Түктібаев Нұралхан: Мектебім – мақтанышым

0
917

                            «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,  ал

\r\n

                       жас  ұрпақтың тағдыры ұстардардың қолында»

\r\n

                                                                                 Н.Ә.Назарбаев

\r\n                Киелі  Сыр өңіріндегі Жаңақорған ауданы Кеңес елді  мекеніндегі 80 жылдан аса тарихы бар ұрпақ сабақтастығының  алтын бесігіне айналған  №239 орта мектептің қалыптасып, өркендеуі сонау 1931-1932-жылдардан басталыпты. Сарман бауының түбінен қаланған мектепке жас айырмашылығы әр түрлі 29 оқушы қабылданып, олардың алғашқы  ұстазы  Төлеген Мұсаев болды.\r\n\r\n           1932-1933-жылдары Әлтай Айтмағанбетов келіп, 1938-жылға дейін балаларды оқытқан. Ол әскер қатарына алынған соң, мектеп жабылады.\r\n\r\n       «Кеңес» бастауыш мектебі 1940-жылдан бастап «Октябрь» орталау мектебіне қосылды. Содан 1949-1950 оқу жылында «Кеңестің» өзінен бастауыш мектеп ашылды. Мектеп меңгерушісі Сәулеш Дүржанованың басшылығымен Сырғаш Нысанбаева, Мәуия Әшімова, Болат Мұхаметжанов, Әйбеш Басхожаевтар жас бүлдіршіндерге сапалы сабақ берді. Бұл бастауыш мектеп 1953-1954 жылдары жабылып қалды. Ауыл балалары түгелдей «Октябрь»  колхозындағы №54 «Октябрь» орта мектебіне қатынап оқыды.\r\n\r\n          1973-74 оқу жылында №239 «Кеңес» 8 жылдық мектебі болып іріленді. Сол жылы оқушы саны 185ке жетіп, алғашы мектеп директоры болып Зинабдин Шермағанбетов, оқу ісінің меңгерушісі Әбдікерім Бимырзаевтар жұмыс жүргізді.\r\n\r\n         Мектепті осы кезге дейін Зинабдин Шермағанбетов, Адырбай Өміров, Әбдікерім Бимырзаев, Орынбасар Әбибуллаев,  Жалғасбек Ормаханов, Қуанышбек Пірмақов, Бердібек Ермаханұлы  басқарды.\r\n\r\n         Өзім       2011-жылдан бері мектепте директорлық қызмет атқарып келемін. Сол уақыттан бері мектепте көптеген сапалы жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда  мектепте 2 жоғары санатты, 22  І санатты, 12  ІІ санатты,  барлығы 42  мұғалім еңбек етуде.\r\n\r\n         Алғаш мектепке келіп, қолына қалам ұстап  ғылымның теңізінде жүзген, қазіргі кезде ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген  мектеп түлектері өте көп. Сондай  азаматтардың қатарына  филология ғылымының кандидаты Мәмбетов Жолдасбек, медицина ғылымының кандидаты Байтілеуов Талғат ағаларымызды айта аламын. Ал мектеп түлектері  Шермағамбетов Мейрамбек — Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті  Қызылорда облысының  Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры, Смаилов Бөкенбай, Топышев Атырау- қорғаныс саласында,  Салима Әлиева, Әділбек Үсенов, Исатаев Жалау, Бакиров Мақсат, Қансейтов Ерлан, Басхожаев Елдос, Махатаева Махаббат  білім саласында, сондай-ақ Тұрғанбаев Абай медицина саласында, Әлиев Абзал теміржол саласында табысты  еңбек етуде.\r\n\r\n         Өзім қызмет етіп отырған №239 орта  мектепте 4 бірлестік қарқынды жұмыс жасайды.Солардың бірі, қоғамдық — гуманитарлық пәндер  бірлестігі. Бірлестік  жетекшісі Жұмабаева Қалима. Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін – өзі тану пәні мұғалімі Қалиманың өз еңбек жолында жасап жүрген жұмыстары көптің көңілінен шығуда. Ол 2014 жылы  аудандық білім бөлімінің   Алғыс хатымен марапатталып, білім саласындағы  ерен еңбегі үшін бағалы сыйлық (ноутбук) алды.  «Өмір және ғылым » ІҮ Республикалық оқушылар конференциясындағы ғылыми еңбегі үшін  «Бейбітшілік әлемі» халықаралық  Қазақ шығармашылық бірлестігінің І дәрежелі дипломымен марапатталып,  «Бейбітшілік әлемі» алтын медалінің иегері атанды.\r\n\r\n          Сонымен қатар ұжымда білікті ұстаздарымыздың бірі — жаратылыстану-математикалық бірлестігінің жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Жаппарова Роза. Розаның еңбек жолында 2012 жылы шәкірті  Дүйсеш Алтынай Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңінде ІІ орын иеленсе, 2014 жылы Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңінде І орын алған 9-сынып оқушысы Есмахан Айғаным аудандық білім бөлімінің бағалы сыйлығы (планшет) және дипломымен марапатталды. Бірлестіктегі тәжірибелі ұстаздардың бірі  —  оқу ісінің меңгерушісі Ибраимова Гүлбаршын апай. Апайдың шәкірті  Мыңжанова Сара 2007 жылы ҰБТ-де 107 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атанды, сынып жетекшісі Жолтаева Зияда.  2009-2010 оқу жылында  Әбілпаттаева Қасиет  ҰБТ-де 116 балл жинап  «Алтын белгі» иегері атанса,  2010-2011 оқу жылында  Әбілпаттаева Ұлпан ҰБТ –де  117 балл жинап,  «Алтын белгі» иегері атанды. Сынып жетекшілері М. Тұрғанбаева, А. Жүсіпбаев. Гүлбаршын апайдың  жүйелі жұмыстарының нәтижесінде 2013 жылы  «Озат тәжірибе – көпке ортақ» әдістемелік құралы жарық көріп, облыс көлеміне таратылды.\r\n\r\n     География пәнінің мұғалімі Мотаева Манат апайдың шәкірттері 2013 жылы Әмірбек Г. ҰБТ-де географиядан 23 балл,  Жәнібек Н. 22 балл жинап, грант иегерлері атанды. Мектепте Баярыстанова Патима апай математика пәнінің мұғалімі. Апайдың оқушысы Сәбит Бәймен 2011 жылы Алматы қаласында Халықаралық Технологиялар университетінің ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға қатысып (интернет жүйесі арқылы), университет ректоры Д.А.Шыныбековтың «Құттықтау хатын» алды. 2011 жылы Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінде І орын иеленді.  \r\n\r\n            Ұжымдағы бастауыш сынып пәндер бірлестігінің жетекшісі – Тәшенова Рахима апай  жоғары санатты ұстаздардың бірі. Мектепте апайдың шығармашылық жұмыстарын  мақтан тұтамыз. 2012 жылы облыстық «Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушылары арасындағы ғылыми жобада шәкірті Р.Мәделхан  ІІІ орын  иеленді. Ал 2012 жылы апайдың «Шығармашыл ұстаздар тәжірибесі — нәтижелі білімнің жемісі» атты әдістемелік көмекші құрал жарық көрді.\r\n\r\n              Осы бірлестіктегі Қылышбаева Айжан  да  жоғары санатты ұстаздардың бірі. Ол өзінің шығармашылық  жұмысының нәтижесінде «Өмір және ғылым» ІҮ Республикалық оқушылар конференциясындағы ғылыми еңбегі үшін  «Бейбітшілік әлемі» халықаралық  Қазақ шығармашылық бірлестігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медалімен  марапатталды.\r\n\r\n         Технология және денешынықтыру бірлестігінің жетекшісі Бекбауов Ербол ағайдың бірлестігінде де жарыстарда облыстық деңгейден көрініп жүрген ұстаздар бар. Солардың бірі  — денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қ. Есболат. Ол 2012 жылы «Алтын күз-2012»  облыстық спартакиадада баскетболдан І орынды жеңіп алып, мектеп абыройын асқақтатты.\r\n\r\nМектеп жанындағы 45 орындық  шағын орталық 2009 жылдан бастап жұмыс жасауда. Онда балаларға арналған екі жатын бөлмесі, екі ойын бөлмесі, бір асхана, бір медициналық бөлмелер бар. Балаларға арналған сөрелер мен бұрыштар да жабдықталған. Жылу, су, телекоммуникация жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Шағын орталықта  балалардың танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, денсаулық, шығармашылық құзіреттіліктерін арттыруға арналған іс- шаралар сапалы ұйымдастырылады. \r\n\r\n          Жалпы мектеп ұжымының мақсат мүддесі жоғары, алдағы уақытта да оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берілетініне сеніміміз мол.\r\n\r\n          Ұжым мүшелерінің ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, педагогикалық этиканы ұстана білетін сенімді ұжым дегім келеді. Ұжымға  шығармашылық табыс тілеймін.\r\n

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

\r\n

 Кеңес аулы, № 239 орта мектебінің директоры

\r\n

Түктібаев Нұралхан Мәделханұлы

\r\n

    


ПІКІР ҚАЛДЫРУ