Жастар – біздің болашағымыз

0
4632
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: Жастар – біздің болашағымыз

1- жүргізуші:

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
2 – жүргізуші:

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

— Армысыздар, аяулы ұстаздар, арманы асқақ оқушылар мен қадірлі кеш қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі күн шаттық пен күлкіге, ән мен биге толған мерекелі күн.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.Бүгін біздің мектебімізде осыдан 3-4 жыл бұрын осы мектептен білім нәрімен сусындап қазіргі таңда бір – бір жоғары оқу орнында білім алып ,әне – міне дегенде болашақ маман иесі болғалы тұрған ауыл жастарымен кездесу, сұхбаттасу кешінің куәгері болғалы тұрмыз. Ендеше уақытты көп созбай «Жастар — біздің болашағымыз» атты кездесу кешін ашық деп жариялаймыз. «Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сауал бәрімізді мазалауы мүмкін. Ендеше сол сауалдың шешімін бүгінгі кездесу кешінің барысынан табамыз деп ойлаймын.

Ендеше кешіміздің қонақтарын таныс болыңыздар:
  1. …………………………
  2. ……………………………….
  3. ………………………………..
  4. …………………………………
  5. ……………………………………………..
  6. ………………………………………………т.б

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Мәселен, жастардың өзі бәзбір ұйымдардың қолшоқпарына айналудан сақ болғаны жөн. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал – дей келе кездесу кешіміздің ашылу сөз кезегін Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағила апайға береміз.

………………………………..

Жылы лебізіңізге рахмет ацта отырып, сіздің құрметіңізге орындалатынәсем әнді қабыл алыңыз……………………………

Иә, 2019 жыл — Жастар жылы. Жастар жылының ресми логотипі бекітілген болатын. Сіздерге сол логотипте не бейнеленгенін және мағынасы туралы баяндап өту үшін сөз кезегін Маржан қызымызға берсек.

Логотипте жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі — үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады. Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі – топ пен барлық еңбектің нәтижесін қамтамасыз ететін адал қарым-қатынастар. Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық, бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс — позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс- кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады, — деп хабарлайды ҚР қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жастарым еңбекші елдің болатысың,

Сүзілген жібек баулы қанатысың,

Қар жауып, ыстық, аяз көрсеңдағы,

Құлпырып өңі түспес жанатысың.

Өрімдей емен ағаш сен сабағы,

Дұшпанның саған батпас бар жарағы,

Сауытың үстіңдегі сұр костюмің

Адымда ұлы жолмен алдыңдағы.- дей келе мектебіміздің 10 – сынып оқушысы Нұргелдінің әсем әуеніне кезек береміз.

Жүргізуші:

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық. – дей келе ауыл жастарына тосын тапсырма беріп ойларын білсек. Сіздерді «Мозайка» әдісі арқылы екі топқа бөліп алсақ.

Тапсырма : Егер сіздер қазіргі қайтарымсыз беріліп жатқан несиеден біраз қомақты ақша алсаңыздар , сол ақшаны қалай тиімді пайдаланар едіңіздер?

(жастар жұмысы)

Жүргізуші:

Елбасымыздың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Дегендей міне ауыл жастарының болашақта қандай жұмыстарды қолға алғылары келетінін тағы да байқадық.

Сіздердің құрметтеріңізге мектеп оқушыларының замануи биіне кезек береміз.

Жүргізуші: Құрметті ауыл жастары өздеріңізді үлгі тұтатын, мақтан ететін осы залда қаншама ізбасарларың отыр. Ендеше сол оқушылардың сұрақтарына кезек берсек. Жауап беруге дайынбызба?

……………………………………..

Жүргізуші:

Елбасымыз «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады». деген еді. Жастарымыз аман болсын.дей келе 9 – сынып оқушыларының дайындаған көрінісіне кезек береміз…………………………………….

Жастарымыздың ойын бөліп, сергітіп алу мақсатында мектебіміздегі жастар ұйымының жетекшісі Тоты апайымыздың жастарға арнап дайындаған сергіту сәтіне кезек берсек.

Жүргізуші:.

Орыс дейік, мейлі болсын ағылшын,

Мәдениеті дамып кетсін алға шын.

Мен – қазақпын, қазақ болып қаламын,

Тілім сайрап тұрағанымен ғаламның, мектебіміздің жас ұлан оқушыларына кезек берсек. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Назерке:

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!

Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!…
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

Деп Мағжан Жұмабаев ағамыз жырлағандай біз жастарға сенеміз. Ендеше бүгінгі кеш қонақтары сөз кезегі өздеріңізде.

………………………………………

Жүргізуші: Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.Елбасымыз : Жеріміз бай, халқымыз сауатты, жастарымыз отан сүйгіш болды. Арманым орындалды.» деген екен Егеменді елімнің болашағы,
Кімге де ой тастамас бала қамы.
Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,
Өшпесін мәңгі бақи бала шамы.

Еркін өссін жастарым елімізде,
Тәуелді болмай өссін жерімізде.
Жастар аман бақытты болып тұрса,
Желбірейді көк байрақ төрімізде.

Болашағы елімнің жас қолында,
Адаспасын жастарым өз жолында.
Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып,
Қалансын керекті боп орнында.

Алға ұмтыл, жастарым тек шегінбе,
Білімнің қайнар көзі мектебіңде.
Ерінбей жас кезіңде көп ізденсең,
Өкінбейсің оқысаң сен тегінде.

Ұстазбын мен де жасты қолдайтұғын,
Жастарға білім нәрін жолдайтұғын.
Мақсатым айтар болсам алға қойған,
Білім берсем жастарға жоймайтұғын.

Дей келе құрметті ауыл жастары сіздерге елдеріңе адал қызмет жасайтын бір – бір білікті маман иесі болыңыздар дегім келеді. Бүгінгі 2019 жастар жылына орай өткізілген «Жастар — біздің болашағымыз» атты кездесу кеші өз мәресіне келіп жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп тамашалағандарыңызға мың да бір алғысымызды білдіре отырып отбастырыңызға тыныштық, бастарыңызға байлық тілейміз. Жастар аман болсын, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда. Қош сау болыңыздар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.Соған байланысты Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебінде ұйымдастырушы педагог Б.Мырзамуратова және 10 – сынып ер балаларының ұйымдастыруымен «Жастар — біздің болашағымыз» атты кездесу кеші өткізілді. Кещке мектебімізден түлеп ұшқан түлектер қатысты. Олар Ғ.Қожбан, Ж.Қожбан, Ө.Мұрат, А.Сейітмахаш, Д.Меңдулла, Н.Жақыпбек, М.Нұрлан, А.Нұртай. Кездесу кешін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қалдыбай ашып, ауылдың жастарына шығармашылық табыс тіледі. Ауылымыздың ақылды жастары қазіргі таңда бір – бір жоғары оқу орнында білім алып ,әне – міне дегенде болашақ маман иесі болғалы тұр.

«Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сауалдарды мақсат қыла отырып өткізілген кеш барысында ауыл жастары өздеріне бағытталып қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп отырды және «Болашақтағы менің ауылға қосар үлесім» тақырыбында топқа бөліне отырып өз жобаларын қорғады. Мектеп оқушылары ән – жырларын,замауи билерін тарту етті. Жас ұландар ауыл жастарына әдеби- монтаж арнап, жолдарына сәттілік тіледі.Жастар ұйымының жетекшісі Т.Еришова, М.Торыбай, Е.Жамал көңілді сергіту сәтін өткізіп ауыл жастарын шабыттандырды.

Кеш соңында Ғ.Қожбан, Ж.Қожбан, Н.Жақыпбек ұйымдастырушы апайларға және оқушыларға алғысын білдіре отырып болашақта елдің үмітін ақтап, өз туған жерлеріне кішкене болсада өз үлестерін қосуға ат салысатындарын айтып өтті. Елбасымыз өз сөзінде «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады. Жеріміз бай, халқымыз сауатты, жастарымыз отан сүйгіш болды. Арманым орындалды.» деген екен. Осындай тәрбиелік мәні бар іс – шаралар жалғасын тауып тұрса жастар жылында игі істер атқарылады деген сенімдемін. Сөзімді қорытындылай келе ауылымның жастарына: —

Болашағы елімнің жас қолында,
Адаспасын жастарым өз жолында.
Ұлы Абай айтқандай кірпіш болып,
Қалансын керекті боп орнында- деген жылы лебізімді білдіргім келеді.

Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:Б.Темірова

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы

Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектебі

Ұйымдастырған: Б.Мырзамуратова

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ