Өзін-өзі тану мазмұнындағы төрт “Т” (траст, традишн, транспаренси, толеранс) ұғымдары

0
8825
Өзін-өзі тану мазмұнындағы төрт “Т” (траст, традишн, транспаренси, толеранс) ұғымдары.

Өзін-өзі тану мазмұнындағы төрт “Т” (траст, традишн, транспаренси, толеранс) ұғымдары.

Ш. Смағұлов атындағы  алматы облыстық мамандандырылған  дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының

Әлеуметтік-педагогы: Кенесова Алуа Сакенқызы

Жопары:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім:

Өзін өзі тану пәні.

Өзін өзі тану мазмұнындағы төрт “Т” (траст, традишн, транспаренси, толеранс) ұғымдары.

  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының даму келешегі адам өмірінің жоғары сапасына қол жеткізумен және әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруымен байланысты. Жоғары технологиялар дәуірінде дәл білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтап, тұрақты дамуды және мемлекеттің зияткерлік қуатын қамтамасыз етуде.

Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.

Экономиканың тұрақты өсуі мен педагог мамандығының абыройы мен беделін арттыру үшін сапалы білімді қол жетімді ету арқылы адамзат құндылығын дамыту, білім беру сапасының бәсекеге қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатына орай педагогикалық қызметкерлердің жетілуі мен өсуіне жағдай жасау қажеттілігі туындауда.

Негізгі бөлім: Өзін — өзі тану пәні

Өзін-өзі тану пәні – жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, өзін-өзі тану –адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Өзiн-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі.

Өзiн-өзi тәрбиелеу – адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу – мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады.

Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде 15 теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды.

Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани — өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау.

Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет. Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар.

Өзін өзі тану мазмұнындағы төрт “Т” (траст, традишн, транспаренси, толеранс) ұғымдары.

«Т» ұғымы жоғары мектепте «өзін-өзі тану» пәнін оқыту бағдарламасының басымдылығы болып табылады:

  • «Траст» — қазіргі заманғы қоғамдағы кез келген адам мұқтаж болған сенім.
  • «Традишн» — адамзаттың қағидалары мен құндылықтарына негізделген дәстүрлер.
  • «Транспаренси» — халықаралық қарым-қатынаста жоғары дәрежедегі ашықтық пен конструктивтікті сипаттайтын транcпаренттілік.
  • «Толеранс» — толеранттылық мәдениет аралық және өркениетті диалогтың маңызды құраушысы ретінде.

Ғылыми тұрғыда:

Траст (ағылш. Trust – сенім, сену)

  • Басқаруға сенімгерлік негізде
  • Берілген мүлік (сенімгерлік мүлік);
  • Иеленушіге мүлікті сенімгерлікпен
  • Басқару құқығын беретін заңи құжат;
  • Меншікті сенімгерлікпен басқару.

Мүлікті меншіктенуші оны басқа тұлғаға (сенімгерлікпен басқарушыға) сенімгерлікпен басқаруға беруге құқылы. Бұл орайда меншік құқығы сенімгерлікпен басқарушыға көшпейді және ол сенімгерлік шартпен (яки мүлікті сенімгерлікпен басқару шартымен) ресімделеді, бұл шартқа сәйкес бір тарап (кәсіпорынның құрылтайшысы) өзінің мүлкін сенімгерлікпен басқарушыға белгілі бір мерзімге сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап (сенімгерлікпен басқарушы) осы мүлікті құрылтайшының немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаның (пайда алушы – бенецифиардың) мүддесі үшін басқаруға міндеттенеді. Сенімгерліктің ең көп таралған түрі ақшалай қаражат пен қор құндылықтарын трастқа табыстау. Траст елдің заңнамалық нормаларымен реттеледі.

«Традишн» дәстүр — (лат. Traditio — сабақтастық) 

Дәстүр — (лат. Traditio — сабақтастық) — әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.

«Транспаренси»  (мөлдірлік)

Бұл барлық мүдделі тұлғаларға ашық, толық, уақтылы және түсінікті түрде ұтымды шешімдер қабылдау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін орта.

Кеңірек мағынада айқындылық — бір жағынан, компания басшылығының және акционерлер, кредиторлар, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа да нарықтық агенттері және тұтастай алғанда қоғам арасында тиімді байланыс пен өзара әрекеттесудің болуы.

Толеранс (лат. Tolerantia — төзімділік, көнбістік)

— басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранс — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранс — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Қорытынды.

Жоғары оқу орнындағы оқытушы даярлығының тұлғаға бағытталған сипаты, оның білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне жоғары қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін сіңіріп, қабылдауға қабілетті, ой-өрісі мен жүрегі үйлесімді, толыққанды тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.

Студенттің рухани-адамгершілік дамуындағы біртұтас жүйесінде тәжірибелік-бағыттылық тұрғы тұлғаның психологиялық қорлары мен даралығының әлеуетін анықтайды. Аталмыш педагогикалық тұрғы педагог пен студенттің белсенді өзара әрекеттестігінде жүзеге асырылып, өнімді шығармашылық іс-әрекетті құрастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, Астана қ., 27 қаңтар 2012 жыл
  2. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. «Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе». Учебно-методическое пособие для учителей, Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ