Жусан өсімдігінің пайдасы мен емдік  қасиеті

0
34493

Жобаның мақсаты жусан өсімдігі  туралы жалпы мәлімет беру. Шөптің емдік қасиеттері туралы насихат жүргізу, яғни табиғи жағдайдағы шөптерден пайдалана білуге шақыру.

Бағыты: Таза  табиғи  орта Қазақстан  2030 стратегиясын іске асырудың негізі

Сексия: Экология

 

І Абстракт (аннотатация )

ІІ Кіріспе

2.1. Жусан туралы  биологиялық мәлімет

ІІІ Негізгі  бөлім

3.1. Жусан — киелі  өсімдік

3.2. Жусанның  емдік  қасиеті

3.3.Жусанның күнделікті өмірде адамға пайдасы

3.4.Ұлы Отан соғысы жылдарында

ІV Қорытынды

Жусанды бағалай алмай жүрген жоқпыз ба?

V Пайдаланылған әдебиеттер

       

  І Абстракт (аннотация )

Зерттеудің  мақсаты: Жусан өсімдігі  туралы жалпы мәлімет беру. Шөптің емдік қасиеттері туралы насихат жүргізу, яғни табиғи жағдайдағы шөптерден пайдалана білуге шақыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жусан өсімдігінің киелі өсімдік екенін және ата-бабамыздың осы  өсімдіктен кең түрде  пайдаланғанын ұғындыру, жусаннан түрлі  дәрі- дәрмек  жасау  жолдарын үйрену. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы экологиялық  тәрбиені тереңдете түсіндіру.

Зерттеудің  негізгі  кезеңдері:

1.Бірінші  кезең; Осы  тақырыптар бойынша  керекті  материалдар көзін іздеу;

  1. Екінші кезең : Жинақталған материалдарды қорытындылау, жүйелеу;
  2. Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы   нақты  нәтижелер

 алу, жинақталған материалдарды баспаға дайындау , ғылыми жобаны

ғылыми конференцияға  қорғауға дайындау.

Зерттеу  әдістері: жинау, сараптау

Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы : Жұмысты  орындау

 кезінде жусан туралы толық  түсінік  бере отырып, осы  өсімдіктің адамға

 пайдасы. Ауыл шаруашылығында  және  дәроілік  шөп ретіндегі  пайдасыф туралы мәлімет береді. Жусан өсімдігінен жасалатын дәрі- дәрмек  туралы мәлімет береді.

Алған жұмыстың іс  жүзінде қолданылуы:

  1. Күнделікті өмірде қолдану;

Мысылы:  моншаға түскенде, түнде  жатқанда  жастықтың астына  қойып жатса  жүйке қызтемі жақсаруы;

  1. Түрлі ауруларды емдеу  үшін  қолдану.

 

Аннотация

Тема: Полынь

Цель :

1.Останавливаясь на все виды полыни, которые встречаются на Казахстанской земле и рассматривать полезные стороны полыни.

2.Останавливаться на все вмды лекарств,сделанные из полыни которые использовались во время великой Отечественной войны.

Основа: Польза полыни на здоровье человека,разновидность травы

Новизм: Остановливаться на полыни,которая растет возле нашего аула.

                                    ІІ Кіріспе

 2.1. Жусан туралы   биологиялық мәлімет

Жусан –астыралылар тұқымдасына жататын көп жылдық , кейде бір екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі көбіне  шала бұта.200, 400 түрі бар екені белгілі. Қазақстанның барлық жерінде  шөл-шөлейтті далада , таулы жерлерде  өсетін  81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10, 60 сантиметр кейде, 1.5, — 2 см болады. Сабағы тік  немесе  жерге  жайылып өседі.жапырағы кезектесіп орналасқан , қауырсын  тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін  жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты,сары түсті себеттері көп әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қырқүйекке дейін гүлдейді. Жемісі –тұқымша. Жусанның 17 түрі  сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның  жапырағы мен сабағын  жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы  (таврий жусаны ) да кездеседі, оны мал жемейді. Жусан –құнарлы мал азығы, дәрілік , бояуыш, тағамдық витаминді, эфир майлы өсімдік.Жусан  жер  бетіндегі  өсімдіктердің ең ащысы. Оның  пайдалы  жақтары  жетерлік латындар  бұл шөпті артемизия  деп атайды.

Жусан (Artemіsіa) – [link] ) да өсіреді.Ащы  жусан Маңғыстауда өссе.биіктігі  60-100, кейде 120 см болады тамыры жуан. Шілде, маусымда гүлдейді. Ақжусан және қара жусан  түрлері де бар.Балхаш-Алакөл ойысында өседі. Биіктігі 25-30 (45) см дейін өседі.Және дәрмене жусан одан соғыс  жылдарында бірнеше дәрі-дәрмек түрі жасалған

ІІІ негізгі бөлім

3.1. Жусан – киелі өсімдік

«Ермен жеген ер өлмес» деген сөздерге жусанның шипалық қасиетін бірден-ақ  аңғартып тұр.Ертеде бабаларымыз жусанның шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.

Жусанның шипалық қасиеттерінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртың түсіруге қолданған. Жусанның бастапқы отаны Палестина мен  Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп  атаған. Ал қазақша дәрмене атауы  «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің  қызметін жақсартатынын білген. Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес.

Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады. Ата бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген. Шөбі мен тамырының тұнбасын пайдаланған. Оның тәбеташуға, асқазан, ішектің қызметін күшейтуге пайдалы әсері бар. Сондай-ақ  оның  құрамында инулин, эфир майы және басқа да қажетті дүние  кездеседі. Елдің  арасында демікпеге  шалдыққан адамға қара жусанның сабағы мен жапырағының түтінін  иіскететінін.

Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік  Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп  өте орынды жазған.

3.2. Жусанның емдік қасиеті

Қарағанды қаласындағы «Арглабин » дәрісі туралы Қазақстандық мамандар қатерлі ісікке қарсы жергілікті жусаннан дәрі жасап шығарды. Дәрі ТМД елдеріндегі онкологиялық клиникаларда кеңінен қолданылатын болды.

Қарағанды қаласындағы фитохимия иниститутының өнімі – «Арглабин» дәрісі  Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық  ғылымакадемия өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дәрі 11 елдің патентімен  қорғалған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт  бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді.Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын президент Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған болатын. Жусаннан қатерлі ісікке қарсы дәрі жасайтын фармацевтикалық кәсіпорын құрылысына инвесторлардан және Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион теңге бөлінген.Сондай-ақ, зауыт құрылысына Ресей банктері қаражат беруге  келісті. Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дәрі жасауға болады дейді мамандар.

Ал жергілікті онколог дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде тек Қарағандының өзінде қатерлі ісікке шалдыққандар саны көбейіп кеткен екен. Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының маманы Мирамбек Үсенбеков жаңа  дәріге сұраныстың бірнеше есеге артқанын айтады:
— Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстаннан сұраныс бар. Осы  уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шет елдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отыр.1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін  үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еуропада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері.

Ал дәрігерлер болса, «Арглабин» қатерлі ісіктің барлық түрлерін емдей бермейді, есесіне ол әлгі аурудың бірнеше түріне шипалы дегенді айтады. Қарағанды облысының онкологиялық орталығының дәрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, «Арглабинді» жалғыз емес, басқа ем түрлерімен бірге қолданған абзал:

— Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.

Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглабин» қолданылса, науқастардың емделуі 95 пайызға көтеріледі дейді жергілікті онколог дәрігерлер. Ал, фитохимия институтының маманы Науан Жаңғабыловтың айтуынша, Қазақстанда сынақтан өткен кезде дәрінің шөптен жасалатындықтан адамның сау органдарына зақым тигізбейтіндігі анықталған. Бірақ, асыра пайдаланса азғантай зияны болуы мүмкін дейді ол:

— Токсикалық әсері төмен болады. Асыра  пайдаланса, жусанға деген аллергиялық реакция қоздырады.

 

3.3.Жусанның күнделікті өмірде адамға пайдасы

Жусан сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әртүрлі микробтарға қарсы тұрады. Химиялық медицинада жусанның шырыны әртүрлі ауруларға пайдаланылады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында дематика қарсы дәрі ретінде қолданылады. Жусанның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Жусанның сөлін 4-8 рет пайдалану қажет. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Кейбір шырындарға да қосады. Жусанның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Орыс медицинасында жусанның сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді

Жусанның ем боладын аурулары және қолданулуы.

Иммунитет көтеруде: 500 гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек. Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш рет әр ретте 5мг ішеді.

Сондай ақ адамның тәбетін ашуға іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек ауруларына жақсы ем.

3.4. Ұлы Отан соғысы жылдарында

Соғыс жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ең көне кәсіпорыны Шымкент химфарм зауытының (қазіргі «Химфарм ») стратегиялық маңызы ерекше болды. Ол 1885 жылы салынып, сол замандағы ең ірі өнеркәсіп орны болып еептелді.Ол кезде мұнда ақ жусан (дереме)-тек қана Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзеннің аңғарында өсетін дәрілік шөп өңделді.Зауыт күні-түні толассыз жұмыс істеп ,майданға дәрі-дәрмек морфин,кодейн, анабазин,сапонин жеткізді.Соғыс жылдары зауыт дәрі-дәрмектің 24 түрін шығарды.Тек қана 1942 жылы 25 миллион дәке шығарды.

Мен өзіміздің облыс аумағында өсетін ақ жусанның пайдалы жақтарына тоқтала кетсем.

Жусан өсімдігін көбінесе үйде тұтынатын заттарға, атап айтсам киізден жасалған тұскиіз,сырмақ сосын кілем және аңның терісінен жасалған құндыз бөріктер мен тондарға көбелек құрттары түспес үшін іліп қояды.Оның ащы иісі көбелекті таянтпайды.Яғни, сол жусанның иісінен керекті заттарды бүлінуден сақтайды. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы.Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды.

Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған.Ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ иімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептеген .Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.Бір нәрсеге қапалансаңыз жусан иіскеңіз көңіліңіз орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз,көзіңіз тез ілінеді.

Жусан тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стақан қайнаған ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан соң ішуге болады.Тамақтанбас алдында жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта пайдаланған соң тоқтату қажет. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандырады.

Тіпті, моншаға түскерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны бір ас қасық жусанды бір стақан суға тұндырып пайдаланыңыз. Және де қазіргі аяқ киімдердің ішінен иіс шықпас үшін аяқ киімнің ішіне жусанды салып,киіп жүрсеңіз аяғыңызды дымқылданудан,иістенуден қорғайды. Бұл біздің денаулығымызға оң әсерін тигізуі сөзсіз.

 

Қорытынды

Қазақтың кез –келген баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Жас кезімізден жусан иісін иіскеп өскеннен бе,ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда алдымен өсімдіктің осы түрі еске түседі де тұрады.

Ұлан-байтақ даламыздың қай қырына барсақ та,оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең –байтақ жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді болады да тұрады.

Бүйрегіміз бұрып тұратыны да сондықтан да шығар,бәлкім.әлі күнге дейін барлық буын өкілдері шырқап жүрген бірқатар әндерде иісі бұрқырап жататын жусан жайында айтылатын өлең жолдары кездеседі.Құл боп барып,қайсар мінез,қабілет дарынымен Мысыр елін әділдікпен билеген Бейбарыс сұлтан бабамыздың да сан жылдар бойы дала еркесі-жусанды аңсап өткені тарихтан мәлім.

Қысқасы,қазақ үшін жусанның жөні бөлек деп айта аламыз.Біздің даламызда өсетін аталмыш өсімдік туралы толғана тілге тиек етуіміздің себебі де сонда. Алайда, даламыздың сәніне айналған жусан жайында қаншалықты жақсы білеміз? Ол –дәрілік өсімдік.Сондай-ақ басқа да қасиеті аз емес. Өкініштісі,біз оны бағалай алмай жүрген жоқпыз ба?

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. asattig.mobi

2.Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер. Р.О .Мыңбаева

3.Биология 6-сынып

4.қазақстанның әлемдегі өсімдік жағдайы. Байтуллин

5.Ботаникалық журнал 1991 жыл

 

Бахтыева Нуржайна Алдабергеновна

 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ