Жұрнақтардың құрамы

0
7474

Жұрнақтардың құрамы\r\n\r\nҚұрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.\r\n\r\nЖалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.\r\n\r\nМағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).\r\n\r\nБайқа-шы, қой-шы, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік-ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-ші, келсем-ші формаларындағы –шы (ші) қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде –шы (-ші) жұрнағы мақсаттылық тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.\r\n\r\nЖұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:\r\n

    \r\n

  1. Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.
  2. \r\n

  3. ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.
  4. \r\n

  5. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.
  6. \r\n

  7. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.
  8. \r\n

  9. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.
  10. \r\n

  11. Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
  12. \r\n

  13. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді.
  14. \r\n

\r\n \r\n\r\nЖұрнақтардың мағыналық түрлері (А. Ысқақов)\r\n

    \r\n

  1. Тілдің өз төл материалынан, я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп бөлінеді.
  2. \r\n

  3. олар ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп бөлінеді.
  4. \r\n

  5. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар деп бөлінеді.
  6. \r\n

  7. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, олар жалаң және құранды болады
  8. \r\n

  9. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарай, олар дара я көп мағыналы болады.
  10. \r\n

  11. Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар, сондай-ақ формасы бірдей бола тұра, мағыналы бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
  12. \r\n

  13. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді. (-шы, -ші мамандық я бір іске бейімділік, икемділік мәнін береді)
  14. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКәтембаева Б., Нұрғалива М. Морфологияны оқытудың методикасы А, 1975\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ