Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

0
10835
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы:

Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  7

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.4.2.1 — «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарды түсіндіру;

7.4.2.2 — өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік

 

Қабықша, цитоплазма және ядро, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Дихотомиялық әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.

Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сурете байланысты тілек» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған  суретке байланысты тілектер айтады.

 

 

 

1-топ

2-топ

3-топ

 

 

Суреттер

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Ұсақ ағзалар – прокариоттар мен протистердің бір жасушадан ғана тұратынын білесіңдер. Ал барлық көпжасушалы ағзалар көптеген жасушалардан тұрады. «Жасуша» деген түсінікті ең алғаш Р. Гук қолданған. Ғалым ағаш қабығының ішкі қабатының қимасын қарап, оның жеке ұяшықтардан – жасушалардан тұратынын байқаған. Содан бері жасуша – биологиядағы негізгі түсініктердің бірі, себебі барлық тірі ағзалар жасушадан  тұрады. Ғалымдар жасушадан тыс тіршілік болмайтынын, яғни өсу, көбею, қоректену, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын   анықтаған. Жасушаның құрылысы. Барлық өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлардың барлық жасушасы міндетті түрде үш бөліктен: қабықша, цитоплазма мен ядродан тұрады.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Цитоплазма – жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық, оның ішкі ортасы. Цитоплазмада ядро, жасушаның басқа ұсақ бөлшектері мен құрылымдары болады.

Ядро – жасушаның маңызды бөлігі; ядросыз көбею жүзеге аспайды. Ядро көбеюге мүмкіндік беріп қана қоймайды, ол жасуша тіршілігін басқарады.

Ұлпа түсінігі. Біздің ғаламшарымызда бірінші рет ең қарапайым жануарлар: ядросыз прокариоттар – бактериялар пайда болды. Ұзақ уақыт ішінде біртіндеп едәуір жоғары құрылымды прокариоттардан қарапайым біржасушалы эукариоттар – протистер түзілді. Біржасушалы эукариоттардан көпжасушалы ағзалар (өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар) түзілді. Айналамыздан көретін барлық тірі ағзалар – бұлар көпжасушалы эукариоттар.

Эволюция барысында миллиардтаған жыл ішінде көпжасушалы ағзалардың біртипті жасушалары ұлпа түзеді. Ұлпа (ткань) – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас, тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы. Ұлпадағы барлық жасушалар бір типті, бірдей тіршілік әрекеті үдерістеріне қабілетті. Бұл оларға бірыңғай қызмет атқаруға және әсерге бірдей реакция көрсетуге мүмкіндік береді.

Жасушадан мүшеге. Жануарлар ағзасында жеке мүшелер бар. Тек жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де мүшелер бар. Өсімдік мүшелеріне сабақ, тамыр, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым жатады. Мүше – тұрақты орны, құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі. Өсімдік және жануар мүшелері ұлпалардан тұрады.

Мүшелер атқаратын қызметтері бойынша мүшелер жүйелеріне бірігеді. Мысалы, ми жұлынмен және бүкіл денеде орналасқан жүйкелермен бірге жүйке жүйесіне бірігеді. Осындай құрылымына байланысты тірі ағзалар тұтас жүйе ретінде болады. Біздің денеміз үйлесімді жұмыс істейді, жай қимыл жасау үшін жүйкелер, бұлшық еттер, оларды оттекпен қамтамасыз ететін қан мен ұлпа, сүйек т.б.  қатысады. Кез келген ағза құрылымының жалпы сызбасы: жасуша  ұлпа 

мүше  мүшелер жүйесі  тұтас ағза (көпжасушалы).

Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Ұқсас жасушалар ұлпаларға бірігеді, ал ұлпалардан мүшелер тұрады. Олар атқаратын қызметі бойынша мүшелер жүйелеріне бірігеді.

            «Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға  тапсырма:

1-топ:

 1.        «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «прокариоттар», «эукариоттар» деген түсі- ніктерге анықтама беріңдер.

2-топ:

2.         Жасуша бөліктерін атаңдар.

3-топ:

1.         Мынадай түсініктерді үлкеннен бастап кішісіне қарай орналастырыңдар: ядро, ұлпа, жасуша, мүшелер жүйесі, ағза,   мүше.

 

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.

 

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма:  «Пкірлер» парағы әдісі

1-топ:

Жасуша бөліктерін сипаттаңдар.

2-топ:

Протистердің эукариоттар екенін дәлелдеңдер.

3-топ:

Мүшелердің біртұтас қызмет атқару үшін жүйеге бірігетінін мысалдар келтіріп талдап, дәлелдеңдер.

Талдау

«Броундық қозғалыс»  Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе  бойынша  ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

 

Бөлшектер мен бөліктердің өзара тығыз байланысы болмаса, дамыған ағзалар тіршілік ете алмайтынын талдаңдар және  дәлелдеңдер.

 

 

 

 

«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.

 

 

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Синтез:

Кесте сызып, өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын салыстырыңдар.

Қосымша материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар:

 

Мүшелер жүйесі Оның құрамындағы мүшелер
   

 

 

Карточкада жазылған терминдер

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

 

 

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

 

Рефлексия парағы

 

Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері Сабақтағы жетістіктерім
     

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қағаз қиындылары.

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ