Жер бетіндегі адамзат және оның түрлері

0
3586

Жер шары халқы негізінен үш нәсілге бөлінеді: еуропалық, моңғол тектес, экваторлық. Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет бейнесінің (терісінің түсі, бас сүйегі, т.б) ұқсас белгілері бойынша біріктірілетін топтары. Нәсілдік белгілердің қалыптасуына алғашында қоршаған орта әсер етті. Кейін нәсілдік белгілер ата-анасынан ұрпақтарына берілу арқылы тарады.

Ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғи жағдайларға бейімделу нәтижесінде нәсілдік белгілер қалыптасты. Мысалы моңғолоидтық нәсілдік адамдары жиі жел соғатын, жазы ыстық, шаң тозаңды, құмды дауылды аймақтарды қоныстанған. Олардың көздерінің қысық келуі және қабағының астында көздің жас шығаратын төмпешегін жауып тұратын ерекше тері қатпарының болуы шаң тозаңнан сақтануға бейімділігін көрсетеді.

Еуропалық нәсілге жататындардың терісі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды болып келеді. Еуропалық нәсілдің өкілдеріне орыстар, украиндар, ағылшындар, француздар т.б. жатады.

Моңғолоид нәсілдерінің өкілдері Азияда таралған. Моңғолоид нәсіл өкілдерін сары нәсіл деп те атайды. Олардың терісі сары, шашы салалы, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, көзі қиғаш болып келеді.

Негроид нәсіл өкілдерінің терісі қара, ерні қалың, шашы бұйра болып келеді. Қара нәсіл өкілдері Африка мен Аустралияда таралған.

Демография сөзін грек тілінен аударғанда «демос» – халық, «графо»– сипаттап жазу деген мағына береді. Демография халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында халық санының жылдам өсуі байқалды. 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд болса, 1962 жылы 3 млрд, 1976 жылы 4 млрд, 1987 жылы 5 млрд, 1999 жылы 6 млрд, 2011 жылы 7 млрд болды. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп атайды. Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демографиялық мәселелерін шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталған шаралардың жиынтығы. Үндістан, Қытай елдері демографиялық саясатты қатаң ұстанатын елдер санатындағы мемлекеттер. Ал Еуропа елдері халық санын өсіруге бағытталған саясат жүргізеді.

Дүниежүзінде 230-дан астам мемлекет бар. Дүниежүзінің саяси картасындағы бұл елдер бір-бірінен аумағы, халқының саны және экономикасының даму деңгейі жөнінен ерекшеленеді.

Дүниежүзі елдері даму деңгейі жөнінен әркелкі. Экономикалық даму деңгейіне қарай елдер екі топқа бөлінеді: экономикасы дамыған елдер және дамушы елдер. Экономикасы дамыған елдер тобына «Үлкен жетілік» деп аталатын топқа бірігетін, жан басына шаққандағы ұлттық табысы жоғары АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция кіреді.

 

Дүниежүзі елдері

 

Нәсілдер

 

Ақ және қара нәсіл өкілдері

 

Қара нәсіл

Дереккөз: iTest.kz

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Жердің ең сыртқы қатты қабаты. Литосфера туралы түсінік
  2. Жер-күн жүйесінің ғаламшары

  3. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ