Жетістікке жету жолдары

0
29365

Мамбетбаева Эльмира

 Рахимбергеновна

 жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі,

 І-деңгей сертификат иесі.

 Алматы облысы Сарқан ауданы

 «Қарауылтөбе орта мектебі мдшо»КММ

Тренинг тақырыбы:  Жетістікке жету жолдары

Тренинг  мақсаты:    оқушылардың өз болашағын, бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.

Міндеттері: оқушыларға өз  мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;

                     Оқушылардың  өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы                    болашаққа құштарлығын арттыру;

                      Оқушылардың өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке тәрбиелеу;

Барысы:

1.Ойланып көрейік

Талдау сұрақтары:  /оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымдастыруға болады, әр талқылау сұрақтарын әр топқа беріп,еркін түрде ойларын ашық айтуға жағдай жасау керек/

     Жетістік дегеніміз не?

     Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?

     Өмірлік мақсатына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамнаң мүмкіндіктері көп болады?

      Жетістікке жету оңай ма? 

Нақыл сөздерді талдау

«Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді: ол артына ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.Ол өмірге адам болып келіп,адамкүйінде қайтады» Баубек Бұлқышев

«Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» Э.Хемингуэй

«Өмірің мәні былайша қысқаша тұжырымдалады: дүние жылжиды,жетіле береді,адам баласының міндеті оған бағына отырып және әрекет ету арқылы осы қозғалысқа қатысуы» А.Толстой

Қазақстан Республикасының саяси стратегиялық бағыттарында да «Бір мақсат,Бір мүдде,Бір болашақ»—деп көрсетілген.  Әрбір адамның жеткен жетістігі—барлығының жеткен жетістіктері жиналып бір мемлекеттің жетістігін құрайтыны туралы айтып өту керек.

Шығармашылық тапсырма

«Бүгіннен—жарқын болашағыма» жоба құрастыру: /Бөлінген топтар арқылы жүргізуге болады/  Бір топ—іскерлер/бизнесмендер/ бір топ –әншілер ,бір топ –жас ғалымдар, б»р топ—туризмді дамытушылар

-мақсат

-әрекет

-құрал

-уақыт

-нәтиже

Соңынан әр топ жұмсын қорғайды, сарапшысы ретінде ұстаздарды немесе ата-аналарда алуға болады.

Түйіндеме

n  Жетістікке жетудің алғашқы қадамы -мақсатыңды нақтылап алуын керек.

n  Мақсатты өмірдегі нақтылы мүмкіндіктеріңе сай таңдап ал

n  Ұсақ мақсаттарыңа уақытыңды бос шығындама

n  Үлкен мақсаттарды қою көп күш жұмсауды қажет ететінін ұмытпа

Жетістікке ұмтылуда адамның жанына қуат беретін, адам өмірінің аса маңызды құндылықтары ол ата-ана,Отан,махаббат,достар, туыстар,ұстаздар.Адам өмірі мақсатсыз болмайды. Ол көздеген мақсатты нақты белгілеп, бар ақыл- ойын,күш жігерін соған бағыттайды.

Жетістікке жету үшін адам соған қарай талаптану керек. «Талап адамның өз бойындағы қандай да бір қабілетін,алдына қойған мақсатын,табиғи дарынын жетілдіру үшін аса қажет.Егер талап болмаса,олар уақыт өте көмескіленіп ұсақталып кетеді. Талап пен жігер—серіктес қасиеттер. Талап пен жігерді адамның өзі дамытып,қайрай алады.

 Адам өмір бойы ізденуге, өмірдің беймәлім сырларын ашуға талаптанады. Сол жолда ол адамгершілік қасиеттерді тірек етіп алғанда да жақсылық жаршысы болмақ. Адамзаттың өмірлік мұраты да осы»

«Болғанда ақыл дария,кеудең кеме,

 Кемесіз дариядан өтем деме.

 Кеудеңде санаң болса,талап ізде,.

 Талапсыз жетістікке жетем деме».

Жетістікке жету үшін адам өз бойындағы кедергілермен де күресе алуы керек.

  1. Өзіңізді шектемеңіз. «Мен есептеу жағынан онша емеспін», «Мен тілді үйрене алмай жатырмын», «Менің миым бағдарламалауды үйренуге күші жетпейді», «Өз ойымды іске асыруға шыдамдылығым жетпейді»,—бұл жолы болмаушының сөзі. Олар өзін-өзі шектейді. Жұмыс істеу қабілетіңіз бен дағдыңыздың шектеулі дегенді ұмытыңыз.Айналаңыздағылар менен ақылды деп ойлауды доғарыңыз. Бұл дұрыс бағыт емес. Мақсатыңызға жетуде бар күшіңізді салыңыз Сонда ғана сіз жетістікке жетесіз.
  2. Сіз ақталудың шеберісіз. Жолы болмаушылар әр сәтсіздіктен қисынсыз себеп іздейді. Олар оны ақырында табады. «Реалист болу» дегенді олар басқаша түсінеді. Әрқашан өз әрекетсіздігінен ақталуға тырысады. Бұның орнына жәй ғана шаруаны аяқтап тастауына болар еді. Миымыз ақталуға сылтау іздей бастағанда, оны тоқтатып, бір нәрсені жасауға итермелейтін ынта-жігерді іске қосуымыз қажет.
  3. Адамдармен қарым-қатынас жасай алмайсыз. Жолы болмаушылар әлеуметтік дағдылардан жұрдай болады. «Мен осындаймын және оған көнемін»— жолы болмаушылардың сөзі. Олар ешқандай негізсіз тәкаппар сезінеді. Боямашылдықты кім ұнатады ? Міне, ондай әдеттерден аулақ болайық.» Өзіне ұнайтын жандарға жағымды әрі сыпайы боп көріну қиын емес. Ал сіз өзіңізге ешқандай пайда әкелмейтін адамдармен дәл осылай қарым-қатынас жасап көріңіз. Адамды танып –білудің ең ұтымды жолы—жүріс-тұрысына,мінез құлқына және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына мән беру. Сонымен қатар,тағы бір керемет жолы-оның бір затын бүлдіргендегі сізге деген реакциясын көру.

Сонымен  есте сақтаңыз

Жетістікке жету үшін:

1.Алдымен өзіңіздің отбасыңызды, туму туысқандарыңызды жақсы көріңіз.Оларға неғұрлым көбірек көңіл бөліп жәрдемдесіңіз,қол ұшыңызды жиі беріп тұрсаңыз, өзіңізді соғұрлым бақытты жандай сезінесіз. Сізге де айналаңыз жетістікке жетуіңізге тілеулес болады.

2.Істейтін жұмысыңызға бар ынтаңызбен ықылас сала кіріссеңіз, оның нәтижесінің жақсы болғанын көресіз. Бұл сіздің жаныңызға жайлы әсер ететінін ұмытпаңыз.

3.Адамдардан көмегіңізді аямаңыз. Біреулерге жәрдем беруден тартынбаңыз.Қайырымдылық жасауға үйренген адам мәртебесін өсіріп, бойындағы ой мен тән күйзелісінен арыласыз, ризашылық пен қанағат сезіміне бөленесіз.

4.Көңілді болуға тырысыңыз. Қайткенде көңіл-күйіңіздің жақсаратынын, не істегенде қуанышқа бөленетініңізді анықтаңыз.Соған сай жағымды әрекет еткеніңіз жөн.

5.Белсендірек қимылдаңыз. Дені сау адам дене қимылынан  керемет ляззат алады.Академик Павлов бұл сезімді «бұлшық ет қуанышыә деп атаған.Сол себепті қуанышқа бөлену үшін жүгірген, жаяу жүрген, шы\аңғы тепкен,спорттың кез-келген түрімен айналысқан жөн.

6.Өміріңізге жаңалық енгізуге тырысыңыз. Қалыптасқан бірсарындылық кісіні мезі етуі мүмкін. Сондықтан анда-санда үйреншікті әдетті жаңалап,өзгертіп отыру көңіл-күйіңізге әсер етіп, сізді сергітеді, өмірге құштарлығыңызды арттырады.

7.Ешқашан өмірден түңілмеңіз. Өмірдің күрес екенін жадыңыздан шығармаңыз. Алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге әрекет етсеңіз, барлық қиыншылық қашықтай түседі. Үнемі жетістікке жету де,жетпеу де мүмкін емес. Бәріне де ақылмен ,сабырмен ой жүгіртіңіз. Бір кездері мұнан да қиын күндер болғанын еске алыңыз. Үміт отын өшірмей алға ұмтылыңыз.

8.Ең бастысы сен оқушысың,—әр ата-ананың көзінің қуанышы,арманы тек сенің жақсы болуың. Ол үшін сенің рахметін сенімінен шығып, оқуыңда табысты болуын. Әр нәрсенің қайтарымы бар секілді,саған тамаша өмір сыйлағанда,сенің берерің білімді оқушы болуың. Меже—білім болмақ. Сенің жетістігің—алған біліміңді өмірде еркін пайдалана алуың…..Іске сәт , достар.

Оқушыларға  жетістікке жеткен ұлы тұлғалар өмірінен мысал келтіріп аяқтауға болады./Атақты спортшылар, жазушылар,т/б/

Рефлексия ретінде  стикерлерді үлестіріп,кері байланыс ұйымдастыруға болады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ