«Матрица» термині көп мағынаға ие. Мысалы, математикада «матрица» – тікбұрышты кесте түріндегі элементтер жүйесі, информатикада – екі өлшемді массив, электроникада – олардың қиылысу нүктелерінде тұйықталатын өткізгіштердің жиынтығы.
Матрица – қиылысында оның элементтері бар жолдар мен бағандардың жиынтығын білдіретін сақина немесе жатық жол (бүтін немесе кешенді сандар) элементтерінің тікбұрышты кестесі түрінде жазылған математикалық нысан. Матрицаның жатық жолдар мен бағандар саны матрицаның өлшемін анықтайды. Тарихи деректерге сүйенсек, үшбұрышты матрицалар қолданылған, бірақ қазіргі уақытта өте ыңғайлы тікбұрышты формадағы матрицалар жиі қолданылады.
Географиялық деректер матрицасында — бағандарда зерттелетін аумақтық бірліктер (ел, аймақ, аудан, провинция), ал жатық жолда әрбір аумақтық бірліктерін сипаттайтын көрсеткіштер. Қазіргі заманғы ЭЕМ матрицалар деректерінің көмегімен геоақпараттың үлкен массивін өңдеуге мүмкіндік береді.
Экономикалық және әлеуметтік географияда өндіріс шығындары мен нәтижелерінің арақатынасын, шығындар нормативтерін, кіріс-шығыс, иммиграция-эмиграция, экспорт-импорт, т.б. көрсеткіштерін сипаттайтын матрицалық үлгілер мен баланстық-нормативтік үлгілер(матрица түрінде) кеңінен қолданылады. Матрицаны сала аралық баланста кеңінен қолданады.
Көріп отырғанымыздай, матрицалар әлі күнге дейін кеңінен қолданылады. Қазіргі географиялық зерттеулерде адамның шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін матрицалық әдісті қолдануға болады.
Бұл ретте матрицалардың келесі түрлері қолданылады:
1. Шаруашылық түрлерінің табиғат компоненттеріне әсер ету тізімі және ондағы өзгерістер.
2. Табиғат компоненттеріне әсер ететін және осы өзгерістерге ықпал ететін шаруашылық қызмет нысандары.
3. Табиғат компоненттеріне әсер ететін және экожүйедегі одан әрі өзгерістердің тізбекті реакцияларына тартылған компоненттердің шаруашылық қызмет нысандарынасебеп-салдар байланысын белгілейтін матрицалар.
Мысал ретінде осындай матрицалардың бірін құруды қарастырайық (1-кесте). Бұл жағдайда матрицалық әдіс экожүйенің барлық құрамдас бөліктерін қамтуға мүмкіндік береді: енжар заттар («косное», су, гранит, базальт, т.б.), биоенжар заттар («биокосное», топырақ) және биоценоз – өсімдіктер, микроағзалар, жануарлар және адам. Бұл ретте биосфераның құрылымдық элементтеріндегі сандық көрсеткіштердің өзгеруі, осы жағдайлардың болжамы зерделенеді, әсер ету ауқымы анықталады.
Кері байланыс түрлерін ауылшаруашылық өндірісін қарқындату мысалында зерттеуге болады. Табиғаттың өзгертілген компоненттері қарқындату элементтеріне теріс әсер етуі мүмкін деп қарастыру қажет. Ауыспалы егіс алқаптары, дақыл, белгілі бір техника, ауылшаруашылық дақылдарының түрлері, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер түрлерініңөзгерістер бойынша нақты мүмкін болатын нұсқаларын алу керек.
1-кесте. 1-матрица. Табиғат компоненттеріне әсер ететін және осы өзгеріс ықпалындағы нысандар.
Табиғаттың өзгертілген компоненттер
|
Ауылшаруашылық өндірісін қарқынды жүргізу |
|||
Минералдық тыңайтқыш тарды қолдану
|
Зиянды организмдерден қорғау құралдарын қолдану
|
Заманауи техниканы пайдалану
|
Ауылшаруашылы қ дақылдарының жаңа түрлерін енгізу
|
|
Өндірістік қызмет салдарының теріс жақтары |
||||
Топырақ |
Топырақ құрылымын жоюға, оның химиялық құрамының өзгеруіне, топырақ құнарлығының төмендеуіне әкеледі. |
Топырақтың химиялық құрамын өзгертеді. Топырақта улы заттар пайда болады,топырақты ң табиғи құнарлығы төмендейді. |
Топырақтың тығыздығын, үгілуін, микробиологиялы қ белсенділігін арттырады. Топырақтың құнарлығын төмендетеді, егістіктің өнімділігін азайтады. |
Ауылшаруашылы қ дақылдарының жаңа түрлерін шығару кезінде тракторлар мен ауылшаруашылық мәшинелерінің әсерінен топырақтың жыртылған және жыртылатын қабатының бұзылуына алып келеді. |
Гидросфера |
Жерасты сулары ластанады. Кейбір минералдық тыңайтқыштарды ң зиянды заттарға (фтор, нитрат, кадмий, т.б. қосылыстары) айналуы. Су нысандарының химиялық ластануын тудырады. |
Судың химиялық құрамын өзгертеді. Су ресурстарының химиялық ластануына әкеледі. |
Ағынды суларды ластайды, су айдынының химиялық және механикалық ластануына соқтырады, су нысандарының экологиялық балансын бұзады, суқоймадағы су деңгейін төмендетеді. |
Химиялық заттардың абайсыздықтан суға түсуі мүмкін. Химиялық препараттармен (өлшеу, орау, жұмыстары, ерітінділерін дайындау, тасымалдау, т.б.) жоғары орналасқан учаскелердің коллекторлық- |
|
|
|
|
дренаждық және ағынды сулармен, жауын-шашынмен ластануы. |
Тропосфера |
Ауаның химиялық ластануына әкеледі. |
Ауаның химиялық құрамын өзгертеді. |
Оттегінің құрамын азайтады, пайдаланылған газдармен ластайды, климатты жаһандық жылынуға бағыттайды, ауаның химиялық ластануына ықпал етеді. |
Ауаның химиялық ластануына әкеледі. |
Өсімдіктер |
Биоценоздағы флораның жойылуына, зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі, микрофлораға үлкен зиян келтіреді. |
Флораның жекелеген өкілдерінің жоғалуына, өсімдіктүрлерінің сиреуіне әкеп соғады. |
Өсімдіктерді жояды, аумақтың өсімдік құрылымын өзгертеді, жалпы экожүйені бұзады. |
Түрлердің сапалық құрамының төмендеуіне, зиянды ағзаларға төзімділікті төмендетеді, бұл дақыл ауруларымен күресте маңызды; арамшөптердің өскіндері мен өсімдік түрлерін жоюға ықпал етеді. |
Жануарлар |
Биоценоздағы фаунаның жойылуына, зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі, микрофаунаға үлкен зиян келтіреді. |
Фаунаға қауіп туғызады, ара, өрмекші, шегіртке, т.б. пайдалы жәндіктерді, құстарды, балықтар, аңдарды жояды. Биоөнімнің төмендеуіне
әкеледі, табиғи биоценоздың құрамын бұзады. |
Көптеген тірі ағзалардың әдеттегі мекендерін жояды, жалпы экожүйені толықтай өзгертеді. |
Көптеген жануарлардың, микрофаунаның, сирек кездесетін жануарлардың пайда болуына, экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына, қайтымсыз процеске әкеп соғады. |
Адам |
Адамдардың денсаулығын нашарлатады, онкологиялық және басқа да аурулардың өсуін арттырады, ауыл шаруашылық өнімдерінде және тамақ өнімдерінде нитраттардың артық санының жинақталуына |
Ісік, аллергиялық, жүрек-қан тамырлар ауруларының, тыныс алу жолдары ауруларының, организм қасиеттерінің тұқым қуалайтын өзгерістерінің, уланудың өсуіне ықпал етеді. |
Адам мен техника арасындағы қарамақайшылықты шиеленістіреді, болашақта машина адамды мүлдем ауыстыруы мүмкін және адам оны басқаруға әсер ете алмайды. Адамның ақыл-ой |
Тұқым шаруашылығы тәсілдерін сақтамау бірнеше жыл ішінде селекционердің жұмысы жоқ болуына әкеп соқтырады, |
|
әкеледі. |
|
және дене қабілетіне әсер етеді. |
|
Матрицаны толтыру үшін шаруашылық қызмет түрлері бойынша адамның көптеген өзара іс-қимылын және бұл элементтердің өзгерістеріндегі табиғат компоненттерін сипаттап көрсету керек.
Пайдаланылған әдебиет:
- С.Қ. Төлепбекова А.И. Аманжолов А.М. Жылқайдарова, география пәнінен әдістемелік нұсқау.
География пәнінен басқа да ақпараттар: