Жер асты сулары реферат

0
12549

Жер асты сулары — Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.

Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ  қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.

Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы  қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат — сутірегіш деп аталады.

Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың    деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.

Жер қыртысындағы  асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды.

Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы  сулар жатады.

Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен  гидравликалық байланысы болмайды.

Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал  деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз.

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату   арқылы,   жерасты  сулары  да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты  сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі  суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға    сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты  су  қоры  бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.

Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік,  Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған   жерасты      су қорларын халық шаруашылығының      қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып     келсе,   кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің   жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын  пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.

Республикамызда тау-кен өндірістері мен шикі зат өңдеу саласының дамуына  байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды  салмақ өсе түсуде, оның ішінде жерасты  суларының сапасына нақтылы қауіп төне  бастады. Ақтөбе — Алға, Павлодар — Екібастұз, Қарағанды — Теміртау, Жамбыл —  Қаратау, Өскемен — Лениногор — Зыряновск сияқты үлкен аймақтық — өндірістік кешендердің маңында табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда 710-ға жуық қатерлі ошақтар барлығы анықталса, олардың басым көпшілігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. 70 елді мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113 жерасты су көзінің, 41 су қабылдағышының тазалылығына қауіп, төнгендігі байқалуда.

Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.

Тұрғындарды   сапалы   ауыз   сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:

су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;

су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;

суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;

су  пайдаланудағы  нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.

Қазіргі кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақ. Оны жетілдіру үшін ең алдымен жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың, немесе су көтергіш ұңғылардың (скважина) арнайы рұқсат құжатынсыз пайдаланылуын тоқтату керек. Ондай құжат Республика Үкіметімен жасалынатын шарт және «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» болып саналады.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады: Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса; Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса; Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда; Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.

Жерасты суларын “Арнайы  су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:

Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;

Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай   мен   газ өндіру  барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;

Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық,  дренаждық әрекеттерден пайда болатын  жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы  қатпарына күшпен тарату үшін.

Су пайдаланудың әр түрі үшін жеке рұқсат алынады. «Арнайы су пайдалану Рұқсатын» алу үшін жер бөлісі (земельный отвод), пайдаланатын су нысанының анықтамасы берілген жазба, нысанның  мекен-жайы көрсетілген ситуациялық сызбасы (схема) тіркелген, бекітілген түрде жазылған өтініш республиканың жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Орталық Қазақстан аймақтық басқармасына  («Орталыққазжерқойнауы» АБ) беріледі. Су қабылдағыш ғимараттың геологиялық және техникалық документтері жоқ болған күнде, оларды қалпына келтіру үшін «Орталыққазжерқойнауы» аймақтық басқармасына немесе оның аймақтағы инспекциясына сұрау салу керек.

Тереңдігі 20 метрге жетпейтін, су көтеруге насос пайдаланылмайтын су көтергіш ұңғыларды пайдаланғаны үшін, сол сияқты қазба құдықтардан су алу үшін, судың көлемі тәуелігіне 50 текше метрден аспайтын жағдайда «Арнайы су пайдалану Рұқсатын» алудың керегі жоқ. Бүған орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жатпайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ