Майталман маман даярлаудың ұлттық ұстаханасы

0
7907
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті,
2 курс магистранттары :
Жүзбай А.К.
Мағауияқызы Н.

Жетекшісі:
Түркология және тіл теориясы
кафедрасының  аға оқытушысы Т.Н. Калбирова

Майталман маман даярлаудың ұлттық ұстаханасы

Отандық, ғаламдық еңбек нарығын төл ғылымның нәрімен сусындаған мамандармен толықтыруда тарихы терең Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны ерек. Халықаралық оқыту стандартының озық тәжірибесін ұлттық білім беру ісімен ұштастырған, елдегі тұңғыш ұлттық оқу орны стататусын иемденген университет – мыңдаған талапкердің таңдауы. Ізденушілердің таным көкжиеген кеңітіп қана қоймай, рухани жетілуіне жете көңіл қоятын оқу орны жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттер биігінен көріне алды. Іргесі қаланған 87 жылдық тарихында түлеп ұшқан түлектердің өзі бүгінде кәсіби кадрлар даярлауға өлшеусіз үлес қосып жүр.

Инновациялық өндіріс пен интеграция игілігін тиімді қолдана білген университетте әлемдік стандартқа сай зерттеу жүргізудің технологиялық базасы қалыптасқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көпсалалы білім беруде толысқан тәжірибесі бар. Сондықтан, ЖОО құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеп тұр. Аталған факультеттер арасында қазақстандық тіл білімі мен педагогиканың қарқынды қанат жаюында филология факультетінің қосары ұшан-теңіз. Танымал, тарихи тұлғалардың тағлымды тәртібін бойға сіңірген факультет тарихи сабақтастық тамыры үзілмеуі мен ұлттық білімнің толысуы жолында жыл сайын жаңа қадамдар жасап келеді. Сөзіміздің айғағы ретінде биылғы жылдың қазан айында жүзеге асырылған факультеттегі Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы атауын, «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасы деп өзгертуін айта аламыз. Осылайша білімнің қайнар көзіне айналған ҚазҰУ-да Түркітану түбін зерттеу, білу, ұрпақ санасына сіңіру ісі тереңдетілді.

Бүгінде «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасы еліміз бен Азиядағы түркология саласы бойынша іргелі зерттеулерге ұйытқы бола алатын интеллектуалдық орталыққа айналып келеді. Кафедраның білім беру мен ғылыми зерттеудегі, тіл теориясы,  салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі салаларындағы  бай тәжірибесі, 40-тан асып жығылатын қазіргі түркі тілдерінің тамыры мен байланысын, тарихын, мәдениетін жілікше шағатын түркітанушыларды даярлайтыны анық. Филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Раушан бастаған кафедра ұжымында 5 ғылым докторы, профессор, 16 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы дәріс оқып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеуге барын салуда.

Кафедра ғылыми және педагогикалық бағытта бакалавриат, екінші жоғары білім, магистратура, PhD докторантура бойынша кадр даярлауда. Қазіргі таңда «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасында 425 бакалавр, 346 магистрант білім алып жүр. Шәкірттердің озық біліммен қарулануында теориялық білімді практикада сынап, маман ретінде қалыптасуы үшінде арнайы жағдай жасалған. Осы бағытта кафедра студенттердің ғылыми-тағлымдамадан өтуі үшін еліміздегі жетекші тіл білімі институты және орталықтарымен берік байланыс орнатқан. Әлемдік тілдер мен лингвистика негізін үйретіп қана қоймай, тиісті саланы сауатты мамандармен қамтып отырған кафедраның ғылыми, педагогикалық потенциалы арқасында оқытуды табысты жүргізе беретініне сенім мол!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ