Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени- продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жеңіс жырын жырлаймыз!» атты концерт жүргізушілер мен конферансьелердің облыстық конкурсы өткізілді.
\r\nКонкурстың мақсаты жастар мен студенттерді көркем шығармашылыққа баулу, көркемсөз жанрын және жастардың тіл байлығын дамыту, концерт жүргізушілікке жастарды бейімдеу. Үздік деп танылған талапты жастарды облыс көлемінде өтілетін ауқымды шараларға тарту.\r\n\r\n Конкурс шарты бойынша 16-25 аралығындағы қаламыздағы жоғары және арнаулы оқу орындары – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, «Жасөркен» колледжі, «Болашақ» университеті, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі және қалалық мәдениет Үйінен барлығы 22 талапкер қатысты. Конкурста талапкерлер үш кезең бойынша өнер көрсетті. Конкурста қатысушы талапкер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жайлы танымал ақындар мен жергілікті авторлардың өлеңдерін жатқа оқып, Жеңіс күніне арналған мәдени-шарадан /салтанатты кеш, театрландырылған қойылым, концерттік бағдарламадан/ 5 минуттық үзінділер көрсетті. Соңғы кезеңде талапкерлер 1 минутта өздерін танымал телехабарлардың жүргізушісі ретінде сынап көрді. Байқауға қатысушылардың өнерін кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сараптады.\r\n\r\nБайқау қорытындысымен I орынды Н.Жұмабай /М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті/, II орындарды Б.Нармағанбет /Қалалық мәдениет Үйі,А.Жаппарбердиев Қорқыт Ата мемлекеттік университетінің студенттері/ , III орындарды А.Маймақова /Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі/ мен М.Жалғас /М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі студенттері/ иеленді.\r\n\r\n \r\n
Жарыстан фоторепортаж
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nМәдени-продюсерлік бөлімінің бөлім меңгерушісі Ғазиза Жүнісова\r\n\r\n \r\n\r\n