2017 жылы Ұлттың бірыңғай тестілеуге біршама өзгерістер енгізілді. Осыған дейін 120, 125 балл «ең жоғары көрсеткіш» болып танылса, биылғы жылы ол меже 140 ұпайға өзгерді. ҰБТ-ға байланысты талапкерлер мен ата-аналардың тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп өтсек.
ЖОО-на түсу үшін ҰБТ-ның шектік баллы өзгере ме?
Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) бітірушілері қабылданады.
ҰБТ-ны барлық түлектер тапсыруға міндетті ме?
ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға талап білдірген оқушылардың барлығы да қатысуға құқылы. Егер сізге мұғалімдер не мектеп әкімшілігі тарапынан қысым жасалып жатса, өз құқығыңызды қорғап шығыңыз!
Егер жауап парағындағы дөңгелекшені бояу барысында қате жіберіп, ал кітапшасында дұрыс жауап белгілесе, тестілеу нәтижесін бағалау барысында ол жауап ескеріледі ме?
Жауап парағы — жауаптар сканерде оқылатын негізгі және соңғы құжат болып табылады. Сондықтан, дұрыс жауаптарды кітапшасынан жауап парағына көшіру барысында талапкер аса мұқият болу қажет.
ҰБТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?
ҰБТ оқуға түсушілердің қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:
1-бөлім – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (ЖОО-да оқу тілі);
2-бөлім – таңдаған мамандығына сәйкес екі бейінді пән (математика, физика, биология, химия, география, шет тілі, тарих, Адам.Қоғам.Құқық, оқу тілі және әдебиеті).
Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер тестілеуді бір бөлім – Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (ЖОО-да оқу тілі) бойынша тапсырады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?
Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының саны – берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 20 тапсырма.
Әрбір бейінді пән бойынша – 30 тапсырмадан болады. Оның ішінде 20 тапсырма – берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған, 10 тапсырма – берілген жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Берілген жауап нұсқаларынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған әрбір тест тапсырмасы – 1 балмен, берілген жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары 2 балмен бағаланады.
Барлық тапсырмалар саны – 120.
Тестілеу уақыты – 3 cағат 50 минут (230 минут).
Тестіленуші ҰБТ нәтижесі қанағаттандырмаған жағдайда не істеуі керек?
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, егер тестіленуші алған нәтижесімен келіспесе, ҰБТ өткізу пункттеріндегі аппеляциялық комиссияға өтініш білдіре алады, аппеляцияға өтінішті тест нәтижесі шыққаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін бере алады және ол сол күн ішінде қарастырылады. Өтінішті тестіленуші өзі беруі тиіс, сонымен қатар пән, сұрақ нақты көрсетілуі тиіс. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі, кіру қағазы болуы қажет.
шығармашылық емтихан дегенді әліде түсінбей жүрмін ол қалай
Егер журналистика немесе Өнер академиясына тапсыратын болсаңыз, шығармашылық емтихан тапсырасыз!
КТА тапсырушыларгада солай ма (колледждан кейін)
Қарағанды ІІ академиясына түсу үшін шектік балл қанша және наурыздағы сертификатпен баруға бола ма?
Мен 68балл жинадым физика 16 матем13 ЖОО на түсе аламба