(Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)
  3. Қобыланды батырдың тұлпары? (Тайбурыл)

4.Ерте ,ерте,ертеде….деп басталатын  қандай шығарма?(Ертегі)

  1. Қорқыт неден қорықты? (Өлімнен)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

3 кезең  — «Қанатты сөз қазына»                                                                                                 

Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.

Білімдіден шыққан кез,

Талаптыға болсын тез.

Нұрын, сырын білуге,

Көкірегінде болсын көз — дей келе келесі бөлімге кезек берсек. Топ басшылары келіп мына қағаздан  мақал тақырыптарын таңдайды.Таңдаған тақырыптарына байланысты 4 мақал айтады.

Еңбек туралы 4 мақал.

Отан, туған жер туралы 4 мақал.

Оқу, білім туралы 4 мақал.

Ана туралы 4 мақал

Әділқазылардың берген ұпай саны.

4 кезең -«Айшықты сөздер» бұл айналымда бірнеше сөз тіркесі беріледі оқушылар бір сөзбен айтуы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топ. «Алғырларға»                                                                                      

  1. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)
  2. Қолды болды (Ұрланды)
  3. Жүрек жұтқан (батыр)
  4. Қоян жүрек (қорқақ)
  5. Көз ілінбеді  (ұйықтамады)

2 — топ.«Тапқырларға»

  1. Бетінен оты шықты  (ұялды)
  2. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
  3. Төбесі көкке жетті (қуанды)
  4. Күлін көкке  ұшыру (құрту)
  5. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)

3 — топ. «Білгірлерге»

  1. Көзін — ашып жұмғанша  (лезде)
  2. Беті бүлк етпеді (ұялмады)
  3. Ит терісін басына қаптады  (ұрысты)
  4. Тісіңнен шығармау  (айтпау)
  5. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

4-топ. «Жүйріктерге»

  1. Ит өлген жер (алыс)
  2. Қас пен көздің арасында (лезде,тез)
  3. Тізе бүкті (бағынды)
  4. Даусы жерді көшірді (қатты айқай салды)
  5. Буыны қатпаған (жас)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

5 кезең -«Мақалды аяқта»      Әрбір дұрыс жауап  1 ұпай.

1-топ. «Алғырларға»                                                    

  1. Қыз өссе…
    2. Ерді намыс…
    3. Жаман жолдастан…
    4. Тіл тас жарады…
    5. Қына тастан шығады…

2- топ . «Тапқырларға» 

  1. Қарға баласын …..
  2. Кітап білім бұлағы …
  3. Ақыл азбайтын тон…
  4. Ердің атын….
  5. Еріншектің….

3- топ. «Білгірлерге»

1.Кісі елінде…..

2.Туған жердей….

3.Төртеу түгел болса….

4.Ынтымақ түбі…..

5.Ат-ердің….

4 — топ. «Жүйріктерге»

1.Бергеннің қолынан…..

2.Отан-оттан да….

3.Өз елім –өлең….

4.Досы көпті-……

5.Ағасы бардың…..

Әділқазылардың берген ұпай саны.

6  кезең. –«Анаграммалар»
Анаграмма — сөздегі әріптердің орны ауыстырылған мағынасыз әріптер жиынтығы. Бұл мағынасыз сөздер әр топқа беріледі. Әр топ неше сөз дұрыс құрастырса ,сонша ұпай  жинайды.1 сөз 1- ұпай.

1 — топ. «Алғырлар»

  1. Сепе (есеп)
    2. Дәмеі (әдемі)
    3. Ромна (роман)
    4. Апра (арпа)
    5. Рыдқы (қыдыр)

2 — топ. «Тапқырларға»

  1. Өркеп(көрпе)
  2. Абытр (батыр)
    3. Ешешн (шешен)

4.Алшабр(шалбар)

5.Ізки (киіз)

3 — топ. «Білгірлерге»

1.Текі (етік)

2.Ушқа (шуақ)

  1. Рыбта (батыр)

4.Ікатп (кітап)

5.Асыйс(сайыс)

4 — топ. «Жүйріктерге»

1.Рмона(орман)

2.Ышқйа(қайшы)

3.Удыал (дауыл)

4.Здкөіс (сөздік)

5.Сыды (ыдыс)
Әділқазылардың берген ұпай саны. 

7 кезең- «Талапкер»

Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек. Әрбір топқа дұрыс ұйқасы бар өлең жолы үшін 5-ұпай.

1 — топ. «Алғырларға»

  1. … өріп тараған,
    … қараған.
    Құрт пен майын жинаған,
    … сыйлаған.

2 — топ. «Тапқырларға»

  1. … қошақан ,
    … қалмайды.
    Сүп-сүйкімді момақан,
    … аумайды
  • — топ.«Білгірлерге» 

1… бала әрқашан,
Қуантады … .
Құлыным деп анасы,
… баласын.

4 — топ. «Жүйріктерге»

  1. 1. . … бала әрдайым,
    … анасын.

Маңдайынан искелеп,
…көріп  баласын

(Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу).

Әділқазылардың берген ұпай саны.

  • Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті. Әділ – қазыларымыз ұпай санын есептеп бір шешімге келгенше,сыныбымыздың үздік оқушысы: Кемал Нұриланың    орындауында  « Алға, Қазақстан» әнін  тыңдайық.

—  Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау  –  деп сөз кезегі әділ

  • қазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады.
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ