Жолда жүру ережесі (ашық сабақ)

0
17907
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы : Жолда жүру ережесі

Сабақтың мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін еске түсіру арқылы ой өрісін

тілін дамыту. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.

Дамытушылық қызметі: Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойын ойнату

арқылы балалардың білімдерін тиянақтау, ойлау, есте

сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Балаларды қамқорлаққа үлкенді құрметтеуге үйрету.

Қажетті құрал жабдықтар:Поли кейіпкері, бейне таспа, жолда жүру ережесінің

макеті.

Көрнекіліктер: Бейне таспа слайд, жолда жүру ережесінің макеті, қала көрінісін құрастыру.

Әдіс-тәсілдер: Амандау рәсімі, сұрақ-жауап, түсіндіру, сергіту-сәті, ойын, тақпақ

Билингвалды сыңары:Бағдаршам-светофор-Traficlight, қызыл-красный-red,

сары-желтый-yelloy, жасыл-зеленый-green.

Балалар бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қане

қонақтармен амандасып алайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жиналған жылу шуақтарды

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіндерме,

Здраствуйте,

Good Moning.

Балалар жылылық сезіммен амандасады.

Тәрбиеші:Балалар біз жолға шыққанда нені көреміз.

Балалар : Машина, автобус, трактор т.б

Тәрбиеші:Ал қалаға барғанда жолдағы көп машиналардың кептелісіп жүргенін

байқаймыз ,тағы да нені байқайсындар.

Балалар: Бағдаршам, жол белгілерін көреміз.

Бүгінгі оқу қызметіміз «Жолда жүру ережесі»

Балалар тақтаға назар аударайық .Тақтадан нені көріп тұрмыз (қала көрінісін, жол бағдаршам , жол белгілер) Балалар қала көшесімен келе жатып байқаған боларсыңдар ,айнала толы машиналар және жол белгілері өте көп. Олардың пішіндеріде , бояуларыда әртүрлі.Ал біздерге, машиналар жүріп келе жатқан жолды кесіп өтуге болады ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Сондықтан біз қай жолмен жүруіміз керек

Балалар: Жаяу жүргіншілер жолымен жүруіміз керек

-Мына жол белгісін білемізбе ?

Балалар: жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүгіруге болмайды деген белгі.

Тәрбиеші: балалар тақтадан нені көріп тұрмыз (бағдаршам)

Бағдаршамның неше көзі бар?

Түстері қандай?

Орыс тілінде атауы?

Ағылшын тілінде атауы?

Балалар: үш көзі бар,қызыл-красный-red, сары-желтый-yelloy, жасыл –зеленый-

Green,

Ендеше балалар біз қалаға қыдырып қайтайық немен барамыз , жеңіл көлікке сиямызба ?

Балалар: жоқ автобуспен барамыз

Тәрбиеші: Ендеше автобусқа міну үшін бір-бірімізді итермей тыныштық сақтап отырайық. Ой балалар қалаға да келіп қалдық . Көліктер, автобус камаздар өте көп екен . Мынау қандай жол ?

Балалар: көліктер жүретін жол

Тәрбиеші: Ал мына жол қандай жол екен

Балалар: жаяу жүргіншілер өтпесі

Тәрбиеші :балалар қараңдаршы мына белгілерді неге қойып қойған екен білесің дерме?

Балалар: жаяу жүргіншілер белгісі

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар ,ал мына белгі қандай белгі қараңдаршы ортасын сызып қойған екен жолда көлік кетіп бара жатса адамдар өтуіне боладыма?

Балалар: жоқ

Тәрбиеші: себебі көлік жүретін жолмен жүруге , балалар доп ойнауға, болмайды екен, оң жағымызға ,сол жағымызға қарап өтуіміз керек.

Балалар мынау қандай мультсериялдың даусы білемізбе ?

Балалар: Робот көлік Поли

Тәрбиеші :Поли сен неге көңілсізсің неге мұңайып отырсың?

Поли: мен достарымнан адасып қалдым жолда машиналар өте көп екен

Тәрбиеші: ендеше Полиге жолдан өтуіне көмектесемізбе ?Балалар айтыңдаршы қай жолмен жүріп өтуіміз керек

Балалар :жаяу жүргіншілер өтпесімен

Тәрбиеші: тағы қайда қарауымыз керек

Балалар: Бағдаршамға

Тәрбиеші Балалар қане айтайықшы бағдаршамның қанша көзі бар?

Балалар: үш көзі

Тәрбиеші :Жасыл көзі жанғанда біз нестейміз?

Балалар: жүреміз, қызыл көзі жанғанда , тоқтаймыз. Сары көзі жанғанда күтеміз

Поли: ой жарайсыңдар балалар маған жол ережесін үйреттіңдер сендерге көп-көп рахмет

Тәрбиеші: Балалар полидің көңіл күйін көтеріп, жол ережесі туралы тақпақ айтып беріңдерші

Алижан Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көін ашқанда ,

Өте бергін жасқанба !

Айша Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта !

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Поли: Сендерге көп-көп рахмет

Тәрбиеші: Поли жолда абай болып жүр.Балалар Полиге жолдан өту үшін мына түрлі –түсті шарларды сыйлыққа берейік , бағдаршамға қарап үйренетін болады.

Сау болыңдар балалар !

Тәрбиеші: Ендеше балалар бізде ауылға қайтайық.

Шаршап қалған боларсындар сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Бип-бип бип дейді

Жолдан былай кетпейді

Алға қарай ұмтылмай

Машинадан қаш дейді.

Ойын «Лулия күлте гүлі»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, ой- өрісін дамыту.

Ойын барысы: Бір,екі, үш –айналамыз дегенде балалар шеңберді айналып

жүгіреді .Бір,екі,үш тоқта дегенде тоқтайды да ,ортаға қойылған

жол белгісін атайды.

Рефлекциялық қозғаушылық .

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметімізде қандай жол белгілер бар.

Балалар: Бағдаршам, Жаяу жүргінші өтпесі т.б

Тәрбиеші: Осы белгілер арқылы қала көрінісін құрастырамыз.

Басқа материалдар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ