Жиі қайталайтын қателіктер

0
1250

Күнделікті түрде істейтін 8 әрекет, бірақ оларды дұрыс істесек пайдалырақ болар еді. Әдет ретінде қабылданып кеткен істер. Мүмкін өмірде сәл тоқтап, қайда және не үшін бір бағытта жүрып бара жатқанынды ойлау керек.

1.Тыныс алу

Әрине адамдар қате тыныс алады деу ойда жоқ. Алайда дем алудың тиімді жолдарын білу, адам денсаулығына пайдалы әсер етеді. Тиімділік диафрагмалық техника арқыл іске асады. Мәні: бүкіл іш ауаға толатындай етіп дем алу керек. Сосын жайлап шығару керек. Осы кезде өкпелер толық ауаға толып, ауа барлық бөліктеріне жетеді.

2.Тіс тазалау

Адамдардың көбісі тамақ ішіп болғаннан кейін тіс жуады. Тамақ қалдықтарынан арылтып, тістерді таза ұстайды. Бірақ әдетте тамақ ішіп болғаннан соң тістердің сыртқы қабаты әлсіреп тұрады, ыстықтан, қышқылдардан және т.б. Тіс щеткасының тиуі оларды зақымдайды.

3.Пернетақтаның аяқтарын көтеру

Көбіміз пернетақтаның аяқтары ыңғайлылық үшін істелінген деп ойлайды. Алайда олай емес екен. Пернеге қарамай теруді үйренбеген адамдар үшін арнайы істеледі, себебі сонда ғана пернелердің барлығын көруге болады. Егер де «соқыр» теруді меңгерген болсаңыз, аяқтарын төмен түсіріп қойған дұрыс, сонда қолдарыңыз қалыпты жағдайда болады.

4.Пышақ қайрау

Үйде пышақтарды қайрауға тура келеді. Бірақ өткірлігін қалпына келтіру үшін пышақты 12-15 градуста ұстау керек екен. Сонымен қатар оны өлшейтін құралы да болады. Түсірілетін салмақ көлемі 2-3 кг болуы керек.

5.Тұру және отыру

Көп уақытты компьютер немесе басқа да құралдың алдында отырып өткіземеміз, бірақ күннің соңына қара денеміз қатты ауырады. Негізі дұрыс отыру мен тұрудың да техникасы бар, соны біліп жүрген дұрыс.

6.Қол жуу

Үйреншікті іс болып кеткені соншалық, жай ғана қолды су астында ұстап кері шығара саламыз. Бірақ та сабынмен, бірнеше минут жақсылап жуу керек. Себебі, микроағзалардың көбісі судың жай ағынына қарсы тұра алады. Мұны білу шарт.

7.Google арқылы іздеу

Интернетті осы іздеу жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Сұрақ мазаласа соның көмегіне жолығамыз. Бірақ та Google арқылы ақпарат іздеудің түрлі тәсілдері бар. 30-дан командалық жазбалары бар. Соларды дұрыс пайдалана алу керек.

8.Бауды шешу

Өмірдегі ең оңай әрекет шығар. Бірақ адамдардың аяқ-киімдерінің басым бөлігінде баулары салбырап, кедергі келтіріп жүреді. Егер де дұрыс байлау техникасын пайдаланса, өзіңнің бауына шалынып қалу мүмкіншілігі төмендейді.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ